Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі6,07 Mb.
#7573
1   2   3   4   5   6   7

Басы 1-бетте

ТҮЙТКІЛ


Қорықтар туралы арнайы заң қажет 

Бұл қорықтағы ең маңызды әрі дереу 

шешуді қажет ететін басты мәселе өзендер 

мен көлдерде судың мейлінше тартылып 

кетуі болып отыр. Себебі мұндағы Теңіз 

және Қорғалжын көлдеріне құятын Нұра 

өзенінің тартылуы осында мекендеген 

қызғылт қанатты қоқиқаз т.б. экзотикалық 

жануарлар мен құстардың мүлде құрып 

кетуіне әкелуде. 

Кезінде қорықта құс өте көп болған-

дықтан, бұл жерді «Құс базары» деп те 

атайтын. Аталмыш қорықта дүниежүзінде 

өте сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз 

мекен 

дейді. Ол қазақ жерінде тек осы 



жерде ғана ұя салады. 

Жаңағы түсі қызғылт қоқиқаздар дүр 

етіп аспанға ұшқан кезде көл тұтастай қызыл 

алау шарпығандай болып, ерекше шұғы-

лаға бөленеді. Сондықтан бұл құсты 

жергілікті халық «қызылқанат» деп те 

атайды. 

Ал соңғы статистикалық сандарға қара-

сақ, бұл өңірдегі осы бір ғажайып құстар 

енді аздаған жылдан кейін мүлде жойылып 

кете ме деген қауіп те жоқ емес. Эколог-

тердің мәлімдеуінше, 60-жылдары 50-60 

мың шамасында болған Қорғалжынның 

қоқиқазы 2000 жылдары 10-15 мыңға 

дейін азайып кеткен. Ал қазіргі күні тіптен 

аз. 


Мұрат АЙТЖАНОВ, 

Қорғалжын мемлекеттік қорығының 

директоры:

–  Қорықтардың жағдайы шынымен де 

қорғауды қажет етіп отыр. Мемлекет та-

рапынан жаңа бағдарлама қабылданып, 

әрбір мемлекеттік қорықта алдымен кадр 

мәселесі, одан кейін бүкіл құрал-жабдық-

тарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ аң аула-

ғандарға қарсы заңды қатайту қажет. Тек 

сонда ғана мүшкіл халге түскен қорықтардың 

жағдайы оңалар деген ойдамын. 

Қазір әрбір жабайы жануарлар дүниесі 

қорықты бақылаушылардың тікелей ба-

қылауына алынған. Соның өзінде бра-

коньерлердің шабуылы тыйылмай, кадрлық 

және техникалық жетімсіздікті тартқан-

дықтан, оларды ауыздықтап, қылмыстық 

жауапкершілікке тарту да қиынға соғуда. 



Әнуарбек САҒИТОВ, 

Ақмола об лыстық табиғи ресурстар және 

табиғатты пайдалануды реттеу 

басқармасының бастығы: 

– Бүгінгі таңда өңірдегі қорықтар мен 

қорықшалардағы жағдайды реттеу, яғни 

онда мекендеген аң-құстарды қалпына 

келтіру өте қиынға соғуда. Өйткені бюджет 

тарапынан табиғатты қорғауға, қорықтарды 

қалпына келтіруге жүйелі түрде ақша 

бөлінгенімен, қорықтың тіршілігін көзінің 

қарашығындай сақтауға ұмтылғандардың 

қатары аз. Қорықтың жағдайы шынымен де 

қорқытып барады. Өйткені жабайы аң-

құстарды аулайтын 

дарға батыл қадам 

жасауға әлі де болса шамамыз жетер емес.

Сонда қайтпек керек? Қалай етсек тұмса 

табиғат  алаңы болған қорық 

тардың 


қаймағы бұзылмаған қалпын сақтап қала 

аламыз? Бәлкім, қорықтарды реттеу 

туралы арнайы заң қажет шығар. Тіпті 

болмағанда мемлекеттік бағдарлама 

қабылданып, жағдайы айтыла-айтыла 

жауыр болған қорықтардың жайын 

қорғауға шынымен де кіріскеніміз жөн бе? 

Қалай дегенмен де, әсем табиғатты 

қорықтарды құлқынның қамы үшін теріс 

пиғылда жұмсап жатқандардың қатарын 

сиретуге белгілі бір қатаң шара қолданған 

жөн болар. 



 Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Көкшетау

Басы 1-бетте

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



№118 (800) 

10.07.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Өзен-көлдердегі балықтардың, 

орман-тоғайлардағы аң-құс 

тар-


дың көптігі, емдеу-сауықтыру 

орын дары Кенді Алтайдың көркіне 

көз тоймайтын табиғатын тамаша-

лап, демалуға тек Қазақстаннан 

емес, ТМД елдерінен, алыс шет ел-

дерден келген көптеген туристерге 

жақ сы әсер қалдыруда. Сондай-ақ 

олар халқымыздың салт-дәстүрі-

мен де кеңірек танысуға құлшыныс 

біл діруде. 

Қазіргі кезде туристердің ба-

сым бөлігі өзен-көлдердің жа-

ғалауында демалуды қалайды. 

Осыған орай, Алакөл, Дубығалы, 

Марқакөл, Сібе көлдері, Ертіс өзе-

ні, Бұқтырма су қой масының жа-

ға лауы  жаз  айла рын да  турис тер-

ден арылмайды. 

Облысымыздың өңірлерінде 

рес  публикалық  маңызы  бар  ерек ше 

қорғауға алынған 14 табиғи ай мақ, 

белсенді 66 туристік маршруты бар.

Салт атты туризм бағдарлары 

орман және тау соқпақтары мен 

да ла лар, өзендер мен көлдердің 

жа 


ға 

лары арқылы өтеді. «Алтай 

соқ па қтары» бойынша 123 шақы-

рым ды салт атпен жеті күнде жүріп 

өтуге болады. Бұл маршрут «Рахман 

қайнары» шипажайынан басталып, 

керемет табиғатымен ерекшелене-

тін Берел мұздағын Көккөлді қам-

ти ды. Сондай-ақ су туризмі бойын-

ша Ақ Берел, Кіші Үлбі, Ұба 

өзен  дерінің  ағысымен  қайықпен, 

сал мен серуендеуді ұнататын, қы-

зық ты оқиғаларды басынан кешкісі 

ке летін туристер де жылдан-жылға 

кө бейе  түсуде. 

Облыстың тарихымен, табиға-

тымен танысамын деуші туристер 

жаяу және тау шаңғысы жолымен, 

велосипед, мотоциклмен сол 

сияқты, бүркітпен аң аулау, балық 

аулау арқылы таныса алады. Алтай 

жері жарқыраған тау шыңдарын 

қы зықтап, күркіреген сарқырама-

лар дың мұзды лебімен тыныстауға, 

Альпі көгалдарының жасыл алқабы 

мен сұлу маралдарды тамашалауға, 

көне кен орындарын аралауға ша-

қырады. Адам аяғы баспаған таби-

ғаттың сұлулығы сізге ұмытылмас 

сезімдер сыйлайды!



«ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ҚАР 

БАРЫСЫ ДА ШЫҒЫСТА

Шығыс Қазақстанның әсем 

табиғаты таңдай қаққызады. 

Оның өзендері мен шалқар 

көлдері, асқар таулары мен 

жазира даласы тұнып тұрған 

сұлулық дерсің. Мұнда 

елімізде ғана емес, әлемде 

сирек кездесетін жануарлар 

түрлері мекен етеді. 

Солардың бірі – еліміз 

дің 

символына айналған қар барысы. 



Қар барысы — әлі толық зерттел-

меген, сы ры жұмбақ аң. Ол Тарба-

ға тай тауларында, Күр шім жо та-

сында, Бұқтырма өзені 

нің 

бас  тауында,  Марқакөл  өзе нінің 



атырабында кезде се ді. Сыртқы түр 

келбеті жағынан қар қабыланына 

(леопард)  ұқ  сағанымен,  «туыс-

тығы» ша ма лы, әрі қар барысының 

түрі одан әлдеқайда кіші. Қазір 

әлем бо 


йынша қар барысының 

аза йып кету қаупі бар. Олар Халық-

аралық табиғатты қорғау одағының 

«Қызыл кітабына» және Қазақ-

станның «Қызыл кітабына» енді. 

Барыстарды аулауға немесе атуға 

тыйым  са лын ған.  Сон дай-ақ  Шы-

ғыс өлке 

сінде аю 

лар да көптеп 

кездеседі. Жалпы, әлемде аюлар-

дың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, 

ба ри бал,  ерін ді  аю,  Ма лай зия  аюы 

және көзілдірікті аю деген жеті түрі 

бар. Та р ба ғатай, Сауыр және Алтай 

тау ла рында аюдың екі түрі (қоңыр 

аю, Тянь-Шань аюы) мекен дейді. 

Ол адамның өмірі үшін қауіпті 

емес. Аюлар 30 – 40 жылдай 

тіршілік ете ді. Қо ңыр аюлар кәсіптік 

аң ре 

тін 


де ауланып келді. Қазір 

оларды ау лауға тыйым салынған. 

«Ұлы 

тау 


да бол 

дың ба, ұлар етін 

жедің бе» деген сөзді барша қазақ 

біледі. Алай да ұлар атты киелі құс 

тек Ұлы 

тауда ғана емес, Кенді 

Алтай дың  тау ла рында  да  ме кен 

ете тінін біреу білсе, біреу білмес. 

Салмағы үш келідей, түсі тас өңдес, 

тауыққа 


ұқсас ұлар биік тау шыңдарын ме-

кендейді. Олар өте сақ келеді. Тау 

бөкте рінде  жа йылып  жатқанда, 

біреуі биік құзға шығып, жан-

жағын бағдар лап тұра ды 

екен. Егер қауіпті сезсе 

айрықша үн шы 

ғарып, 


хабар беретін көрінеді. 

Қыс тың аязды күндерінде 

тас 

қуыс та рынан 



пана 

тауып,  топ та сып  бі рін-бірі 

жылы тады.  Халық  меди-

ци 


насында адам жа-

рақат алып, сүйегі сын-

ған кезде ұлар дың еті ем 

болады екен. 

Бұлар Шығыс Қа зақстан таби-

ғат байлығының тек бірер өкілдері 

ғана. Оның флорасы мен фаунасы-

ның кереметтігі мен қасиетін бір 



кітап қа сиғызуға да болмас.

ҰШАҚТЫ ҰРШЫҚТАЙ ҮЙІРГЕН

Жақыпбек Малдыбаевтың қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш екенін біреу білер, біреу білмес. Ол 1907 

жылғы 15-мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданының, Шеңгелді ауылында шаруа отбасында дүниеге 

келген. 

1929 жылы жиырма екі жасқа қараған шағында Жақыпбек арыз жазып, өзі тіленіп қызыл әскерлер қатарына 

алынып, Түркіменстанның Мерв қаласында орналасқан Түркістан ерекше кавалериялық бригадасының 82-полкына 

қызметке келді. Полк мектебін бітіргеннен кейін бөлімше басқарды, взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 

жылғы наурыз айының 28-інде әскери кіші командир Жақыпбек Ленин атындағы біріккен Орта Азия әскери мектебін 

взвод командирі дәрежесінде бітіріп, КСРО революциялық әскери кеңесінің 1933 жылғы 1-қаңтардағы №22 

бұйрығымен №9 әскери ұшқыштар мектебіне түсіп, сол жылғы желтоқсанда оны ойдағыдай аяқтап шығады. Одан 

кейін Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы Свердлов атындағы 40-ерекше авиациялық отрядына аға 

ұшқыш-бақылаушы (қазірше – аға штурман), сонымен қатар фотоқызмет бастығы болып тағайындалды.

Архив құжаттарында Жақыпбек Малдыбаевтың Мәскеудегі Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясында оқығандығы туралы 

деректер бар екен. Ұшқыштың інісі Әбілбектің (марқұм) айтуына қарағанда, Жақыпбек Малдыбаев интернационалдық борышын 

атқарып, Халхин-Гол соғысына да, Испания соғысына да қатысқан. 

Аға лейтенант Жақыпбек Малдыбаевтың есімі өзінің туған ауылы – Шеңгелдідегі мектепте, Зайсан, Күршім, облыс орталығы 

Өскеменде бір-бір көшеге берілген. 

КСРО-НЫҢ ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ АТАНҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ

Құмаш Нұрғалиев 1925 жылы 29 қазанда Марқакөл ауданының Боран ауылында дүниеге 

келген. Өрімдей жас 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып, бір жылдан кейін Латыш 

жеріндегі Ауце қаласының түбінде әскери бұйрықты орындау барысында ауыр жараланып, 

екі аяқ, бір қолынан айырылып, 1946 жылы туған жерге қайтып оралады. Әуелгі кезде 

Сармөңке жеті жылдық мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді. Кейіннен 

директорлық қызмет атқарады. 1957 жылы Боран орта мектебіне директор қызметіне 

тағайындалады. Осы білім ордасында 31 жыл қызмет атқарды. 31 жыл ішінде әуелде есік 

алдын қараған мен бұта басқан қарапайым мектеп аудандық, облыстық, республикалық 

деңгейді қойып, Одақ көлемінде танылды. Мектеп Қазақстанның ең үздік ауылдық мектебі 

атанды. Білікті ұстаз ауыл мектебін толық компьютерлендіріп, спутниктік жүйеде 

«қашықтан оқыту» идеясын жүзеге асырды. Мектеп ауылдың әлеуметтік-мәдени орталығына айналды. Мектеп 

түлектері екі-үш мамандықты игеріп, совхозда жұмыс істеуге қалып жатты. 1975 жылы білім ордасы КСРО Халық 

шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты, 1980 жылы ҚазКСР Ауыл шаруашылығы көрмесінің қола медаліне 

ие болды. 

Аты аңызға айналған ұстаз 1988 жылы дүниеден озды. Бүгінде Күршім ауданындағы Боран орта мектебі, 

Өскемен қаласындағы көпсалалы колледж сол кісінің есімімен аталады. 

АЛТАЙДАН ШЫҚҚАН АЛҒАШҚЫЛАР

ШЫЫСТЫ  БРЕНДТЕРІ 

ОР АЛТАЙДЫН 

ОР АЛТАЙДЫН 

Шы ыс ¨аза стан – елімізде туризмді дамыту а 

м мкіндігі мол ө ірлерді  бірі.  лан- айыр та а жа-

йып таби аты, әрт рлі климатты  белдеулері, ба а 

жетпес мәдени-тарихи ескерткіштері туристер ді  

елімізге, жерімізге деген ынтасын арттыра т суде. 

Иә, Қатонқарағай – жер жаннаты. Көне 

тарихтың кіндігі де осында дейді тарих. Оған 

қоса Қатонқарағай – марал шар уа шы лы-

ғының отаны. Тәуелсіздіктің таңы атып, еліміз 

еге мендікке қол жеткізген тұс та бұрын тек 

Мә с кеу ғана билеп, қызығын көріп келген 

ма рал өнімдерін, оның ішінде пантыны ал-

ғаш рет шетелге шығарып, сату ға қол жеткен 

бо латын. Қатондықтар дың «кезінде біздің 

ау дан валюталы аудан болған» дейтіндері 

сон дықтан. Бәрі рас. Сол уақытта марал мү-

йізі нің бір килограмы мың долларға дейін 

ба ға ланыпты. Жалпы, дүниежүзінде марал 

өсіру бойынша ал дыңғы орында Жаңа Зе-

ландия, Қытай, Ресей, Канада елдері тұр. 

Марал шаруашы лығын мықтап қолға алсақ 

Қа зақстанның да панты өнімдерін саудалай-

тын мықты бес мемлекеттің қатарына қосы-

луға мүм кіндігі бар. 

Қазір Қатонқарағай ауданында он бір 

ма 


рал шаруашылығы бар. Олардың ең 

ірісінде 2 мыңдай, ал шағынында 200-дей 

марал ба ғылады. Жалпы, марал дегеніңіз  –

жер тал ғайтын, өте кірпияз жануар. Жағ да йы 

келіссе, бұ ғылар жылына 12 -14 келі ге дейін 

мүйіз бе реді. Тіпті марал шаруа шы лығының 

тари хын да 18 келіге дейін мүйізі кесілген 

бұғылар да болыпты. 

– Бұл өзі төрт түлікке жатпайтын, аса бір 

ерек ше жануар. Біз оны кезін де бе сінші түлік 

деп әспеттеуші едік, – дейді ар 

да 


гер 

маралшылар бүгінде. Ма рал бағу – қой ба ғу 

емес. Өмірден түйген тә жірибе, әсіресе, мү-

йіз кесу науқанында аса қажет. Кәнігі ма рал-

шылар піскен мүйіз 

ді бірден ажыратады. 

Жал пы, бұғы мүйізі нау рыз айының орта сы-

нан бастап өсе бас тайды. Екі, екі жарым айда 

пісіп жетіледі. Мүйіз әлі кеппей тұрып кесіп 

алынады. 

Ертеректе елімізде мүйізді өңдеп, дәрі 

жасауға мүмкіншілік болмағандықтан, ол 

шетелге тек шикізат ретінде шығарылатын. 

1996-1997 жылдары аудандағы «Ақсу» 

шар  уашылығында «Ақсу – Дэен» пан ток рин 

жасау зауыты салынды. Қазіргі күні мұн да 

әртүрлі шөптер мен пантыдан жа сал ған 46 

түрлі өнім шығарылып, үлкен сұра нысқа ие 

болып отыр.  

– Ең алдымен, шаруашылықтарды ғы-

лыми жүйеде негіздеп қайта құру қажет. Оны 

жүргізу әдісі өте тиімді жасалуы керек. Әрбір 

қадам жоспарланған, есептелген жағдайда 

мол өнім алуға болады. Марал дың ең бір 

өнімді мол беретін тұқымын ға на қалдыру 

керек, – дейді еліміздегі ма рал шаруашылығы 

саласындағы бірден бір маман, ветеринария 

ғылымдарының док т оры, профессор Сер-

ғазы Дүйсенбаев. 

КЕРЕК ДЕРЕК

Көнеден келе жатқан бірегей марал 

шар уашылығын қайта жаңғырту үшін 

Шы ғыс Қазақстан облысында алғаш рет 

2010 жы лы облыстық бюджеттен 23,4 

млн теңге мемлекеттік субсидия 

бөлінді.

Облыс басшылығының қолдауымен 

ма рал шаруашылығы мен омарта 

шаруа шы лығын  субсидиялау  басталды. 

Облыс шар уашылықтарында асыл 

тұқымды ма рал дардың таза салмағы 

43,1 пайызға де йін артты. Асыл 

тұқымды шаруашы лық тар саны жетіге 

дейін өсті. Аудандағы то ғыз 

шаруашылықта 5200 бас марал және 

1100 теңбіл бұғы өсіріледі.

Қатонқарағай ауданындағы Ақсу 

ауы лында мүйіз шикізаты мен емдік 

өсім дік терден  фармацевтикалық 

препараттар өн діретін «Ақсу Дэен» 

Қазақстан – Корей бі р лескен кәсіпорны 

жұмыс істейді. Фар ма цевтикалық цехта 

халықаралық  стан дарт тар  бойынша 

сертификатталған 35 түрлі өнім 

шығарылады.

АЙМА  МА ТАНЫШЫ



Еліміздің «Алтын тәжі» атанған Шығыс 

Қазақстан, оның Алтай өңірі – ежелден 

бұғы мен маралдың мекені. Табиғат 

ерекше жаратқан осы түз тағысының 

қолға үйретіліп, өсіріле бастағанына 

да қазір жүз отыз жылдан асыпты. Сол 

уақытта қазіргі Қатонқарағай 

ауданының аумағында алғашқы марал 

қоршаулары жасалса, өткен ғасыр-

дың елуінші жылдарында алғашқы 

марал шаруашылығы құрылған 

болатын. Кейіннен бұл кәсіп Марқа-

көл, Зырян аудандарына таралса, 

еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан 

Күр шім, Көкпекті, Ұлан, Зайсан 

ау дан дарында да марал өсіріле 

бастады. Қазір Шығыс Қазақстанда 

жиырмаға жуық шаруашылықтарда 

барлығы 10 мыңнан аса марал мен 

бұғы бағылады. Оның дені – Қатон қа-

ра ғай  ауданында.

Шыњында 


Шыњында 

б±ѓы-марал 

б±ѓы-марал 

ойнаќтаѓан...

ойнаќтаѓан...

тауыққа


жа

еке


айр

хаба


Қыс т

тас 


та

т

т



уы

жы

ци



ра

ға

бо



Бұлар Ш

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

 

Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда



 

құрылған. Облыстың әкімшілік құрылымы 10 қала,

 

789 ауыл мен 255 ауылдық округтерден тұрады.



 

Облыс тұрғындарының саны– 1 396 746 адам (2011

 

жылғы дерек бойынша). Ұлттық құрамы: қа 



зақ  тар 

– 56 %, орыстар – 40 % және т.б. Шығыс Қазақстан

 

облысы Қазақстанның ең ірі индус 



триял ды-аграр-

лық  аймағы  саналады. 

Шаруа шы лығы ның 

басты 


саласы – өнеркәсіп. Оның құрамын 

да кен өндіру,

 

түсті металлургия, энергетика, машина жасау,



 

құры лыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ

 

және жеңіл өнеркәсіптері дамыған.



ТОРІНЕ ШЫFУДЫ 

ТОРІНЕ ШЫFУДЫ 

кім армандамайды?!

кім армандамайды?!

Шы ысты

Шы ысты


кереметі

кереметі


СЕМЕЙГЕ КӨРІК СЫЙЛАҒАН 

АСПАЛЫ КӨПІР

Бұл көпірді көрген де ар-

ман д а, көрмеген де арманда. 

Әсіресе кө пір дің түнгі көрінісі 

сондай ға жап! Самаладай жан-

ған шам дар қаланың көркіне 

көрік қо с ып, тіпті ажарландыра 

тү се ді. Көңіліңді біртүрлі мақ та-

ныш се зімі кернейді. Қазір қала 

қонақтары тамашалар кө рікті 

нысандардың қатарына ас палы 

көпір де қосылды. Са 

лын 

 

ға-



нына енді ғана он жыл дан асса 

да аспалы көпір та лайлардың 

көз қуанышына ай налып та үл-

гер ді. Осынау ғажап көпірдің 

биік тігі 100 метр болса, ұзын-

ды ғы – 750 метр, ал ені – 35 

метр  ді  құрайды. 

Семейдегі аспалы көпір құ-

ры лысын  жүр гі зуде  таң дау  жа-

пон  дық тарға  бекер  түскен  жоқ. 

Мацузава есім ді бас ме нед жер 

бас  таған  жапондық  «Ая  чай» 

фир ма сы ның  кө пір  са лу да  тә-

жі рибесі мол. Мұн дай көпірді 

атал   ған  фир ма  бұ рын  АҚШ, 

Оң  түс тік  К о   рея,  Түр кия  ел де-

рін  де салыпты. Жал пы, екі ел 

ар а    сын да ғы  ке лі сім ге  қа рай, 

Жа   пония  мем лекеті  көпір  құ ры-

лы  сына  165  мил лион  дол лар 

бө ліпті.

Алты қатар жол дың әрқай-

сы сының ені – 4 метр. Айта ке-

ту ке рек, жа ңа көпірдің үстіне 

та биғи  ас фальт  тө сел ген.  Бұл 

ас  фальт,  бі ле тін дер дің  ай  туын-

ша,  Ка риб  бас сей нін  дегі  Три ни-

 над  кө   лінен  ар  найы  та  сып  жет-

кі зілген  кө рі не  ді. 

МЫҢ БЕС ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ 

ТАРИХЫ БАР МАХАББАТ 

МАЗАРЫ

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

мазары. Махаббат мазары. Қос 

ғашық. Қос мұңлық.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

жы рының баға жетпес туынды 

екені, оның Еуропада жыр 

бол  маған  кезде  пайда  бо л ға-

ны, кесененің құрылысы, сәу-

лет 


 ерекшелігі жайлы бұған 

дейін қаншама рет айтылып, 

қанша ма рет жазылды.

Кезінде ұлы қаламгер Мұх-

тар Әуезов бұл жырды дүние-

жү зiлiк поэманың тамаша үлгi-

сiне жатқызып, оны қазақ 

же   рiн дегi  «Ромео-Джульетта» 

деп ата ған абзал депті. 

Ғалымдар мен тарихшылар 

жырдың шы  ғу тарихына бай-

ла 


нысты түрлі деректер кел-

тіре ді. Бірі жыр бастау бұлағын 

сонау ғұн за маны, түркі қаға на-

тынан тар қатса, бірі жыр қар-

лұқ ке зе ңіне жатады деп бол-

жам  жа сай ды.



ҰЛЫЛАР ТУҒАН ҰЛЫ ӨЛКЕ

Абай, Шәкерім, Мұхтар... 

Ұл ты  мыздың  төлқұжатына  ба-

лан ған осынау ұлы есімдермен 

үнемі қатар аталатын, егіз 

ұғым  ға айналған қасиетті ме-

кен бар. Ол – ұлылардың өл кесі 

Жидебай. 

Тарихи деректерге жүгін-

сек, «Жидебай – Бөрілі» мем-

лекеттік тарихи-мәдени және 

әдеби-мемориалдық қорық-

мұ ражайы Семейдегі Абайдың 

әде би-ме мо риалдық 

мұра-

жайы ның  фи лиалы  ретінде 



1945 жылы құ рыл ған. Мұра-

жай құрамына бірнеше құнды 

тарихи ескерт кіш тер мен ша-

ғын мұра 

жайлар енеді. Атап 

айт 


сақ, Семейдегі Абай 

дың 


әде би-мемориалдық  мұража-

йы, Ахмет Риза медре 

се 

сі, 


Абай ауданының аумағын да ғы 

Бө рі лідегі  М.Әуезовтің  мұра-

жа 

йы, 1997 жылы ашылған 



Көк  бай  Жанатаевтың  мұра жа-

йы, 2003 жылы Құндызды 

ауы     лын да 

ашыл  ған 

Шәкір 

Әбен ов тің  мұ ра  жайы,  Үржар 



ау да нындағы  Әсет  Найман-

баев тың  мұража йы,  Құнанбай-

дың құдығы, Зере мен Ұлжан-

ның зираты, «Абай – Шәкерім» 

мазарлы кешені секіл ді құнды 

дүниелердің бар 

лығы осы 

қорықтың  құзырын да.  Ау ма ғы 

6400 гектардан аса тын қо рық 

аумағына 16 нысан кіреді. 

Мұн    да  ұзын-саны  18  255-ке 

жуық бағалы заттар мен 300-

ден астам жәдігерлер сақ та л-

ған деседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет