ашылған балабақша мәселемізді шешіп берді. Бұл
іс болды. Бүгінде үлкен немерем су жаңа балабақ-
шаның табалдырығын аттаса, кішісі кезекте тұр. Бұл
мол.
Болатбек ЖҮНІСОВ,
Қазақстан Республикасы
Президентінің халықаралық
«Болашақ» стипендиясы
стипендиаттары
қауымдастығы Алматы
филиалының директоры:
оқып келдім. «Болашақ» бағ-
сы, халықаралық тәжірибең өседі. Шетел
инновацияны көріп, өз еліңе де әкелгің келеді. «Болашақ ты»
енгізіп жүр. Мәселен, интернет-дүкен деген бізде дами
қоймаған еді. Осындай дүкенді жақында ғана инновациялық
тықтар Астана қаласынан ашты. Сонымен қатар Халыққа
білім алуда. Жаңа мектеп
мен оқып келген еді. Жаңа мектептің салынуы осы өңір
тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлады. Заман талабына сай
барлық жағ дай жасалған. Осы орайда заманауи үлгіде
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№187 (639) 21.10.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
АЛАШ АЗАМАТЫ
– Фототілшілік елімізде кенже дамып
келе жатқан мамандық екені белгілі.
Әйтсе де, бұл мамандықты игерген май-
тал мандар елімізде аз емес. Мәселен,
өзі ңіз. Бұл кәсіпке қалай келдіңіз? Не
түрт кі болды?
– Негізі, фотография – грек тілінен
аудар ғанда «фото – жарық, графия – жазу,
сызу» деген сөз. Ал қызығушылығым мек-
тепте оқып жүрген кезімде басталды. Көрші
баланың фотоаппараты болатын. Көрші
бала, әрине, маған ұстатпайтын. Бірақ мен
балалықпен соның соңында жүремін. Бір
күні суретке түсіріп, кешке шығаратын бол-
дық. Мен түні бойы қасында қарап отырдым.
Бұл әдетке айналды. Анам қызығып жүрге-
німді түсінді. Маған фотоаппарат сатып алып
берді. Сөйтіп, мектепті аяқтадым. ҚазМГУ-ді
бітірдім. Менің негізгі маман дығым – жер-су
маманы. Бірақ менің жаныма фотография
жақын болды. Там-тұмдап, қолым бос кезін-
де суретке түсіріп жүрдім. 1990 жылдары
республика көле мінде экологиялық «Атаме-
кен» деген газет ашылды. Сол газетке фото-
тілші болып қыз метке орналастым. Әрине,
жаңадан ашылған газет болғаннан кейін,
оның тех ни калық т.б. әлсіз тұстары, кемшілік-
тері болды. Ол газетте бір жылдай жұмыс
іс те дім. Одан кейін мені «Қазақстан әйелдері»
журналына Мақ сат Дүйіс мағамбетов деген
ағамыз шақырды. Оған себеп: осы журнал-
дың ай қара бетіне менің түсірген суретім
шыққан. Мақсат аға сол суретке қатты қызы-
ғыпты... Содан бері, міне, 20 жыл болды,
фотоаппартты серік етіп келемін.
– Әрине, 20 жыл аз уақыт емес. Фото-
өнердің қыр-сырын толық мең гердіңіз.
Фототілші болу үшін ең басты қажет
нәрсе не?
– Алғашқы кезде фототілшіліктің мән-
мағынасын, жауапкершілігін түсінген жоқ-
пын. Жастық та болған шығар... Оның үстіне,
арнайы дайындап, мамандыққа баулитын
оқу орны да жоқ. Ең бастысы, ішкі дүние,
жүрек қалауымен, осы салаға шын берілген-
діктен, барлық ыстық-суыққа көніп, кез кел-
ген суретімізді «қалай жақсы түсірсек екен,
кімнен үйренсек екен» деп, үнемі іздендік.
Шебер фототілшіліктің талаптарына келсек,
әрине, ең бірінші тәжірибе керек. Мәселен,
фотограф пен фототілшінің айырмашылығы
не? Фотографтар белгілі бір құжатқа түсіреді,
жарықтың бәрін дайындап қояды, өзгер-
мейді. Ал фототілшілікте жасандылық жоқ.
Жаңағыдай белгілі бір шеңберге сыймайды.
Ең бастысы, адамның қырағылығы болып
жат қан оқиғаның жеткізілуін дәл табу ар-
қылы жүзеге асады. Алдын ала дайындап
қою жоқ. Демек, талант пен қабілет, ұшқыр
фантазия керек. Әрине, техникалық жағын
ескеру міндетті. Яғни фотоаппартқа жарықты
қалай пайдалану керек деген сияқты. Көп
нәрсе жарыққа байланысты. Фототілшілік
– көзқарас пен пікірді сурет арқылы беретін
журналистиканың бір саласы. Кез келген
оқиға, күтпеген жағдайлардың көрінісі –
фототілшілердің еншісінде. Ал фотограф
алдын ала дайындықпен келеді. Демек, фо-
тотілшілік – өнер. Оның түсіргені жан-жақты
және ойлы болуы тиіс, тағы қайталап айта-
мын, талант керек.
– Фотоөнерге баулыған ұстазда-
рыңыз, ардагер фототілшілер туралы
тоқталып өтсеңіз...
– Алдымыздағы үлкендерді сыйлап,
құрмет тұтатын ұлттың ұрпағымыз ғой. От-
басында да осылай тәрбие алдым. Фототіл-
шілікке алғаш келген кезімізде «алдымыз да-
ғы ағаларымыздан үйренсек, білсек, естісек»
деген ой мен ниет болды, әрине. Мысалы
үшін, тірі болғанда 95 жасқа толар еді, аға-
мыз – Рысқали Дүйсенғалиев көз жұмғанға
дейін фотоаппараты қолынан түскен жоқ.
Медеу де болған «Азия даусында» шау тарт-
қан жасына қарамай, сол концертті түсіріп
жүргенін көргенмін. Қасына келіп тілдестім.
Аздап пікір алмастым. Көзқарасын ұқтым
және бұл маған сабақ болды. Одан кейінгі
ағаларымыз, қазір зейнеткер – Нұрғожа
Жұба нов, өмір бойы қазақ ақын-жазушы-
ларымен байланыста болған – Сайлау Пер-
небаев, Съезд Бәсібеков, өмірін тек спорт
сала сына арнап, бірнеше олимпиадаларға
барған, көптеген спорт жұлдыздарын тарих-
та қал дырған Дендірбай Егізов, Алашыбай
Ес мағамбетов, Рахымбай Ханалы секілді
аға ларымызды атауға болады. Бұл ағалар
бас пасөз, мейлі, басқа сала болсын, өз кезе-
ңін де еліне қызмет етті. Қай-қайсысымен кез-
десе қалсақ, «анау не, мынау қалай, бүйт сек
қайтеді?» деп сұрап, пікір-көзқарас та рын
біліп тұратын сәттерді бастан өткіз дік.
– Өзіңіз шәкірт дайындадыңыз ба?
– Жоғарыда айттым, арнайы оқу орны
жоқ, оқулықтар өзге тілде, төл тілімізде ма-
териалдар өте аз. Сол себепті дөңгелек үстел
есебінде «фотоөнердің жағдайы қалай?»
деген мақсатта ұйымдастырған едім, жастар
жиналды. Қызығушылық бар. Негізі, «шәкірт
болам деп ұстазды өзі іздесе, нағыз ұстаз –
сол» дейді. Нұрғиса Елеубеков, Сәрсенбек
Қызайбекұлы, Самат Құсайынов, Жеңіс
Ысқабай,Серік Өтегенұлы,Мақсат Тұрсын-
бай ұлы сынды талантты, өнері өсіп келе
жатқан інілерді атар едім. Кездесе қалсақ,
білгенімді айтып, ой бөлісіп тұрамыз, үлкен
мақсаттар жөнінде пікірлесеміз. Өкшеңді
басып, өнерді өрге сүйреуге талпынған
осындай інілер барына қуанамын.
– «Фотоөнер мамандығын даярлай-
тын оқу орны жоқ» дедіңіз. Осы саладағы
ардагерлер мен өзіңізден кейінгі ініле-
ріңізді атап жатырсыз. Бұл кісілер өз
қызығушылығымен келгендер ме?
– Кеңес өкіметі кезінде бізге Мәскеудің
Ломоносов атындағы университетінің фото-
журналистика мамандығын бітіргендер кел-
ді. Тәуелсіздік жылдары бұл салада ол жақтан
келген мамандар жоқ. Бұрынғылары біл-
генінше үйретті. Бірақ көбісі – өзге ұлттың
өкілдері. Нұрғожа Жұбанов, Рысқали Дүй-
сен ғалиев сынды ағаларымыз – журналис-
тика факультетін бітіргендер. Бүгінгі таңдағы
әріптестерім, кейінгі жастардың барлығы –
бұл салаға қызығушылықпен келіп, тәжірибе
жинап, бірте-бірте аяққа тұрғандар. Маман
даярлайтын оқу орны, арнайы кітаптардың
қазақ тілінде жоқтығы – бұл саланың дамуы-
на және жастардың мамандықты игеруіне
көп кедергі. Бұл салаға да теория мен білімді
жетілдіру керек. Тәжірибе барысында тео-
рия лық заңдылықтарды сақтап жұмыс істеу
шеберлікке алып келеді. Өкінішке қарай, бұл
сала артта қалып тұр. Шамамыз келгенше
осы саланы қалай дамытамыз, дұрыс жүйеге
қайтіп қоямыз деген ізденістеміз. Қоғамдық
бірлестіктің аясында талпынып, әрекеттер
жасап жүрміз.
– Фотоөнердің алғаш пайда болуы
туралы не айтасыз? Қазақ еліне фотоап-
парат қашан келді?
– Фотографияның туған күні – 7 қаңтар,
1839 жыл. Францияның Париж академия-
сында Луи Дагер мен Джозеф Ньепс деген
ғалымдар жаңалығын жариялаған. Осы күн
фотографияның туған күні деген атпен енді.
Фотосүйер қауым бұл күнді атап жатады. Ал
Қазақстанға келетін болсақ, мынадай мате-
риал кездеседі.
1841 жылы Жәңгір хан мектеп ашады.
Сол кезде Жәңгір хан Ресейден арнайы фо-
тограф шақырған. Оқушылармен бірге су-
ретке түскен. Яғни аталарымыз ерте кезден-
ақ кез келген жаңалыққа ілесіп отырған.
Франциядағы жаңалық үш жылда Қазақ елі-
не жеткенін көреміз.
1901 жылы Бөкей ордасының 100 жыл-
дығы мерейтойына орай, Петерборда ата-
лып жатқанда, Николай ІІ патша Шәңгерей
Бөке евке құрал-жабдықтарымен қоса, фо-
тоаппарат сыйлаған екен. Шәңгерей фото-
өнер ді меңгерген. Сол кездегі үйіне келген-
дер, зиялы қауым, белгілі тұлғаларды сурет-
ке түсірген және ол сақталған, мұрағаттарда
бар.
– Асеке, қорыңызда неше сурет бар
және фотожанрдың қайсысы құнды?
– Жеке қорымда 30 мыңға жуық сурет
бар. Бізге енді-енді келіп жатыр, шетелде
жұлдыздарды, белгілі тұлғаларды түсіретін
папарации деген жанр бар. Ол тапсырыспен
жасалады. Байқаусызда тосыннан түсіру
және керемет сурет болуы тиіс. Еліміз көпте-
ген мемлекеттермен қарым-қатынаста, жас-
та ры мыз да көптеген шетелдік оқу орында-
рында оқып жатыр. Соңғы уақытта фотоөнер
дамып, шеттен көптеген жанрлар келіп жа-
тыр. Папарацииді айтатын болсақ, бұл жанр
шетелде мықты дамыған. Ол жақта арнайы
тапсырма бойынша үлкен қаламақыға түсі-
реді. Кейінгі жастар осыған қызығып келе
жатыр. Болашақта бұл сала бірте-бірте дами-
ды деп ойлаймын. Одан кейін жастар қазіргі
тойларды да түсіреді. Соны қалай түсіру ке-
ректігі жөнінде мына Ресейден, басқа да
шетелден мамандар келіп, ақылы сыныпта-
рын өткізеді. Ол жаққа барған әріптестерім
тәжірибеде пайдаланатын заңдылықтар мен
керемет сәттерді табудың жолдары барын
айтты.
– Фотоөнерді шыңдау мақсатында
мемлекеттік тілде оқу құралдары мүлде
жоқ па?
– Ресейден келеді. Бұрындары кеңес
өкіметі кезінде барлық оқулықтар орыс тілін-
де болды ғой. Сол кездегі «Советское фото»,
«Огонек» деген журналдарда суреттерді өте
көп беретін. Әлі де сол жалғасып келеді. Өзі-
міз дің тәуелсіз елімізде мемлекеттік тілде
шы ғатын не журнал жоқ, не арнайы кітап,
оқу лықтарды өз басым әлі көргенім жоқ, өкі-
нішке қарай. Фото тілшілікке келіп жатқан
жас тарды білімді әрі шебер, тәжірибелі етіп
дайындау үшін оқулықтар өте қажет. Бүгінгі
күн нің сұранысы. Бұл салада біздің қоғамдық
бір лестік біршама дүниелер жасап жатыр.
Мә селен, кезінде Ресей «Фотоәліппе» —
«Фо то букварь» шығарыпты. Шыққан тира-
жы ның бәрі тез арада сатылып кеткен. Бұл не
деген сөз? Бұл – сұраныс өте үлкен деген сөз.
Сол үшін біз де алда қазақ тілінде «Фото әліп-
пе» шығарсақ деген жоспарымыз бар. Ол
«Фо то әліппе» кез келген фототілші, фото-
граф, жалпы, жеке жүрген азаматтың қай-
қай сы сы на болсын, көмектеседі деген ой
бар. Осын дай оқулықтардың жоқтығынан
әріп тес терім көптеген қиыншылықтарға кез-
десіп жүр.
– Сіз Қазақ ұлттық университетінің
журналистика факультетінде «Фото-
журналистика шеберлігі» пәнінен сабақ
бересіз. Оқулық, кітаптардың жоқтығы
сабақ беруге қиындық туғызбай ма?
Қалай өткізесіз?
– Өткен жылы Қазақ ұлттық университеті
журналистика факультетінің деканы, әрі
шәкірттердің, танитын мұғалімдердің шақы-
руы бойынша фотожурналистика саласы
бойынша сабақ беруге келістім. Лекциялар
оқимын, емтихан қабылдадым. Алғаш кел-
генде менің алдымда сабақ берген басқа ұлт
өкілі қай топ болмасын, бәріне бірдей тек
бір-ақ тілде өткізіп отырған. Мен келіп, өзім
жаңа ғы оқулықтардан іздестіріп, фотогра-
фияның тарихына барып, алғаш қалай пай-
да болды, оның ішінде Қазақстанға қашан
келді, фотоаппараттың ішкі құрылысы, оның
әрбір бөлшектерінің атауы, қандай сырлары
бар деген тақырыптарда қазақ және орыс
тілінде дәрістер жүргіздім. Мәселен, объек-
тив деген не? Қытайда объективті «көз» дей-
ді екен. Шынында, ол көздің құрылысымен
байланысты. Зерттеу барысында соны бай-
қадым. Сосын «вспышка» дегенді «жарқыл-
дақ» дейді. Терминдерді осылай интернеттен
іздеп, оқулықтардан алып, 15 лекция жаса-
дым. Онда сол тарихтан бастап, одан фото-
графияның жанрлары, сосын пәннің аты
«Фотожурналистика шеберлері» деп атала-
тындықтан, жалпы, фотожурналис тиканың
бүгінгі күнгі жағдайын осы тақырыптар
төңірегінде әрі теориялық, әрі практикалық
дәрістер дайындап бердім. Биыл – екінші
жыл. Сабағымды тереңдетіп, дамыта бе-
ремін деген ойдамын.
– Іске сәт! Мысалы, Суретшілер одағы,
Жазушылар одағы т.б. көптеген одақтар
бар ғой. Фототілшілердің одағы жоқ
екен. Былтырдан Фотоөнер қоғамдық
бір лестігі құрылыпты. Оған өзіңіз төра-
ға лық етесіз. Осы қоғамдық бірлестік
туралы айтсаңыз.
– Осыдан 6-7 жыл бұрын біраз ардагер
ағаларымыз бен Қазақстандағы жалпы фо-
тотілшілер бас қосып, ақылдастық. Ол одақ
құрсақ деген ой еді. Мысалы, Қытайда фото-
тілшілердің бірнеше агенттігі бар, одақтары
бар, ұйымдары да көп. Ең соңғысы осы жа-
қында Қытайдың Алтай өңіріндегі фототіл-
шілерге әкімшілік фотокөрме ұйым дастырып
берді. Оларды газетке жаңалық ретінде бер-
дім. Он алты фототіл шінің түсірген керемет
суреттеріне әкімшілік қолдау көрсетті. Қы-
тайда, Ресейде, Еуропа елдерінде бұл сала
мықты дамыған. Ал мына көрші Қырғыз-
стан ның өзінде фототілшілердің ұйымы бар.
Осылардан кейін «біздің тәуелсіз елде неге
бір одақ жоқ» деген ой келеді. Міне, бір жыл
болды, қазақтілді басылымдардың фото-
жур налистерінің басын қосып, Фототілшілер
қоғамдық бірлестігін құрдық. Бұл бірлестіктің
алға қойған мақсаты, өзінің жарлығы, есеп-
шоты бар. Әділет министрлігінен тіркеуден
өткен. Бірлестіктің негізгі мақсаты – фотогра-
фия және фотожурналистика саласын дамы-
ту. Дамытқанда өзіміздің мемлекеттік тілдің
бағы тында дамыту. Соның ішінде бұрынғы
ардагер ағаларымыздың, тәжірибелі фото-
тіл шілердің құнды мұрасын жарыққа шығару.
Олардың еңбегін таныстырып, көп жылғы
тәжірибесін бағалап, жастарға үйрету. Жұ-
мыс жасап жүрген әріптестердің білімін же-
тіл діру. Жан-жақты көрші елдердегі, дамы-
ған мемлекеттердегі фототілшілермен бай-
ланыс орнату, техникалардың түрлерін, тіл-
дерін тереңірек үйрену, жас мамандарды
кәсі би білімді маман ретінде дайындап шы-
ғару. Осы үш саланы қамтиды.
– Өңірдегі, аймақтағы фототілшілер-
мен байланыстарыңыз бар ма?
– Өткен жылы Қытайға барып келдім. Ол
жақта Үрімжіде, Өртекес, Хантәңірінің арғы
бетінде біраз әріптестермен кездестім. Олар-
мен тығыз байланыстамыз. Интернет арқылы
байланысып тұрамыз. Маңғыстау, Ақтау,
Аты рау, Жамбыл облыстарымен де тығыз
бай ланыстамыз және ол өңірдегі фототіл-
шілермен байланыста болу Алматы, Астана
секілді үлкен қалалардағы фототілшілерге
өте пайдалы. Болашақта оларды дамыта-
мыз.
– «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі-
нің ашылғанына, міне, бір жыл толды.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап
өткелі жатырмыз. Фотоөнер қоғамдық
бірлестігі мерейтойға не тарту етпек?
– Кез келген ақын, жазушы өзінің кіта-
бының, не шығармасының жарыққа шығуын
армандайды. Ал фотожурналистің арманы
– көрме қою, фотоальбом шығару. Оны ке-
лесі ұрпаққа жеткізіп, тарихта қалдыру. Осы
мақсатпен «Тәуелсіздік тағылымы» атты
фото көрме қоюды жоспарладық. 20 жылдың
ішін де еліміздегі әртүрлі тарихи сәттер, мә-
де ни, әлеуметтік, спорт, табиғат т.б. суреттер
қойылады. Еліміздегі 20 фототілші көр меге
қатысып жатыр. Олар 200 фотошежіре ұсын-
ды. Міне, сол 200 фотошежірені Тәуел сіз-
дігіміздің алтын бесігі – Алматы қаласында
2 карашада сағат 11-де ашпақшымыз. Бұл
көр мені қолдаған — Алматы, Астана қалала-
ры
ның әкімдігі. Фотокөрмеге Премь
ер-
министрдің фотографы Шүкір Шахай, Пар-
ламенттен – Сайлау Майлыбаев, Қорғаныс
министрлігінен – Ермек Сарбасов, Қазақ-
параттан – Мұхтар Қалдарбеков, Маңғыстау
облысы Ақтау қаласының әкімдігінен Сәби
Майемеров және басқалар бар. Сәті келіп
тұрғанда айта кетейін, фотокөрмеге қар жы-
лай демеушілік жасаған, көмек берген «Bank
RBK» банкі акционерлік қоғамының төрайы-
АЙТӨБЕЛ – ДАТ!
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Әлемде қанша гагауз бар?
Әлемде түркі тілді халықтардың бірі саналатын
гагауздардың саны қанша? Олар негізінен қай елде
тұрады? Елімізде қанша гагауз бар?
Сағындық ШІЛДЕБАЕВ, Алматы қаласы
Дүниежүзінде гагауздардың
жалпы саны 250 мың адам де-
лінеді. Бұл халық негізінен
Молдова мен Украинада тұра-
ды. Молдовада Гагаузия авто-
номды аумақтық құрылымы
бар. Гагауздардың тілі – түркі
болғанымен, діні – православ.
Соңғы халық санағы бойынша
Молдова мемлекетінде – 147
500 гагауз тіршілік етеді. Днестр
жағалауында – 4 100, Укра-
инада 31 900, Ресейде – 12
200, Түркияда – 15 000, Гре-
кияда – 3000, Болгарияда –
1400, Румынияда — 3000,
Қазақ станда 978 гагауз бар
екен. Сондай-ақ бұл ұлттың
бірен-саран өкілдері Өзбекстан,
Түрікменстан, Беларусь, Лат-
вия, Бразилия, Канада елдерін-
де де тұрады.
Квас қайдан шыққан?
Наннан немесе жеміс-жидектен жасалатын квас сусыны –
көпшілік тұтынатын өнімнің бірі. Мен квастың әлемдік
өндірісі жайлы білгім келеді.
Амантай БЕРМҰҚАШЕВ, Алматы қаласы
Соңғы он жыл ішінде дүние-
жүзі бойынша квас өніміне сұ-
раныс 10 есе өскен. 2006 жыл-
дан бастап, квас нарығы газ дал-
ған сусындарға қарағанда бірне-
ше есе артып келеді. Маман-
дардың есебінше, миллион
тұр ғыны бар қалаларда жаз дың
ап табында квас сусыны тәулігі не
50 тонналап сатылған. Болжам
бойынша, алдағы жылдары
бөтел кеге құйылған квас 49%-ға
өседі, яғни жылына 63 млн де-
калитр квас сатылатын болады.
Жаздыгүнгі адам айтқысыз ыстық
кермек дәмді сусын өндірушілер
үшін қолайлы болып тұр.
Қазақстанда бұл сусынды
Қызылорда, Шымкент, Тараз
қалалары өндіреді. Квастың та-
рихы жайлы айта кетер болсақ,
ең алғаш біздің дәуірімізден
3000 жыл бұрын оны мысыр-
лықтар ішкен.
АЛАШ-АҚПАРАТ
Осыдан он жылдай бұрын теңіз ма-
ңында бар-жоғы 55 құстың түрі ғана қал-
ған екен. Қоршаған ортаның құнды қазы-
насын көзден таса етпейтін зерттеушілер
қазір осы өңірде 250-ге жуық құс ұшып
жүргенін байқады.
Сергей СКЛЯРЕНКО,
орнитолог-ғалым:
– Біздің елімізде 500-ге жуық құс-
тың түрі бар. Олар біздің мемлекеттің
үстімен екі негізгі трансшекаралық
жол арқылы ұшып өтеді. Қуаныштысы,
Қазақ станда жан-жануарлар дүниесін
қор ғау ісіне ерекше мән беріліп отыр.
Бұл табиғаттың қайта жасана түсуіне
не гіз қалайды деп ойлаймын.
САРАТС жобасының бірінші кезеңі аяқ-
талғаннан кейін өсімдіктер әлемінде оң
өзгерістер көрініс беруде. Теңіз табаны-
на су келгелі бері өсімдіктің 105 түрі өсе
бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: