же тер лік. Солардың бірі –
та тын Ақбауыр. Әлі күн-
дің бірі. Елімізде бұған дейін
кө несі.
тын пластинкалар тағылған. Бір
ды. Ғалымдардың сөзіне қара-
ре меттің бірі.
шымыз. Асыл мұрамыз, ба ға
жетпес құнды қазынамыз. Та-
басы. Жалпақ жаһанды ау зы на
сүйегі сақталған жер. Со
сақтаулы жа тыр.
бар. «Патшалар алқабы» деп
та был ған.
салған екен.
ғатын шаруа. Сондықтан жер-
найды, баға лай ды. Көрген көз
ете ді. Ашық ауа ра йын да аппақ
алыстан мұ нартады. Алтайдың
кен дер үшін таптырмас ке шен.
Бетті дайындаған
Азамат ҚАСЫМ
№119 (801)
11.07.2012 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
Менің ойымша, әрбір елді мекенге
өзінің тарихи атауы берілуі керек
– Бердібек Мәшбекұлы, ең әуелі
«Алаш айнасы» газетіне арнайы сұхбат
бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Шығыс өңірінің тізгінін қолға алғаны-
ңызға үш жылдан астам уақыт болған
екен. Үш жыл Сіз үшін несімен есте қал ды?
Көздеген шаруалар мен алға қойған
міндеттерді жүзеге асыра алдыңыз ба?
Әңгімеміздің әлқиссасын осыдан бас-
тасақ...
– Үш жыл дегеніңіз аз да, көп те уақыт емес.
Алға қойған міндеттер мен көздеген шаруалар
толықтай жүзеге асырылды деп айтуға да
болмайды. Алайда, жалпы алғанда, өңірдегі
экономикалық-әлеуметтік көрсет
кіштерге,
халықтың тұрмыс жағдайына қатысты жүр-
гізілген сауалнамаларға қара ғанда, алға қой-
ған мақсат-міндеттер орын далды деп айтуға
да болады. Бірақ әлі де алдымызда шешімін
күткен, түйіні тарқамаған мәселелер аз емес.
Ең өзекті мәселенің бірі – баға өсімін тұрақ-
тандыру. Бұл барлық са лаға қатысты. Тамақ
өндірісі болсын, киім болсын, коммуналдық
қызметтер болсын. Жолдарды жөндеу, тұрғын
үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды
салу секілді мә селелер – әрқашан да күн-
тәртібінде. Әсі ресе өңірдің денсаулық сақтау
саласында түйіні тарқамаған мәселелер көп.
Одан кейінгі үлкен мәселелердің бірі – ауылдық
жер лердегі тұрғындарды ауызсумен қамта-
масыз ету. Бұл тарапта тиісті жұмыстар қолға
алынып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында
да кезегін күткен шаруалар жетерлік. Әсіресе
шағын шаруашылықтарды ірілендіру мәселесі
– бүгінде өте өзекті. Суармалы жер
лерді
көбейту мәселесінің де маңызы ерекше. Бұл
тарапта қолға алынып жатқан жұмыстар бар.
Менің ойымша, бұл жұмыстар әлі де болса
жеткіліксіз. Біз ауыл шаруашылығы саласын-
дағы өнімдердің көлемін көбейтіп, ауылда
тұратын халықтың тұрмысын жақ
сартамыз
десек, ең әуелі берілген жерлерді тиімді пайда-
ланып, пайдаланылмай жатқан жерлерді мем-
лекетке қайтарып алуымыз керек. Шаруа-
шылықтарды ірілендіру мәсе лесіне келсек, бұл
тарапта да ойланарлық жайттар аз емес.
Жасыратыны жоқ, шағын шаруашы лықтардың
мүмкіндіктері өте аз. Не техникасы жоқ, не
ақшасы жоқ. Олар несие де ала алмайды.
Несие алайын десе, кепілдікке қоятын мүлкі
жоқ. Оның үстіне, өздеріне тиесілі жерлерінің
құнарлылығы тым төмен. Сондықтан олар
бірлесіп, тізе қо сып, шаруашылықтарының
ауқымын ке ңейтуді ойлауы қажет. Сол кезде
несие алуға да, жалпы, кәсіптерінің кең қанат
жаю ына да мүмкіндік туар еді. Жалпы алғанда,
осындай азды-көпті мәселелер бар. Негізінен,
бұл мә селелердің түйінін тарқатар жол бізге
белгілі. Оның дені қаржыға келіп тіреледі.
Сондықтан бұл мәселелерді шешу
бағдарындағы жұ мыстар жалғасады.
Енді есте қалар жағдайларға тоқталып өтер
болсам, өткен жылдардың қандай бол ғанын
өзіңіз де жақсы білесіз. Бір ғана мысал ретінде
2010 жылғы қыс пен көктемді айтуға болады.
Қақаған аяз, қалың қар, дүлей боран, оның
соңы тасқынға ұласты. Көнекөз қариялардың
айтуынша, мұндай қатал қыс өңірде соңғы 50-
60 жылда бол
маған. Әсіресе Тарбағатай,
Зайсан, Күршім, Көк пекті, Абай аудандары
тасқынның зар дабын қатты тартты. Ең бастысы,
Ел
басының, Үкі
меттің тікелей қолдауының
арқасында адам шығынына жол берген
жоқпыз. Мал шығыны болды. Алайда олардың
шығынын толығы мен өтедік. Тасқыннан зардап
шеккен тұрғын дардың үйлерінің бәрі қал пына
келтірілді. Аудандарда 610 үй салынды.
Соңғы жылдарда өңірде өрт жағдайлары
да тым жиілеп кетті. Әсіресе былтыр өрт көп
болды. Соған байланысты бірқатар аудан дар-
да қиыншылықтар туындады. Дегенмен елдің
басы аман, бауыры бүтін. Тілсіз жауға дер
кезінде шара қолданылды. Одан кейінгі есте
қаларлық оқиғалардың бірі – 2010 жылы
Өскеменде қос мемлекет – Ресей мен
Қазақстан Республикасы Прези
денттерінің
қатысуымен 7-өңіраралық ынты
мақтастық
форумы өтті. Үш жыл көлемінде өңірдің мә-
дениет саласында да бірқатар ауқымды іс-
шаралар қолға алынды. Бұл ретте 2011 жы лы
ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің
алтын бесігі» атты халық
аралық форумды
ерекше атап өтуге болады. Өскеменде 2009
жылы тұңғыш рет Алаштың айтулы ақын-
дарының ғана емес, алыс-жақын шетелдің сөз
зергерлерінің қаты суымен «Шығыс шы нары»
атты жыр мүшәй расы ұйымдас тырылды. Жыр
додасы содан бері жыл сайын дәстүрлі түрде
өткізіліп келеді. «Туған жерге тағзым», «Туған
ел – алтын бесігім» акциялары да өңірдің
мәдени-әлеуметтік тынысына жаңаша серпін
берді деп ойлай мын. Ең бастысы, бұл шаралар
туған жерінен жырақта жүрген азаматтардың
кіндік қаны тамған өлкеге деген сағыныш
сезімін оятты. Соның нәтижесінде жүрегі кең
азаматтар туған ауылдарына келіп, бірі мектеп
тұрғызса, енді бірі мәдениет үйін салып, енді
бірі қаржылай көмек жасады. Өткен жылы
Шы ғыс өңірінен шыққан, бүгінде Алматы мен
Ас танада қызмет етіп жүрген мәдениет, білім-
ғылым қайраткерлерімен және осы қалаларда
білім алып, студенттермен арнайы кездестім.
Менің ойымша, мұндай кездесулер өте қажет.
– Осыдан біраз уақыт бұрын Мем лекет
басшысының қабылдауында бол
ға-
ныңызды білеміз. Президент Сізге бір-
қатар міндеттер жүктеді. Үдемелі
индустриалды-инновациялық даму бағ-
дар ла масы
мен
индустрияландыру
картасын жүзеге асыру жөнінде айтты.
Әсіресе Елбасы өңірдегі мал шаруа-
шылығын дамыту ісіне баса тоқталды.
Осы бағытта бүгінде қандай жұмыстар
қолға алынуда?
– Шығыс Қазақстан облысы қай кезде де
мал басы жөнінен республикада алдыңғы
орындардан көрінген. Әсіресе Семей өңірі,
оның ішінде Абай, Тарбағатай аудандары
ежелден мал шаруашылығына бейім. Бұл
аудандардың негізгі тіршілігі де – осы. Сон-
дықтан біз мал басын арттыру мәселесіне
әрдайым көңіл бөліп келеміз. Осы ретте үш
жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Жай-
лау» бағдарламасын ерекше атап өтуге
болады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты
– ауылда тұратын жұртқа пайызсыз несие беру.
Бұл бағдарлама әуелде облысымыздың үш
ауданында жүзеге асса, біз мұны қазір сегіз
ауданға жеткізіп, Күршім, Тарбағатай, Көкпекті
секілді аудандарды қостық. Ондағы
мақсатымыз – малдың басын көбейту. Ерек ше
атап өтер жайт, биыл Семейдегі тері-жүн
комбинатын іске қостық. Жасыратыны жоқ,
қанша тері мен жүннің арзан бағамен саты лып
немесе түкке жарамсыз болып, пайдаға аспай,
далада шашылып жатқаны рас. Қазір біз
облыстың сегіз ауданында сервистік дайындау
орталықтарын аштық. Ондағы мақсатымыз –
халықтан тері мен жүнді дұрыс бағада
қабылдап, жинап алып, осы ком бинатқа әкеліп
өткізу. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 200
миллион теңге көлемінде ақша бөлдік. «Жұ-
мыспен қамту – 2020», «Сыбаға» секілді
бағдарламалардың шапа
ғатын бұл күнде
халық сезінді. Осы бағдар ламаларға сәйкес,
несиелік серіктестіктер құрылды. Егер мал
шаруашылығымен шұ ғыл данамын дейтін
адамдар болса, олар топтасса, несие беруге
мүмкіндік бар. Одан кейінгі үлкен бір мәселе
– мал шаруашы лығының өнімдерін өңдеу.
Соған байланысты қазір мал бордақылайтын
цехтар мен мал етін өңдейтін зауыттар салу
жөнінде бірқатар кәсіпкерлермен және
компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл
ретте Көкпекті ауданындағы «Елім-ай» және
Ұлан ауданындағы «Ертісагро» жобаларын
ерекше атап өтуге болады.
– Өзіңіз жақсы білесіз, Елбасы Нұр-
сұлтан Назарбаев аймақтардағы шағын
қалалар мен тірек ауылдарды дамытуға
ерекше көңіл бөліп отыр. Екеуі де – аса
маңызды сала. Әуелі аймақтағы шағын
қалалардың тыныс-тіршілігі жөнінде
айтып өтсеңіз...
– Бұл бағдарламаға біздің облыстан төрт
қала – Риддер, Зырян, Серебрянка және Кур-
чатов шаһарлары еніп отыр. Бұл қалаларға
Үкіметтен 400 миллион теңгеден астам қаржы
бөлінген. Мақсат – осы қалалардағы жұмыс
орындарын көбейтіп, шаһардың әлеуетін
арттыру. Мысалы, Серебрянка қаласын алатын
болсақ, ол қала тек қана противогаздар
шығаратын бір зауытқа қарап отыр. Егер ертең
ол зауыттың жұмысы тоқтап қалатын болса,
қаланың адамдары жұмыссыз қалады.
Сондықтан біз жаңа жұмыс орын дары мен
кәсіпорындар ашуымыз керек. Қазір біз осы
бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Шағын қала-
лар тізіміне енген әрбір қала қазіргі уақытта
өздерінің бола шақта қалай дамуы жөніндегі
(мысалы, қандай кәсіп орындар салынады,
жаңадан қандай жұмыс орындары ашылады)
бағдарла маларын әзірлеп жатыр. Мәселен,
Зырянда «Қазмырыштың» бөлімшесі бар. Кур-
чатовта ұлттық ядролық технологиялар паркі
бар. Солармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз.
Себебі бұл бағдарламаны сәтті жүргізу үшін тек
атқарушы билік қана емес, кәсіпкерлер де,
кәсіпорындар да атсалысуы керек.
– Тірек ауылдарды дамыту бағдар-
ламасына шығыстың 47 ауылы енген
екен. Осы ауылдар туралы не айтасыз?
Қанша қаржы бөлінді? Биыл қандай
жұмыстар атқарылады?
– Ауылдық елді мекендерді іріктеу кезінде
тұрғындар саны, аудан орталығынан шал-
ғайлығы, өткізу нарықтарына көліктік қол-
жетім діліктері, инженерлік және әлеуметтік
инфрақұрылымдары, ауыл шаруашылығы мен
кәсіпкерлік саласында инвестициялық
жобалардың болуы ерекше назарға алынды.
Бір тірек ауыл орташа есеппен алғанда жылына
300-600 млн теңге көлемінде ауыл шаруа-
шылығы өнімдерін өндіреді. Ауыл шаруа-
шылығының өндірілген жалпы өнімінің көлемі
облыс бойынша 100 га егістікке орташа есеп-
пен алғанда 16 миллион теңгені құрайды, тірек
ауылдарда бұл көрсеткіш 17 миллион теңгеден
асады. Жалпы бекітілген жоспарлар бойынша
2012 жылы барлық қаржыландыру көздерінен
18,1 млрд теңгеге 815 жобаны іске асыру
көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында 10,4 млрд
теңге сомасына – 237, кәсіпкерлік сала сында
1,6 млрд теңгеге –168, әлеуметтік салада 2,2
млрд теңгеге – 86, инфрақұрылымда 2,5 млн
тең
геге – 100 жоба және абаттандыру
бойынша 1,5 млрд теңгеге 172 жобаны іске
асыру жос
пар
ланған. Бұл жобалар жүзеге
асқан жағ
дайда 3,6 мың жұмыс орны
ашылады.
– Әңгімеміз ауыл жайында өрбіді ғой.
Өңірдің болашағы жоқ ауылдар тізіміне
енген ауылдары туралы айтып өтсеңіз?
Аймақта қанша ауыл осы тізімге енді?
Олардың келешегі не болмақ?
– Даму әлеуеті жоғары және төмен елді
мекендердің тізбесі Ауыл шаруашылығы ми-
нистрлігінің 2011 жылғы 28 шілдедегі №28-
2/430 және Экономикалық даму және сауда
министрлігінің №225 бірлескен бұйры ғымен
бекітілген критерийлерге сәйкес анықталған.
Біздің облыс бойынша 36 ауылдық елді мекен
даму әлеуеті жоғары және 62-сі даму әлеуеті
төмен елдімекендер болып анықталған.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағ дарламасының
«Еңбек ресурстарының ұт
қырлығын жоға-
рылату», яғни 3-бағытын іске асыру барысында
даму әлеуеті төмен 62 елді мекеннің
тұрғындары ішінен бағдарламаның бекітілген
критерийлеріне сәйкес келетін азаматтардың
келісімі бойынша экономикалық өсімі жоғары
орталықтарға көшірілетін болады (Өскемен,
Риддер, Семей, Зырян қалалары және Көкпекті
ауданының Көкжайық ауылы). Қатысушыларға
көшу үшін субсидиялар, сатып алу мүмкіндігі
берілетін жалдамалы тұрғын үйлер, жаңа
тұрғылықты жері бойынша кәсіби оқу
курстарынан өту және жұмысқа орналасуға
қолдау көрсету мүмкіндігі беріледі.
– Шығыс Қазақстан – еліміздегі ірі
индустриялы аймақ. Бұған бір ғана мысал
ретінде Өскемен қаласын алсақ болады.
Өңірдегі һәм облыс орталығындағы бү-
гінде жүзеге асып жатқан және келешекте
жүзеге аспақ индустриялық жобалар
жөнінде айтып өтсеңіз...
– Жалпы, облысымызда индустриялық
жобалардың қатары жылдан жылға артып
келеді. 2010-2011 жылдары облыста 154
млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске қосылды,
соның ішінде Өскемен қаласында 138 млрд
теңгені құрайтын жеті жоба жүзеге асты.
Осының нәтижесінде 1,5 мың жаңа жұмыс
орындары ашылды. 2012 жылы облыс бойын-
ша 40,8 млрд теңгені құрайтын – 8, Өскемен
қаласы бойынша 10,2 млрд теңгені құрайтын
екі инвестициялық жобаны іске қосу жоспар-
ланып отыр. Олар – «Шығыс машина жасау»
ЖШС-нің №10 шойын құю цехын қалпына
келтіру және «Согра ЖЭЦ АЭС» ЖШС-нің №1
турбоагрегатын жаңғырту және жөндеу.
– Шығыс өңірі – туризмді дамытуға
сұранып тұрған аймақтың бірі екендігінде
сөз жоқ. Әсіресе этнотуризмді дамытуға
мүмкіндік мол. Катонқарағай ауданын-
дағы «Берел» қорғандарын аспан асты
мұржайына айналдыру бағытында қазір
үлкен жұмыстардың жүргізіліп жатқанын
білеміз. Бұл жұмыстарды аяқтауды
қашанға жоспарлап отырсыздар? Бұдан
бөлек тағы қандай жоспарлар бар?
– Шығыс Қазақстандағы құнды мәдени
мұра – «Берел» қорғаны археологиялық ту-
ризм орталығына айналып келеді. Оған
мемлекет тарапынан қосымша қаражат
қарастырылды. Алдағы уақытта «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында іске асып жатқан
жобаға сай өңірде заманауи кешенді мұражай
мен қазба па вильон дары бой көтермек. Осы
ретте «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-мұражайының әкімшілік және
тұрмыстық ғимараттарын жөндеу жұмыс-
тарына Мәдениет министрлігінен 107 млн
теңге бөлінді. «Берел» қорық-мұра жайының
аумағын қоршауға Катонқарағай аудандық
бюджетінен 10,7 млн теңге көлемінде қаржы
бөлініп, қоршау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан әкімдігі тарапынан
қорық-мұражайға үш мініс аттары бөлінді.
2011 жылдың тамыз айында Шығыс Қа-
зақ стан облысының мәдени әлеуетін арттыру
мақсатында қорық-мұражай аумағында «Ал-
тай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халық-
аралық фестиваль ұйымдастырылды.
Айта кететін бір жайт, облыс аумағында
орналасқан «Берел», «Жидебай», «Шілікті»
мәдени қорық мұражайлары Мәдениет ми-
нистр
лігінің қарамағында. Атап айтсақ,
Жидебайдағы Абай – Шәкәрім мемо риалдық
кешенінде жөндеу жұмыстары «Қазқайта-
жаңғырту» ғылыми-зерттеу және жобалау
орталығымен жүзеге асырылуда. Биыл рес-
публикалық бюджеттен 20 млн теңге қаражат
бөлініп, амфитеатрдың 20 жарық фонарьлары
ауыстырылады және фонарь тұғырларын
мрамормен ауыстыру жұмыстары атқарылуда.
Алдағы уақытта да тиісті жұмыстар жүргізілетін
болады.
Сонымен қатар облыстағы құнды жәді-
герлер қатарына жататын Ақбауыр тарихи-
археологиялық кешенін құру жөнінде іс-
шаралар жоспары әзірленген. 2012 жылға
арналған қосымша бюджеттік тапсырыс
жасалып, Облыстық мәдениет басқармасының
құзырына берілді, оған Ақбауыр кешенінде
бірінші кезекте атқарылатын жұмыстарға
жұмсалатын шығындар бойынша баптар
енгізілді. Шығындардың жалпы құны 56 577
мың теңгені құрайды.
2012 жылы кешендегі негізгі жұмыстарды
Қоржынбай тауы маңындағы учаскеге бағыттау
көзделіп отыр. Ең алдымен, мұнда рабица
тордан қоршау орнату, ұсақ тас төгіп, жол төсеу
жұмыстарын іске асыру көзделуде. Ақбауырда
іс-шаралар кешенін жүзеге асырудың өзі
өлкеміздің тарихи-мәдени және табиғи
мұрасын сақтау мен ұтымды пайдалану
жөніндегі міндеттердің кең ауқымын шешуге
ықпал етпек.
Достарыңызбен бөлісу: