Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


не туралы жазу қажет (М. Әуезов); Мен оны Меңтайдың өз аузымен айтуын күткен едім,  міне сол



Pdf көрінісі
бет68/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

не туралы жазу қажет (М. Әуезов); Мен оны Меңтайдың өз аузымен айтуын күткен едім, 
міне сол сәт те келіп жеткен сияқты бүгін (Ә. Нұршайықов).
5. Сілтеу есімдіктері құрмалас сөйлемнің құрамында катафоралық (алдын алушы) 
қолданыста жұмсалады. Мысалы, Соны айтып берейін, менің қалыңдығым Айымбаламен 
алғаш қалай жолыққанымды (Б. Нұржекеев).
Катафоралық (алдын алушы) қызметте (алдын алушы) көбіне осындай, мынадай, солай 
есімдіктері жұмсалып, олар құрмаластың алғашқы компонентінде келу арқылы компонент-
терді байланыстырады. Мысалы, Бізде осындай ой пайда болды: бүгін сабақтан тез қайтып, 
театрға барсақ. Үш оқушы осылай уделесті: бүгін сабақтан қашып кетпек.
6. Сілтеу есімдіктерінің құрмалас сөйлем синтаксисіндегі келесі бір қызметі – жалғаулық, 
демеулік қызметтеріне ауысып, компонентаралық байланыс құралының қызметін атқаруы. 
Сілтеу есімдіктері бұл қызметінде көбіне шарттық мәндегі сөйлемдерде жұмсалады. Мысалы, 
Құнанбайдан қорқатыны бар, онда тып-тыныш өз қосында отыра бермей ме? (М. Әуезов); 
Маған сол тапсырманы орындап келмеңдер, сонда мәселе мүлде басқаша болады (Ш. 
Мұртаза).
Дейксистік есімдіктердің барлығы дерлік анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыста 
жұмсала алады. Анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстан сілтеу есімдіктерінің 
ерекшеліктерін, олардың сол қолданыстарының, қажеттіліктерінің шама-шарқын байқау үшін 
оларды дискурстық қолданудан бас тартып көру қажет. Егер біз мәтінді сілтеу есімдіктерінің 
қайталауларынсыз жазып көрсек, олардың қаншалықты қажет екенін, олардың анафоралық 
(айтылғанды сілтеу) қолданысынсыз оқиға, жағдайларды сөз ету мүмкін еместігін байқаймыз.
Дейксистік есімдіктердің анафоралық қолданыстығы контеспен байланысы өзара байла-
нысты көптеген факторлармен, яғни қайталау енетін үзіндінің дискурстық құрылымында да, 
антецеденті бар үзіндіге де байланысты болады, солармен анықталады. Дискурстық 
қолданыста өзара байланысқа түскен тілдік элементтердің арасында кейде мағыналық 
байланыс жеткіліксіздеу болып жатады. Осындай жағдайларда сілтеу есімдіктері байланыс 
құралының қызметін атқара отыра, семантикалық алмастырушы ретінде синтаксистік 
байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Бұның бәріне қосымша – қаладағы 
достарды сағындым. Қаланы көргім келеді. Сонымен кеп қалдым (М. Әуезов); Қыз 
сорлылардың шалға телініп жат босағаны жастанғанымен өздерінің сол жігіттеріне деген 
сүйіспеншіліктерін жүректерінің түпкіріне түйіп өмір бойы жадында сақтап қалғанын 
білсін. Қаншама бармын, бақыттымын десе де, сол алғаш сүйген жігіттерінің төбесін 
көргенде шексіз қуанатындарын, оңашада соларды ойлап өксіп алатындарын, осылардың 
бәрін білсін (Ә. Нұршайықов). Мұндағы сонымен, осылардың бәрі есімдіктері семантикалық 
алмастырушы ретінде ұзыннан ұзақ дискурстық байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік 
береді, бұл сілтеу есімдіктерінің анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданысының 
көпқырлылығын дәлелдей алады.
Дейксистік есімдіктердің анафоралық қолданыстарына көз жүгіртіп қарап отырсақ
анафоралық сілтеу есімдіктері бар тұтастық мынадай құрылымнан тұрады: есімдіктермен 


118 
берілген референт, оны ауыстыратын сілтеу есімдіктері немесе онымен мағыналық 
байланыстағы жағдай немесе дискурста алдын ала айтылған үзінді.
Дейксистік есімдіктер дискурс элементерінің байланысын көрсетеді. Дейксистік 
есімдіктер үшін сөйлесіп отырған кезде сөйлеушілерге белгілі, бірақ дискурста көрінбеген 
объектіні көрсету тән емес. Дейксистік есімдіктердің сілтейтін атауы дискурста болуы керек.  
Жалпы есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметінен туындайтын сілтеу ұғымымен 
байланысты терминдерге субституция, эгоцентризм, дейксис, анафора, катафораларды 
жатқызамыз. Бұл мәселенің қолданыс аясы кеңінен сөз болатын құбылыс, біз оның тек бір 
қырын ғана әңгіме еттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет