Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


«Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру концепциясында»



Pdf көрінісі
бет17/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   225
«Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру концепциясында» кең 
таратып түсіндіреді. «Қазақ тілі оқушыға ертең тіршілікке араласқанда оның қоғам 
ортасындағы қызметіне, жұмысына зәру қажет болатын білім береді дейтін пән қатарына 
қосыла алмады. Пәнге мұндай міндет қойылмады. Ол қазақ халқының мәдениет, 
этнографиялық дәстүрінің көрінісі ретінде ғана бағаланды» [3, 216 б. ].
Егемендікпен бірге қуат алған ана тілінің тағдырындағы оң өзгерістердің қатарында ең 
алдымен демографиялық жағдайды атаса, қазақ тілінің қоғамдық қызметінің өсуін тағы бір 
жеткен биігіміз деп бағалайды. Демографиялық санмен бірге демографиялық сапа да аса 
маңызды. Сондықтан қазақ тілі мемлекеттік статусқа сай орын алып, өміршең болу үшін 
демографиялық негізі сандық көрсеткіші мен сапалық көрсеткіші қатар, жұбын жазбай өсуі 
керек, ал қоғам осы процесті жетелеуі керек деген салмақты пікір білдіреді. Қ. Жұбановша 
айтқанда, «Қазақ тілі ғылымын бір адам ғана жасай алмайды, бір мезгілде ғана ол жасалмайды. 
Бұл – көп күш, көп қол, көп уақыт керек қылады» [4, 19 б. ].
Күні бүгінге дейін Орталық кітапханаға жиі бас сұғуды әдетке айналдырған ұстазыма 
қарап «Дүниедегі өнер атаулы еңбек пен төзімділіктің қосындысынан тұрады» деп О. де 
Бальзактың айтқанына тағы бір куә боламын. «Идентичность» дегенді ғалымның айта 
жүруінің көп мәні бар. «Қоғамдық ғылымдарда «идентичность» деген ұғым бар. Осыған бай-
ланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру концепциясы» 
деген материалға Президент қол қойып, жариялаған болатын» дейді егемендік туралы 
мақаласында. Психология ғылымы бұны адамның қандай да бір әлеуметтік, экономикалық, 
ұлттық, кәсіби, тілдік, саяси т. б. топқа немесе қауымдастыққа өзін бейімдеп, соған сенім 
артуы деп түсіндіреді. Аталған ұғымнан ұлттық сәйкестілік немесе ұлттық сана дегенді 
өрбітуге болады. Ұлттық сана адамға туа бітпейді, мәдениет, тарих, тілдің біртұтастығын 
түсініп, түйсініп, мойындаудан қалыптасады. «Әр қазақ өзін қазақ тіліне, қазақ ұлтына 
байланған қауымның мүшесімін деп санап, соның жанкүйері болу үшін ол сол қауымға сенуі 
керек, сүйенішім деуі керек. Қоғамның сөзі шыншыл, ісі әділ болуы керек» деп қаламын батыл 
сермеген [3, 175 б. ].
Қазақ тілінің келешегі қазақ халқының жаңа формацияға сай өмір сүру дәстүрін қалай 
игеруіне байланысты. Көп елдерде қоғам, тіл білімі тілдік ахуалды тек санмен пайыздап 
қоймай, ол процестің ішкі мазмұнына үңіліп, сырын тани алады. Сол деректерге сүйеніп тіл 
саясатын жүзеге асырады, нақты практикалық әрекет жасайды деп, сол елдердің тәжірибесіне 
сүйену қажет деген қорытындыға келеді.
Ілгеріде талданған әлеуметтік-лингвистикалық байымдауларын оқи отырып, ғалым Р. 
Әмірдің лингвистика мен әлеуметтануды ұштастыра білетін біліктілігін байқадық.


37 
Байқампаз ғалымның ғылыми қауымды қызықтыратын келесі бір мақаласы қазақ тілінде 
еліктеу арқылы туған сөздердің сырын ашуға арналған («Еліктеу негізінде пайда болған тіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет