Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#7317
1   2   3   4   5   6

Ақ қарлы ақпан келісімен 

Алаш жұрты ақиық ақын 

Мұқағалидың туылған 

күнін күтетін жақсы әдетке 

ие. Сөйтіп отырғанда кенет 

қайғылы қазаға тап боламыз 

деп кім ойлаған? «Әдемі-

ау» деп ән салғанда өзі 

сол кейіпкерге айналып, 

көрерменін тебірентпей 

қоймайтын қазақтың 

қайталанбас «Ақмаңдайлы» 

әншісі, КСРО Халық әртісі Роза 

Бағланова тоқсанға қараған 

шағында пәниден озды. 

қа сиет тері  сапарда  жүргенде  көрінеді.  Сол 

жағынан  алғанда,  ең  бір  ерекше  мінезі  кі­

шіпейіл  еді,  үлкен­кіші  демей,  «әке,  көке, 

жа ным» деп, бәрімізді анамыздай ай налып­

толғанып  отыратын.  Сол  жағы нан  бізге 

ыстық. Өнерде біз ол кісіге қарап бой түзеуші 

едік. Қара жер апамызды мәң гілік құшағына 

алды,  бірақ  Роза  Бағ ланова  деген  есімінің 

өзі қазақ эс тра да сының бөлінбес бөл ше гін­

дей  болып  қала  бе реді.  Артында  қалған 

арман­тілегі  бол са,  Алла  халқына  нә сіп 

етсін. Топырағы тор қа, жаны жаннатта бол­

сын! 

Бағдат СӘМЕДиНОВА: 

–  Өткен  ғасырда  өзінің  керемет  үнімен 

қазақ даласын тербеді ғой апамыз. Ер ке леп 

тұрып  ән  салғанда,  ол  кісідей  сұ лу  жанға 

тамсанбайтын  адам  қалмаушы  еді.  Өзге 

емес,  өз  басым  Роза  апамды  тың дағанда 

өзге дүниені ұмытып кете тінмін. Енді ондай 

әуезді үн, сондай сұлу жанның қайталанбасы 

анық. Қазір әншілер көп, сұлулар көп, бірақ 

ән  салғанда  басқа  бір  әлемге  айналып, 

әнмен біте­қайнасып кететін Роза Бағланова 

жоқ. Ол кісі ерекше жаратылған әнші, ерек­

ше  адам  болды.  Жүріс­тұрысы,  сөйлеу 

мәнері, әр басқан қа дамы өзгеше еді. «Қа­

зақ концерт»  ғи ма ратына  еніп,  баспал дақ­

пен көтеріліп келе жатқанда бәріміз тұра қа­

латынбыз. Бәріміз де өнер адамымыз деген­

мен, ол кісінің сондай өзіне еріксіз қарататын 

құ  ді реті  болды.  Тіпті  оқыстан  қарағанының 

өзі... Білмеймін, еш адам ол кісіге жай қа рап 

өте алмайтын. 

Ылғи жаңа жыл басталысымен, қаң тар­

дың 1­і күні біз апамыздың туған кү ні не бір 

шоқ гүлімен үйіне кіріп­шығушы едік. Қан­

ша ға толса да, сол сән­сал та на тын жоғалт­

пай, мұнтаздай киініп, биік өк шелі туфлиімен 

тық­тық басып үстел ба сына келетін. Соның 

өзіне  таң ға ла тынбыз.  Биыл  89­ға  толды, 

мен бара ал май қалып едім. Әттең, дүние, 

күні  ертең  не  боларын  білмейсің.  Дәм­тұ­

зының жет ке ні осы шығар, қайтеміз... 

«Ах,  Самара­городок»  Бағ ланова  ре пер туа­

рының бет кеұстар «визит ка сы на» ай на лып еді. 

Жалпы,  Роза  Тәжібайқызына  ақын­саз гер­

лер арнайы ән жазды, ол кісіге көп теген кітап та 

арналды.  Апамыз  аңыз  адам  ретінде  есімі 

әлемге  әйгілі  әйел дердің  қатарында  «Кто  есть 

кто»  эн ци клопедиясына  да  енді.  Ш.Ай манов 

атын дағы  «Қазақфильм»  де  бұл бұл  әнші  ту­

ралы  деректі  фильм  шы ғар ды.  Оның  бә рінен 

де бұрын Роза Бағ ланова күл лі қа зақ, қала бер­

ді,  дүбірлі  дүние  жоқ тай тын  да ра  тұлғаға  ай­

нала білді. 

Нұрғали НҮСІПЖАНОВ: 

–  «Елімнен  айналайын  еркелеткен»  деп 

елу жылдан аса қазақ эстрадасының төрінде 

бәрімізді бастап жүрген Роза апа мызды енді 

арамызда  жоқ  дегенге  сенгің  келмейді. 

Өзіндік  сыңғырлаған  тұп­тұнық  даусы,  ай­

шықты  келбеті  өз  ал дына,  апа мыз  керемет 

ме й ірімді, кі ші пейіл, жү ре гі жұмсақ жан еді 

ғой. Төріне шығып, мал дас құрып отырмасақ 

та,  өмір  бойы  сах на да  бірге  жүрдік  қой. 

Гастроль дық са пар ларға бірге шықтық. Үйде 

бірге отыр ған нан гөрі, адамның қайталанбас 

Қорыта айтқанда, «11-ші қаламұш» – жалғасын табуға тиісті құнды 

дүние. Әрине, замандас туралы сөзді басқалар да айтпай, жазбай жүрген 

жоқ. Бірақ олардың, не гі зінен, белгілі мерей той лар ға орай лас ты ры латыны, 

ең  со ра қы сы,  көбінесе  әсі ре мақтау,  ма дақтау  тү рін де  болып  келетіні 

шындық. Ал оқыр манға замандас бейнесін ашатын шы на йы, адами сөз 

керек.  «11-ші  қаламұш»  –  осы  талап  үдесінен  шыға  алатын  бір ден-бір 

тұшымды туынды.

Басы 1-бетте

Мәриям ӘБСАттАР

Мансұр Х


АМ

и

Т (



фо

то)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№22 (474) 



9.02.2011 жыл, сәрсенбі                  

www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



– Биылғы жыл – Алаштың 

ақиық ақыны, қазақтың 

маңдайалды тұлғасы Мұқағали 

Мақатаевтың 80 жылдық 

мерейтойы. Көзі тірісінде «Бүгін 

– менің туған күнім, ой пәлі-ай...» 

деп жоқшылықтың зардабынан 

«банкет жасап тойлай алмаған» 

ақынның бұл мерейтойына 

өзіңіздің ұйытқы болуыңызбен 

дайындық бір жыл бұрын 

басталып кеткенін білеміз. Былтыр 

Мұқағалидың туған күнінде 

баспасөз өкілдері мен ақын-

жазушылар, зиялылардың басын 

қосып, ақылдасу алқасын 

жасағаныңыз есімізде. Міне, 

биылғы ақпан да келді, ел-жұрт 

«ақын тойы қашан болар екен?» 

деген алаңдаулы күйде. 

Мерейтойдың ұйытқысы, яғни 

ақынын іздеген әкім ретінде осы 

сауалды өзіңізге қойсақ... 

– Мұқағали Мақатаевтың теңдесі жоқ 

ақын екендігіне, меніңше, ешкімнің қарсы 

айтар дауы жоқ. Ғасырда бір туатын тұл ға­

ның бірі десем де артық айтпаған бо лар­

мын.  Тек  Алматы  облысы  ғана  емес,  исі 

қазақ халқы Мұқағали Мақатаевтың тойын 

тойламаса,  онда  біздің  қазақы  намы сы­

мыз дың  жоқтығы  деп  есептер  едім  өз 

басым. Бірақ, шүкір, қазақта туған күні жыл 

сайын  аталып  өтетін  бір  ақын  болса,  сол 

ақын Мұқағали дер едім. Ешкімнің айтуын­

сыз­ақ,  ешкім  міндеттемей­ақ  ақпанда 

мұқағалитануға бағытталған шаралар жер­

жерлерде өткізіліп жатады. Бұл ақын өмі­

рі нің,  өлеңнің  өміршеңдігін  көрсетсе 

керек. 

Биыл енді ерекше туған күн, ақынның 



80 жылдық мерейтойын алдымен Алма ты­

да,  облыс  орталығы  Талдықорғанда  да 

емес, ақынның кіндік қаны тамған Қарасаз 

ауылында өткіземіз деген ұйғарым жаса­

дық. Себебі Қарасаз – Мұқағалиды дүниеге 

әкелген, өсіріп­жеткізген жері, сондай­ақ 

ақын  поэзиясының  қайнар  көзі.  Ал  енді 

тойлау уақытына келсек, ақ қарлы ақпанда 

емес, жаймашуақ жазда, ел арқасын кеңге 

салып тойдың қызығын тамашалай алатын 

шаққа жоспарлап отырмыз. 

– Қарап тұрсақ, Мұқағалимен 

бір өлкеде, бір таудың баурайында 

біріңіз сәл ертерек, біріңіз сәл 

кешірек туғансыздар, бәлкім, 

ақынды көрген де боларсыз?

– Мен өзім Мұқағалиды көріп, онымен 

кезіккен адам емеспін. Бірақ бала күнімнен 

ол  менімен  бірге  келеді,  жырын  жаттап 

өстік.  Тіпті  осы  80  жылдығын  тойлауға 

кіріскелі  бері  күнде  жанымда  жүргендей 

сезінемін.  Сондықтан  қазақ  үшін  мұндай 

қастерлі тұлғаның тойына дайындықты бір 

жыл бұрын бастап жібердік. Алдымен осы 

тойды  өткеруді  жоспарлап,  атқарылатын 

іс­шараларды қадағалап отыратын комис­

сия  құрдық.  Оған  ақынның  көзі  тірісінде 

қасында  жүрген  досы  Оразақын  Асқар 

ағамыз,  Батық  Мәжитұлы,  Рысбек  Сәр­

сенбай секілді азаматтар кірді. Нендей іс 

жасасақ та сол кісілермен ақылдасып, келі­

сілген түрде жүзеге асты. Былтыр осы ақпан 

айында  Қарасазда  өткен  алғашқы  ақыл­

дастар  отырысын  өзің  де  білесің.  Сонда 

көп ші ліктің  нендей  ұсыныс  айтқанын  да 

білесіз. Әсіресе, Мұқағалидың әдеби­ме­

мо   риал дық мұражайын қалай жөндеу ке­

рек тігін ортаға салғанымыз да естеріңізде 

шығар.  Сол  мұражай  күрделі  жөндеуден 

өт кі зіліп, қосымша конференц­зал са лын­

ды. Оған 90 миллион теңгедей қаржы бө­

лін ген. Оның сыртында экспонаттарын жа­

ңар туға 43 миллион теңге тағы бөлінген. 

Бүгінгі  таңда  ол  кеңселік  жиһаздар  мен 

жаңа технологиялық аудио­видео, дыбыс­

жарық құрал­жабдықтармен қамта ма сыз 

етілді.  Қарасаз  ауылындағы  мектепке, 

интернат жатақханасына да күрделі жөн­

деуге 49 миллион теңге бөлінсе, қосымша 

бө лінген  51  миллион  теңгеге  мектептің 

сыр тын  әрлеу,  қоршау,  асхананың  ішін 

жөн деу жұмыстары жүргізілді. 

Бір жылдың бюджетіне осындай ша руа­

лар атқарылды, десек те, биыл тағы ауыл­

дағы мәдениет үйін жөндеуге 152 миллион 

теңге,  оның  материалдық­техни калық 

базасын  нығайтуға  қосымша  9  миллион 

теңге қаражат бөлмекпіз. Ауылды абат тан­

дыруға бөлек қаржы қарастырылып отыр. 

Былтыр күзде Қарасаз ауылында 400 түп 

шырша отырғызылды. Өткен жылы Сары­

жаз­Қарасаз­Шалкөде­Талас  авто көлік 

жолына 78 млн теңге бөлініп, 24 шақырым 

жол орташа жөндеуден өткізілді. Қарасаз 

ауылына  баратын  Сарыжаз,  Кеген  елді 

мекендерінің  орталық  көшелеріне  ұзын­

дығы 2,7 шақырым көше шамдары орна­

тыл ды.  Жұмыстар  әлі  жалғасуда,  биыл 

Қарасаз ауылының ішкі жолдарын жөндеуге 

бюджеттен  120  миллион  теңге,  ауылды 

абаттандыруға 100 миллион теңге қарас­

ты рылып  отыр.  Мұның  барлығы  не  үшін 

жасалып жатыр? Абай, Жамбыл данала ры­

мыз секілді Мұқағали арқылы да қазақты 

жер жүзіне таныту мақсатында жасалуда. 

Сондай­ақ біз мына жайды да ескердік: 

ертеңгі  күн  ел  тойға  Қарасазға  келеді, 

сонда  біреу  болмаса  біреудің  «осындай 

ақынды  дүниеге  алып  келген  ананың 

басына  барып,  құран  бағыштайық»  деуі 

мүмкін ғой... Ал онда осы уақытқа дейін 

ештеңе  болмапты.  Сондықтан  осы  тұста 

Нағиман  ана  күмбезін  көтеруді  жөн  деп 

тауып,  Қарасаздағы  зиратының  басына 

демеушілер  боп,  аудан  тұрғындары  да 

атсалысып, 3,2 миллион теңгеге жаңадан 

күмбез  орнаттық.  Ақын  ескерткіші  мұра­

жайы ның алдында бұрыннан бар болатын, 

бірақ соның тұғырын биіктетіп, жан­жағын 

абаттандырдық. 

– Қараша үйде туып, 

қарапайым ғұмыр кешкен 

Мұқаңдай ақынның өмірінде тіпті 

иығы жылтырап киінбегенін 

өлеңдері, ол жайлы айтылған 

естеліктер арқылы да білеміз. 

Есесіне, міне, артында қалған 

даңқы туып-өскен еліне шапағат 

боп жауып, ақын тойында ауыл 

жаңарып, жаңғырып жатыр. Ал 

енді ақынның шығармашылық 

мұрасын заманауи талапқа сай 

насихаттау жағы қалай? 

–  Әрине,  ақын  үшін  кітабын  шығар­

ғаннан артық сый­сияпат болмас. Аруағы 

риза болсын деп, осы 80 жылдықта «Мұқа­

ға литану  бастауы»  сериясымен  үш  том­

дығын шығардық. Бірінші кітап «Есіңе мені 

алғай сың»  деп  аталады.  Онда  ақынның 

көзін көрген замандастарының естелік әңгі­

мелері басылды. Ал «Мен, сірә, өлмейтін 

шығар мын»  деп  аталатын  екінші  кітапқа 

оның сөзіне жазылған әндер мен ақынға 

арнал ған өлеңдер, тіпті драмалық шығар­

ма лар да енгізілді. Үшінші кітапқа ғылыми 

зерт теу лер, танымдық мақалалар, көз қа­

растар  мен  пікірлер  жинақ тастырылып, 

оған  «Білгің  келсе  алдымен  зертте  мені» 

де ген  ат  қойылды.  Және,  ерекше  айта 

кетейін, Мұқағалидың өз даусымен оқыған 

өлең дері  CD,  DVD  дискілеріне  жазылып, 

жеке  таспа  ретінде  шығуға  дайын  тұр. 

Ақиық ақын туралы деректі фильм дайын­

да луда.  Ғылыми  конференция,  мүшайра 

мін детті түрде өткіземіз. Негізі, мұндай ме­

рейтойды күтпей­ақ жыл сайын Жамбыл, 

Сүйін бай аталарымыз, Ілияс Жансүгіровтей 

ар дақты азаматымызға арнап жыр мүшай­

ра ларын ұйымдастырып тұрамыз. 

Осы орайда әңгімемізді аздап 

жалпы руханиятқа ойыстырсақ. 

«Озған ел өзінің тарихын таспен 

жазады, тозған ел жаспен 

жазады» деген сөз бар. Ел сізді ел 

тарихы мен руханиятына аса мән 

беріп, тарихи ескерткіштерге аса 

көңіл бөлетін басшының бірі де 

бірегейі деп біледі. Жалпы, өз 

топшылауыңызда халқымыздың 

қаншама тарихын тірілтуге 

мүмкіндігіңіз болды, әлі қаншасы 

ойда бар? 

– Қанша өмір сүрсең, сонша үйренуің 

керек. Бәрін бітірдім деп айта алмаймын. 

Қазақтың  тарихы  бай  әрі  қиын­қыстау 

кезеңдерге  толы  күрделі  де.  Егер  менің 

соны ел жадында тірілтуге тамшыдай болса 

үлесім  тисе,  соған  мен  өзімді  бақытты 

сезінер едім. Осыған дейін шамамен 40­

тың  үстінде  ескерткіш  орнатуға  септігім 

тиіпті. Елбасымыздың жүзеге асырып отыр­

ған  саясаты  да  осыған  жол  ашып  отыр. 

Мыса лы,  күні  кеше  тарихымызда  өткен 

Желтоқсанда небары 20­ға жетер­жетпес 

жастағы Ләззат, Ербол, Қайраттар қазақтың 

егемендігі, болашағы үшін жан пида болды. 

Міне, соларға 22 жыл дегенде былтыр біз 

ескерткіш  орнаттық.  Ұрпақ  сондай 

қаһармандарына  қарап  ұлттық  рух  алуы 

үшін  ол  ескерткіштер  аса  қажет.  Егер 

тарихқа  көз  жүгіртер  болсақ,  қазақтан 

шық қан  қаһарман  батыр  Бауыржан 

Момыш ұлына ұлттық намысы, ұлттың сөзін 

сөйлейтіндігі үшін өзінің лайықты батырлық 

атағын  бермеді  ғой.  Алайда  соны 

Елбасымыз ақыры алып берді. Сол құрметті 

атақты батыр бабамыз қайтыс болып кетсе 

де, баласына апарып таққанда Елба сы мыз­

дың былай дегені бар: «Дәл бүгін Бауыржан 

атамыздың  Батыр  атағын  алған  күні  – 

қазақтың бағы жанған күні». Әттең, уақыт 

зымырап өтіп барады, әйтпесе ойда талай 

дүниелер бар. Кейбіреулер «осының бәріне 

ақшаны қайдан таба береді?» деп ойлауы 

мүмкін.  Сондайда  айтарым,  жұмсалып 

жатқанның  ешқайсысы  да  менің  ақшам 

емес, мен тек елді біріктіріп, ұйымдастырушы 

ғанамын.  Енді  бұйырса,  қазақтың  ардақ 

тұтар  тұлғаларының  бірі  Дінмұхаммед 

Қонаевтың  100  жылдығы  келе  жатыр. 

Аман  болсақ,  сол  кісіге  де  осы  Жетісу 

жерінен еңселі ескерткіш орнатпақ ойымыз 

бар. Сондай­ақ Сарқандта қазақтың тұң­

ғыш теміржолшысы Мұхамеджан Тыныш­

паев қа арнап ескерткіш қойдық. Егер осы 

Мұхамеджан атамыз бен Тұрар Рысқұлов 

болмағанда, қазақ осы күнге дейін темір­

жолсыз жүрер ме еді?!. Бізге теміржолмен 

бірге өркениет келді. Мәселен, институтта 

оқығанда,  теміржол  баратын  стансының 

бойындағы  бала  мен  қойнаудағы  ауыл 

балалары  бірден  білінетін.  Олардың  тір­

шілігі бөлек. Міне, өркениетті өрге сүйреуде 

теміржолдың тарихта алар орны ерекше. 

Бұлардың  барлығын  мысал  үшін  айтып 

отырмын.  Ал  енді  осы  тарихты  тірілтуде 

ескерткішке  мән  беруімнің  мағынасына 

келсек, бір сөзбен ғана түйіндеп былай дер 

едім: қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал 

қалсын» деген бар, ендеше, менің артымда 

қалдырып жатқан талым – осы ескерт кіш­

тер.

Облыстағы ақын-

жазушыларға, жалпы, мәдениет, 

руханият саласындағы 

азаматтарға барынша қамқорлық 

танытып, қолдан келгенше 

баспанамен қамтып, стипендия 

тағайындағанға ұқсайсыз. Сол 

стипендия әлі де беріле ме? 

– Әрине, ол стипендия әлі де беріледі. 

Себебі  халықтың  баға  жетпес  асыл 

қазынасы,  әдебиеті,  тарихы  т.б  болсын 

келер ұрпаққа қалай жетеді? Кітап арқылы. 

Ал ақын­жазушы, ғалымдар, зиялы қауым 

болмаса, кітапты кім жазады? Осыны біле 

тұра шығармашылық иелерін қолда ма сақ, 

онда несіне отырмыз? Тоқсан сайын бері­

летін  бұл  стипендияның  мақсаты  –  сол. 

Мұнымыз әлі де болса аз секілді, мүм кін­

дігінше көбейту керек. Мен ол кісілерге әр 

жиналған  сайын  «мүмкіндігінше  шәкірт 

тәр биелеңіздер»  деп  айтып  отырамын. 

Мәселен, кезінде Қарасазда қандай ақын­

дық мектебі болды?!. Бір қиын заман дарда 

солар жабылып қалды. Ал Жетісу өңірі – 

ежелден ақындық пен батырлықтың рухы 

тербелген  өңір.  Ендеше,  осындай  өңірде 

неге ақындыққа жол ашып, жалпы, руха­

ният ты  өркендетпеске?!  Бір  Сүйінбай 

атамыздың өзі неге тұрады?! Сол атамызға 

ескерткіш  қойғанда  «неге  олай  еттің?» 

дегендер  табылып  жатты.  Ал  айналып 

келгенде бәрі де – қазақ үшін. Қазақ қазақ 

болып қалуы үшін оның мәдениеті, салт­

дәстүрі, руханияты мықты болуы керек. Біз 

жыл  сайын  Алматы  облысына  қарасты 

барлық аудандардың басын қосып, мәдени 

күндер өткізіп тұрамыз. Ал ол міндетті түрде 

ұлттық дәстүрімізді айшықтауға тиіс. Бәйге, 

қыз қуу, теңге ілу секілді ұлттық ойындар 

– ең бір баға жетпес асыл жауһарларымыз 

емес пе?! Оның сыртында қыз ұзату, келін 

түсіру,  тұсаукесер  т.б  салт­дәстүрлерден 

көрініс қойылады. Қазақтың ұлттық тағам­

дары, сусындарынан дастарқан жайылады. 

Қазір онда міндетті түрде қазақтың фольк­

ло  р лы саз аспаптар оркестрі болуы керек 

деген талап қойылып, оларды өзара жа­

рыс  тырып, баға беретін комиссия бекіттік. 

Осындай  өнерпаздар,  қарттар,  жетім 

балалар  бар,  барлығынан  жүзге  жуық 

адамды өзім қабылдаймын. Не үшін дейсіз 

ғой? Өмір бір орнында тұрмайды, күн өткен 

сайын адам қартаймаса, жасармасы анық, 

сонда күні ертең кейінгі буын бізді есінде 

ұстап, елеп­ескеріп отыруы қажет. 



 – Сөз соңында қайта Мұқағали 

ақынның мерейтойына оралсақ, 

жоғарыда сіз ақын тойының жазда 

тойланатынын айттыңыз. Алайда 

оның қандай сипатта өтетінін 

білгіміз келуі заңды ғой... 

– Тау баурайында тамаша табиғатының 

өзі  тамсандыратын  Қарасазда  өтетін  бұл 

тойда ат шаптырып, бәйге тігіледі. Ақын­

дарды жыр оқудан жарыстырып,  Мұқағали 

өмірін көз алдыңызға келтіретін сахна лан­

дырыл ған  қойылымдар  болады.  Мемо­

риал дық мұражайы салтанатты түрде ашы­

лады. Мұқағали – тек Қарасаздың бала  сы, 

Жетісу жерінің жыр алыбы ғана емес, күллі 

қазақтың мақтанышы. Сондықтан елор да­

мыз  Астанада,  Атырау,  Семей,  Шымкент 

өңірлерінде  мерейтойлық  шара лар  жал­

ғасын табады. Мұқағалидың сөзіне жазыл­

ған  әндердің  «Жырлайды  жүрек»  атты 

облыстық  байқауы  ұйым дас тырылып, 

Қарасаз  ауылында  «Зертте  мені»  деген 

тақырыпта ғылыми­теориялық кон фе рен­

ция, басқа да мәдени шаралар ұйым дас­

ты рылады. 



– Әңгімеңізге рақмет, Қарасаз қой-

науын дағы  ақын  тойын  абыроймен 

өткізуге жазсын!

Әңгімелескен

Мәриям ӘБСАТТАР

ОҚшАу Ой

Өмірден өткен бір жақсы ағамыз айтатын еді: «Мені 

толғандыратын жайт, бізге баяғыда бала кезімізде ауылдың 

үлкендері «Қыз Жібек» дастанын жабыла оқытатын. Төлегеннің 

әуелеп ұшқан алты қазбен қоштасқан тұсында кейбір 

қариялардың тебіренгенде көз жастары алты тарам боп ағатын. 

Ал қазір жасымыз бар, жасамысымыз бар, Төлеген тұрмақ, әкеміз 

өлгенде көзімізді ұялғаннан сулаған боп тұра береміз. Демек, 

бүгінде ешкім шындап қайғыра да, қуана да алмайды. Мен осыдан 

сескенемін. Расында, айналаңдағы қайғы-қуанышты жан 

дүниеңмен сезінудің өзі – ұлттық мәдениеттің бір сипаты. 

С.Үмбетовтің «Көз ілмейтін көңіл» кітабынан

АлАшҚА АйТАР ДАТыМ...

Қазақтың елі бай, жері бай, қазаққа бәрі жетеді, тек бір нәрсе 

жетіспей жатады, ол – ауызбіршілік. Алауыз болмай, бір ауыз болу 

керек. Сонда ғана біздің шығар биігіміз алда. Абай атамыз да 

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы 

кетеді» деген ғой. Бір қорықсам, осы алауыздықтан қорқамын. 

Қазақтың тұғыры биік ел болуы жастарының саналы да білімді 

болуына тікелей байланысты. Сондықтан өзімнен кейін ізімнен 

еріп келе жатқан азаматтар мықты болса деп тілеймін.

алаш азаматы



?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Мұқаңнан неше бала бар?

ДАТ!

Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі:

Әдетте халқымыз «асылдың сынығы» деп жақсының 

ұрпағына ерекше құрметпен қарайды. Ал Мұқағали 

ағамыздан неше бала қалған? 

Раушан ӘуЕлБЕК, Талдықорған қаласы

Мұқағали  ақынның  екі  ұл, 

төрт  қызы,  яғни  алты  баласы 

болған. Тұңғышы Ләззат кіш кен­

тай кезінде шетінеп кеткен. Екінші 

қызы  Майгүл  оқушы  кезінде 

Алматыда жол апатынан жазым 

болады. Ұлының үлкені Жұлдыз 

әкесінің ақылы бойынша заң гер­

лікті  таңдаған.  Кіші  ұлы  Айбар 

құрылысшы мамандығын игер­

ген.  Тағы  бір  қызы  Алмагүлдің 

ма мандығы  –  кітапханашы,  ал 

Мұхаңның  «кішкентай  күнім» 

деп  ерекше  жақсы  көрген 

Шолпаны – шет тілінің маманы. 

Ақынның балалары бүгінде Ал­

маты  қаласында  тұрады,  қай­

қайсысы да – өз ісін жетік мең­

гер ген,  әке  атына  лайық 

пер зенттер.

ІЗ.ДЕН.ІС

Мұқағалидың  Қойбас  деген  алтыншы 

атасы мен Райымбек батырдың әкесі Түке – 

Хангелдіден бірге туған, ағайынды кісілер. 

Яғни  Мұқағали  арғы  атасында  Райымбек 

батырмен туысады. 

Дегенмен ақынның өз әкесі де, атасы да 

қарапайым,  шаруа  адамдар  болған.  Кері­

сінше,  Мұқаңды  бауырына  салып  өсір ген 

Тиын әжесі өте айбынды, қатал әрі ше шен 

адам  болыпты.  Ата­әжесіне  табиғи  бол­

ғандықтан да Мұқаң өзінің Нағиман ана сын 

жеңге орнына санап, «Нақа» деп атаса керек. 

Тиын әженің ер мінезділігі сон шалық – тіпті 

бірде  көкпарда  мертігіп  қалған  күйеуі 

Мақатайдың жіліншігінен сынып, тек терісіне 

ғана ілініп қалған аяғын «Бұл енді саған аяқ 

болмайды» деп, дәрігердің келуін күтпестен 

шауып тастаған. Сөйтіп, сынықты жуып, уақ 

сүйектерден тазалап, қанын тоқ татып барып 

таза шүберекпен таңып қой ған. Соны білетін 

ауыл адамдары «Мұ қа ға ли дың қайсарлығы 

тура әжесіне тартқан» дейді екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет