Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


– Өзіңіз облысқа басшылыққа кел-



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.03.2017
өлшемі6,07 Mb.
#7573
1   2   3   4   5   6   7

– Өзіңіз облысқа басшылыққа кел-

геннен бері қыруар шаруа атқарылды. 

Оның бәрін жіпке тізіп жатудың қажеті 

жоқ шығар. Әсіресе аймақтың руханият 

саласында жүзеге асқан жұмыстары жұрт-

шылықтың көңілінен шықты деуге 

болады. Бір ғана мысал ретінде аймақта 

бірнеше қазақ басылымдарының жарық 

көргенін айтуға болады. Дегенмен өңірдің 

онамастика мәселесі кенже қалып жат-

қаны жасырын емес. Облыс орталығы –  

Өскемендегі көше атауларының дені әлі 

күнге дейін орыс тілінде. Өскеменге алыс-

жақын орналасқан Зырян, Глубокое, 

Шемонайха аудандарында да осы жағдай. 

Осы бағытта қандай жоспар-жоба 

-

ларыңыз бар?

– Cауалың өте орынды. Қамти алмай 

жатқан тұстарымыз бар. Менің ойымша, бұл 

жұмыстарды өзінің ретіне қарай жүргізу керек. 

Бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды. 

Көше немесе қала атауларының барлығын 

топырлатып бір күнде қазақшаға ауыстырып 

жібере алмаймыз. Менің ойымша, әрбір елді 

мекенге өзінің тарихи атауы берілуі керек. Сол 

кезде жергілікті тұрғындар арасында түсініс-

пеушілік туындамайды. Өйткені елді  мекеннің 

немесе көше аттарын ауыстыру үшін әуелі сол 

жердің тұрғындарының келісімі керек. Зырян, 

Глубокое мен Шемонайха аудан 

дарында 

ономастика бағытындағы жұмыс тар дың кен-

желеп жатқаны да рас. Сол аудан 

дардың 


әкімдеріне  тиісті  тапсырмалар  бе   ріл   ген.  Өске-

мен қаласында бұл тарапта түйінді мәселелер 

бар. Паравозный, Первая, Второя секілді мән 

жоқ, мағына жоқ, тізіліп кете беретін көшелер 

көп. Ол біреу емес, өзің айтқандай, бес-алтау. 

Сондықтан біздің бұл тарапта қолға алар 

жұмыстар алдағы күннің еншісінде деп 

ойлаймын. 



– «Жол картасы» бағдарламасын 

облыс ішінде жалғастыруды жөн көрген 

республикадағы екі облыстың бірі – 

Шығыс өңірі. Бағдарламаны жалғастыруға 

не түрткі болды? 

– Бұл бағдарлама екі жыл қатарынан 

жұмыс істеді. Оның нәтижесін көрдік. Әсіресе, 

алыс ауылдар үшін бұл бағдарламаның ша-

пағаты көп тиді. Оның ішінде көп жыл жөндеу 

көрмеген әлеуметтік нысандар күрделі 

жөндеуден өтіп, елдің игілігіне берілді. Біздің 

облыстың аумағы ауқымды болғаннан кейін 

шалғайда орналасқан ауылдар өте көп. 

Сондықтан бұл бағдарламаның өзектілігін 

ескере отырып, облыста жалғастыруды жөн 

көрдік. Былтыр да, биыл да облыстық бюд-

жеттен 3,7 миллиард теңге көлемінде ақша 

бөлінді. Ол қаржы негізінен ауылдардың 

жолдарын жөндеуге, ауызсумен қамтамасыз 

ету, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысан-

дарды жөндеуге көмектеседі. Бұл бағдар-

ламаны біз ары қарай жалғастырамыз. Өйткені 

бұл бағдарламаның шалғайдағы ауылдар үшін 

пайдасы үлкен. 



– Білуімше, осы бағдарлама аясында 

облыстағы апатты жағдайда тұрған 27 

мектеп қайтадан салынып жатыр...

– Біздің облыста қазіргі таңда апатты 

жағдайда тұрған 43 мектеп бар. Шынымды 

айтсам, дәл осындай мектептер басқа 

өңірлерде жоқ. Біз қазір 27 мектепті жаңадан 

салып жатырмыз. Алла сәтін салса, оларды 

биыл аяқтап, пайдалануға берсек пе деп отыр-

мыз. Қалғандарын келесі жылы аяқтаймыз. 

Біздің негізгі мақсатымыз – екі жылдың ішіндегі 

облыстағы апаттық жағдайда тұрған мектеп-

терді түгелдей жаңа ғимаратқа ауыстыру. Дәл 

осындай жұмыстар мектептерден кейін ауруха-

наларда жалғасады. Облыста апатты жағдайда 

тұрған ауруханалар аз емес. Ауруханалары 

жоқ елді мекендер де бар. Ауылдық дәрігерлік 

амбулатория деген бағдарлама бар. Сол 

бағдарламаға аймақтың 29 ауруханасын 

ұсынып отырмыз. Қазір олардың барлығына 

тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Ол бағдарлама 

келесі жылдан бастап жүзеге асады. 



– Бүгінде елімізде жүзеге асырылып 

жатқан «Нұрлы көш» бағдарламасы ав-

торларының бірі өзіңіз екеніңізді білеміз. 

Осы бағдарламаның өңірде жүзеге асу 

қарқыны қалай?

 – «Нұрлы көш» бағдарламасына біздің 

облыстан Өскемен мен Курчатов қалалары 

енген. Менің ойымша, осы бағдарламаны 

жүзеге асырушылар тарапынан бақылау әлсіз 

болып тұр. Егер бақылау дұрыс болатын болса

нәтижесі де дұрыс болар еді. Ең негізгісі, біз 

сырттан келген қандастарымызға дұрыс 

түсіндіруіміз керек. Одан кейін, әрине, оларға 

тиісті жағдайды жасауымыз керек. Бірақ бұл 

тарапта да түйіні тарқамаған мәселелер бар. 

Кейбір қандастарымыз ұсынған жұмысты 

істегісі келмейді. Жоғары жалақы алатын 

жұмысты талап етеді. Екіншіден, олардың 

көбінің мамандықтары жоқ. «Мемлекет 

сіздерді тегін оқытады. Қазіргі заман талабына 

сай мамандық алыңыздар» десеңіз, оған да 

көбісінің барғысы келмейді. Соған қарамастан, 

біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. 

Ол кісілерге мамандықсыз еш жерде жұмысқа 

алмайтынын, жұмыс істемегеннен кейін 

жалақының болмайтынын түсіндіріп айтуымыз 

керек. 

– Сіздің өңірдегі ара мен марал 

шаруашылығына серпін беруге ерекше 

көңіл бөліп жүргеніңіз белгілі. Тіпті 

Үкіметке осы салаларға арнайы субсидия 

бөлу қажеттігі жөнінде ұсыныс айтқа-

ныңызды да білеміз. Осы жөнінде кеңірек 

айтып өтсеңіз... 

– Біздің облыс – ежелден ара мен марал-

дың отаны саналған. Әрине, олардың пайдасы 

– өз алдына бөлек әңгіме. Араның тек адамға 

ғана емес, дәнді-дақылдарға да пайдасы – 

орасан. Сондықтан осыдан екі жыл бұрын 

арнайы бағдарлама қабылдағанбыз. Сол бағ-

дарламаның негізінде жергілікті маралшылар 

мен омарташыларға субсидия беруді қолға 

алдық. Жыл сайын облыстық бюджеттен 

оларға 100-120 миллион теңге көлемінде 

субсидия бөліп келе жатырмыз. Оның ішінде 

біз асыл тұқымды ара ұстайтын шаруа шылық-

тарға бірінші кезекте субсидия береміз. Бұл 

кісілердің шығарған өнімдерін өткізуге жәр-

демдесу үшін жәрмеңке өткізген кезде тегін 

орын ұсынамыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, 

екі жыл болды, Өскеменде халықаралық бал 

фестивалін дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. 

Ондағы мақсат – балымызды өзге мем лекет-

терге таныту. Тағы бір ерекше атап өтер жайт, 

екі жыл болды, өңірдегі мектеп оқушыларының 

ас мәзіріне облыстық бюджеттің есебінен 

күніне денсаулығына байланысты 10-20 грам-

нан бал беріп отыруды дәстүрге ай налдырдық. 

Бұл – біріншіден, оқушылардың денсаулығына 

пайдасын тигізсе, екіншіден, біздің, жергілікті 

омарта шыларға өздерінің өнімдерін өткізуге 

көмек 

теседі. Соның нәти 



жесінде өңірдегі 

бұдан үш жыл бұрын өндірілген балдың көлемі 

700 тонна болатын болса, қазір 2 мың тоннаға 

жетіп қалды. Ал дағы уақытта бұл көрсеткішті 

арттыра түсуді көздеп отырмыз. Себебі аймақта 

бал шаруашылығымен шұғылдануға ниетті 

адамдар саны көп. Марал шаруашы лығына да 

барынша көңіл бөліп жатқан жайымыз бар. 

Маралдың өнімдерін шығаруға да қолдан 

келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Әсіресе 

марал өнімдерін шетелдерге өткізу мен 

демалыс орындарын көбірек ашуға ден қойып 

отырмыз. Бұл ретте Катонқарағай ауданындағы 

«Екі дос» ЖШС-сін атап өтуге болады. Марал 

мен бал шаруашылығына Үкімет тарапынан 

берілетін субсидияға келсек, біз қазір Ауыл 

шаруашылығы министрлігімен жұмыс істеп 

жатырмыз. Негізінен, заңға өзгеріс енгізілді. 

Енді басқа да мал шаруашылығы салалары 

сияқты, осы екі салаға да Үкімет тарапынан 

субсидия берілуі керек. 

– Байқаймыз, кейінгі кездері өңірдің 

құрылыс саласында орын алған олқы-

лықтар көп. Бұл ретте тиісті іс-шараларды 

қолға алып жатқаныңызды да білеміз. Өз 

ісіне жауапсыз қараған құрылыс ком-

панияларының тізімін БАҚ беттерінде 

жария еттіңіз. Сонда да көзбояушылық 

тыйылар емес. Бұл бағытта қандай 

жоспарларыңыз бар?

– Өңірдегі жауапсыз мердігерлердің тізімін 

баспасөз бетінде жариялағанымыз рас. Қазір 

біз мына бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бес 

құрылыс компаниясының ісін қаржы 

полициясына тапсырдық. Қазір олар тексеріп 

жатыр. Сотқа берген құрылыс мекемелері де 

бар. Мәселен, қан орталығы мен Өскемендегі 

Президент мектебін салған Алматының екі 

құрылыс компаниясын біз сотқа бердік. Қан 

орталығы жөнінде «ақша өндірілсін» деген 

соттың шешімі бар. Қазіргі уақытта қаржының 

60 миллионы қайтарылды, қалғанын қайтару 

бойынша сот шешімін орындаушылар жұмыс 

істеп жатыр. Тендерлік міндеттемелерін 

орындамайтын құрылысшыларды да жауапсыз 

мердігерлердің қатарына қосуды ұйғардық. 

Жауапсыз мердігерлердің тізімін БАҚ бетінде 

жариялаудағы мақсат – олардың 

жауапкершілігі жоқтығын тек біздің облыс қана 

емес, бүкіл ел білсін деген ой. 

– Өскемен республика бойынша ауасы 

ең лас қалалар қатарына кіреді. Соның 

салдарынан қалада тұрғындар арасында 

тыныс жолдары ауруымен ауыратын 

адамдардың санының көбейіп кеткені де 

жасырын емес. Қала экологиясын жақсар-

ту жұмыстары қолға алынып жатыр ма?

– Экология мәселесі бір күнде шешілетін 

мәселе емес. Бұған біраз уақыт керек, қаржы 

керек. Облыс орталығындағы экологиялық 

жағдайды сараптау үшін арнайы орталық 

аштық. Өскеменнің экологиясы жөнінде Үкі-

меттің арнайы құрылған жұмыс тобы бар. Оны 

қоршаған ортаны қорғау министрі Нұр лан 

Қаппаров басқарады. Аталған орталық 

жөнінде министрлікке өзіміздің ұсыныс тары-

мызды айттық. Біздің ойымызша, келесі жылы 

республикалық бюджеттен Өскеменнің ауасы, 

суы мен тұрмыстық қалдықтарын тазартуға 

қаржы бөлінуі тиіс. Қазіргі уақытта Өскеменге 

ірі кәсіпорындардан шыққан зиянды заттардың 

құрамын анықтайтын 12 құрылғы қойылды. 

Олардың санын көбейтуіміз керек. Әсіресе 

ауаны ластайтын ірі кәсіп 

орындарға. Дәл 

осындай жұмыстар көлікпен де жүргізілуі 

керек. Ауаны тек қана кәсіпорындар емес, 

көліктер де ластайды. 



– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан 

Азамат ҚАСЫМ

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

«Нұрлы көш» бағдарламасына біздің облыстан Өскемен мен Курчатов қалалары енген. 

Менің ойымша, осы бағдарламаны жүзеге асырушылар тарапынан бақылау әлсіз болып 

тұр. Егер бақылау дұрыс болатын болса, нәтижесі де дұрыс болар еді. Ең негізгісі, біз 

сырттан келген қандастарымызға дұрыс түсіндіруіміз керек. Одан кейін, әрине, оларға 

тиісті жағдайды жасауымыз қажет. Бірақ бұл тарапта да түйіні тарқамаған мәселелер бар. 

Кейбір қандастарымыз ұсынған жұмысты істегісі келмейді. Жоғары жалақы алатын 

жұмысты талап етеді. Екіншіден, олардың көбінің мамандықтары жоқ. «Мемлекет сіздерді 

тегін оқытады. Қазіргі заман талабына сай мамандық алыңыздар» десеңіз, оған да 

көбісінің барғысы келмейді. Соған қарамастан, біз бұл бағыттағы жұмыстарды 

жалғастырамыз.

ОҚШАУ ОЙ

«Туған жерге тағзым», «Туған ел – алтын бесігім» акциялары өңірдің мәдени-

әлеуметтік тынысына жаңаша серпін берді деп ойлаймын. Ең бастысы, бұл шаралар туған 

жерінен жырақта жүрген азаматтардың кіндік қаны тамған өлкеге деген сағыныш сезімін 

оятты. Соның нәтижесінде, жүрегі кең азаматтар туған ауылдарына келіп, бірі мектеп 

тұрғызса, енді бірі мәдениет үйін салып, енді бірі қаржылай көмек жасады. 

Отбасын құрғаным үшін 

материалдық көмек көрсетіле ме?

Астан уланғанда не істеу керек?



Жаз кезінде әртүрлі жеміс-жидек жегің келеді. Бірақ оның қаншалықты таза 

екенін білмей, ауырып қалып жатамыз. Әсіресе жол жүрген кездері астан улану 

жағдайы бола қалса, не істеуге болады?

Зарина ДҮБІРБАЕВА, Қостанай қаласы

Жаз айы – демалыс айы. Жазда қыдырып, 

жолға шыққанда бір қорап дәрілерді алып 

жүруге тура келеді. Бірақ олардың бәрі 

пайдаға аса бермейтіні анық. Бетін ары 

қылсын, дегенмен пойызда астан уланып 

қалғандай жағдай болса, ең тиімді және 

қолжетімді мына бір кеңесті есте ұстаңыз. 

1 литр қайнаған суға 1 қасық ас тұзын қо сып 

араластырып, бірнеше жұтымнан демалып 

отырып ішіңіз. Көп ұзамай ішіңіздің ауырғаны 

басылады. Кішкене бала болса, мұның 

көлемін азайту керек. Яғни бір стақан суға 

– бір шай қасық ас тұзы. 

Ал егер табиғат аясында жүріп, осындай 

жағдайға душар болсаңыз, мұның да шешуі 

табылады. Еменнің қабығы немесе түймедақ 

(ромашка) гүлінің бір алақан шұқырындай 

көлемін алып,1 стақан қайнаған суға салып, 

кішкене қоя тұрыңыз да, сәлден соң сүзіп, 

суын ішіңіз. Ал оған мүмкіндік болмаса, онда 

әлгілерді аузыңызға салып, сөлін сорыңыз. 

Астан улану шамалы уақыттан соң-ақ 

басылады. Табиғат аясында табиғаттың өзі 

осылай көмек береді.

ДАТ!


Мен №1 өнер мектебінде қызмет атқарамын. Жақында тұрмысқа 

шықтым. Осыған байланысты жұмыс орнымнан маған материалдық көмек 

көрсетілу керек пе? 

Гауһар БОЛАТҚЫЗЫ, Алматы

Егер еңбек, ұжымдық келісім шарт-

тарда, жұмыс берушілер актінде отбасын 

құрғаны үшін қаржылай кө 

мектесу 

мәселесі қарастырылса, онда сізге 

материалдық қолдау көрсетілуі тиіс. Егер 

мекеменің жоғарыда аталған құжат-

тарында мұндай мәселе ескерілмесе, 

онда материалдық көмек жасалмайды. 

Егер мемлекеттік мекемелердің еңбек, 

және ұжымдық келісімшарттарында, 

жұмыс беруші актінде шаңырақ көтер-

гендерді қолдау туралы жазылса, жас 

отбасыларға демеу жасалады. Өйткені 

өкілетті органдар мен ұйымдар тарапынан 

айлық жа 

лақысына үстеме қосу, ма-

териалдық көмек көрсету бюджеттік 

бағдар ла маларды 

қаржыландыру 

жоспарында қарас тырылған.



Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

АЛАШ АЗАМАТЫ



№119 (801) 

11.07.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

35 ЖЫЛДЫҚ тәжірибесі бар көлік жүргізушісі 



Мәмбет Кәленовтің ақыл-кеңесі

ӨРКЕНИЕТ


Жолда келе жатқанда доңғалақтың камерасы 

тесіліп, далада қалатын жағдай жиі кездесіп 

тұрады. Кей кезде көлікте қосалқы доңғалақ бол-

май жатады. Қырсыққанда қобдишадағы желім де 

қатып қалады немесе мүлдем болмай шығады. 

Мұндай жағдайда қалтадағы ақшаның көмегі тиеді. 

Әрине, ақша қандай жағдайдан да шығуға 

көмектеседі ғой. Бірақ бұл жерде қағаз ақша емес, 

тек күміс тиынның көмегі зор. Камераның тесігін та-

уып алған соң тиынды майыстырып, камераның 

тесігін қысып тастап, жақын маңдағы доңғалақ 

жөндеу пунктіне жетуге болады. 

***

Қала көшелерімен келе жатқанда тежегіш туралы 



белгі беретін «стоп» сигналы жанбай қалғанын білдіңіз 

делік. Онсыз да жүруге болады. Бірақ артыңызда келе 

жатқан көлік сіздің тоқтайтыныңызды білмей, артыңыз-

дан соғуы мүмкін. Сондықтан жол апаты қаупін тудыр-

мау үшін тоқтап, ақауды жөндеп алғаныңыз жөн. Бұл 

көп жағдайда сақтандыр ғыштың (предохранитель) 

күйіп кетуінен болады. Кейбір шетелдік көліктерде оң 

және сол жақ шамдар үшін екі сақтандырғыш жауапты, 

яғни оң және сол жақ сақтандырғыштар болып бөлі-

неді. Соған назар аударған жөн. «Стоп» сигналының 

істеп немесе істемей тұрғанын көлік от алған соң ғана 

тексеруге болатынын ұмытпаңыз. Әдетте сақтан-

дырғыш тар еш себепсіз де күйіп кетеді. Сондықтан 

себебін іздеп көп бас қатырмай-ақ қойыңыз. 

***

Таңертең тұрып көлігіңізге барсаңыз, ол от алмайды 



делік. Сіз түнде жаңбыр жауғанын немесе тұман болға-

нын ұмытып кетпеңіз. Ылғалды ауадан кейін кейбір 

көліктерде осындай «сырқаттар» болып тұрады. Егер 

стартер істеп тұрса, мәселе от алдыру білтесіне (свеча) 

қатысты деген сөз. Бұл жағдайда от алдыру білтесінің 

екеуін ауыстырсаңыз болғаны, көлік бірден от алады. 

№119 (801) 11.07.2012 жыл, сәрсенбі

АВТОКЕҢЕС

АВТО НДІРІС

Бүгінде мұндағы темір тұлпарларға сұраныс жоғары. 

Елімізде ғана емес, Ресей мен көрші мемлекеттерде де. 

Осыны ескерген қос зауыттың басшылығы өндірістің бірінші 

кезеңін (жылына 90 мың автокөлік) 2015 жылы, екінші кезеңін 

(қосымша жылына 30 мың автокөлік) 2017 жылы іске қосуды 

жоспарлап отыр. Болашақ кәсіпорынның өнімі, негізінен, 

Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысына және Орталық Азия, 

Кавказ елдеріне өткізілмек. Өндіріс орны өзінің толық қуатына 

жеткенде, бұл жоба еліміздің машина жасау саласындағы ең ірі 

жобаға айналады. Елдің жалпы ішкі өнім көлемін шамамен 1,5 

миллиард долларға өсіріп, жыл сайын мемлекет қазынасына 

салық ретінде 87 миллион доллар қаржы құйылады. 

Айта кетейік, бұл жоба Үдемелі индустриал ды-инновациялық 

даму бағдарламасының, Ин дус триаландыру картасының және 

өзге де бір қатар мемлекеттік бағдарламалардың бір бөлігі 

болып табылады. Жоба инвестициясының жалпы көлемі 514 

миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа зауыт өзінің жобалық 

қуатына жеткенде 12 мың жұмыс орны ашылып, жылына экс-

портқа 1 миллиардтан астам доллардың өнімін шығарады. 



Ержан МАНДИЕВ, «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті:

– «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы 

аясында автокөлік құрастыратын кешеннің қуатын 

кеңейту жұмыстары аяқталуда. Бұл – біздің жобамыздың 

бірінші кезеңі. 2010 жылдың шілде айында ҚР Үкіметі мен 

біздің зауыттың арасында келісімшартқа қол қойылған. 

Осыған сәйкес, біз автокөлікті толықтай құрастыратын 

кластер құрудың келесі фазасына кірістік. Оның 

тұғырнамасы толық циклдағы зауыт болады. 

Кәсіпорынның құрамына штамптау, шанақты 

(кузов) балқытып біріктіру және шанақты 

бояу жұмыстары енеді. 

«АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ержан 

Мандиевтің айтуынша, жаңа көлік 

өндірісінің инфрақұрылымы іргелес 

аудандардың мыңдаған тұрғындарының 

коммуналдық мәселелерін шешуге 

септігін тигізеді. Сонымен қатар жаңа 

өнеркәсіп орталығы қаланың тұрғын үй 

құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық 

дамуына да тың серпін бермек. Шығыс 

Қазақстан облысы әкімінің орынбасары 

Ермек Көшербаевтың сөзіне сенсек, 

жобаның бірінші кезеңінде зауыттың 

қызметкерлеріне мыңдаған жаңа пәтер 

беріліп, балабақша мен мектептің құрылысын 

салу жоспарланып отыр. 

Жобаға енгізілетін инвестициялардың 

жалпы көлемі 514 млн АҚШ долларын құрайды. 

Жоба толық қуатында жүзеге асқан жағдайда 12 

мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 



Азамат ҚАСЫМ,

Өскемен

ЕЛ ІШІ – ШЕБЕРЛЕР КЕНІШІ

РУСЛАН

 

ЖАСА АН 



«РОЛС-РОЙС»

Шахтинск қаласының 26 жасар тұрғыны 

Руслан Мұқанов «Ролс-Ройс» көлігі жайлы ар-

мандайтын. 500 мың АҚШ доллары тұратын 

темір тұлпар нағыз қиялға айналды. Мұндай 

көлемде қаражат жинап, арманындағы көлікті 

меншікке сатып алу қарапайым жігіт үшін 

мүмкін емес еді. Сосын Руслан мұндай көлік тің 

құрылысын өз қолына алып, қиын істі бастап 

кетеді. «Көз – қорқақ, қол – батыр». Руслан «Ролс- 

Ройсты» бір рет қана көрген болатын. Алма ты-

дағы «Ролс-Ройс» көліктерін сататын орталыққа 

келген Руслан қымбат темір тұлпарды бір көріп 

алып зерттей бастағанда, оның өзінің 1986 

жылғы «Мерседесімен» ұқсас тығын байқайды.

Руслан Мұқа нов: «Мен W124 шана ғын дағы 

«Мерседестің» су ре тін көрдім де, үстінен «Ролс-

Ройсты» кескіндегенмін. Бар лық сы зықтар сəй-

кес келді», – дейді.

Руслан өзінің арманын жүзеге асыру үшін 

үш ай бойы бел жазбай еңбектеніп, 5000 АҚШ 

долларын жұмсаған болатын. Барлық жетіс-

пеген бөлшектерді өз қолымен жасаған авто-

шебер британдық көлікті ерекше ететін эле-

мент жайлы да ұмыт паған. Оның көлі гінің есік-

тері жү 


ріс ке 

қара ма-қар сы 

ашы ла ды. 

«Мен капотыма 

«Ролс-Ройстың» таң ба-

сын орнатқым келмейді, бұл 

жақта бүркіт тұрады. Бұл шынайы «Ролс-Ройс» 

емес қой, бұл қазақ стандық «Ролс-Ройс», – 

дейді шебер.

Жол полициясы басқармасына есік топса-

лары күмəн тудырғанымен, машина тіркеуден 

өтіп, Қазақстанның кез келген көшелерінде 

жүре алады. Жүріс бөлігіне еш өзгертулер ен-

гізілмегендіктен, көліктің техникалық жағы 

өзгермеді. Руслан көліктің құрылысына ақша-

ны аямады. Жол бо йында кетіп бара жатқан 

«Ролс-Ройсты» байқаған жолаушылар жалт 

қарап, таңдайларын қаққанда қаражатты ойла-

майсың да.

Еркебұлан ҚАЙРАХАН



2 жыл, сәрсенбі

Өскемендегі «Азия Авто» зауыты 

Өскемендегі «Азия Авто» зауыты 

жылдан-жылға қанатын кеңге жайып 

жылдан-жылға қанатын кеңге жайып 

келеді. Шетелден көлік бөлшектерін 

келеді. Шетелден көлік бөлшектерін 

әкеліп, оны құрастырудан әріге аса 

әкеліп, оны құрастырудан әріге аса 

алмай жүрген кәсіпорын жетек-

алмай жүрген кәсіпорын жетек-

ші лері жақында ресейлік ірі көлік 

ші лері жақында ресейлік ірі көлік 

зауыттарының бірі «Авто

зауыттарының бірі «АвтоВАЗ

ВАЗ» 


» 

ААҚ-ның басшылығымен кездесіп, 

ААҚ-ның басшылығымен кездесіп, 

бірқатар келісімдерге қол қойған-ды. 

бірқатар келісімдерге қол қойған-ды. 

Басты жаңалық мынау: алдағы 

Басты жаңалық мынау: алдағы 

10 жыл көлемінде Өскеменде жылына 

10 жыл көлемінде Өскеменде жылына 

120 мың көлік шығаратын қуаты 

120 мың көлік шығаратын қуаты 

бар өндіріс кешені салынады. Бұл 

бар өндіріс кешені салынады. Бұл 

– ресейлік «Авто

– ресейлік «АвтоВАЗ

ВАЗ» ААҚ пен «Азия 

» ААҚ пен «Азия 

Авто» АҚ-ның бірлескен жобасы. Қазір 

Авто» АҚ-ның бірлескен жобасы. Қазір 

зауыттың салынар орны белгіленген. 

зауыттың салынар орны белгіленген. 

Аумағы атшаптырым алаң Үкімет 

Аумағы атшаптырым алаң Үкімет 

пен «Азия Авто» акционерлік қоғамы 

пен «Азия Авто» акционерлік қоғамы 

арасында қол қойылған елімізде ең ірі 

арасында қол қойылған елімізде ең ірі 

автоөнеркәсіп кластерін құру туралы 

автоөнеркәсіп кластерін құру туралы 

келісімнің аясында бөлінген екен. 

келісімнің аясында бөлінген екен. 

№119 (801) 11.07.2012

Д

АВТО НДІРІС



Д



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет