Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет62/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

кәзекей киген, текті тұқымнан шыққаны көрініп тұрған кішкентай ұл» деп айтады [7]
Кәзекей – жеңі жоқ, жағасы кеңірек ойылған, белден төменірек түсіп тұратын, мақпалдан 
тігілген әйелдер киімі [8]. «Құяқ» аталатын берен сауыт жекелеген, арнайы тақталардан 
қалыптанады [7]Құяқ – қаптанның сыртынан киетін құйма темір [8]. Шынтақтан білезікке 
дейін қаптап тұратын, берік металлдан соғылған, ұзыншақ, жазылмалы қамсау [7]. Қамсау 
– суықтан, желден қорғаныш боларлық зат, лыпа [8]. Тізені тұтатын тізелік, балтырдан 
тобыққа дейін қамтитын бұтырлық (балтырлық) бар [7]. Балтырлық – жауынгердің 
балтырын қорғайтын жарақ түрі. Тізелік – жауынгердің тізесін қорғайтын жарақ [8]. Сонымен 
қатар, сауыттың өзін бекемдейтін шарайна және белдік болған. Шарайна – найза мен 
семсерден қорғану үшін батырлар киетін болат көкірекше [8]. Сауыттың жасалуы оңай, 
жалпыға кеңінен тараған тағы бір түрі- қаттама (қатаңғы дегіл, тегілей) аталады. 
Қаттама – бірнеше қабат жібектен немесе басқа кездемеден тігіліп, жүн, мақта, қыл салып 
сырылған сауыттың жеңіл түрі [8]. Тұтастай алғанда, дулыға «толған айдай толықсып» 
тұруға тиіс [7]. Дулыға – соғыста басқа киетін темір қалпақ [8, 456].  
Үзінділерде келтіріліп отырған киім атауларының бірі байдың киетін киімін сипаттаса, бірі 
төменгі таптың тұрмыс жағдайын көрсетеді. Жауынгерлердің киімдері ата-бабаларымыздың 
жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғанын көрсетеді. Өйткені сол замандағы 
халықтың күйбең тіршілігі үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүргенін, тобылғыны 
жастанып, қу толағай бастанып өмір сүргендігін, жайма-шуақ, мамыражай жүре алмаған-
дығын көрсетеді. Жазушы этномәдени атауларды тек кейіпкерлер мен заманды сипаттау үшін 
ғана емес, табиғат жағдайын сипаттауда да пайдаланғандығын көреміз. Осы арқылы автор сол 
заманның ерекшелігін, оқиғаның ертеде болғандығын жан-жақты сипаттап, дұрыс, түсінікті 
жеткізеді.
б) салт-дәстүрге қатысты сөздер 
Ескілікке қатысты ешбір тауарихта мейман-күйеу дәстүрі турасында ешқандай 
мағлұмат ұшыраспайды [7]Мейман-күйеу дәстүрі – жігіттің болашақ қайын жұртында қалуы 
[8]. Ежелгі түрік-татар ғұрпында әкеден айрылған жас бала панасыз қалмауға тиіс, ал 
жесір әйел әмеңгерлік жөнімен алғашқы қосағының кіндіктес немесе ағайындас 
туыстарының бірімен отасуы керек [7]Әмеңгерлік – дәстүрлі қазақ қоғамындағы күйеу өліп, 
жесір қалған әйелдің қайнағасына не қайнысына не басқа бір жақын туыстарына қосылу, 
некелесу салты [8]. Қолма-қол жүйрік тарғыл қоңырға мініп, барымталы малының ізіне 
түседі [7]. Барымта – байырғы қазақ қоғамындағы құн дауы, жесір дауы, жер дауы т. б. 
байланысты билер кескен құн мөлшерін айыпты жақ өтей алмағанда не одан бұлтарғанда, 
билердің кесімімен құн даулаушылардың қарсы жақтан өрістегі жылқыларды шауып, айдап 
алып кетуі [8]. Темужін қарауындағы жұртына шұғыл сауын айтып, ауыр ұрысқа 
дайындалады [7]Сауын айту – жорық, аттаныс жайында алдын ала елге хабар беру сөздері 
арқылы оқырманның көз алдына сол ескі заманды елестетіп тұр [8].  
в) мата атауларына қатысты сөздер 
Бұлардың барлығының да киімі бірінші күні тегіс ақ торғыннан екен, екінші күні – қызыл 
торғын, үшінші күні – көк торғын болды, ал төртінші күні ең жақсы, асыл қамқамен келді 
[7]Қамқа – алтындатқан, күмістеткен зерлі жіптен тоқылған жібек мата. Торғын – қымбат, 
бағалы жібек матаның бір түрі [8]. Бұл көне маталар сол заманның тұрмысын, дәлірек айтқанда 
хан ұрпағының тұрмысындағы құнды заттарды көрсету мақсатында жұмсалып тұр.  
г) ыдыс-аяққа қатысты атаулар. Ыдыс-аяқ – күнделікті тамақты дайындап, ішу барысында 
пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Төмендегі мысалдарға назар аударсақ: 
Ол заманда, тіпті, күні кешеге дейін иенге, ұзақ жолға шыққан кісінің қажетті азығымен 
қатар, жеткілікті сусын құйылған жанторсығы болады [7]Жанторсық – үнемі қанжығада 
жүретін, қымыз құятын жолторсығы [8]. Көнегі мен торсығын сол арада қалдырып, үйіне 


109 
бұрылып қарамастан, Темужінмен бірге жүріпті [7]. Көнек – ірі қара малдың бас не мойын 
терісінен жасалған, бие саууға не құдықтан су алуға арналған шүмегі бар ыдыс. Торсық – 
сусын құю үшін ысталған теріден жасалынған шағын ыдыс [8]. Жас балаға жалбыр ешкі-тон 
кигізіп, тары ақтатып, келі түйгізіп қойыпты [7]. Келі – тары, бидай, арпа т. б. дәнді 
дақылдарды түйіп уақтау, ұнтақтау үшін ағаш, темір, шойын сияқты қатты нәрседен жасалған 
іші қуыс зат [8]. Қаншама машақаттан соң бір торсық айран алып келеді [7]Торсық – сусын 
құю үшін ысталған теріден жасалынған шағын ыдыс [8]. Оң хан осыдан соң шынашағының 
басын оқ жонатын кездігімен шетіп жіберіп қанын шығарып, қайыңның қабығынан ойылған 
кішкентай құтыға тамызып, Темужінге жолдапты [7]Кездік – мүйізбен сапталған, қынға 
салып алып жүретін кішкентай пышақ [8]. Сусын құйылатын және құрт немесе сүзбе 
салынған екі жанторсық, ас пісіретін шойын немесе қыш шөңке [7]Шөңке – ас пісіретін 
шағындау ыдыс [8, 65]. Байқап отырсақ, көбі – малдан өндіретін сусындарды құю үшін, ұзақ 
уақытқа сақтау үшін жасалған. Осы ыдыс-аяқтар арқылы сол кезеңнің адамдары қалай, қандай 
жағдайда тамақтанып, ас-су ішкенінен хабар аламыз әрі олардың нені құюға, салуға 
арналғаны, неден жасалғаны арқылы дәуір тұрмыс жағдайынан, мәдениетінен, сол замандағы 
халықтың ұлттық тағамдарынан мағлұмат алуымызға болады.  
Қорыта айтқанда, жазушы М. Мағауинның «Шыңғыс хан» деректі тарихи шығармасының 
лексикалық қабаты этномәдени атауларға өте бай. Автордың этномәдени атауларды 
шығармасында орынды қолдана білуі оның жазушылық шеберлігін ғана танытпай, сонымен 
бірге сөз етіп отырған халықтың арғы-бергі мәдениеті мен тарихи болмысын терең 
білетіндігін, аса қадірлейтіндігін де танытады. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы 
туралы шығарма жазуда М. Мағауин сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі 
атауларға зер салып, өзі суреттеп отырған уақыттың тілімен сөйлетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет