Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#1616
1   2   3   4   5   6

Дайындаған Ләззат БИЛАН

ШАРТАРАП


Шнобельдік сыйлықтың 

танымалдығы 

Нобельдіктен кем емес

Басы 1-бетте

Биылғы жылы да аталған сыйлықтың 

иегерлерін ресми түрде жариялау рәсімі 

АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард 

уни верситетінде болды. Бұл жолы анти-

нобельдік сыйлық 10 аталым бойынша 

тағайындалды. Биылғы жүлдегерлердің 

қатарында да саясаткерлер, ғалымдар 

және түрлі саланың мамандары бар. Атал-

ған сыйлықтың шарты бойынша оны Но-

бель сыйлығының иегерлері табыс тайды. 

Шнобельдік сыйлықтың бейбітшілік 

аталымын биыл Литваның Вильнюс қала-

сының мэрі Артурас Зуокас алды. Ол кө-

шеде бейберекет тұрақтаған көліктермен 

күресудің жаңа әдісін ұсыныпты. Жуырда 

Вильнюс мэрі қалаға ауыр салмақты 

бронетехникалық көлік шақыртып, көше-

дегі рұқсат етілмеген орынға тұрақ таған 

Mercedes маркалы бір автокөліктің үстінен 

жүріп өткен. Бронетехникалық көліктің 

ішін 


де саясаткердің өзі отырған. Қала 

басшысының бұл әрекеті ғаламтор арқылы 

бүкіл әлемге тарап, үлкен талқы тудырады. 

Вильнюс мэрі өзінің бұл әрекетін қаланың 

өзге тұрғындарына сабақ болу үшін жаса-

ғанын айтады. 

Ал антинобельдік сыйлықтың тағы бір 

марапаты ақырзаманды дәл болжап бергісі 

келген бір топ көріпкелге ұсынылды. 

Олардың бірлескен зерттеулерінің нәти-

желері Жер бетіндегі тіршіліктің ақыры 

1954, 1982, 1992, 1994 немесе 2011 

жыл  дары орын алу керек болғанын көр-

сетті. 


Медицина аталымы бойынша Шно-

бель 


дік сыйлық «Зәр шығару процесі 

адам ның шешім қабылдауына қалай әсер 

ете ді?» деген мақсаттағы зерттеулері үшін 

Гол ландия, Британия, Бельгия, Австралия 

ғалымдарына берілді. Олар өздерінің 

зерттеулері арқылы дәрет қысқан адамның 

ойлау қабілеті төмендейтінін анықтаған. 

Әдебиет саласындағы сыйлық АҚШ-

тың Стэнфорд университетінің өкіліне 

берілді. «Өмірде биік жетіс тіктерді бағын-

дыру үшін ол үнемі бір мақсатта жұмыс 

жасап, қолы босамай жүру керек. Сол 

арқылы ол өзінің өмірінің негізгі мәні 

болып табылатын мәселелерден қашып 

кете алады» деп тұжырымдайды әде-

биетші. 


Өткен жылы Шнобельдік сыйлықтың 

бейбітшілік номинациясына «Сыра тол-

тырылған шөлмекпен адамның басынан 

ұрған қауіпті ме, әлде бос шөлмектің зияны 

басым ба?» деген тақырыпта зерттеу жүр-

гізген Стефан Боллигер, Стефен Росс, Ларс 

Остерхелвег, Михаэль Тали және Беат 

Кнойбель сынды танымал ғалымдар ие 

болған еді. 

Шнобельдік сыйлық алғаш пайда бол-

ған жылдары бейбітшілік номина циясы 

Лос-Анджелес қаласының полиция басты-

ғына берілген болатын. 1987 жылы оның 

үйінің қасында демалып жатқан бейбіт 

тұрғындарды тапа тал түсте көше бұзақы-

лары келіп атып кетеді. Бұған қатты ашулан-

ған полиция басшысы бұл қалада бұрын-

соңды болмаған операция ұйым дасты-

рады. Соның нәтижесінде екі күн ішінде 

1500 қылмыскер тұтқындалады. Ал, жал-

пы, операция барысында 50 000 қа рақ-

шы-қылмыскер темір торға жабылады. 

Сонда полиция басшысы өз үйінің маңында 

қылмыс орын алған соң ғана қылмыс кер-

лермен күресу қажеттігін түйсінген. 

2007 жылы Шнобельдік сыйлықтың 

экономика номинациясын банк тонау-

шыларды балық ұстауға арналған аумен 

тұтқындауды ұсынған және соны патенттеп 

алған күзет қызметтері иеленді. 

Антинобельдік сыйлық алғаш рет 1991 

жылы берілді. Ол әлемдегі беделді ға лым-

дардың өзара әзілінен туындаған марапат 

болатын. Алайда қазір аталған сыйлықтың 

танымалдығы өзінің негізгі прототипі 

болып саналатын Нобель сый 

лығымен 

тайталаса алатындай дәрежеге жетті. 

Шнобельдік сыйлық пайда болғалы 

ТМД аумағынан оны иеленген адамдардың 

саны саусақпен санарлық. Біраз жыл бұрын 

оны 10 жыл ішінде жалпы саны 948 кө-

лемді ғылыми жұмыс жариялағаны үшін 

ресейлік химия ғылымының маманы алған 

болатын. Шнобельдік сыйлықтың бір 

ерекшелігі – оны салмақты ғалымдар мен 

сая 

саттанушылармен қоса, ешкімге та-



нымал емес, кішігірім мамандар, тіпті 

«қожанасырлығы» бар адамдар иелене 

береді. 

Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

Өткен аптада АҚШ-та антинобельдік сыйлықты табыстау рәсімі өтті. 

Антинобельдік сыйлық, шнобельдік сыйлық, игнобельдік сыйлық деген 

бірнеше атаумен танылған бұл марапат ғылымдағы алғаш естігенде 

күлкіңді келтіретін, алайда артынан ойландыратын екіұшты жаңалық 

иелеріне табысталады. Сондай-ақ ол ғылымның және өзге де түрлі 

салалардағы ойға сыймайтын абсурд жаңалықтар үшін беріледі. Бір 

жағынан, әзіл марапат болғанына қарамастан, оны да әлемдік 

қауымдастық Нобельдік марапат секілді тағатсыздана күтіп отырады.

Ф.Ф.Ушаков атындағы мем лекеттік 

теңіз академиясы мен Санкт-Петер-

бург қаласындағы Макаров атындағы 

Теңіз академиясына оқуға жіберуге 

мәжбүр бо лып отыр. Онда олар кеме 

капитаны, кеме капитанының аға 

көмекшісі, алысқа жүр гізуші штурман, 

аға механик, байла нысшы секілді т.б. 

мамандықтар бойынша білім алады. 

Олардың оқуының барлығын өзіміз 

қаржыландырып отырмыз. 2009 

жылы бес, 2011 жылы он бір баланы 

сонда оқуға жібердік. Келесі жылы 

тағы да сегіз бала жіберуді жоспарлап 

отырмыз. Әрине, олар келе сала 

бірден танкерлердің тізгінін қолға ала 

алмайды. Алғашында капитанның кө-

мек шісі, механиктің көмекшісі ретінде 

тәжірибеден өтіп, бірте-бірте сатылап 

өсе ді. Менің ойымша, Қазақстан ең 

бірінші теңіз капитанын 10-20 жыл-

дан кейін ғана көреді. 

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 

теңіз әкімшілігі құрылмай, кемелердің 

қауіпсіздігінен бастап, маман дайындауға 

дейінгі мәселелер шешімін таппайтын 

көрінеді. Өйткені теңізшілердің сәйкестігін 

тексеретін жас мамандарға теңізші құжа-

тын дайындайтын әкімшілік болуы тиіс 

екен...

Жалпы, теңіз индустриясын дамыту 



үшін, жас мамандарға халықаралық дәре-

же де білім беру үшін не істеуіміз керек?

 

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Теңіз инфрақұрылымын дамыту 

үшін, бұл салада ұлттық кадрларды 

көбейту үшін қомақты қаржы керек. 

Оны университет өзі шеше алмайды. 

Мемлекет көмектесуі тиіс. Тіпті 

қазақстандық және шетелдік кеме 

компанияларына «жыл сайын Каспий 

уни верситетін бітірген осыншама 

жастың білі мін жетілдіру үшін 

шетелдерге оқуға жібе ресің» деп 

талап қоюымыз керек. Сонда ғана бұл 

салада оң өзгерістер орын ала ды.

Қалай десек те, шетелден маман ша-

қырт қанша, өз мамандарымызды дайын-

 даған әлдеқайда тиімді. Бірақ қазір теңізі 

бар, теңізшісі жоқ елге айналып отыр ғаны-

мыз өте өкінішті. Алайда ұшқыш, ғарышкер 

секілді теңізші мамандығы да – өте қызық 

сала. Ал бұл салаға жастарды көптеп тарта 

алмай отырғанымыз айналып келгенде 

өзімізден. Қазақта «ұшқыш кім?» десе, 

бірден Тоқтар Әубәкіров есімізге түседі, ал 

«теңізші кім?» десе, не дейміз? Сондықтан 

теңіз капитаны мен боцмандарын қазақтан 

шығаратын уақыт әлдеқашан жетті.

«Қазгидромет» кәсіпорны метеоро-

логтерінің мәліметінше, алдағы тәулікте 

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және 

Қарағанды облыстарында 3 градус үсік 

болады. Еліміздің көп бөлігінде жауын-

шашын болып, екпінді жел соғады. Маман-

дардың болжауынша, күн қазан айының 

ортасына дейін суық болмақ. Ызғырық жел 

соғып, жаңбырдың салдарынан көктайғақ 

болуы мүмкін. Түнгі және таңғы мезгілдерде 

тұман түседі. Жылы ауа райы еліміздің 

батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс 

аймақтарының жекелеген аудандарында 

ғана қалыптасады. Ел ордасы – Астана 

қаласы аумағында айдың ортасына қарай 

ауа температурасы түнде 10, күндіз 2 

градусқа дейін төмендейді. Алдын ала 

болжам бойынша, қараша айында және 

желтоқсан айының бірінші жартысында 

қайтадан жылы күндер болуы мүмкін. 



Биылғы қазан айы ызғарлы болмақ

Алдағы тәуліктерде еліміздің батысы мен орталығында үсік болады. 

Жалпы, биылғы қазан айы жылдағыдан ызғарлы күндерімен ерекше лен-

бек. Айдың ортасында елорда аумағында аяз болады деген болжам бар.

АЛАШ-АҚПАРАТ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 

бас пасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 

«Балық ресурстарын ұдайы өсіру» бюд-

жеттік бағдарламасы шеңберінде балық 

өсіретін шаруашылықтардың суқойма 

-

ларына 160 млн-ға жуық шабақ жіберіледі. 



Сөйтіп, тұқы, бекіре, сиг тұқымдас балық-

тар дың қоры молая түспек. Биыл Атырау 

бекіре балығын өсіру зауыты Жайық өзені 

мен Каспий теңізіне 7,3 млн данадан аса-

тын құртшабақ жіберген. Олар – ақсерке, 

сүйрік, бекіре және шоқыр балықтары. 

Ми нистрлік мамандарының мәліметінше, 

биыл сондай-ақ «Қапшағай уылдырық 

шашу-өсіру шаруашылығы» кәсіпорны 

Қап шағай суқоймасын 100 мың данаға 

жуық тұқы шабағымен молайтты. Ауыл 

ша руашылығы министрлігінің Балық ша-

руа шы лығы комитеті енді суқоймаларды 

құнды балық тұқымымен көбейту шара-

ларын тұрақты түрде жалғастыр мақшы.

Болатбек МҰХТАРОВ

2011 жылдың соңына дейін Қазақстанның суқоймаларына 160 млн 

құртшабақ жіберіледі. Олар – тұқы, бекіре, сиг және өсімдікпен 

қоректенетін басқа да балықтар.

Суқоймаларға миллиондаған 

құнды балық жіберіледі


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№174 (626) 4.10.2011 жыл, сейсенбі         



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

ТҰЛҒА

   


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Сал-серілердің аяқ-қолын 

уқалау әсірелеу емес пе?

Досхан Жолжақсыновтың пікірін-

ше, аталған көрініс көпшіліктің ұлы 

өнерпаздарға деген айрықша сый-

құрметін білдіреді. «Сол кезеңде қыз-

келіншектер сал-серілерді кілемге 

салып көтеріп алып қана қарсы 

алмаған, тіпті үлкен тоғанға су құйып, 

жуындырған да көрінеді. Өз қолымен 

ас беруге, батасын алуға таласқан. 

Өйткені біз тәбәрік алып қалуға 

тырысатын ырымшыл ұлттың өкілі-

міз», – дейді режиссер. Ол кісінің ай-

туынша, жалпы, қай киноны болсын, 

жіті көзбен көрген сайын «әттеген-

айлар» шыға береді. Өйткені өнер 

тоқтауы жоқ ағын су тәрізді. Оның 

ұлылығы – шыңдалуы мен сұрып-

талуының шексіздігінде.

«Біржан сал» фильмінде әйелдер ауылға келген сал-серілердің 

аяқ-қолын уқалап, сылап-сипап, біртүрлі ерсі қылықтар көрсетеді. 

Шығармашылық топтың киноға осы көріністі қосқандағы мақсаты 

не болды екен?  

 Айжанар ЕРАСЫЛ, Талдықорған 

Хамиттің прототипі кім?



Досхан ағаның кинодағы ерекше рөлдерінің бірі 

«Бандыны қуған Хамиттегі» Хамит қой. Негізі, осы 

фильмдегі оқиға өмірде болған ба? Хамиттің прототипі 

кім?

Сағыныш ХАНАЛЫ, Алматы

ҮРКЕР


Сахна жырауы алпысқа аяқ басты

Жалпы, Досхан Жолжақсынов қай 

киносында да ойнамайды, кейіпкердің 

өзі болып өмір сүреді. Оның өзін-өзі 

аямайтын осы қасиетін жақсы білетін 

жақындары ол түсіп жатқан фильмге 

қашан нүкте қойылғанша ұстараның 

жүзінде жүргендей болады екен. Бұған 

негіз болған жайттар да жоқ емес. 

Мысалы, күрделі қимыл-әрекеттерді 

каскадерсіз, өзі ойнайтын ол «Бандыны 

қуған Хамитте» аттан құлап, сегізкөзін 

жарақаттаған. Ал «Теңіз жағалай жүгірген 

тарғыл төбет» фильмінің түсірілуі 

барысында тіпті қақаған қыста бес 

қабатты кеменің ернеуінен Охот теңізінің 

мұзды суына құлап, бір ажалдан қалған. 

Мұның бәрі, актердің айтуынша, тағдыр. 

Әрине, денсаулыққа әсері болмай 

қалған жоқ. Бірақ еңбегі еш болмай, 

қарымтасы қайтып жатқан кезде оның 

бәрі ұмыт болады. Мәселен, Қиыр 

Шығыста бес жыл бойы түсірілген және 

басты рөлде Досхан ойнаған «Теңіз 

жағалай жүгірген тарғыл төбет» фильмі 

1992 жылы Мәскеудегі халықаралық 

кинофести 

вальда Гран-приді жеңіп 

алған. Жалпы, өмірде еш нәрсе бекер 

кетпейді. Бұл да – оның адал еңбегінен 

елес берер бір естелік. 

 Әсіресе өзінің көрерменге кеңінен 

танымал алғашқы рөлі – Хамит пен 

кинодағы алғашқы режиссерлік жұмысы 

– «Біржан сал» туралы Досхан Жол-

жақсыновтың айтары, еске алары тіпті 

көп. Бұл ретте, біз актердің өз әңгімесіне 

құлақ түргенді жөн көрдік... 



Қазақ өнерінде өзіндік орны бар айтулы таланттардың 

бірі – Досхан Жолжақсынов. Әуелгі қадамын театр актері 

ретінде бастаған ол қалың көрерменге, негізінен, кинодағы 

жарқын образдары арқылы танылды. Сонау 

«Гауһартастағы» Әскербек пен «Бандыны қуған Хамиттегі» 

Хамиттен бастап, «Қош бол, Медеу», «Өтелмеген парыз», 

«Ақ барыстың ұрпағы», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл 

төбет» іспетті басқа да көптеген фильмде ірілі-ұсақты талай 

бейнені сомдаған актер қай кезде де өнерге адалдығынан 

танған жоқ. Қай кезде де жан-тәнімен беріле ойнап, 

кейіпкерінің бүкіл болмысын, тағдырын шынайы жеткізе 

білді. Сол үшін де тағдыр жыршысы, сахна жырауы атанды. 

– «Бандыны қуған Хамитте» біз сол бір 

кезеңдегі бабаларымыздың жиынтық 

бейнесін жасадық. Мысалы, олардың 

қаншамасы бала болып ойнай алмай, ес 

жиғаннан қару асынып, «елім», «жерім» 

деп кетті. Бүгін ойлап отырсақ, соның бәрі  

– қандай орны толмас өкініш, адамзат 

баласына жасалған қиянат... 

Аталған фильм менің театрға қоян-

қолтық араласа бастаған кезімде түсірілді. 

Ол кезде мен кинода 1-2 рөлге түсіп 

үлгергем. «Бандыны қуған Хамит» 

фильміне түсуге бірталай адам бағын 

сынады. Іріктеуге қатысқан бірнеше 

адамның ішінде менің негізгі қарсыласым 

марқұм Жамбыл Құдайбергенов болды. 

Соңғы турда біреуміз банды Ахметтің, 

екіншіміз Хамиттің рөліне өтуіміз керек еді. 

Байқаудың соңын ала фильмнің режиссері 

– Абдолла Қарсақбаев мені шақырып 

алып: «Сенің қимыл-әрекетіңде Хамитке 

жақын мінез-құлықтың бар екенін 

байқадық. Өзіңе үлкен жауапкершілік 

жүктегелі отырмыз. Енді оны ақтау – саған 

серт», – деді. 

Шындығында, менің мінез-құлқым, 

алған тәрбием Хамиттікіне ұқсас болды. 

Өйткені марқұм әкем кеңес өкіметін өз 

қолымен қаласқан адамдардың бірі еді. 

Әскери қызметке 14 жасынан араласыпты. 

Бұл туралы өзі: «Бойымның қысқалығынан 

қолымдағы қылышым салбырап, кара-

биннің дүмі жерге тиіп жүретін», – дейтін. 

Бала кезімдегі тәрбиенің ықпалынан да 

болар, фильмдегі бұл рөл маған жеңіл әрі 

жақын болды. Хамиттің даланы, табиғатты, 

кеңдікті сүйетін қасиеті маған да тән 

болатын. Кейіпкер мінезіндегі бірбеткейлік, 

отансүйгіштік секілді көптеген қасиеттерден 

мен өзімді таптым. Мені көпшілікке 

танытқан да осы рөл болды. 



БІРЖАН – 

САЛ-СЕРІЛЕРДІҢ 

ЖИЫНТЫҚ БЕЙНЕСІ

«Біржан сал» – көркем фильм. 

Атамыздың өмірде қандай жан 

болғанын бір Алла біледі. Ең кереметі 

– түсірілім барысында Біржанның 

немересі Айтмұхамбет ақсақалмен 

кездестік. Жасы сексеннің төртеуінен 

асқанына қарамастан, атамыздың 

өлеңдерін жатқа оқитын, әндерін 

домбыраға қосып айтатын, көзі ашық, 

көкірегі ояу адам екен. Ақсақалдың 

айтуынша, әкесі Теміртас (Теміртас – 

Біржан салдың ұлы) ұзын бойлы, екі 

иығына екі кісі мінгендей еңгезердей 

адам болыпты. Ал Біржан атамыз 

шағын денелі, мейірімді, айналасына 

жанашыр, қамқор жан болған 

көрінеді. Ешқашан мал жимаған. 

Алғанының бәрін таратып кететін 

болған. Өйтпесе сал-сері болар ма? 

Рухы өр, болмысы еркін болмаса, 

інжу-маржан әндері туар ма? Дауысы 

да әндеріне сай өте биік, тынысы аса 

зор болыпты. Оң жағы да, сол жағы да 

он екі шақы рымдай жерде тұрып ән 

айтқанда, шырқаған дауысы екі өңірге 

еркін жетіпті. Жалпы, Біржан – біз 

білетін сал-серілердің жиынтық 

бейнесі.

МЕНІ АТЫП ЖІБЕРСЕ, 

НЕ БОЛАР ЕДІМ?

Байқау кезінде ең әуелі Жамбыл Хамит 

болып, мен Ахмет болып шықтық. Сонда бір 

көрініс бар: бандит Хамитті сабайды. Әйгерім 

қыз араша түседі. Жаңағы оны итеріп тастап, 

сабауын тоқтатпайды. Сол сәтте қабырғада 

сүйеулі тұрған карабинін алып, Әйгерім 

атады. Осы сахнаны түсіру керек болды. Бәрі 

дайын, әзірлік бітті. Енді атуға келгенде 

қасымыз 


дағылардың бірі: «Әбеке, оқты 

актерге қаратып атпай-ақ қояйықшы», – 

деді. Марқұм Әбекең бұлқан-талқан 

ашуланып: «Осы әркім маған ақыл айтқыш. 

Онда тұрған не бар?» – деп карабинді алып, 

кардонды сегіз метрдей жерге қойып атып 

көрді. Кардон ұрадай болып тесілді де қалды

бәрі аң-таң. Содан кейін үнемі ойлаймын, 

«Абдолла аға сол кезде ет қызу лықпен мені 

атып жібергенде, не болар едім?» деп. 

«Бандыны қуған Хамит» жайлы сөз болса, ең 

алдымен, міне, осы жай ойыма оралады.



СЕГІЗКӨЗ СОЛАЙ 

ЖАРАҚАТТАНҒАН-ДЫ 

Фильмде менің атпен шауып келе жатып ер-тоқымның үс-

тінде тік тұрып, қарғып түсіп, қайта мінетін жерім бар. Дайын-

дық аяқталып, кино түсіріле бастады. Содан өзімнің мініп 

үйренген атым күндердің бір күнінде машинаның бортынан 

құлап, аспақталып өліп қалды. Түсіру басталғанда маған бір 

зоотехниктің бойы биік, бір көзі соқыр атын алып келді. Әлгіге 

мініп, бір-ақ күн дайындалдым. Ертесі кино түсіру басталды. 

Мен шауып келе жатырмын. Айналама қызыға қарап: «Дала! 

Мен сені сағынамын! Сен мені тани мысың!» – деп айғайлап 

қоям. Ер-тоқымға тұру үшін алдымен аяқты алдыға көтеріп, 

серпіліп кетуім керек. Аяғымды көтергенім сол еді, астымдағы 

атым кетті де қалды. Сол күйі жалпақ тастың үстіне құйымшақпен 

құладым. Онда жастық жігердің қайнап тұрған кезі. Еш нәрсені 

ерен санамадық, бірақ сол кезде сынған омыртқадағы 

шеміршек көп жылдан кейін ғана сыр бере бастады. 

...Небір қызық кезеңдер еді ғой ол. Жалаңаяқ сүйрегенде 

аяққа шөңге кірді, қолымды арқан қысты. Арқанды байлап 

жатып, қасымдағы әртістер күлетін: «Ақысын төлемесең, қазір 

қатты шабамыз», – деп. «Ойбай, қалағаның болсын», –  деп 

құтылам, әйтеуір...  

ФИЛЬМ ӨЗ БАЛАЛАРЫМА ДА

 ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТТІ

«Біржан сал» фильмін көрерменнің қалай қабылдайтынын 

алдымен өзімнің ұл-қыздарым арқылы тексеріп көрдім. Қызым 

Ділдәнің төрттен енді асқан, ортаншы ұлым Бекзаттың 17-дегі, үлкен 

ұлым Біржан 30-дың үстіне шыққан кезі болатын. Бояуы қанбаған, 

дыбысталмаған, әлі де жұмыс үстіндегі жалаң дүниені осы үш 

буынның әрқайсысына жеке-жеке көрсеттім. Оңаша қалдырып кеттім 

де, біраздан соң келіп, қалай әсер еткенін тексердім. Сонда қызым: 

«Папа, Біржан салға қатты жаным ашыды, сондай жылағым келіп 

тұр, саған ештеңе болған жоқ па?» – деп жанары жәудіресе, ұлдарым: 

«Киноны көріп отырып жыладық», – деп шынын айтты. 

Мақтанғаным емес, бала-шағама қазақы тәрбие беруге тырысып 

келемін. Екі ұлым да ұлттық саз аспаптарында ойнайды. Бекзатым 

қазақша өлең жазады. Иә, олар да қазіргі заманның ұрпақтары. 

Ұлдарым кезінде түнгі клубқа да барды, батыстың фильмдерін де 

жақсы көрді. Әйтсе де бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілері» 

анық. «Біржан сал» фильміне алғаш кіріскенде «Он адам киноны 

көріп, «бәрекелді!» десе, содан артық ештеңенің керегі жоқ» деген 

едім. Сол мақсатыма жеттім. 

Дайындаған 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Фильм С.Сейфуллиннің 

«Бан  дыны қуған Хамит» атты 

шығар масының 

желісімен 

түсірілген. Онда кеңестік жүйе-

нің орнығуы бары 

сындағы 


шайқастар мен идеялар тарты-

сы суреттелген. Сондықтан Ха-

миттің те, басқа кейіпкерлердің 

де прототиптері өмірде болған. 

Бірақ мұны жеке бір ғана 

адамның өмірінен алынған 

деуге болмайды. Бұл арада жа-

зушының ой-қиялы да жатыр. 

Мұның сыртында фильмді 

түсіруші топтың да өз тарапынан 

қосқаны бар. Мысалы, әңгімеде 

Әйгерім деген кейіпкер жоқ. 

Елі үшін жанын пида еткен 

боль шевиктің сөнбеген шырағы 

ретінде ол сценарист қиялынан 

кейіннен қосылған. Және өте 

сәтті шыққан. 

ХАМИТТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ МАҒАН ДА ТӘН ЕДІ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№174 (626) 4.10.2011 жыл, сейсенбі             



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

   

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Досханның ата-анасы 

кім болған?

«Хамит» қанша киноға түскен?

Қазақстанның Халық әртісі Дос-

хан Жолжақсынов 20-дан астам ки-

но туын дыда  кесек  болмыстарды 

сомдап шық қан. Атап айтар болсақ, 

ол: «Гауһартас», («Даладағы қуғын») 

«Бан 


дыны қуған Хамит», «Алтын 

күз», «Қош бол, Медеу», «Бұлақ», «Ай 

ас тын дағы үй», «Өтелмеген парыз», 

«Ақ барыстың ұрпағы», «Адам фак-

торы», «Монопат Утнапштити», «Ма-

хаб бат сағымы», «Жәбірленушілерде 

шағым жоқ», «Махаббат, достық пен 

тағдыр туралы», «Құтырған иттерге 

құрылған қақпан», «Теңіз жағалай 

жүгірген тарғыл төбет», «Үнсіздік 

кодексі-2», «Хомучи мерген», 

«Омпа», «Чек», «Әркімнің өз Голго-

фасы бар», «Көш пенділер», «Мика 

және Альфред», «Біржан сал» 

фильм дерінде өзінің ерекше, қайта-

ланбас өнерімен жалпақ жұртты тән-

ті еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет