Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет75/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Аңдатпа. Сөйлем – ең басты тілдік тұлғалардың бірі. Ол алдымен коммуникативтік қызметі, яғни шын-
дық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беру қызметі жағынан ажыратылады. Осы мақалада жай сөйлем 
синтаксисі туралы мағлұмат беріліп, оның құрылымдық үлгісі туралы айтылады. Сондай- ақ, жай 
сөйлемдерді оқытуға қатысты мәселелер де сөз болып, тілдік қолданыстағы көрінісі сипатталады. Жай 
сөйлем синтаксисін оқытудың бағыт-бағдары, әдістемелік тұрғыда қарастырылуы баяндалады. Оларға түрлі 
жаттығу жұмыстары беріліп, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалады.
Түйін сөздер: тіл білімі, жүйе, жай сөйлем, дүниетаным, әдістеме, құрылым, танымдық, ауызекі сөйлеу 
тілі, сөз тіркесі 
 
Бүгінгі таңда ұлттық білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен оң бетбұрыстар, оқытудың жаңа 
технологиясының жетілуі Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуіне жол ашты. Осы 
тұста әрбір педагог озық технологияларды сараптай отырып, өзіне тиімдісін таңдап, жаңашыл 
бағытта жұмыс жүргізуіне мүмкіндік алады. Еліміздің болашағын көркейтіп, 
экономикамыздың қарқынды дамуына үлес қосатын жастардың білім деңгейінің жоғары 
болуына әрбір ұстаз өз үлесін қосып, өркениетті елдер қатарына қосылуына саналы түрде 


123 
еңбек етуде. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік 
жүгін арқалап келеміз » – деген сөзі ұстаз қауымына үлкен міндет жүктейді.
Бүгінде лингвистикалық тұрғыдан жай сөйлем синтаксисі біраз зерттелініп, белгілі бір 
жүйеге түскен тіл білімінің қатарынан саналады. Ол арнаулы курс ретінде орта мектептер мен 
жоғары оқу орындарында оқытылып, оқыту әдістемесіне де баса назар аударылып келеді.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа 
технологиясы қолданысқа еніп жатқан тұста білім беру жүйесіне, оқу- тәрбие үдерісіне 
қойылатын талаптарды да күрделендіре түсті.
Студенттердің жоғары білікті маман ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. 
Бүгінде жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – білім бере отырып, студенттердің 
ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға 
дағдыландыру.
Білім мәдениеттің когнитивті тұрғыда ұйымдасуының негізгі формасы болғандықтан, оны 
заман талабына сай жастардың бойына сіңіру болашаққа сеніммен қарауға жетелейді. Қазіргі 
таңда білім беру саласы мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде еліміздің рухани өсуіне, ғылыми 
дүниетанымы мен интеллектуалды күш- қуатының қалыптасуына зор үлесін қосуда.
Синтаксистің басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем, тілімізде пікір білдіру үшін, ақпарат 
беру үшін жұмсалатын коммуникативтік тұлға. Біз сөйлем арқылы ойымызды, көрген, 
білгенімізді, естігенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, енді бірде осы жағдайды не 
біреуден бірдеңені сұрап білу үшін мақсат ете сөйлейміз. Демек, мақсатты ойларымызды еркін 
анық, айқын жеткізу үшін сөздерден сөйлем құрау арқылы хабарлай аламыз. Тілімізде сөздер 
қалай болса солай байланысып, тіркеспейді. Әрбір сөз сөйлем құрамына ену үшін өзара 
мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, бірнеше сөздерден, кейде жеке сөзден не сөз 
тіркестердің тіркесуінен жасалады. 
Ғалым Р. С. Әмір жай сөйлем синтаксисіне арнайы еңбек арнап, құрылымына талдау 
жасайды. Өзінің еңбегінде айтқан мына пікірге назар аударайық: «Жеке сөз де, сөз тіркесі 
тәрізді боп келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, комму-
никативтік тұлға- сөйлемдік сапаға ие болады. Осыдан шығатын қорытынды – сөйлем өзіне 
тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория»[1, 48]. Демек, 
сөйлем – коммуникативтік тұлға, пікір білдіру үшін жұмсалатын болғандықтан, қызметі 
жағынан күрделі болып келеді.
Тілші-ғалым К. Аханов сөйлемге ғана тән қасиетті былай түсіндіреді: «Сөйлем коммуника-
тивті қызметімен, яғни шындық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен 
сипатталатын синтаксистік единица. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі – бастауыш-баян-
дауыштық үлгі. Бастауыш-баяндауыштық құрылым – синтаксистік басқа конструкцияларға 
емес, сөйлемге ғана тән құрылым» [2, 219].
Жай сөйлем – бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана 
ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі – құрамындағы сөздер өзара бір-
бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. 
Қазақ тілінің синтаксис саласына еңбек сіңірген ғалым Р. С. Әмір өзінің зерттеу еңбегінде жай 
сөйлем синтаксисіне талдау жасай келе, сөйлемге былайша анықтама береді. «Сөйлем – 
синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) 
тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік 
форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады» [1, 
48].
Жай сөйлемге қатысты әрқалай пікірлер айтылады. Соның біріне назар аударайық: «Жай 
сөйлем дегеніміз – хабарлаудың дербес синтаксистік единицасы, оның грамматикалық 
мағынасы – предикативтілік те, формасы – синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін 
арнайы грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі» [3, 
544]. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды сөйлемді құрауға екі мүшенің (бастауыш пен 
баяндауыш) грамматикалық қатынасы негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы 
заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады.


124 
Тіл білімінде сөйлемдер әр түрлі тұрғыдан қарастырылса, оны оқытудың жайы да назардан 
тыс қалмайды. Жай сөйлем синтаксисін оқыту барысында оқытушы ең алдымен сөйлемнің 
басты қасиеттеріне ерекше тоқтала отырып, оларды оқытқанда (хабарлы, сұраулы, лепті 
сөйлемдер) әрқайсысының қандай жағдайда, қандай мақсатпен жұмсалатынын және олардың 
ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазбаша мәтіндерде қандай мазмұнда қолданылатынын, 
мағынасын ашып түсіндіру керек. Сөйлемдерді айту кезінде тиісті дауыс ырғағын сақтап
мәнерлеп, нақышына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға оларды оқытудың интонациясы 
сөйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағына айрықша көңіл бөлген жөн. 
Сөйлемге тән белгілердің бірі – интонация. Сөйлем тілдік басқа құбылыстардан интонациялық 
белгісі жағынан да ажыратылады[4, 401].
Жай сөйлем синтаксисі бойынша теориялық білім мен оқыту әдістемесін қалыптастыру 
үшін, мына сияқты жұмыстарды ұсынуға болады. Олар:
 жай сөйлемді оқытудың әдістемелік бағытын айқындау; 
 жай сөйлемдерді оқытудың теориялық-әдістемелік негізін қалыптастыру; 
 жай сөйлемнің жіктелуін ажырата білу; 
 аталмыш тақырыпты өткізудің әдістемесін жетілдіру және т. б.
Білім берудің жаңа мазмұнына қарай жаңа әдістер жүйесі қажет екені белгілі. Бүгінгі таңда 
студенттерге сапалы білім берудің басты талабы – сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіре 
отырып, танымдық, білімдік деңгейін жоғары сатыға көтеру, оқытуды жаңаша ұйымдастыру, 
педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер енгізу.
Білім беру жүйесіндегі жаңа тың ізденістер оқытудың мазмұнына елеулі өзгерістер енгізді. 
Бұл оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен формаларына өзгеріс енгізу қажеттілігін 
тудырып, дидактиканың жаңа жетістіктерін қолдануға, оқытудың технологиясын дамытуға 
жетелейді. Білім берудің мазмұнын модернизациялау оқытудың ғылымилық дәрежесін 
көтеріп, студенттердің жан-жақты дамуына барынша жағдай жасады.
А. Б. Айтбаева білім беру технологиясы және оған тән педагогикалық құбылыстарға 
сипаттама бере келіп, «Оқытудың технологиясы –оқыту іс -әрекетінің әдіс-тәсілдері мен 
құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы» деген анықтама береді [5, 10]. Әрбір 
сабақтың оқыту технологиясын жаңаша ұйымдастыру сабақтың мазмұнын жан- жақты аша 
түседі. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Төменде берілген 
сөйлемдердің сөйлеу мақсаты мен интонациясына қарай жіктелуіне назар аударайық.
Орыс дәрісханаларында көбіне жай сөйлемнің сөйлеу мақсатына қарай жіктелуін орыс 
тілімен салыстыра отырып, оқытады. Медицина жоғары оқу орындарында кәсіби бағдарлы 
қазақ тілінде жай сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіре отырып, мысалдарды медици-
намен байланыстыруға көңіл аударамыз. Мысалы: Науқастың жүрегі жиі ауырады(хабарлы 
сөйлем). Ауырғаныңызға қанша уақыт болдыБасыңыз айнала ма?(сұраулы сөйлем). Жедел 
жәрдем машинасын тез шақыр (бұйрықты сөйлем). Дәрігерлер күні құтты болсын! (лепті 
сөйлем).  
Жай сөйлемнің түрлерін жақсы ажырата білу үшін студенттерге деңгейлік тапсырмалар 
беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет