үміткер бола алады. Атаулы әлеу-
ген айыр масы түрінде есептейді.
ы.
талдау негізінде жүргізеді.
www.alashainasy.kz
7
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№185 (867)
18.10.2012 жыл,
бейсенбі
ДОДА
ШАЙБ
А
ЛЫ ХОККЕЙ
Нұрғазы САСАЕВ
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА
Мұзайдында Еурокубок додаларына түсеміз
«АЙСҰЛУ» БЕЛАРУСЬТЕ
БАҚ СЫНАЙДЫ
«Айсұлу» биыл Еуропа чемпиондары
кубогын бірінші електен бастады. Биыл
Еуропа чемпиондары кубогының алғашқы
сатысында төрт топ бар. Қазақстан чем-
пионы – «В» тобында. Қарсыластары –
«Пантера» (Минск, Беларусь), «Меркурия
Чук» (Румыния) және «Миллениум» (Ан-
кара, Түркия) клубтары.
Бұл топтың ойындары ертең басталады.
«Айсұлу» әуелі Румыния чемпионымен
кездеседі. Сенбі күні түрік қыздарының
әуселесін байқайды да, жексенбіде айдын
иелерімен додаға түседі.
Александр Мальцев жаттықтыратын
Қазақстан чемпионы 10 қазаннан бастап,
Финляндияда оқу-жаттығу жиынын
өткізіп, осы Еурокубокқа дайындалды.
Биыл қалай боларын, бірақ бұған дейін
«Айсұлудың» деңгейі «В» тобындағы өз
қарсыластарынан жоғары болатын. Бірақ
соңғы екі жылда Еуропадағы көп
теген
елдердің әйелдер арасындағы хоккейі
қарыштап дамып келеді. Деңгей
лері
едәуір өскен.
Қазақстан қыздарын қуып
жеткендері де, басып озғандары да
жетерлік. Сондықтан биыл қалай болары
белгісіз.
Негізі, «В» тобынан бір ғана команда,
яғни жеңімпаз клуб қана Еуропа чем-
пиондары кубогының екінші сатысына
шығады. Әрі 7-9 желтоқсан аралығында
«F» тобында бақ сынайтын болады. Бұл
топта Финляндия және Ресей чемпион-
дары өздерінің екі қарсыласын тосуда.
Енді бір клуб «D» тобында жеңіске жеткен
команда болмақ. Бұл топта Чехия,
Австрия, Польша, Словакия чемпиондары
бар. Олар да ертеңнен бастап Венада
сынға түседі.
Еуропа чемпиондары кубогының
екінші сатысы жартылай финалдық дода
Ертең шайбалы
хоккейден Қазақстан
клубтары үшін осы
маусымдағы Еурокубок
додалары басталады.
Алматының «Айсұлуы»
әйелдер арасындағы Еуропа
чемпиондары кубогында
додаға түссе, Атыраудың
«Бейбарысы» ерлер
арасындағы Құрлық
кубогында бақ сынайды.
іспетті. Осы електе сегіз команда (екі топқа
бөлініп) бақ сынайды. Тек төртеуі ғана
келесі жылы өтетін финалдық додаға
жолдама алады.
«БЕЙБАРЫС» ФИНЛЯНДИЯДА
СЫНҒА ТҮСЕДІ
Қазақстан ерлер арасындағы клубтық
Еурододалардың ішінде тек Құрлық ку-
богында бақ сынайды. Ел намысын қор ғау
мәртебесі өткен маусымдағы Қазақ стан
чемпионы «Бейбарыс» клубына бұйырып
отыр.
«Бейбарыс» Құрлық кубогына екінші
електік кезеңінен қосылмақ. Аталмыш
кубоктың бірінші сатысында бір ғана топ
болған. Нақтырақ айтқанда, бірінші
кезеңдегі дода 28-30 қыркүйек күндері
Румынияда өтіп, осы елдің үздік клубы топ
жарды. Олар Түркияның, Сербияның және
Израильдің ең үздік клубтарын жеңген
болатын. Енді олар Ұлыбритания, Герма-
ния және Голландия клубтарымен «В»
тобында (неміс мұзайдынында) өнер
көрсетеді. Бұл – жоғарыда жазғанымыздай,
Құрлық кубогының екінші сатысы. «Бей-
барыс» Еурододаға осы кезеңде қосылып
отыр. Өткен маусымдағы чемпионымыз
«С» тобына түскен. Бұл топтың ойындары
Финляндияның Вааса қаласында өтеді.
Қарсыластары – Латвия, Венгрия және
Финляндия клубтары.
«Бейбарыс» бірінші ойынын ертең
«Металлург» (Лиепая, Латвия) клубымен
өткізуі керек. Сенбіде жергілікті «Ваасан
Спорт» клубымен, ал жексенбіде Венгрия-
ның «Ақ аюлар» деп аталатын командасы-
мен кездеседі.
Мұнда да тек бірінші орынға ие болған
клуб Құрлық кубогының келесі, үшінші
сатысына шығады. Аталмыш кубок жолын-
дағы доданың да сұлбасы түзіліп, әр
кезеңдегі ойындарының қашан, қай жерде
өтетіндігі бекітіліп қойған.
Егер «Атырау» «С» тобында бірінші
орын алса, онда жартылай финалдық дода
іспетті үшінші кезеңде «Е» тобында бақ
сынайтын болады. Бұл топта Беларусь,
Норвегия және Польша клубтары «С»
тобының жеңімпазын «сарыла» күтуде. Бұл
топтың ойындары 23-25 қараша аралы-
ғында Норвегияда өтетін болады.
Құрлық кубогының үшінші сатысында
да екі топ бар. Осы екі топтың жеңімпаздары
келесі жылдың қаңтар айында Донецкіде
өтетін финалдық додаға шығады. Ал
ақтық сынға Украина және Франция клуб-
тары автоматты түрде шыққан. Өйт кені
Құрлық кубогының соңғы жылдардағы
додалары бойынша олардың рейтингтері
– жоғары.
Әлемнің үздік боксшысы анықталды
Атырау облысы спортында – жаңа басшы
Атырау облысының тумасы едім. Кеше Атырауда спорт басшысы ауысты деп естідім. Кім
тағайындалды екен?
Ауданғали М., Алматы қаласы
Атырау облысы әкімінің бұйрығы бойынша осы
өңірдегі спорт басшысы ауысты. Атап айтқанда, Қазбек
Иманғали Атырау облыстық дене тәрбиесі және спорт
басқармасының басшысы болып бекітілді.
Қазбек Қажыұлы 1956 жылы дүниеге келген. Қазақ
дене тәрбиесі институтын бітірген. Еңбек жолын 1978
жылы Махамбет ауданындағы балалар мен жасөс-
пірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып
бастаған. Содан осы спорттық мектептің директорының
орынбасары, директоры болып көтерілген. Кейіннен
осы ауданның спорт басқармасын басқарған.
Бір көңіл аударарлығы, Қазбек Иманғали 2001-
2009 жылдары Атырау қаласының спорт және туризм
бөлімінің меңгерушісі болып, облыстық жастар, туризм
және спорт басқармасын басқарған (кейіннен орын-
басары болған).
2009-2011 жылдары «Астана волейбол клубының
директоры болып, облыстық баскетбол федера-
циясында бас менеджер қызметін атқарған.
2011 жылдың шілде айынан бері Штаттағы ұлттық
командалар және спорттық резерв дирекциясында
директордың орынбасары болып келген Қазбек
Қажыұлы жақында Атырау облысының спорт саласына
басшы болып тағайындалды.
Жақында АІВА 2012 жылдың ең үздік боксшыларын жариялапты. Жерлестерімізден
үздік атанған біреу бар ма?
Ернияз ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ, Алматы қаласы
Иә, Халықаралық әуесқой бокс қауым-
дастығы жыл сайын дәстүрлі түрде маусымның
үздік боксшыларын анықтап отыруды дәстүрге
айналдырған. Биыл үздік атанудан үміткерлер
қатарында Лондон Олимпиадасының жеңімпазы
Серік Сәпиев болғанымен жеңіс өзгеге берілді.
Сонымен, «Ерлер арасындағы элиталық
дивизионның» үздігі номинациясында украи-
налық боксшы Олександр Усик марапатталса,
қыздар боксының үздігі болып Кэти Тэйлор
танылды. Айта кетейік, Лондон Олимпиадасында
Усик финалда италиялық Клементо Руссоның
сағын сындырған болатын. Ал Тэйлор ақтық
сында ресейлік София Очигаваны бет
қаратпаған.
Сондай-ақ WSB жүйесінің де 2012 жылғы
үздік боксшысы анықталып, жеңіс тағы да
Украина боксшысына бұйырды. Бірақ бұл
жігіттің Қазақстанға да қатысы бар. Соңғы екі
жылда жеңіліс көрмеген Сергей Деревьянченко
бұдан былай «Астана арландарының» намысын
қорғайтынын білеміз.
С
ТЕНД А
Т
У
САМБО
Венада дәрменсіз күй кештік
Дәрменсіздік... Иә, 2014
жылғы әлем біріншілігі
іріктеу додасының
аясында Венада Австрия
құрамасымен кездескен
футболдан Қазақстан
ұлттық құрамасы 0:4
есебімен ойсырай жеңіліп,
алаң иелерінің алдында
дәрменсіздік танытты.
Таблодағы көрсеткішті
қойшы, бірінші рет ірі
есеппен жеңіліп тұрған
жоқпыз. Етіміз үйреніп
қалыпты. Нәтижеден
бұрын футболшы-
ларымыздың қарсылас
алдындағы қауқар-
сыздығы қынжылтты.
Әзиз ЖҰМАДІЛ
Австрия — Қазақстан 4:0
Голдар: Янко, 24. Янко, 63. Алаба, 71.
Харник, 90+3.
Ескертулер: Харник, 82. Кавлак, 88 —
Богданов, 56. Нұрғалиев, 80.
Австрия: Альмер, Фукс, Погатетц,
Арнаутович, Алаба (Ляйтгеб, 80), Юну-
зович, Харник, Предль (Драгович, 59),
Кляйн, Кавлак, Янко (Янчер, 81).
Резерв: Грацей, Кенигсхофер, Гарич,
Иваншитц, Вайман, Зуттнер, Баумгартлин-
гер, Бургшталлер, Шимер
Қазақстан: Сидельников, Киров, Мұх-
таров, Дмитриенко (Гурман, 74), Нұр-
дәулетов, Қонысбаев, Богданов, Шахметов
(Исламхан, 70), Коробкин. Нұрғалиев
(Хайруллин, 83), Гридин.
Резерв: Логиновский, Цирин, Тәжім-
бетов, Шомко.
Төрешілер: Якоб Кехлет, Ларс
Хуммельгор, Якоб Билле (бәрі де — Дания)
16 қазан. Вена. Эрнст Хаппель.
Рас, Мирослав Беранек негізгі құрам-
ның бірнеше футболшысына үміт арта
алмады. Не қылған түспейтін дене қызуы
екен, әйтеуір Германияның бундеслига-
сында доп тебетін Генрих Шмидтгаль
Астанадағы ойынға да, Венадағы кез-
десуге де қатыса алған жоқ. Таңат Нөсер-
баев, Михаил Рожков және Сергей Ос-
тапенко сары қағаздарының көбейіп
кетуіне байланысты бұл кездесуде алаңға
шығу құқықтарынан айырылды. Жара-
қаттарын жазып үлгермеген Юрий Лог-
виненко мен Павел Шабалин де елде қа-
лып қойды. Дәуренбек Тәжімбетов Венаға
барғанымен алаңға шығуға дайын болмай
шықты. Шамасы оның да денсаулығы
дұрыс емес секілді. Бір емес, бірнеше фут-
болшысы саптан шығып қалды. Резервтен
футболшыларды шақыруға болар еді ғой.
Бірақ, басы қатқанына қарамастан, Бера-
нек қолда бар жігіттерден команда жа-
сақтауды жөн көрді.
Сонымен не керек, 12 қазанда Астана-
дан ұпай ала алмай, ашулы қайтқан Авс-
трия өз алаңында Беранек шәкірттерін
аямады. «Эрнст Хаппель» стадионында
қақпамызға қала ғандарынша гол соқты.
Ойынның 72 пайызында Беранек жігіт-
терін допсыз жүгіртіп, «Астана-Арена-
дағы» ойын үшін осылайша кек қайтарды.
Әсіресе, австриялықтардың қара маржаны
Давид Алаба жасындай жарқылдады.
Қақпа мызға соғылған үш голдың себепкері
— осы «Баварияның» басты үміттерінің
бірі. Оның әуелете асырған пасынан кейін
Марк Янконы жоғалтып алған орталық
қор
ғаушыларымыз Мұхтар мен Виктор
«Трабзонспор» шабуылшысына шірене
соққы жасауға мүмкіндік беріп қойды.
Екінші голды да Давид Алаба ұйым-
дастырып, тағы да сол Марк Янко әдемі
пасты баспен түйіндеді. Ал үшінші голды
қара маржанның өзі соқты. Қорғаушы-
ларымызды бұйым құрлы көрмей, алдап
өткен диджейдің ұлы қақпашымен бетпе-
Софияда самбодан жастар
мен жасөспірімдер арасындағы
кезекті әлем чемпионаты
аяқталды. Онда қазақтың
бозбалалары мен бойжеткен-
дері, өскелең қыздары мен
ұлдары жалпы саны 4 алтын,
7 күміс және 11 қола медаль
олжалады.
Алайда бұл жетістік өткен жылғымен
салыстырғанда төмен. Былтыр жерлес-
теріміз 5 алтын жеңіп алған. Енді Болгария
астанасындағы жүлделерімізге тоқталсақ.
Жасөспірімдер арасындағы 87 келі
салмақ дәрежесінде белдескен Никита
Азаров жеңіс тұғырының ең биік сатысына
көтерілді. 70 келі салмақта грузин бал-
уанынан ұтылған Жамалбек Асылбек
екінші орынға ие болды. Ал Бағлан Әбді-
ра зақ (48 келі), Азат Дойдиев (56 келі)
және Мақсат Исақабылов (81 келі) сынды
жеткіншектеріміз үшінші орынды иеленді.
Қыздар арасындағы белдесулерде
Шаттыгүл Дүйсенғалиева (40 келі), Айжан
Жылқыбаева (48 келі), Зере Бектасқызы
(70 келі) үшеуі қола медаль еншіледі.
Жастар арасындағы 48 келіде Дін-
мұхаммед Серіков әлем чемпионы атанды.
Ол финалда моңғол жігітін жеңді. 65 ке-
ліде бақ сынған Болатбек Райымқұлов
күміспен күптелді. Ол финалда Ресей
самбошысынан ұтылып қалды. Осыдан екі
жыл бұрын жасөспірімдер арасында әлем
чемпионы атанған ағадырлық Айдын
Дартаев 74 келі салмақтың финалдық
белдесуінде өзбек балуанына есе жіберіп,
күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ 90
келідегі ақтық белдесуде Тәжікстан
талантынан ұтылған Айбол Айтбек те, 100
келі салмақтағы Ресей балуанынан
жеңілген Сұңғат Махамбет те екінші
орынмен «шектелді». 62 келіде күрескен
Нұрбол Серіков пен 68 келіде белдескен
Жансай Смағұлов үшінші орынды
иеленісті.
Бойжеткендер арасындағы 44 келіде
Динара Ысқақова алтынмен апталып,
финалда ресейлік Сабина Гилязованы
қапы қалдырды. 52 келі салмақтағы өте
шиеленісті өткен финалдық белдесуде
кілем иесінен басым түскен Гаухар
Тұрмаханова да әлем чемпионы атанды.
Ал 48 келіде бақ сынаған Жансая Жа с-
ұзақова күміспен күптелсе, Алина Щер-
бакова (65 келі), Мөлдір Нұрланбек (75
келі) және Әсел Қазиева (80 келі) сынды
аруларымыз қола жүлдегер атанып
қайтты.
Бекжан ҚАЛМҰХАМЕДҰЛЫ
Софиядан –
22 жүлде
КҮРЕС
Семейде күрестің үш түрі
бойынша ел кубогы жолындағы
белдесулер аяқталды. Соңғы
кубок иелері еркін күрестен үш
салмақ дәрежесі бойынша
анықталды.
Ертіс жағасындағы бозкілем белдесу-
лерінің екінші күні 60 келіде өте тартысты
белдесулер өтті. Олимпиада ойындарына
қатысқан Дәулет Ниязбеков салмақ ауыс-
тырып, өз бағын 60 келіде сынап көрді де,
қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай
финалда осы жолы кубок иегері атанған
Дәмір Төлеукеновке есе жіберіп алды.
Дәмір болса финалда кілем иесі Асхат
Сләмхановтан басым түсті.
74 келіде Олжас Шыңғысбаевтың бағы
жанды. Ол финалда өзінің досы, боз-
кілемде бірге тер төгіп жүрген Жігер Зә кі-
ровтен айласын асырды.
96 келіде бірінші орынды Әлихан Жұ-
маев иеленді.
Алтай ТАНАБАЕВ, еркін күрестен
Қазақстан Республикасы ұлттық құра-
масының бас бапкері:
– Біз тек Ақжүректі босаттық Олим-
пиададан кейін. Дәурен Жұмағазиевті де
босаттық. Өйткені ол жуырда ғана «Голден-
гран-при» турнирінде топ жарды. Екі
турнирдің арасы жақын болып кетті. Кіш-
кене жарақаты болған соң босаттық. Қал-
ғандарының барлығы күресті. Енді
Олимпиадаға барған балуандар емдеу-
сауықтыру жиындарын өткізеді. Одан кейін
жаттығуды бастаймыз. Бізде 55 пен 84 келі
аралығында бәсекелестік өте жоғары,
соған қуанып отырмын. Балуандардың
деңгейлері өскен. Келер жылды шетел-
дердегі турнирлердің бірінен бастаймыз.
Телжан КҮДЕРОВ
Бәсекелестік
күшейіп келеді
Австрия – Қазақстан
кездесуінің статистикасы
4
Голдар
0
17
Қақпаға соққы
3
11
Қақпаға тура соққы
0
14
Тәртіп бұзу
8
10
Бұрыштама
2
2
Офсайд
5
2
Сары қағаз
2
72%
Доп иелену көрсеткіші
28%
«С» тобы
Орын
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең ойын
Ұтылыс
Доптар
Ұпай
1
Германия
4
3
1
0
15-6
10
2
Швеция
3
2
1
0
8-5
7
3
Ирландия
3
2
0
1
7-8
6
4
Австрия
3
1
1
1
5-2
4
5
Қазақстан
4
0
1
3
1-8
1
6
Фареры
3
0
0
3
2-9
0
Алматының іргесіндегі Бай-
серке ауылында орналасқан
Александр Асанов атындағы
атқыштар клубында стенд атудан
ІІІ «Одақ чемпионаты» мәресіне
жетті.
Өткен жолы трап және дубль-трап жат-
тығуларының жеңімпаздарын жария-
лағанбыз. Бүгін скит жаттығуында топ жар-
ғандарға тоқтала кетпекпіз.
Ерлер арасында жүлделі орындардың
бәрін В.Шомин бастаған Ресей спортшы-
лары иемденді. Қазақстан мергендерінен
ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген –
Виталий Куликов (4-орын).
Әйелдер арасында да бас бәйге Ресей
асып (С.Демина), қола жүлдені өзіміздің
Эльвира Акчурина «атып алды».
Ерлер арасындағы командалық сында
Ресейдің бірінші құрамасы үздік шығып,
Қазақстан құрамасы (Александр Ещенко,
Владислав Мухамедиев, Виталий Куликов)
күміспен күптелді.
Әйелдер арасындағы командалық
сында қонақтар дес бермеді. Ресейдің үш
құрамасынан кейінгі төртінші орынды Таи-
ланд қыздары иеленіп, Қазақстан ару лары
(Эльвира Акчурина, Ангелина Ми
щук,
Анастасия Молчанова) бесінші орын
ға
табан тіреді.
Жастар арасында да Ресей таланттары
өзара бәсекелесіп, жүлдеге маңайлатпады.
Біздің жас мергендерден ең жоғары орна-
ласқаны – Әлішер Умаров (6-орын).
Қыздар арасында да жеңіс тұғырына
түгелдей ресейліктер көтерілді. Біздің
Жәния Айдарханова үшінші орын алған
В.Остапецпен бірдей нәтиже көрсетіп,
екеуара қосымша сында бір рет мүлт кетті
де, қоладан қағылып, төртінші орынмен
шектелді.
Ал ардагерлер арасындағы сында
бірінші және үшінші орындарды Грузия
мергендері иеленіп, күміс медаль Қазақ-
стан спортының көпшіліке танымал ма маны
Сергей Колосқа бұйырды.
Айқын ЖАППАР
Скиттен бұйырғаны –
екі күміс, бір қола
Мирослав БЕРАНЕК, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
— «Қай құрама қарымды, Австрия ма, әлде Ирландия ма» деген сауал қойған
едіңіздер ғой. Міне, Австрия бұл сұраққа жасыл алаңда жауап берді. Мойындауым
керек, Австрияны бүгін тоқтату мүмкін болмады. Біз ондай жылдамдыққа
үйренбегенбіз.
Марсель КОЛЛЕР, Австрия ұлттық құрамасының бас бапкері:
— Қазақстан құрамасы Астанада қор ғанысқа көп көңіл бөлген еді, осы жолы да
сол тактиканы ұстанды. Бірақ біз жылдам қимылдап, өз ойынымызды таба білдік.
Табиғи алаңның да рөлін айта кеткен жөн. Бірінші голды соғып алғаннан кейін жеңіске
деген сенімділігіміз тіптен күшейе түсті. Дегенмен шәкірттерімнің соңғы бес минутта
көрсеткен ойынына көңілім толмады.
Жалпы, жігіттерді жазғыра бергеніміз де дұрыс емес шығар. Ақтауға аргумент те
табылады. Иә, кешегі Самат Смақов, Нұр бол Жұмасқалиев, Руслан Балтиев тердің
кезіндегі футболды аңсайтынымыз жасы рын емес. Бельгияның бетін қайтарып,
Сербияның сағын сындырған кездерді сағындық. Бірақ, байыбына барсақ, олар
кеңестік мектептің соңғы түлектері емес пе? Ал қазіргі жігіттер Тәуелсіздікке жаңадан
қол жетіп, елімізде футбол тұрмақ, бас қайғы болып кеткен қиын-қыстау кезеңде доп
тебе бастады. Демек, бала кездерінен-ақ футбол ойнау мәнері дұрыс қалыптаспаған
деуге болады. Осыған салар болсақ, қазақ футболы енді 15-20 жылдан кейін аяғынан
тік тұруы тиіс. Өйткені елімізде балалар футболы енді ғана дұрыс жолға қойылып, әр
ай мақтардан футбол орталықтары ашылуда. Сонда Еуроаренада еңсемізді тік ұстау
үшін тағы 15 жыл күтуіміз керек пе?
Достарыңызбен бөлісу: