Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет9/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Жүргісі келеді. Жүргім келді. Алмасы бар ма! –ғы, -гі, -ма, -ме бір кезде етістіктен зат есім 


20 
тудыратын өнімді жұрнақ ретінде жұмсалған: сүргі, бұрғы, қойма т. т. Қазір бұл жұрнақтардың 
жаңа сөздер тудыру қызметі кеміп, олар негізінен синтаксистік формалар тудыру үшін 
жұмсалып жүр». /7, Б. 7.).
Біздіңше, бұлар сөздерді байланыстырады да. Ал дәстүрлі синтаксисте байланысу тәсіліне 
жалғаулар ғана жатқызылады.
Ғалым 1972 жылы шыққан монографиясында сөйлемнің түпкі ішкі семантикасының 
тереңдігіне көз жіберді, оның психолингвистикалық мәнін байқады, сөйлемге үстеме 
түзілістер болатынын айтты: «... стремление к уменьшению глубины предложения, созданию 
компактных конструкций. В результате происходит сегментация высказывания на более 
короткие, относительно законченные отрезки, вынос части высказывания за пределы 
предложения и приставление их как присоединительных частей (қоюлатқан мен. – Ж. 
Ж.)» /3, С. 176 – 177/. Ал грамматика психологиясы назардан тыс қалып отырса, парцелляция 
сияқты түзілістер қазақ синтаксисінде әлі де лайықты орнын тапқан жоқ.
Синтаксистік байланыстың екі түрі (салалас және сабақтас) сөйлемге қатысты ғана 
қолданып келе жатқаны белгілі. Ал профессор Р. С. Әмір жалпы синтаксистік байланыстардың 
бұл екі түрін сөз тіркесіне қатысты қолдану жөніндегі ойға апаратын пікір ұсынды: 
«Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің 
сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз» /4, Б. 10 – 11/. Кейін бұл ой 
«салаласа байланысқан сөз тіркесі» болатыны тілдік материалдарды талдау арқылы көрсетуге 
талпыныс жасауға түрткі болды. Мәселен, М. С. Серғалиев салалас сөз тіркесінің сабақтаса 
байланысқан сөз тіркесінен принципті айырмашылығы бола тұра, екеуінің де сөз тіркесі 
санатында қаралатынын нұсқады /8, Б. 590/; Б. Сағындықұлы салалас байланыстың 
синтаксистік құрылымның барлық қабатында болатынын диссертациялық деңгейде қорғады 
/9/. Әрине, мұны орнықтыру үшін дәлелдерді әлі де шыңдай түскен жөн. Өйткені салалас сөз 
тіркесін қолдаушылардың өзі, асылы, мұның сөйлем мүшелерінің байланысы екенін қадағалай 
ескертіп отырады. Ал қалыптасқан теорияда сөз тіркесі оқшаулап алып талдауға келетін, 
белгілі бір дәрежеде дербестігі бар бірлік деп танылады. Салалас сөз тіркесі деп отырған 
бірліктерді сөйлемнен оқшаулап алсақ, сөздердің синтагмалық емес, парадигмалық 
қатарының бейнесіне еніп шыға келеді.
Професор Р. Әмірдің зерттеулерінде нысанға алынған синтаксистегі диафрагма, 
сөйлемдегі қайталама, үндеу амалдары, «телінбе құрылым» да (Термин авторы – профессор Р. 
Әмір) зерттеу болашағы бар жайттар. Бұл құбылыстарды ауызекі сөйлеу құбылыстары деп 
айналып өтуге болмайтын сияқты, өйткені бұлардың қазір узустан нормаға кеңістігіне шығып 
жүрген сыңайы бар /3; 4; 7/.
Қазір қазақ тілтанушылары Р. С. Әмірдің сөздің синтаксистегі орны туралы соны да оқшау 
ой тастасына /8, Б. 583 – 585/ ден қойса, лайықты жемісін берер еді.
Профессор Р. С. Әмірдің еңбектерін тегжейлеп талдауға мүмкіндік аз болғандықтан көктей 
шолып шыққанымызда болашақта есептесіп отыруға тиісті болатын осы сияқты соны да 
оқшау ойларды байқап қалдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет