Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет73/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

2-сурет – Қазақ халқының менталитетін бейнелейтін концептілер 
 
Профессор Т. К. Бурабаев қазақ халқының
ұлттық болмысын айшықтайтын негізгі 
архитиптер ретінде: ақ жарқын ашықтылық, бөгдені жатсынбау, аруақты құрметтеу, кеңдік, 
рақымшылдық, тәубешілдік, ешқашанда
тарылмау, сөздің қадірін түсіну, сөзге тоқтау, ақын 
жандылық, ар-намысты жоғары ұстау, төзімділік, ұжымдық мүддені жеке мүддеден қашанда 
жоғары қою және т. б. осы секілді басты сапалық белгілерді атап көрсетеді.
Қазақ халқының ұлттық, төл болмысын сипаттап бейнелейтін бұл ұғымдарды лингво-
мәдениеттануда «этномәдени архетип» деп атайды. Ол ұлттың рухани-мәдени тамырларынан, 
ұлттық құндылықтарынан нәр алады. Ол ұлттың ұлт ретінде қалыптасуына ықпал ететін сол 
қлтқа тән төл белгілерді өзіне сіңіріп, келер ұрпаққа табыстайды. Ол сол ұлттың бет-бейнесін, 
құндылықтарын, ұлттық ерекшеліктерін, рухани болмысын көрсете алады. Сондықтан қазақ 
халқының архитиптері болып табылатын ұғымдарды зерттеу өзектілігі бар.
Сонымен, біздің санамыз ұлттық менталитет арқылы қалыптасып, өзгереді. Ол сол 
халықтың тұрмыс-тіршілігімен, географиялық орнымен, мәдениетімен байланысты. Ол – 
ұлттық сананы құрушы элемент. Жалпы менталитет 3 жастан бастап 12 жыл көлемінде 
қалыптасады. Егер осы уақыт аралығында бала өзге ұлттың мәдениетін қабылдаса, оның тілдік 
санасы өзінің этносынан айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Өзінің этникалық емес жерінде, 
өзге этностың ортасында өскен баланың ұлттық санасы соған икемделіп, өзгере алады. Дәл 
солай біздің ұлттық санамызға тұрмыстық тіліміз де әсер етеді. Мәселен, Қазақстан Республи-
касында өмір сүретін орыс ұлты. Өзге ұлт өкілі болғанымен, қазақ халқының арасында өмір 
сүріп жатқан орыс ұлтының ұлттық санасы мен менталитеті қазақ халқына жақын болады. 
Олар өзінің түпкі тарихи жерінде өмір сүріп жатқан орыс халқымен салыстырғанда айтар-
лықтай ерекшеленеді. Дәл солай өзге елдерде тұрып жатқан қазақ халқының ұлттық санасы 
Қазақстандағы қазақтардан айтарлықтай өзгеше. Бұл теорияны бірнеше ғалымдар дәлелдеп 
жазады. Солардың бірі – А. А. Шаяхметова. Ол өзінің зерттеу еңбегінде былай дейді: «Белгілі 
бір аймақта өзге ұлт өкілдерімен өмір сүретін этностардың тілдік санасы ерекше болып келеді, 
сондай-ақ, басқа ұлт өкілдерінің тілідік санасымен ұқсас болуы мүмкін» [12, 30 б. ].
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады және олардың 
барлығы өз тілдері мен салт-дәстүрін бүгінге дейін дәріптеп, сақтауда. Дегенмен, халық 
арасында ең белсенді, қарым-қатынас пен іс-қағаздар тілі болып табылатын қазақ тілі мен 
орыс тілінің әсері де айтарлықтай байқалады. Мұндайды әлеуметтік лингвистикада «тілдердің 
қатар өмір сүруі» дейді. «Тілдердің қатар өмір сүруі» ұғымына ғалымдар мынадай анықтама 
береді: «ол – бір мемлекет аумағында өзара аралас өмір сүріп жатқан немесе көршілес жатқан 
тілдердің ұзақ замандар бойы бір-біріне үнемі тұрақты түрде әсер етуі, ықпал жасауы. Сондай 
Қонақжайлық
Тектілік
Кеңдік
Туыстық, 
отбасылық 
қарым-қатынас
Сабырлық


122 
қарым-қатынас нәтижесінде ол тілдердің дамуында, олардың жалпы фонетикалық, 
лексикалық және грамматикалық құрлысына ортақ жайлар пайда болды. Бұлардан «туыстас 
тілдер» немесе «тілдер одағы» сияқты жақын, ортақтық мәселелері туындайды» [13, 77 б. ] 
Айтылған пікірлерді ескерсек, Қазақстан Республикасында әр этностар мен 
мәдениеттердің араласуынан қазақтың тілдік санасы біртекті болмауы мүмкін. Әсіресе өзге 
ұлт өкілдерімен араласып өмір сүріп жатқан аймақтарда. Бұл қазақтың тілдік санасының әр 
алуандығын көрсетеді. Сондықтан, қазақ халқының тілдік санасын зерттеу өзекті тақырып 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет