Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


синтаксистік форма, синтаксистік ұғым



Pdf көрінісі
бет5/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

синтаксистік форма, синтаксистік ұғым деген атаулар енгізеді және оның әрқайсысының 
мәнін ашып көрсетеді.
Синтаксистік тұлға – лебіздің (сөйлеудің) құрылымдық сипатқа ие болған көрінісі. Ол 
тұлғалар – сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін т. б.
Синтаксистік тұлғалардың екі түрі бар: 1) құрылымдық, коммуникативтік дербестігі бар 
тұлғалар – жай сөйлем, құрмалас сөйлем; 2) құрылымдық (дербестігі жоқ) элемент ретіндегі 
тұлғалар – сөз тіркесі, сөйлем мүшесі т. б. деп көрсете келе, дербестігі жоқ тұлғалар 
коммуникативтік дербестігі бар тұлғаларды ұйымдастыруға, ал дербестігі бар тұлғалар пікір 
алмасуға қатысатын тұлғалар деп таниды.
Синтаксистік форма дегеніміз – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық 
амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.
Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракциялы мағына. Синтаксистік форманың 
мағынасы оның құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасына тәуелді емес деп 
тұжырымдайды.


11 
Осылай синтаксисті тануға қатысты ұғымды түсіндіргеннен кейін синтаксисті мынадай 
бөліктерге бөліп қарастырады: 1) сөз тіркесінің синтаксисі; 2) жай сөйлем құрылысы;
3) сөйлем мүшелері; 4) сөйлем құрылымындағы өзге де амалдар.
Сөз тіркесі синтаксисі бөлімінде төмендегідей ерекшеліктер мен тың пікірлерді 
байқаймыз.
 Сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп те байланысуы мүмкін, яғни сөздердің 
салаласа байланысқан тобын да сөз тіркесі деп танимыз.
 Салаласып байланысқан сөз тіркестері компоненттері екі жақты қатынаста тұрады: 
олардың өзара синтаксистік қатынасы бар, сонымен бірге олар үшінші бір сөзге дара-дара 
қатысты болады. Себебі, синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп 
тану үшін, ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек 
деп тұжырымдайды.
 Сабақтаса байланысқан сөз тіркестерін бұрынғы оқулықтарда есімді, етістікті тіркестер 
деп қарастырса, бұл оқулықта есімді тіркестердің өзін кең түрде зат есімді, сын есімді 
тіркестер деп қарастырады. Қабыса байланысқан есімді тіркестерде басыңқы сыңар зат 
есімдер болатынын, матаса байланысқан сөз тіркесінде басыңқы сыңар зат есім, заттанған сын 
есім, есімше болатынын, меңгеріле байланысқан есімді тіркестердің басыңқы сыңары зат есім, 
сын есім, сан есім де бола алатынын көркем әдебиет тілінен, ауызекі тілден мысалдар келтіру 
арқылы дәлелдейді.
 Осы бөлімде сөз тіркесінің түрлері коммуникативтік талаптарды орындауға қатысатын 
актив тұлға ретінде бірінің орнына бірі қолданыла беретіндігі айтылады. Мағынасы жалпы 
қатыстық болғандықтан меңгеру амалы арқылы құрылған зат есімді сөз тіркестері матаса 
құрылған сөз тіркестерімен синонимдес келіп, қатар жұмсала беретінін (колхозға мүше – 
колхоздың мүшесі.) атап өтеді.
 Есімді тіркестер бөліміндегі тағы бір атап көрсететін тұс – зат есімді сөз тіркестерінің 
изафеттік тобына арнайы тоқталып, изафеттің үш түріне тән ортақ қызметтерді: 1) заттардың 
арасындағы меншіктілік байланысты білдіру; 2) заттардың арасындағы түрлі қатыстық 
(релятивтік) байланысты білдіру; 3) зат пен заттың сапасының байланысын білдіру айқындап 
көрсетуі.
 Етістікті сөз тіркестері бөлімінде етістік сөздер басыңқы компонент ретінде сөз тіркесін 
қабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды дей келе, қабысу мен матасу амалын 
жұмсауда, сан мөлшері жағын ескергенде, есімді сөз тіркесі мен етістікті сөз тіркесінде 
алшақтық жоқ, ал меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістікті сөз тіркесінде 
өте мол көрінетінін кең түрде талдап көрсетеді. Етістікті сөз тіркесіне енетін бағыныңқы 
сыңардың мағыналық сипаты ыңғайында талдау барысында түпкі мағынаның дамуы, жаңа 
мағынаға не болу үрдістері анықталады. Мысалы: барыс септікті меңгерген етістікті тіркестің 
негізгі мағынасы іс-әрекеттің бағыты ретіндегі мекенді білдіру болса, содан жеті түрлі 
мағыналық қатынасты таратады. Шығыс септіктің де басты мағына негізінде сараланған он 
түрлі мағынасын көрсетеді.
 Септеуліктер арқылы құрылған етістікті сөз тіркестерін де мағыналық қатынасын 
көрсету арқылы, белгілі бір байланысу формасы аясында (меңгеру немесе қабысу аясында 
емес) қарастырмай, жеке талдайды.
 Әр тілдің сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуында ерекшеліктер болатынын, сөз тіркестерін 
құруда түрлі құбылыстар, тұрақты ережелерден ауытқулар болып тұратынын, сөздердің 
тіркесу заңдылықтарына олардың басқа сөздермен семантикалық, грамматикалық қатынасы 
да әсер ететінін мол тілдік фактілер арқылы дәлелдейді.
«Жай сөйлемнің құрылысы» бөлімінің ұтымды жағы – сөйлем жүйесі бір тұтас, 
байланысты құрылыс ретінде зерттелген. Алдымен сөйлемді дұрыс тану үшін, оларды 
грамматикалық формаларына, құрылысына қарай топтайды, топтасу мынадай принциптермен 
берілген: 1) логика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай (номинативті-етістікті сөйлемдер); 
2) сөйлеу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, реплика ретіндегі сөйлемдер); 3) 
негізгі құрамының көрінісіне қарай (бір негізді, екі негізді); 4) жақты мағынаның болу-


12 
болмауына қарай (жақты, жақсыз); 5) информациялық көлеміне, осыған сай құрамдық 
мөлшеріне қарай «жалаң – жайылма, толымды – толымсыз).
Бұлай топтап зерттеу арқылы жай сөйлемдердің бұрын аталмаған грамматикалық түрлерін 
(бір негізді, екі негізді сөйлем) немесе жай сөйлемнің кейбір түрлерінің іштей тарамдалуын 
(альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін 
сұраулы сөйлемдер т. б.) кеңінен талдайды. Осыған орай бір негізді сөйлем мен екі негізді 
сөйлемге арнайы тоқталып, екі негізді сөйлемдер тек жақты болып құрылады, бір негізді 
сөйлемдер екі негізді сөйлемдердің грамматикалық, функционалдық баламасы (параллелі) 
ретінде қалыптасқан деген пікір айтады. Сонымен қатар, екі негізді сөйлемдер – басты 
функционалдық конструкция, ол әлдеқайда мол жұмсалады, құрылымдық потенциясы да 
үлкен, яғни мұндай сөйлемдер алуан түрлі күрделенеді дейді.
Бұл бөлімдегі тағы бір арнайы талданған тың тақырып – номинативті және етістікті 
сөйлемдер.
Бастауышы зат есім (номинативті сөйлем) сөйлем түп, негізгі түр болып есептеледі де, 
бастауышы есімше (етістікті сөйлем) болса, ойдың құрамын – субъектіні, объектіні 
актуализациялайтын тип деп есептейді. Актуализациялау қызметі сөзді баяндауыш 
позициясына шығару арқылы жүзеге асырылатынын мысалдармен дәйектейді.
Айтылу мақсатына қарай топталған сөйлемдердің ерекшеліктеріне де жан-жақты 
тоқталған. Сұраулы сөйлемдерді мағынасына қарай тіпті тереңдетіп қарастырады. Ашық 
сұрақты білдіретін сөйлем, альтернативті сұрақты білдіретін сөйлем, риторикалық сұрақты 
білдіретін сөйлем, түрткі сұрақты білдіретін сөйлем жайлы жазылған жеке-жеке талдаулардан 
сөйлемдердің жасалуындағы бізге бейтаныс біраз жайттарды көңілге түйдік.
Осы бөлімдегі тағы бір тың пікір жай сөйлемнің грамматикалық жүйесіне қатыспайтын 
оқшау сөздердің сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен, мазмұнымен тығыз байланыста 
болатындығы жайлы. Олардың жай сөйлемдер құрамына кіргізілуі де осы себептен екен. 
Оқшау сөздердің негізгі сөйлемге қатысы жайлы «Үндеу амалы және олардың сөйлем 
құрамындағы орны, жұмсалуың деген тақырыпта талданған. Үндеу амалы – сөйлемде басқа 
мүшелермен грамматикалық байланысқа түспегенмен, пікір алысу барысындағы 
коммуникативтік талпынысты жүзеге асыратын амалдардың бірі.
Автордың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тіл фактілерін салыстыра зерттеуінің нәтижелі 
көрінісінің бірі – ауызекі сөйлеу тілінде демеуліктердің пікірді жеткізу үстінде 
коммуникативтік міндет атқара алатындығы жайлы айтылған пікірлері.
«Сөйлем – коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін 
жұмсалатын тұлға» деген ұстанымды басшылыққа алған авторлар сөйлемге қатысты әрбір 
синтаксистік тұлғаның сөйлемнің грамматикалық жүйесіндегі орны мен пікірді жеткізудегі 
коммуникативтік міндетін қоса қарастырады. Яғни, сөйлемдегі қалыптасқан ережеге сай 
құрылымдар да, пікір алысу кезіндегі ережеден ауытқулар да авторлар назарынан тыс 
қалмаған.
Оқулықтың сөйлем мүшелері жайлы тарауында да бұрынғы шыққан оқулықтардағыдан 
өзгеше тың пікірлер мен сөйлем мүшелері жайлы бұрынғы ереже, анықтамаларда 
толықтырулар бар. Сөйлем мүшелерін мағыналық жақтан топтастыру арқылы оның ішкі 
мүмкіндігі мен қызметі жайлы терең қарастырған. Мысалы, бір баяндауыш мүшенің жеті түрлі 
мағыналық түрін талдаған. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік 
конструкцияларға да кеңінен тоқталып, олардың коммуникативтік қызметі де талданады.
«Сөйлем мүшелері орын тәртібінің өзгеруі сөйлемнің ой екпінін түсіру (актуализация) 
мақсатына байланысты, актуализация сөйлеу үстінде көп ескеріледі, оны жүзеге асырудың 
тұрақты тілдік амалдары бар», – деген пікірлер ұсына отырып, актуализацияның екі 
позициясын көрсетеді: бірі – ой екпінін түсіретін актуалды позиция, екіншісі – елеусіз мүшені 
қоятын қалтарыс позиция. Ой екпіні түсетін мүшенің баяндауыш алдына көшірілуі белгілі бір 
тәртіппен жүзеге асатынын мысалдармен талдай келе, ауызекі сөйлеу тілінде инверсия өте 
жиі, бұл оның диалог түрінде жүруіне байланысты деп тұжырымдайды.


13 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақыш Әмір қазір әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-дың қазақ филологиясы кафедрасында жемісті еңбек етіп жүрген үлкен ұстаз, ғалым. 
Әріптестері мен шәкірттері қайратты ғалымның қарымды қаламынан әлі де жаңалығы мол 
зерттеулер күтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет