Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.03.2017
өлшемі6,07 Mb.
#7573
1   2   3   4   5   6   7

Эдуард ОГАЙ, 

«Қазақмыс» корпорациясы» 

ЖШС басқарма төрағасы: 

Кәсіпорынның біздің компания 

қыз меткерлеріне тігетін арнайы киімдері 

тек сапа, икемділік және халықаралық 

дең гейдегі қорғаныш құралдары сала-

сын дағы соңғы жаңалықтарды бойына 

жи нақтап қана қоймай, сонымен қатар 

бедел мен корпоративтік мәдениеттің де 

нышанын білдіреді. Сондай-ақ кәсіп-

орын еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласын 

дамытуға да елеулі үлес қосатындығына 

күмән жоқ. «Қазақмыс» корпорациясы» 

ЖШС-і кәсіпорынның басты әріптесі бо-

лып қала береді.

Қарағанды

да жеңу қажет» деген ұлттық идея алға 

шықты. «Игілікті мемлекет» ұранын көтер-

ген Исибаси үкіметінің, одан кейін Икэда 

үкіметінің «ұлттық табысты екі еселеу» 

ұранын жалау еткен жоспарлары жапон 

жұртынан кең қолдау тауып, соғыстан 

қалжыраған елдің экономикасы өрлей ба-

стады. Жалпы ішкі өнімі 30 жыл бойы 10 

пайыздан өсіп отырған Күншығыс елі ақыр 

соңында әлем дегі көшбасшы мемлекетке 

айналды. Жапон ұлттық идеясы мен 

рефор масының жетістікке жетуінің себебі 

жапон тілі мен жапон менталитетіне не-

гізделгендігінде еді. Түбі бір, саяси жүйесі 

бөлек Солтүстік Кореядан қауіпсіздігін 

қам та масыз етуді басымдық тұтқан Оң-

түстік Кореяның ұлттық идеясының мәні 

– бұрынғы отарлаушы ел – Жапонияны 

экономикалық даму жағынан қуып жетіп, 

басып озу болды. Кінәсін мойындау идея-

сы және оны жалпыеуропалық құндылық-

тарға қосу соғыстан кейінгі Германияға 

өзі нің ұлт шылдық болмысын жеңіп шығуға 

жағдай туғызғаны анық. Герман экономи-

калық ға 

жайыбының авторы соғыстан 

кейінгі Эрд хард реформала рының басты 

жетісті 

гінің құпиясы экономикалықпен 

қатар, рухани кеңістікте жатыр. Бір кездері 

генерал Шарль де Голльдің «Ұлы Фран-

ция» ұлттық идеясын жүзеге асырғаны 

белгілі. Өмірінің 27 жылын түрмеде өткіз-

ген Нельсон Мандела Оңтүстік Африка 

Республикасында ақ не қара нәсілге 

бөлмейтін, яғни апартеидсіз ел саясаты 

ОАР-дың ұлттық идеясына айналды. Бұл 

ұлттық идея жүректерге жол тауып, әлем

-

нің қол дауына қол жеткізіп, ОАР-дың өр-



леуіне мүмкіндік берді. Осындай әлем дік 

тәжіри бені ескеріп, қазақтың болмысына 

жақын ұлттық идеологиясын заманға сай 

жандандыра білу керек сияқты. 

керіп кеткен күре тамырларына дүр кін-

дүркін қан жүгіртті. 

Сәрсенбінің сәтінде Қарағанды облы-

сының әкімі Әбілғазы Құсайынов аталған 

теміржол салынатын учаскені арнайы ба-

рып көрді. «Жезқазған-Бейнеу» жобасы-

ның бірінші кезегі «Жезқазған-Сексеуіл» 

учаскесінің құрылысынан басталады. 

Оның жалпы ұзындығы – 517 шақырым. 

Ал Қарағанды облысының аумағынан 

өтетіні – 374 шақырым.

Бұл жобаны жүзеге асыру жүк пойыз-

дарының жаңа бағыттарын ашып, жол 

ұзақтығын қысқартады. Соған орай жүк 

тасымалы да едәуір жеңілдейді. Сондай-

ақ өңір кәсіпорындарының дамуына жа-

ңа ша серпін береді. Аймақтың экспорт тық 

әлеуетін арттырып, әлеуметтік инфрақұры-

лым нысандары ашылады. Мыңдаған 

жұмыс орындары құрылады, жергілікті 

бюджетке түсетін түсім көлемі де көбейеді 

деп күтілуде. Құрылыс барысында жер-

гілікті еңбек ресурстары, құрылыс матери-

алдары, құрал-жабдықтар мен техника-

лар пайдаланылмақ.

«Жезқазған-Сексеуіл» учаскесінде ор-

таша есеппен алғанда 4570 адам жұмыс-

пен қамтылмақ. Теміржол құрылысынан 

бөлек, мұнда үш учаскелік және үш аралық 

стансы салу жоспарланып отыр. Осы стан-

сыларда тұрақты түрде 901 жаңа жұмыс 

орны ашылады. 171 екі пәтерлі үй, екі орта 

ІСКЕ СӘТ!

Жаңа тағайындаулар

Белгілі ақын, тәжірибелі жур-

налист, С.Бердіқұлов атын 

дағы 


сый  лықтың  лауреаты,  «Дара боз» 

сый лығының 

және 

Пре зи дент 



сти пен диясының  иегері,  жас өспі-

рім дерге  ар налған  респуб ли ка-

лық «Ұлан» газетінің бас редак-

торы Есей ЖЕҢІСҰЛЫ ҚР Прези-

денті бас пасөз хат шысының орынбасары болып тағайындалды.

Аталған қызметті бұған дейін атқарған белгілі қаламгер, тарих ғылымының док торы 



Дархан ҚЫДЫР ӘЛІҰЛЫ Түркі мемлекеттері ынты мақ тастығы кеңесі бас хат шысының 

орынбасары қызметіне таға йындалды.

«Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары, белгілі балалар жазушысы, журна-

лист Бағдат МӘЖИТ ҰЛЫ осы басы лымның бас редакторы қыз метіне ауысты. Әріп-



тестерімізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

Турасын айтсақ, әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы 

болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының 

санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан 

ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. «Орыс идеясы» 

ұғымын алғаш рет енгізген Ф.М. Достоевский өзінің «Қылмыс 

пен жаза» романында «Асқақ идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре 

алмайды» деп жазғаны осы сөзімізге дәлел болса керек.

ОЙТҰЖЫРЫМ

Кез келген саясат немесе 

мемлекеттік бағдарлама жемісті 

болуы үшін оны ұлттық идея 

формуласы ретінде қарастыру керек. 

Әлемдік тәжірибе алдымен ұлттық 

экономиканы көтеріп, бұған 

халықтың күш-қуатын жұмылдырып, 

ұлттық идея ретінде жүзеге 

асыратындығына көзімізді жеткізді. 

Яғни ұлттық идеяның игіліктері 

экономикадан бастау алған. 

Елбасымыздың бұған дейін ұсынған 

«Орталық Азия барысы», бәсекеге 

қабілетті экономика, индустриялық-

инновациялық даму бағытындағы 

саясаты бүгінгі әлеуметтік жаңғыру 

идеясының баспалдағы һәм 

алғышарттары болды. Бұл идея әрбір 

азаматтың әлеуетіне қозғау салып, 

мемлекеттік ауқымда жүзеге асуы 

керек. Ондай асқақ идеялар, патша 

көңілді оқырман, сіздің көкейіңізде 

тұнып тұр, тек оны өмір шындығына 

айналдыруға атсалыссақ игі.

ДЕРЕК

Жезқазғанның өнеркәсіптік аймағына Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ау-

даны енеді, оның жалпы көлемі – 140 мың шаршы шақырым. Мұнда 170 мыңнан астам 

адам тұрады, бұл – облыс тұрғындарының 13 пайызы. Әкімшілік-аймақтық бөлу бойын-

ша мұнда облыстық бағыныстағы екі қала, бір селолық аудан, 20 поселкелік және 

селолық округтер бар. Барлығы бұл өңірде 53 елді мекен орын тепкен. Аймақта жалпы 

облыстық өнеркәсіп өнімінің 40 пайызы шығарылады. Бұл, негізінен, «Қазақмыс» 

корпорациясының кәсіпорындары.

Тоқсаныншы жылдардың соңында бұл аймақта өнеркәсіп, құрылыс дамып, жақсы 

әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым болды, тұрғындардың өмір сүру деңгейі салыс-

тырмалы түрде жоғары еді. Жезқазған облысы тарағаннан кейін көптеген маман кадр-

лар мен жастар басқа жаққа, тіпті тұрғындар да еліміздің басқа жерлеріне көшіп кете 

бастады. Соның нәтижесінде 1991 жылы бұл аймақта 221 мың адам тұрса, қазір 

олардың саны 173 мың адам болып отыр. Бұл жерде «Қазақмыс» корпорациясының 

кәсіпорындарынан басқа, «Жезқазғанредмет» РМК, мұнай айдау басқармасы, құрылыс ма-

териалдары мен азық-түлік шығаратын фирмалар орналасқан. 

Осы аймақта республикада шығарылатын мыс сымдардың 99 пайызы, қорытылған 

мыстың 95 пайызы, күмістің 80 пайызы, алтынның 32 пайызы, электр энергиясының 8 

пайызы, мыс кендерін өндірудің 88 пайызы, көмірдің 7 пайызы өндіріледі.

ІЗ.ДЕН.ІС



Қазақстанға «Суперкурс» келді

«Суперкурсқа» кірген дәрістердің бәрі 

ағылшын, орыс және тағы басқа тілдерде 

жарияланады. Новосібір қалалық терапия 

институтының ғылыми қызмектері, «Су-

перкурс» жобасына жауапты маман Евге-

ний Шубниковтың айтуынша, болашақта 

курстың негізгі дәрістерін қазақ тіліне ау-

дару жоспарланып отыр. 

Бүгінде «Суперкурс» сияқты он-лайн 

ресурстың әлем бойынша аналогі жоқ. 

Бұл бастаманы АҚШ-тың Питтсбург уни-

вер ситетінің профессоры Рональд Лапор-

те іске асырып отыр. Бас кезінде ол атал-

ған «Суперкурсқа» жеке жұмыстарын ға на 

орналастырған. Уақыт өте келе оның аясы 

кеңейді. 

Қазіргі кезде АҚШ-тың Питтсбург уни-

верситеті мен Назарбаев универ 

ситеті 


ты ғыз жұмыс істеп келеді. Осы ынты мақ-

тас тықтың 

негізінде 

биомедици налық 

зерт 

теулер бойынша тұңғыш интернет-



жур налы  (http://cajgh.pitt.edu/ojs/index.

php/cajgh) шығарылып отыр. 



Жақсыбай ЖҰМАДІЛОВ, 

Назарбаев университетінің Өмір туралы 

ғылымдар орталығының бас директоры:

– «Жаһандық денсаулық сақтаудың 

Ортаазиялық журналы» деп атала 

тын 

бұл басылымның ерекшелігі – он 

да 

барлық отандық ғалымдар өздері 

нің 

ғылыми зерттеулері мен әзірлеме 

ле-

рін көрсете алады. Орталық Азия өңі-

рінде ондай басылымды әлі ешкім 

шығармаған. Аталмыш журнал ғалым-

дарға жаһандық денсаулық сақтау са-

ла 

сындағы көкейкесті мәселелермен 

бө лі сіп, оларды тиімді шешу жолдарын 

табу ға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. 

Арман АСҚАР,

Астана

Бүгінде аталған курста медицина саласының белді мамандары 

жазған 5000-ға жуық дәріс бар. Мұнда қоғамдық денсаулық 

сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар 

жинақталып, сан алуан аурулардың алдын алудың тиімді жолдары 

көрсетілген. Интернет желісі арқылы тарайтын «Суперкурстың» 

арқасында Қазақстан дәрігерлері біраз тәжірибе жинақтай алады.

БРИФИНГ


Астық бағасы шарықтап барады

Халықаралық астық кеңесі маусым 

айында өз есебін жариялап, онда 2012-

2013 маркетинг жылында әлемдегі бидай 

өндірісінің көлемін 665 млн тоннаға 

болжаған болатын. Бұл – мамырдағы бол-

жамнан 6 млн тоннаға, өткен жылғы 

маусымның деңгейінен 30 млн тоннаға аз 

көрсеткіш. Сөйтіп, нарықты дүр сілкіндіріп, 

астықтың бағасын күрт шарықтатуға атал-

мыш кеңестің сәуегейлігі сеп болса керек. 

Дегенмен ондай сәуегейліктің орынды-

лығы да байқалады. Мәселен, халық ара-

лық астық кеңесі әлемдік бидай өнді рісінің 

азаюына басты себепті құрғақшылық сал-

дарынан Еуроодақ елдеріндегі, Австралия 

мен Аргентинадағы, Ресейдегі, Украина 

мен Қазақстандағы бидай өндіру көлемінің 

төмендеуімен байланыстырады. Мұндай 

болжам қазіргі күні де нақтылана түскен. 

Мысалы, Ресей ауыл шаруашылығы мини-

стрлігі ағымдағы жылғы жиналатын астық 

көлемін 85 млн тоннаға болжапты. Бұл –

был 


тырғы деңгейден 10 млн тоннаға 

төмен көрсеткіш. Ал егін орағына жылда-

ғы дан 10 күн бұрын кіріскен теріскейдегі 

көршіміздің көрсеткіші де тым мардымсыз 

болып отыр. Атап айтсақ, қазіргі таңда Ре-

сейдегі дәнді дақылдардың орташа түсімі 

гектарына 27,2 центнерді құрап отыр. 

Былтырғы көрсеткіш 48 центнер болған. 

Бұдан бөлек, Ресейдің астық үшін қолайлы 

саналатын, әсіресе оңтүстік және орталық 

федералдық округтерінде құрғақшы-

лықтан туған күй зеліс деңгейі жоғары бол-

са, екінші бір шетінде керісінше жауын-ша-

шын көп кедергі келтіреді. Кешегі Кубань-

дағы, Краснодар өлкесіндегі су тасқындары 

ауыл шаруашылығы дақылдарының 

егістеріне айтарлықтай залал жасаған. Са-

рапшылар Украинадағы астықтың көлемін 

де 43-44 млн тоннаға дейін төмендейтінін 

болжапты. Бұл – өткен жылдың деңгейінен 

10-12 млн тоннаға немесе 25-30 пайызға 

төмен көрсеткіш. Бағаның шарықтап кетуін 

осындай мысалдардан байқауға болады. 

Мамандар айтқан нақты мәліметтерге 

сүйенсек, маусым айының үшінші онкүн-

дігінде Чикагоның тауар биржасында 

(СВОТ) бір тонна азық бидай бағасы 29 

долларға өсіп, 298 долларға жеткен. Ал 

Париждің тауар биржасындағы (MATIF) 

астық бағасының көрсеткіші 304 доллар-

ды құрапты. Қолма-қол сату нарығында 

маусымның соңғы онкүндігінде бір тонна 

америкалық бидай бағасы 24 долларға 

өсті. Тиісінше, Еуропа бидайы – 20, ресей-

лік бидай 60 долларға қымбаттаған. 

Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, 

қаңтар басында тоннасы 124 долларды 

құраған үшінші сыныпты бидай бағасы 

шілденің бірінші онкүндігінде 155 долларға 

көтерілген. «Жалпыәлемдік жағдай қазақ 

астығына сұранысты арттырып қана қой-

май, оның сату нарығындағы бәсекеге 

қабілеттілігін көтеруге септігін тигізіп отыр. 

Демек, отандық астықты экспорттау кезін-

дегі шығындарды субсидиялау өзінің 

өзектілігін жойып барады. Осыны ескере 

отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі 

экс 


порттық субсидияларды 1 тамыздан 

бас тап тоқтатуды қарастыратын болады», 

– дейді Агроөнеркәсіп кешеніндегі эконо-

микалық саясатты талдау орталығының 

директоры Сағынтай Жұмажанов. Сөйтіп, 

бұған дейінгі бағаның құнттылығы болма-

ған тұста шаруаларға дем беріп, сыртқа 

тасығандағы шығынын өтеп келген қолдау 

сап тыйылады. Әлемдік нарықтағы жайлы 

жағдай астықшылардың өз бетінше әрекет 

етуіне жол ашпақ. Бұл, бір жағынан, жа-

ғым ды жайт. Дегенмен біздің қоғамда баға 

мәселесі ерекше нәзік мәселе ғой, сон дық-

тан астықтың қымбаттауы нанның бағасына 

да әсер етпей ме деген сауал туады көкейде. 

«Қымбаттамауға тиіс. Себебі бізде астық-

тың, ұнның, нанның бағасын тұрақтандыру 

үшін құрылған Азық-түлік келісімшарт кор-

порациясы бар. Осы компанияда қазірдің 

өзінде 5 млн тоннаға жуық астық бар. Кор-

порация ішкі нарықты тұрақты бағамен 

қамтуға тырысады. Бұдан бөлек, егер астық 

бағасы нан бағасына әсер ететіндей жағдай 

байқалса, бұған дейін де қолданылған 

тетіктер һәм тәжі рибелер іске қосылады. 

Жалпы, біздің астыққа қатысты ішкі нарық-

ты реттеуге то лық мүмкіндігіміз баршылық», 

– деген жауап алдық сарапшы Сағынтай 

Жұма жановтан. 

Қанат ҚАЗЫ,

Астана

Әлемнің астық нарығында баға шайқалып, онда да шарықтап 

тұр. Бұл бидай өндіруші елдердің әлемдік бестігіне енетін 

Қазақстанның ішкі нарығындағы бағаға да әсер етуде. Соған орай 

Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортына қолдауын 

тоқтатып, тамыздан бастап субсидияны тыйып тастамақ. Кеше 

министрлікте өткен брифинг барысында мамандар мәселенің 

мәнісін ашып, түсінік берді.

Мансұр ХАМИТ (фото)



№119 (801) 

11.07.2012 жыл, 

сәрсенбі


                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ҚОҒАМ


МӘСЕЛЕ

Асқатық майды алыстан 

арбалай береміз бе?

ҚЫЖЫЛ


Шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қалай қамтамасыз ету керек?

Марат 

БАШИМОВ, 

заң ғылымының 

докторы, 

профессор:

Дәурен 

БАБАМҰРАТОВ, 

«Болашақ» жастар 

қозғалысының 

лидері:

Жанат СЕМБАЕВ, 

Алматы облыстық 

төтенше жағдайлар 

департаменті 

баспасөз қызметінің 

жетекшісі:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Республика бойынша барлық өңірдің төтенше жағдайлар бөлімдеріне 

қарасты құтқару қызметінің мамандары қайғылы оқиғалардың санын азайту 

мақсатында түрлі шаралар жүргізіп жатыр. Бірақ нәтиже көңіл көншітер емес. 

Әсіресе мертіккендер жайлы мәліметтер Алматы облысы бойынша көп 

тіркеледі. Себебі бұл облыс өзен мен көлге өте бай. Шомылу маусымында 

қауіпсіздік шараларын бірнеше жолмен қамтамасыз етуге болады. Біріншіден, 

мектеп жасындағы балаларға қосымша сабақтар өткізу арқылы жазғы каникул 

мерзімі басталмай тұрып оқыту керек. Екіншіден, сол мектеп бағдарламасына 

жүзуді үйрететін сабақтарды қосып, бассейндермен жабдықтау қажет. Судан 

құтқару қызметі мамандарын шақырту арқылы бүлдіршіндерге дәріс оқып, 

суда жүзуді үйретуге болады. Үшіншіден, ата-аналар арасында жиындар 

өткізіп, болмаса, БАҚ арқылы перзенттерін қараусыз қалдырмауды саналарына 

сіңіру керек. Тағы бір айта кетер жайт, жекеменшік иелеріне тиесілі жағажайлар 

мен демалыс орындарында құтқару қызметі жұмыс істемейді. Кіреберістен 

ақша алуды ғана білетін оларды қонақтарының қауіпсіздігі алаңдатпайтын 

тәрізді.

– ҚР Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «біздің 

республикамыздың ең қымбат қазынасы – адам және оның 

өмірі» делінген. Сондықтан балалардың болсын, ересектердің 

болсын, өмірінің су түбіне кетіп қиылуына жол бермеуіміз 

керек. Бар мәселе сонда жатыр. Ата Заңымыздың 39-бабында 

мемлекет қандай жағдайда адамның құқықтарын шектейтіні 

жайында айтылған. Заңсыз жерде суға түскендерге ескерту 

жасауға құтқарушылардың толық құқы бар. Керек десеңіз, 

заңға сәйкес, шомылуға тыйым салынатын жерлерге баруы-

ңыздың өзі заңбұзушылық болып табылады. Бірақ оны ешкім 

ескермейді де. Себебі бақылау жоқ. Заң талап 

тарының 

қаншалықты орындалып жатқандығы қадағаланбайды. Сол 

себепті шомылу маусымында қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді 

заңдардың бұзылмауын қадағалаудан бастау керек деп 

ойлаймын.

– Шомылу маусымы басталғалы бері көп уақыт өтпесе 

де, суға батып, ажал құшқандардың саны жаға ұстатып 

отыр. Оның ішінде бүлдіршіндер мен жастардың қатары 

азаяр емес. Әрине, бірінші кезекте Су ресурстары агенттігі 

мен жергілікті әкімшілік кінәлі. Өкінішке қарай

жауапкершілік атаулы ақсап тұр. Меніңше, шомылу кезінде 

халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің бір ғана жолы 

бар. Кеңес заманында өзен-көлдердің түбі тазаланып, 

судың тереңдігі мен ағысының жылдам 

дығына дейін 

тексеріліп отырған. Су бетімен кемелер жүргізіліп, судың 

деңгейін қатаң бақылаушы топтар болған. Сол секілді, әрбір 

жағажайда, демалыс орындарында, кіші болса да өзен мен 

көлшіктер жағалауларына ақпараттық таяқшалар қою 

керек. Таяқшаға міндетті түрде «алғашқы бес метрде судың 

тереңдігі мынадай, келесі бес метрде мынадай» деген 

сияқты нақты мәліметтерді енгізу қажет деп ойлаймын.



Әзірлеген  Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Абылайхан САМАТДИНОВ, 

Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, 

ҚР Риэлторлар қауымдастығының құрметті 

президенті

Ізбақ ӨМІРЗАҚОВ, 

Мәжіліс депутаты

Ал бес жыл тұрақты тіркеуде тұрған 

азаматқа үй жетпей қалады. Бұл әділеттілік 

пе? Сондықтан «Алматы мен Астанада 

«Қолжетімді баспана» бағдарламасына 

ілігу үшін азаматтардың бес жылдық 

тұрақты тіркеуі болуы қажет» деген 

ұсыныс өте орынды көтеріліп отыр. 

Естуімше, қазірдің өзінде Алматы 

қаласында қолжетімді пәтер кезегіне 

25 мың отбасы тіркеліпті. Олардың 

барлығын үймен қамтамасыз ету 

үшін 1,5 млн шаршы метр немесе 

700 көппәтерлі тұрғын үй салынуы 

қажет екен. Ал Алматы қаласында 

басы артық жер жоқ. Сондықтан 

аталмыш бағдарламаға ілігу 

үшін тұрақты тіркеудің шектік 

межесі белгіленуі қажет. 

Әйтпесе, қалаға кеше келген 

жастар бір үйге тіркеуге 

тұрып, «маған үй бер» деп 

өтініш жазады. Бұл ішкі 

миграцияға кері әсер етуі 

мүмкін. Ертеңгі күні олар 

Алматыдан үй ала алмай 

қалатын болса, «бұл бағдарлама 

өз деңгейінде орындалмады» деп шу 

шығарады. Билікке наразы топ көбейеді. 

Сондықтан Мәжіліс депутаттары бұл 

ұсынысты қолдап, тиісті құжатқа өзгерістер 

енгізуі қажет. 

Қазақта «көрпеңе қарай көсіл» деген 

нақыл бар. Жергілікті тиісті органдар 

өздерінің шамасына қарай тұрғындарды 

үймен қамтамасыз етуге тырысуда. Алайда 

ананың да, мынаның да құжаттарын 

қабылдай беріп, ертеңгі күні үй бере алмай 

қалса, мұның арты үлкен дауға ұласады. 

Сол үшін мұны әркім шамасына қарай 

шешкені дұрыс.

 Өйткені қашан болса да қалада 

тұрақты тіркелген азамат үйге кезекке 

тұруға құқылы. Біріншіден, ол – шетел-

дің емес, Қазақстанның азаматы. Ал 

оларды «сен мына қалада мұнша 

жыл тіркеуде болмапсың, енді үйге 

кезекке тұруға құқың жоқ» деу  үл-

кен әбестік болып саналады. Егер 

қалада тұрақты тіркеуі болмаса 

немесе «Қолжетімді баспанаға» 

қатысты қойылған талаптарға 

құжаттары сәйкес келмесе, 

онда әңгіме басқа. Онсыз да 

үйге кезекке тұру үшін 

бірқатар талаптар қойыл-

ған. Мәселен, жас отба-

сының жасы 29-дан аспау 

қажет, екі жыл заң 

ды 


некеде болуы керек, 

екеуінің тұрақты тіркеуі бір 

жерде болуы тиіс, сонымен 

қатар, ерлі-зайыптылардың айлығы 

200 мың теңгеден асуы – міндет. Өзі жас 

отбасы болса, олардың жалақысы 

қалайша 200 мыңнан аспақ? Міне, осы 

талаптарды орындаудың өзі көпшілікке 

оңай емес. Ал оған тағы бір «бес жылдық 

тұрақты тіркеуі болуы керек» дегенді 

қосатын болсақ, онда бұл үлкен қателік 

болады. 


Бұл бағдарлама Елбасының тап-

сырмасымен жүзеге асып отыр. Бұған 

қатысты онсыз да көптеген талқылаулар 

болған. Оның барлығын Үкімет тыңдап, 

бірлесіп, бір шешімге келді. Бағдарлама 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет