жарық көрген болатын. Бұл тізімге Қа-
сымды да қосуға әбден болады. Себебі
бір ауыз дерек жоқ...
жа тыр. Мұнда көпшілік «Жақыбала құ ды-
– Бұрын мектеп жасындағы баланың кез келгені Абайды, Жұбанды, Мұқағалиды, Төлегенді,
Қасымды жатқа айтып беретін болса, қазіргі оқушылардың жартысынан астамы осы ақындардың
кім екенін білмейді. Себебі кітап оқымайды. Тіпті атын естімеген болуы да мүмкін. Бұрын балалар
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» өлеңін өзіндік мақамымен мектепішілік, мектепаралық
сындарда жиі шырқайтын. Қазір ол да жоқ. Өкінішке қарай, соңғы жылдары Қасым Аманжолов
«Атамұра» кітапханасы, «Алтын қалам» сериясымен 2-2-ден 4000 дана кітап болып қана
оқырманымен қауышты. Бұл – түкке тұрмайтын таралым. Жалпы, дауылпаз ақын бұл күндері
әдебиеттің жанкештілеріне және қазақ журналистеріне ғана қажет болып тұр. Көктемде «Қазақстан»
ұлттық арнасының қызметкерлері Қанағат Әбілқайыр мен Болатбек Баянхан Қасым ақынның
өлеңдері негізінде «Дариға, сол қыз» атты қысқаметражды фильм түсірді. Бұл – Аманжоловты
тану жолындағы теңізге қосылған тамшы ғана. Ғылым үнсіз. Мүмкін, Қасым туралы жақсы
монографиялар жазылып, қорғалып жатқан шығар, бірақ әлеумет хабарсыз. Қасымның жазу
тәртібі қандай еді? Оның ғұмыры неге қысқа болды? Тірлігінде мұқтаждықты көп көру себебі неде?
Міне, осындай жайлардың басы әлі күнге ашылған жоқ. Жалпы, Қасым ХХІ ғасырға танылған жоқ.
Қасымның насихатшысы халық болуға тиіс еді, бірақ қазір Қасымнан гөрі қарын жайы көбірек сөз
доғарылып. Суы мөлдір, тұщы.
каралас жерде жатыр. Бұл өңірде
Ермековтер дүниеге келген. Алаш
еткен болатын. Ұлттық идея дү-
келді. «Тас түскен жеріне ауыр» де-
ген осы болса керек...
О, тағдыр, мені сауықтыр!
О, тағдыр, мені сауықтыр!
Айтатын жыр, ойым бар.
Айтатын жыр, ойым бар.
Көңілім соған ауып тұр,
Көңілім соған ауып тұр,
Алда бір қызық тойым бар.
Алда бір қызық тойым бар.
Көңілдің күйін төгейік,
Көңілдің күйін төгейік,
Арманда кеттік демейік,
Арманда кеттік демейік,
Бәрін де беріп ел-жұртқа,
Бәрін де беріп ел-жұртқа,
Қарыздар болмай өлейік!
Қарыздар болмай өлейік!
Қарқаралыда туып, одан Абыралы арқылы жаяу-жалпылап
Семейге өтіп, Семейден Алматыға тұяқ іліктіріп, одан Орал
асып, Оралдан Ұлы Отан соғысына аттанып, Қиыр Шығыс,
белорус жерінде болады. Шығыстан майданға аттанып бара
жатқан жолда Отанға деген сағыныштан туған «Сарыарқа», «Ертіс»,
«Атамекен» тәрізді өлеңдері Қасымның жер қадірін түсінген ақын
екенін көрсетеді. Ендеше, қасымтанушы қауымға Қасым жүріп өткен
жолды аралап, экспедиция ұйымдастырып, соның нәтижесінде
шағын болса да деректі фильм түсіруді ұсынар едік.
P.S.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№152 (604)
27.08.2011 жыл
сенбі
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
4
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Қасым бірнеше аспапта еркін ойнаған
Қасым бірнеше музыкалық аспапта ойнаған деп естіп қалып едім. Нақты-
рақ жазсаңыздар екен, ол қандай музыкалық аспаптарды жақсы меңгерген?
Бота ӘЛТАЕВА, Қарағанды
МӘСЕЛЕ
Қасымның
тұрмыстық жағдайына сәл
шегінсек. «Үйіміз Алматының шығыс жақ
шетінде, таудың нақ етегінде, бір кезде
Жазушылар союзының дачасы, кейінірек
Қазақ драма театрының жатақханасы бол-
ған үйлердің бірінде болатын. Орта лықтан
алыс, қараңғы, тар, лас көшені Городская
деп атайтын. Сол көшеде, 69-үйде, бір
корпуста, бір бөлмелі (басқа түгі жоқ) үйде
менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді
қанша тұрармыз, кім біледі?)
Бұл тұңғиық түпкірге мен ағам Ахмет-
жанмен бірге 1938 жылы келіп орналасқам.
Бір бөлмеде — ол кісінің үй іші, екінші бөл-
меде – менікі», – деп, ақын күнделігінде
тұрып жатқан үйінің жалпы көрінісін осы-
лайша суреттейді. Осы кеп, осы күй қазіргі
жас ақындарымызға да «жақсы» таныс.
Ал Қасым Аманжоловтың жары Са-
қып жамал анамыз қуықтай бөлменің ішін
былайша «дестелейді»: «Бөлмеде бар бол-
ғаны – бiр темiр пеш және екеумiздiң
төсегiмiз ғана. Тiптi ас iшетiн, жазу жазатын
Қасым тағдырын ақындарымызға
тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын
та» берді. Өз елі өзекке тепсе де, «енесі теп-
кен құлынның еті ауырмайды» дегендей:
— Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын,
Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да,
Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын.
Аспан мен жер — бәрі де үйім менің,
Сенің көркің, астанам, сүйінгенім.
Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып,
He қиындық болса да, иілмедім,
– деп
өз-өзін жұбатады.
Осылайша Қасым Аманжолов бүгінде
баспанаға зар болып тентіреп жүрген
ақын дарымызға «баспанасыз ақынның»
идеалды тұлғасына, жаншылған рухтарды
жани түсетін рухани ұстазға айналады.
Жалпы, баспана мәселесі ХХ ғасырдың
ортасынан жырға қосыла бастады. Қасым
Аманжолов бастаған бұл тақырып талай
ақынның өлеңіне өзек болды. Көп ақынның
маңдайы пәтер мәселесіне тигенде, Қа-
сым ға арқа сүйеп, ақынның рухымен сыр-
ласады, базынасымен бөліседі. Қасымның
баспанасыздығы оның басын еш уақытта
Қасымның соғыстан кейінгі жазған
күнделіктерінде бұл туралы бірқатар
мәліметтер бар. Оның қызы Дариға ту-
ғаннан бастап домбыра тартып жұба-
татыны жайлы жазғанына қарап, дом-
быраны өзі де бала кезінен тартқанын
аңғаруға болады. Сонымен бірге Қасым
мандолин, гармонь, скрипкада ойнап-
ты. Бұл туралы Сырбай Мәуленов өзінің
«Най
зағайлы қара бұлт» атты естелік
кітабын
да жазады. Қасымның Оралға
алғаш келгенін суреттей жазған ақын:
«...Жаз желегін жамылған жасыл бақша.
Айнадай жарқырап тұрған ақ шыны аспан.
Бейтаныс жаңа қала, төңіректі қоршаған
қыз-жігіттер. Қасым бір түрлі арқаланып
кетеді. Сырнайшының қолынан гармонь-
ды сұрап алады да, Семей татарларынан
үйренген бірсыпыра әндердің тиегін ағыта
жөнеледі...» – дейді. Сондай-ақ сыншы,
әде биеттанушы Есмағамбет Ысмайылов
та ақындар ортасында Қасым скрипкасын
алып, түрлі әуендер тартып отыратынын
тілге тиек етеді.
Қасымға түрлі аспаптарда ойнау әкесі
Рахымжан серіден ауысса керек...
ЕСКІРМЕЙТІН ЕС
ТЕЛІК
Жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей
келе жатқанына қарным ашады
– Дариға апа, Қасым ақын өз орта-
сында қайсар мінезімен ерекшеленген
деп жатады. Отбасында қандай еді?
– Мен әкем туралы еміс-еміс қана
білемін. Әкем жеті жасымда өмірден озды.
Есімде қалған кейбір сәттері мен анам ай-
тып кеткен естеліктер жайлы айта оты-
райын. Әкемнің отбасына деген махабба-
ты ерекше еді. Мені қатты жақсы көретін.
Жастайымнан көп ауырдым. Омыртқа дер-
тіне шалдығып, талай жыл аурухананың
төсегінде жатқанымда, «көзімнің қара-
шығы» деп қасымнан шық пайтын. Шешем-
нің айтуы бойынша, нә ресте кезімнен ауы-
рып, шырылдап ұй ық тамайды екенмін.
Сонда өр мінезді ақын бола тұра, баланы
шешеме сілтей салмай, өзі де түні бойы көз
ілмей, мені көтеріп жүреді екен. Әкем жас
кезінде өздігінен бір неше музыкалық ас-
папта ойнауды үйренген. Мен жылағанда
аккордеон, дом быра, скрипкада ойнап
жұбататын көрі неді. Сонда мен скрипканың
әуеніне ғана ұйықтайды екенмін. Анам ай-
тып отыратын, әкең «Менің қызым музы-
кант болады» деп мақтанып жүретін деп.
Әкем мен өмірге кел генде күнделік жаза
Бұл өлең жинақтарға «Дари
ғамды
сағындым» деген жолынсыз шығып, солай
тарап кетті.
– Жанна апай, сізден сұрағымыз
келіп отырғаны, Қасым ақын сізді өгей
қызым де мей, бауырына басты. Ол кісі
өмірден өт
кенде, сіз Дариға апайға
қарағанда ересек болдыңыз. Әкеңіз
несімен есіңізде қал ды?
Жанна СЕЙТАХМЕТОВА,
ақынның қызы:
– Анам мен әкем қосылғанда, мен
өте кішкентай болғанмын. Өзімнің
туған әкем әскери адам болған екен.
Ол кісі соғыста қайтыс болыпты. Қасым
әкем соғыстан аман-есен оралғаннан
кейін анаммен отасыпты. Отбасымыз
өте тату болды. Ол мені туған қызы
Дариғадан еш кем көрмеді. Ол кісі
менің туған әкемнің көзін көрген, тірі-
сінде жақсы сыйластықта болған. Сон-
дықтан да шығар, менің фамилиям ды
өз әкемнің атында қалдыруды құп
көрді. «Екі қызым адам болса» деп оты-
ратын. Дариғаны музыкант, мені бале-
рина болады дейтін. Әлі есімде,
әкемнің өзі жетектеп балет мектебіне
апарған еді. Алайда Дариға да, мен де
мүлде басқа салаға кеттік. Сенбі, жек-
сенбі күндері бізді қыдырту әкемнің
әдеті болатын. Көк майсаға, саябақтарда
қолымыздан жетелеп жүруші еді.
– Дариға апай, кезінде әкеңіз
пайдаланған дүниенің барлығын мұ-
ра жайларға табыстаған шығарсыз.
– Иә, үйде жатса бүлініп қалар деп ағасы
Ахметжанға аттай қалап жасатқан домбы-
расын, татар аккордеонын Орталық мұра-
жайға табыстадым. Күнделігі, қолжаз балары
тағы басқа дүниелерінің бір бөлі гін Қарқа-
ралы тарихи-өлкетану мұра жа йына берген-
мін. Өзімде біраз қолжаз басы сақталған.
– Ақынның өлеңдері мен жырла-
рын жинақтадыңыз ғой. Жалпы, қанша
өлеңі бар?
– Нақты қанша өлеңі бар екенін айта ал-
маймын. Кезінде үш томдық өлеңдер жи-
нағы шықты. Бірақ кейіннен саясат, қо ғам
өзгергеннен кейін Ленин, Сталин, пар тияға
қатысты дүниелері енбей қалды да, қалың
бір томдық болып қайта жарияланды.
– Әкеңіздің сазгерлік қасиетін де
білеміз. Жалпы, қанша өлеңге ән
жазған?
– Ол кісі төрт өлеңіне әуен шығарған.
Олар «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз»,
«Туған жер» және «Жас дәурен». Алғашқы
екеуі кең таралды да, соңғы екі әні ұмы-
тылып қалды.
— Ақын туралы көркем фильм тү-
сіру туралы ұсыныстар болды ма?
бастапты. Күн делігінің дені маған арналған.
Өмірге келген уақытымды, туғандағы
бойымның ұзын дығы мен салмағымды
жазудан бастапты. Тіпті қызуым көтеріліп
ауырып қал
ған сәттерімді де қағазға
түсіріп отырыпты. Мен өмірге келгенде
әкемнің жасы 40-қа таяп қалған екен.
Сондықтан да болар, ма ған, отбасына
ерекше ден қоятын. Әкем нің Қырымда
жүріп жазған бір өлеңі бар.
Құралай көзі мөлдіреп,
Кекіл шашы желбіреп,
«Папалап» кеп әрдайым
Сүйдірген маңдайын
Дариғамды сағындым.
Қызым менің құлыным,
Әрі қызым, әрі гүлім,
Құсым менің құлшынған,
Гүлім менің құлпырған
Дариғамды сағындым.
төмендетпеді. Қайта кейінгі ақындардың
баспана проблемасының беташары бол-
ды. Сол үшін де Қасымның ақындығы ас-
қақ тады. Тек бір өкініштісі – оның маң-
дайына жазылған сол тағдырдың әлі күнге
дейін кейінгі жастардың да басты пробле-
масы болып келе жатқандығы. Қаншама
қаламгерімізді өзгенің босағасында тен-
тіретіп қоюымыз – осының айғағы.
Қасымның «ізін басқан» аға буын
ақындарымызды тізе беруге болады.
Біз тек бірен-саранын келтірейік.
КӨЗҚАРАС
Мыңбай РӘШ,
ақын, сатирик, ҚР еңбек сіңірген
мәдениет қайраткері:
1952 жылы болатын. ҚазПИ-дің әде-
биет факультетін Ғафу Қайырбеков, Серік
Қирабаев, Баламір Сахариев, Айқын
Нұрқатов, Шәмшия Сәтбаева – бар лы-
ғымыз бірге оқып бітірдік. «Лениншіл жас»
газетінің әдебиет бөлімін басқара тынмын.
Газетке орналастырған редактор дың орын-
басары, ақын Жұбан Молда ғалиев бола-
тын. Қасым Аманжолов 1952 жылы қа-
зақтың бірқатар ақындарының өлең дерін
жинақтап, «Жастық жыры» деген кітап
шығарған. Сол жылдары Қасым Аманжо-
лов, Қалижан Бекхожин сынды ақындарға
жала жабылып, сыншылар «сары уа-
йымшыл», «феодалшыл» деп сын жазып,
есін шығарған. Ақын Ғафу мені ертіп,
Қасымның үйіне бардық. Қасым үйін
жаңадан алған кезі. Ол кезде ақын-жазу-
шылардың қолы баспанаға оңайшылықпен
жетпейтін. Алматының үй беретін испол-
комы Жүсіпбековке «Бермесең бермей-ақ
қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын
астанамды» деген өлеңін жазған тұсы.
Ақынның Ілияс Омаровқа «І.О-ға» деген
хаты бар. Ілияс содан қояр да қоймаған
соң, Орталық Комитеттің үгіт жөніндегі хат-
шысы осы үйді алып берген. Ол – қазіргі
Қарасай батыр мен Достықтың қиылы-
сындағы екі қабатты үйдің екінші қабатын-
дағы шағын пәтер. Ғафу екеуіміз кел-
генімізде, Сақыпжамал жеңгеміз есікті
ашып, Қасым ағамыз күтіп алды. Ол кезде
Қасым өлеңдерін кітап қып шығартпай,
ақындардың өлеңін шығаруға құрастыру-
шылықтың өзін зорға сұрап алған екен.
Құрастырушылыққа да қаламақы төлейді.
Жинаққа Нұтфолла Шәкенов, Аманжол
Шамкенов сынды ақындардың өлеңдері
енген. Мен үш өлең оқып бергенмін, екеуі
кітапқа енген екен. Соның бірі – «Қызара
барып күн батты» деген өлең. Өлеңді тың-
даған Қасым:
– Әй, бала, сенен тәуір ақын шығады
екен. Өлеңді осы секілді етіп жаз! Поэзия-
мен сурет салғансың, – деп көңілімді өсіріп
жіберді.
Ол – Американың Кореяға соғыс ашқан
кезі. Соны өлеңге арқау еткенмін. Осылай-
ша «Жастық жыры» жинағы шыққан-ды.
Сол отырыста Ғафу Қасым ағадан «Да-
риға, сол қыз» әнінің жайын сұрады. Ес-
кілеу, көнетоз Абай домбырасымен сол
әнді айтып берді. Домбыраны тәп-тәуір
жақсы шертеді. Дауысы тенор мен бари-
тонның арасында. Сосын «Ақ сәулемді»
айтайын» деп шырқап берді. Шайымызды
ішіп, өлеңіміз шығатын болып, қуанып кет-
тік.
1954 жылы Понамаренко, Брежневтер
билікке келіп, қателіктердің барлығын
түзей бастады. «Жамбыл жөніндегі өсекті
қойыңдар, оның алдында бастарыңды
иіңдер!» деп, М.Әуезов, Е.Бекмаханов,
Қ.Мұха медханов, Қ.Жұмалиевтердің бар-
лығын ақтап шықты. Қ.Сәтбаев Ғылым
академиясына қайтадан президент болып,
орнына келді. Қазақта үлкен қателік бар.
Бір ақынды мақтасақ қол-аяғын жерге
тигізбей, одан басқа ақын жоқтай көреміз.
Даттасақ жер-жебіріне жетеміз. Қасым да
қайтадан дүрілдеп шықты. Сол кезде
Қасымның Абдолла деген досы — Абдолла
Жұмағалиевке арнаған атақты поэмасы
шыққан. Керемет. Тегінде Қасым – мықты
ақын. Талай кеште кездесіп, Ғафу екеуіміз-
ді соңынан ертіп, шәкірт қылып жүрді.
Адамгершілігі жоғары, ешкімнің ала жібін
аттамаған, биязы адам еді. Біздің қазақ
тамаша талант шықса, көре алмай,
шұқылап, мұқатуға тырысады. Қасым да
сол «феодалшыл» деген жаланың құрбаны
болып кетті. Мен білген Қасым – осы!
Жазып алған
Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ
Баспана және Қасым... Несін жасырамыз, бүгінде баспана десең
– Қасым еске түсіп, Қасым десең – баспана ойға оралатын болды
ғой. Тіпті «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тас-
та маймын астанамды» деген екі ауыз сөзі ақын тағдырымен егіз
жандардың аузынан түспейтін мәтеліне қалай айналып кеткенін
де сезбей қалыппыз. Әрине, ақын сөзінің мәтелге айналғаны жақ-
сы ғой, бірақ тура сол тағдырдың кейінгі жастардың басына да
тап солай түсуі – қасірет. Ал шығармашыл жандардың басына түс-
кен қасірет – әдебиеттің аяғына салынған тұсау, мойнына түс кен
қылбұрау. Бүгінгі таңда Қасым салып кеткен «қасқа жолмен» (бас-
панасыздығын айтамын) қаңғып келе жатқан ақын дары мыз дың
қарасы көбейіп барады. Не ақын көп, я ақынға берер пәтер жоқ.
Қысқасы, Қасымның баспанасыздығы жайында аңыз ғып айтып
келген әңгімеміз ақиқатқа айналып бара жатқандай ма, қалай өзі?
Салтан СӘКЕН
үстел қоюға орын жоқ. Кiшкентай қара
чемоданның үстiне қағаз жайып, ас iшетiн-
бiз. Сол чемодан Қасымның жазу үстелi де
болды. Сол кездегi барлық шығармасын
Қасым сол қара чемоданды тiзесiне қойып
отырып жазды...». Міне, ақынның Ал-
матыға келіп орын тепкен мекені осындай
еді. «Баспана» өлеңі осы шатырдың астын-
да, қара чемоданның үстінде туады.
Үйі жоқтың күйі жоқ. Осы үйден қар-
шадай қызы Дариға ауру табады, өздерінен
береке қашады. Өмірдің бейнеті Городская
көшесінің қалаға ұқсамайтын қуысынан
басталады. Қаншама жыл пәтерге қолы
жетпей, қиналып кетеді. Мемлекет жөні
түзу жерден там салуға ұлтарақтай жер де
қимайды. Ал ақжүрек ақын: «Қасымның
атағын естіп алыстан адамдар келсе, олар-
ды мына «үйіне» шақыра алмай қысылады.
Олар қайдан білсін, – Қасымның тұрмысы
министрдің тұрмысынан кем емес деп ой-
лайтын шығар», – деп, келер қонағына
үйінің бұрышынан орын табылмайтынына
қысылып, тарығады.
Мұның бәрі ақынды қанша сарсаңға са-
лып, дал қылса да, Қасым өмірге деген құш-
тарлығын бір сәтке де жойған жоқ, «өлеңінің
отын жағып, әйелі мен жас баласын жылы-
Бұл баспана проблемасы Жұма тай Жақыпбаевтан бастап, Ғалым Жайлы-
бай жалғаған орта және кейінгі буын ақындарын да айналып өтпеді. Бұл
мәселені көтерудегі себебіміз, қай қазақты алсаң да, екі ауыз өлең құрай біл-
ген деп қарамай, халық мойын даған ақындарымыздың бағасын беру қажет
деп санаймыз. Билік мойындаған емес, халық мойын даған ақындарымызға
мемлекет жағдай жасауы керек. Себебі, жасыратыны жоқ, қай заманда бол-
сын, қай билік болсын сарай ақын дарына ие болғысы келген. Ал бұл –
әдебиетке қиянат. Сон дықтан да мемлекетіміз ақын дары мызға билікке ода
айтқыз бай-ақ, баспанамен қамтамасыз етуге міндетті деп есептейміз.
Әйтпесе Қасым тағдырын кейінгі ақындарымызға да тартқызып қою – мем-
лекеттігімізге сын.
Р.S.
Дариға Қасымқызы
АМАНЖОЛОВА:
— Көркем фильм түсіру туралы әзірге еш-
кімнен ұсыныс түскен жоқ. Алайда бұған
дейін деректі фильм жарыққа шық қан бо-
латын. Ол фильмде әкемнің Қара ған дыда
жүріп өткен жолы мен қызмет еткен жер-
лері туралы деректер ұсы нылды.
– Қасым ақынның 100 жылдық ме-
рейтойына дайындық жұмыстары
жүр гізіліп жатыр. Туған жерінде үлкен
той да ұйымдастыру жоспарланып
отыр екен. Жалпы, осы жұмыстар ба-
рысында көңілдеріңіз толмайтын әт-
теген-айлар бар ма?
Дариға АМАНЖОЛОВА,
ақынның қызы:
– Барлық іс-шаралар көңілімізден
шығып жатыр. Әкемнің мерейтойы жа-
қын даған сайын қазақтілді бұқаралық
ақпарат құралдары кезек-кезек Қасым
Аманжоловтың шығармашылығы мен
өмірі жайлы қайта жазып, оқырман-
дарды керекті ақпараттармен сусында-
тып жатыр. Рақмет. Десе де, жібі түзу
бір көшеге әкемнің аты берілмей келе
жатқанына қарным ашады. Виктор
Храпуновтың кезінде жақсы бір көше
әкемнің есімімен аталады деп айтылған
еді, айтылған сөз сол күйінде қалды.
Достарыңызбен бөлісу: