Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет59/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт 


104 
тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес» [1]. Осы тіркестен түртіп алар ойдың 
мазмұнын ашып қарастырар болсақ, кеңістік пен уақыттың аражігін ажыратуға бір табан 
жақындай түсеміз. Қос ұғымға басымдылық таныта келе, өзгермейтін бір құбылыстың бары 
баса айтылып отыр және ол ұлт тарихымен тікелей байланысты. Тіркес түйінінде қай кезеңде 
болмасын, бір ғана өзгермейтін қағида бар ол – ұлттық мұра делінген. Ұлт мұрасын жаңаша 
пайымдауда тарихты тілге тиек етпеу әбестік болары анық. Сондықтан мақаланың кіріспесі 
жалпы тарихи танымнан бастау алады. Өркениетіміздің даму көкжиегін көрсеткен мақала 
мағыналы мүмкіндіктерді меңзейді. «Өзіңді – өзің тану тәрізді, тарихты танып – білу де – 
қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол – болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын 
тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады» – деп, Олжас 
Сүлейменов өзінің сүбелі ойын сүзгіден өткізіп жеткізген еді. Демек, мақаладағы тарихқа 
жасалған шегініс – алға қадам жасауға жол ашады. Ұлтымыздың тарихын білмей, өзімізді 
таппайтындығымыз әрі болашағымызды бағамдай алмайтындығымыз анық сипатталады. 
Тарихқа деген оң көзқарасты талап ететін ұлт ретінде біз өз құндылықтарымызды танып – 
білуді алдыға тартып, әрі қарай танытуды мақсат етуміз міндеттеліп отыр. Шынында, ұлттық 
патриоттылыққа тәрбиелейтін тарих екендігін һәм тарихтың еншісіндегі жетістіктерді астын 
сызып көрсетуіміздің шарт екендігі және ұқтырылады. Мақалада тарихи ұстанымның 
дұрыстығы нысананы дәл көздеу құралы ретінде баяндалады. Яғни, күрмеуі күрделі 
түйіндердің тарқатылуы, алдымен тарихқа терең үңілумен ұштасып отыр. Асылы, қазыналы 
қойнаудың сарқыншағы – ұлттық жәдігерлеріміздің құнын түсіну үшін, санаға сигнал 
жіберетін мақала өз ұлылығымызды көрсету үшін жарияланбағандығын ашық айтады. 
Сәйкесінше, төл тарихымызды қажетті деңгейде құрметтеуді әрі жәдігерлерге 
жауапкершілікпен қарауды насихаттайды. Сондай – ақ, жаһандық тарихтағы орнымызды 
алуды, таңдамалы құндылықтарымызды тануды міндеттейді. Ұлы Дала құндылықтарының 
құнын дәйектеуді мақсат екен мақала әлбетте, ұлтжанды Ұлы Дала ұланын елең еткізері сөзсіз.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы жеті саны ертеден – ақ қазақ қоғамында 
қасиетті саналған. Бұл турасында бірнеше ғалым – зерттеушілілер өз еңбектерінде баса айтып 
өткен еді. Соның бірі Дархан Қыдырәлі: «Сонымен қатар Ұлы дала – өркениеттің атауы! Ал 
өркениеттің қатпары мен қыры, қасиеті мен қазынасы көп болары анық. Ендеше, Елбасы 
мақалада қазақ халқы қастерлі санайтын «жеті» санын ырымдап, символикалық мағынада 
қолданғандай әсер қалдырды. Көкті – жеті қат аспанға, текті – жеті атаға, байлығы мен 
мұрасын – жеті қазынаға, жаһанды жеті жұртқа теңейтін бабаларымыздан жеткен жеті 
саны мақалады Ұлы Даланың жетістіктері мен адамзат тарихына қосқан сүбелі үлесін әдемі 
жүйелеп тұр» – деп тұжырымдаған еді [2].
Рас сөз еш уақытта жалған болмастың кейіпіндегі ұсынылған жеті құндылықты әрбір 
Қазақстандық азамат білуі тиіс заңдылық. Себебі, дәл осы әр құндылығымызды тану арқылы 
біз өркениетті елдердің қатарына қанатымызды кеңінен қағып кіре аламыз. Әр мемлекеттің 
ұлттық болмысы өзгеше. Алайда, мақалаға арқау болған жеті құндылық расында еліміз мекен 
етіп келе жатқан Ұлы Дала сыйы – Ұлы Дала құндылығы. Абай айтқан сыншыл ақынның 
деңгейімен саралар болсақ, бқл қндылықтар ары қарай да ел иігілі үшін еңсесі биік қазына 
іспеттес болары сөссіз. Әлемдік қоғамдастыұтың бізді лайықты түрде тануы үшін алдымен, өз 
ішімізде лайықты дәрежеде байыбына бара білуіміз қажет. Мақаланың негізгі түпкі идеясын 
зерттеп қарар болсақ, біздің Ұлы Даланың жеті қыры өте ауқымды құбылыс. Қайсыбірін алып 
қарасаыңыз да тұнған қазақы иіс, ұлттық мәдениеттің көрінісі. Бүгінгі күні Ұлы Даланың жеті 
қыры аталып қана қоймай, әлі де зерттеліп, жаңғырып келеді. Тек біртарапты көзқарасты емес, 
әлемде мойындалған құндылықтарымыз лайықты құнын алған кезде ғана сарқылмасы хақ. Дәл 
осы мақсатта аталмыз мақала жарыққа шығып отыр. Негізгі діңгегі ұлттық руханияттың жай 
– жапсарын танып қана қоймай, бітім – болмысымызбен, әрбір демімізбен қабылдауымызды 
талап етіп отыр. Сондай – ақ, мақалада қапыда қалдыруға болмас екінші үлкен бөлім – жобалар 
жинағы ұсынылған. Әр жобаның философиясың, рухани жаңғыруға сеп болар өзіндік 
даралығы кеңінен сипатталған. Жалпы мақаланың ерекшелігі, Елбасы тек Ұлы даланың жеті 
қырын айтып, тізіп қана қоймай, ойларды нақты ортаға салып, оны шешудің жолдарын да 


105 
ұсынып отыр. Бұл – нағыз тарихи сананы жаңғыртудың дәлелі. Яғни, өткенді ескіртпей, саф 
күйінде сақтай келе, ерекшеліктерін ескеріп, тың өзгерістермен ұсыну үлкен еңбек пен жүйелі 
әрекетті талап етеді. Осы бағытта мақалада ұсынылған жобалар жан – жақты салада өз 
қолдауын тауып, жүзеге асырылып та кетті. Негігзгі қозғаушы күші – қайта айналып әуел 
бастағы рухани жаңғыруға келіп тірелерін аңғарып отырмыз. Қай тараптан келіп сүйенсек те, 
бір ғана қорытынды шығаруымызға мақаланың мазмұны кең, мақсаты анық екендігіне көз 
жеткізіп келеміз. Оның дәлелі ретінді Уалихан Қалижановтың мына бір пікірін алдыға 
тартамын: «Ұлт тарихын, ұлт өркениетін санаға сіңіру ұлттық патриотизмді, өз ұлтына, 
мемлекетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Елбасы айтқан 
жобалар әртүрлі форматта қолға алынса рухани жаңғырудың кемелденуін тездете түседі. 
Өйткені бқл мақаладағы ойлар мен тұжырымдар «Мәдени мұра», «Халық тарих 
толқынында», «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» жобаларының заңды жалғасы болып 
табылады» [3].
Мәселен, «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы ғажап өркениеттің бір тұғырына 
айналудағы алғашқы қадамның баламасы болса, «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу – 
ағарту энциклопедиялық саябағын ашу сананы сілкіндірер нағыз креатив. «Түркі әлемінің 
генезисі» түбі бір түркілік принципіне негізделсе, «Ұлы Дала» атты ежелгі өнер және 
технологиялар музейін ашу – туризмді дамытудың алғашқы баспалдағы іспеттес. «Дала фоль-
клориының онтологиясын» жасап, «Ұлы Даланың көне сарындары» жинағын басып шығар – 
сөзсіз «жаңа тыныстың» ашылуына мұрындық болады. Ал, өркениет тарихының үздіксіз 
дамуын тамашалауға мүмкіндік беретін деректі – қойлымдық фильмдер, телевизиялық сериал-
дар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу – халықаралық 
ынтымақтастықтың деңгейін арттыруға оң ықпал етері шүбәсіз. Мақаланың табиғи тазалығы 
– рухани тарихымыздың жаңғыруымыз астасып жатқандығы белгілі. Алайда, бұл идеяны 
барлығы бірдей бірауыздан түсініп келе ме деген сұрақ қалыпты. Сондықтан да, мақалада 
ұлттық жәдігерлеріміз тек қана баяндалып қана қоймай, зерттеліп, дәлелденіп, ұсынылып 
отыр. Кім өз өміріне жауапты қараса, сол қоғам тұтастығының да қамын күйттегені абзал. 
Себебі, жалғыз өркендеу әсте мүмкін емес, ал қоғам болып даму – қай кезеңде де ықпалды 
нәтиже.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізгі идеясын ашып көрсетуде ғалым – 
зерттеушілер мен қатар біртұтастықта барлық қоғам өкілдері ат салысты. Нәтижесінде ортақ 
түйін, оң көзқарас, бірыңғай қолдау көрсетілді. Сөзіме дәлел ретінде Өтеген Оралбайұлының 
тұшымды пікірін келтіре кетейін: «Қадым заманғы қағаберісте қалдырып, соңғы ғасырға сөз 
салсақ, таутан тағдырдың шеңгелінде бүрілген, уақыт пен кеңістікте бүгілген 
жұртымыздың жұмбақ жадын қайта оятып, заман үзеңгісіне аяқ салар кез келді. Кешегі 
кезде іште тулап тұрса да, іркіп қалатын, көңілде дулап тұрса да үркіп қалатын көне 
тарихымых – Абыз Даламыз ақиқаттың қақпасын ашып, шаңырақ өзіңдікі, шалқайып отыр, 
төз өзіңдікі, марқайып отыр дегендей болып тіл қатқаны – томағасы түрілген мақалада 
қанатын жазып, шеңгелін ашып, шындықтың шымылдығын түріпті. Сөз жоқ, қазақ 
тарихының ұлы кітабының бас мақаласы деуге әбден лайықты. Оқы да ойға тоқы деп ортаға 
сөз ұсынып тұр. Тоқудың да толқыны, ойдың да орамы бар» [4]. Яғни, «Ұлы даланың жеті 
қыры» мақаласы ел кітабының ұлы мақаласы деген атқа лайықты деген тұжырымға тоқталсақ, 
онда мақаланың негізгі идеясын дәлелдей алдық деумізге негіз бар. Себебі, ұлт тарихы – 
ұмытылмайтын күш, ал мақала рухани жаңғыртатын лайықты іс болмақ.
Қорыта айтқанда, Рақыш Сәтұлы ғылымы сөзсіз ұлттық дүниетанымменбіте қайнасқан. 
Елдің ертеңгі болашағын оқытуда мақала мазмұны таптырмас құрал болса, ғалым еңбегі мінсіз 
әдістеме. Мақалада «Ұлы Даланың жеті қырын» ұстаз еңбегімен ұштастырғанымыз да 
сондықтан. Яғни, Рақыш Сәтұлының толассыз зерттеуі мен толағай еңбегі – жас буынның 
рухани сілкініп, танымын арттыруына негіз болады. Ұлы ұстаздың ғылым көшіне қосқан үлесі 
өркениетте өзіндік бағасына ие екендігі даусыз. Асылы, ұлттық құндылықтарымыздың 
құнарлы қойнауы ғалым еңбегінде саф күйінде берілетіндігіне көз жеткіздік.  
 


106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет