125
Дене тәрбиесі – дәрісіз ем
Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты
сақтап, байытатын – қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі.
Сондықтан спорт өмірге өте қажет.
Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал
сергек адамның өмірге,
қоршаған ортаға көзқарасы да айырықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең
бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.
Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор
қажыр-қайратты
қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп,
уақытты
қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.
ә)
Мәтіндегі асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраулы сөйлем
жазыңыз.
2 – деңгей. Мұнда орындалатын тапсырма алғашқыға қарағанда күрделі болып келеді.
а)
Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Жай сөйлемнің қай түріне жататынын
анықтаңыз.
1. Бұрын қандай ем қолдандыңыз?
2. Жұқпалы аурулар қалай жұғады?
3. Бұлшық еттер сүйектерді қозғалтады.
4. Тапсырманы тез орындаңыздар.
5. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады.
ә)
Берілген сұрау есімдіктерін пайдаланып 5-6 сұраулы сөйлем жазыңыз.
Құрастырған
сөйлемдеріңіз медицинамен байланысты болуы қажет.
Қалай? Қашан? Қайдан? Не? Қанша? Қандай?
Достарыңызбен бөлісу: