Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі2,9 Mb.
#7851
1   2   3   4   5   6

Серік САҒЫНТАЙ,

Қарағанды 

Семей енді мәртебелі меймандарды ерекше киіз үйде қарсы 

алады. Мұндай бастама қала әкімі Айбек Кәрімовтің тапсырмасы-

мен жүзеге асатын болды. Бүгінде қазақи нышандағы киіз үйдің 

эскизі дайын. Жоба авторы – жас сәулетші Асхат Бәкір. 

Семейде алып киіз үйдің 

құрылысы басталады

Екі қабатты қазақи нақышта жасалатын 

қымызхана қаланың Түйемойнақ ара лын-

дағы «Бейбітшілік стелласына» қарама-

қарсы бой көтереді. Айта кетсек, бұл жерде 

полигон құрбандарына арналған «Өлімнен 

де күшті» монументі, «Мэрлер бейбітшілік 

үшін» құлпытасы және Елбасының қолының 

үлгісі басылған кітаптың мүсіндері орна-

тылған. 


Автордың айтуынша, биіктігі он метр 

болатын киіз үйдің сырты бұрынғыдай 

санитарлық талапқа сай келмейтін киізден 

емес, кәдімгі ғимараттар салып жүрген кір-

піш пен цементтен соғылып, классикалық 

мра мормен қапталады. Маңайында алты-

ба қан және балалар ойнайтын алаңқай 

болады. Ал іші жеті жұлдызды нормативке 

сай мейрамхана, қымызханаға лайықта-

лып, заманауи әрлеу жұмыстары жүргізіл-

мек. Бір сөзбен айтқанда, бірегей нысан 

бар лық қазақи колоритті сақтай отырып, 

жаңа заманға сай етіп жабдықталады. Киіз 

үй шаңырағының астында қазақтың алтын-

мен жалатылған тайқазаны орнатылады. 

Асхат БӘКІР, сәулетші, жобаның авторы:

– Бұл осыдан төрт жыл бұрын жасалған 

жоба. Астанада өткен байқауға қатысқан. 

Осы уақытқа дейін өз шешімін таба алмай 

келе жатқан жоба. Осы жылы Семей 

қаласының әкімі Айбек Мүталапханұлының 

қолдауымен бұйырса іске аспақ. Мұның 

ерекшелігі – қазіргі заманға сәйкес қылып, 

қазақи ою-өрнектерді, қазақи колоритті 

сақтап отырып жаңа заманға сәйкес қылып, 

жасалуында. Және тағы бір ерекшелік 

шаңырақты біз ылғи әртүрлі қылып көрсетіп 

жатамыз. Мұнда біз шаңырақты Күн, түн, 

Ай көрінетіндей қылып шыныдан жасамақ-

пыз. Шаңырақ астында үлкен тайқазан су-

бұр қақ ретінде орналастырылады. Семей 

Абайдың жері, Шәкәрімнің жері, сондықтан 

да осы жерді қалап отырмыз. Әйтпесе бас-

қа қалалардан сұрастырып жатқандар бар. 

Туған жерім осы топырақ болғаннан кейін 

бұл жобаны Семейде салу жөн деп шеш-

тім.

Қазақи нақыштағы киіз үйдің эскизі 

бүгінде билік өкілдері тарапынан да үлкен 

қошеметке ие болды. Қымызхананың құ-

рылысы осы көктемде басталады деп жос-

пар ланған. Автордың айтуынша, осы уа-

қыт қа дейін жобаға «құда түсушілер» көп 

бол ған. Бірақ қазақ ерекше қастерлеген 

киіз үйді қала ішіне қалай болса, солай ор-

натуға қарсы болып, келісім бермепті. «Бұл 

жобаға қызыққандар көп болды. Бірақ 

барлығы қала ішінен салғысы келді. Келісім 

бермеген себебім қала инфраструктурасына 

келмейтін болды. Мысалы, киіз үй жанында 

автокөліктерді техникалық байқаудан өткі-

зетін стансы, дүкен сынды түрлі нысандар 

тұрады да, бұл көрінбей тасада қалады. Ал 

Түйемойнақ аралындағы белгіленген 

жерде тоғайдың арасында өзі жалғыз тұрса 

көзге керемет көрінеді. Орны өте жақсы 

таңдалды. Енді маңайы жасыл желекке 

малынған киіз үймен Түйемойнақ аралы 

құдды қазақтың жайлауын еске түсіретіндей 

күйде болады» дейді жас сәулетші. Айта 

кетсек, бірегей нысан тұрғызылатын жерде 

осы ған дейін бірнеше павильон жайғасты-

ры лып, онда сатушылар кәуаптары мен 

небір сусындарын саудалап келген еді. 

Қазір оның барлығы орнынан алынып, киіз 

үйдің құрылысын бастауға жол ашты. 



Гауһар МҰРАТ, 

Семей

Қанат ЕСКЕНДІР, 

сатирик

Әбдуәлі МАМЕДІЛ, 

психолог

Жапон деп қалдық қой, қазір тұтынып 

жүрген тұрмыстық техникамыз да, мінген 

көлігіміз де жапондық болғаннан кейін, 

камикадзе болып «ойнауды» да ермек 

қыла бастадық. Самурайларға еліктеп, 

бюд жеттің «қарнын» тіліп түсіретін сұмы-

райларымыз да бар. Жапон мен қазақтан 

басқа бірде-бір ұлт атом стансысына 

«ғашық» болып отырған жоқ. Кез келген 

мекеме қызметкерлері жапондарға ұқсап, 

Үлгере алмай жатса, тағы ұрыс естиді. 

Міне, бұл жағдайда дәрігер стреске 

ұшы 


 

рамай, қайтеді? Мұғалімдер де 

сон дай, яғни кез келген ой еңбегімен 

айна лысатын қызметкерлердің бар-

лығы стресте жүр қазір. Мұның ал-

дын алудың ең бірінші амалы жұ-

мыс сағатын азайту ғой. Әйтпесе 

қолдан жасалған қандай да бір 

жан сыз мүсінді ұрғаннан адам-

ның ашуы тарқай қоймайды. 

Өз қарамағындағылардың 

ашуын туғызатын басшы өз 

мү 

сінін қойдырмайды, ал 



қой 

дырған күннің өзінде 

біз 

дің қазақта ешкім ол 



мү сінді барып са бамайды 

да. Өйткені біздің туа бітті 

мен талитетіміз мүлдем басқа. 

Біз үйде – әкені, жұмыста басшыны 

сый лап өскен халықпыз. Ендеше, әлгін-

дей жағдайда ең жақсы амал-әдісі – Кеңес 

Одағы кезіндегідей жұмыс арасында 10-

15 минуттай үзіліс жасап, өндірістік гим-

настикамен айналысу мүмкіндігін туғызу. 

Қазір мектептерде «Қаражорға» билете 

бастапты жаттығу ретінде. Бұл да – стреспен 

күресудің жолы. Себебі адам ашуланғанда 

жүйке жүйесіндегі ыза жинала келе, буын-

буынға түседі екен, әлгіндей биді билеген-

де бойды құрсаған жағымсыз энергия өз-

дігінен сыртқа шығып кетеді. «Бақыт гор-

мондары» деген ұғым бар, адам қимыл-

дағанда әлгі гормондар оянып, адамның 

миына хабар береді екен де, позитивті 

ойларды туғызады екен. 

Ал Жапон еліндегі әлгі дәстүр – олар 

үшін қалыпты жағдай, яғни олар үшін 

басшының көзінше, оның макетін сабау 

деген ешқандай да бір ерсі нәрсе емес. 

Оны олар, мейлі, қолдана берсін. Ал бізде 

өз ойлау жүйемізге қайшы әрекетті «мынау 

жақсы екен» деп тәжірибеге енгізе беру 

халқымыздың қалпын, мінезін бұзады. 

Сол себепті психолог маман ретінде мен 

мұндайға қарсымын. Ал есесіне балама 

ре тінде мынадай жолын ұсынар едім. Мы-

БЕЙТАРАП ПІКІР

Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, саясаттанушы: 

– Біріншіден, жапон елінде жұмыс күнінің мөлшері қандай, білесіз 

бе? Өте ұзақ, тіпті күні-түні болса да, отыра береді олар. Бірақ, екінші 

жағынан, ол елде жұмыстың маңызы қандай? Онда адам жұмысқа 

тұрды ма, демек, өзін бір отбасының мүшесіндей толыққанды азамат 

ретінде санап, арқасын тасқа сүйей алады. Себебі жұмыс беруші 

оның тек еңбек күшін пайдаланып қана қоймайды, оған жауап 

ретінде өз ықыласын, жанашырлығын танытып, оның бала-шаға, 

ұрпағына дейін сол жерде қалдыра алады. Сондықтан олар үшін 

жұмыс деген – өз отбасы, сондықтан әр қызметкер өз еңбегін сол 

отбасының игілігіне бар жан-тәнімен арнайды. Міндет қылмайды. 

Басшысын жақсы көреді. Ал әлгіндей макетті сабау деген – жай ойын-

күлкі үшін, бір мезгіл көңіл көтеру үшін ойлап табылған әдіс қана. Оны 

барып, біреу ұрып жатса, бастық өкпелемейді де, өз баласының 

қылығына сүйсінген әкедей күліп қарап тұра береді. 

бастығының алдында иіліп тұрады. 

Бәлкім, сол иілгіштер үйлеріне барып, 

тұлып сабайтын шығар.

Қазақ – пұтқа табынбаған ел. 

Содан да болар, мал мен аңның 

тұлыбы болмаса, адамның тұлыбын 

жаса ғанын әлі кездестірмедік. Кеңес 

дәуірі кезінде ескерткіштерімізді 

Мәс кеу жасап беретін, қазір Қы-

тайға жасатамыз. Қаптаған Ле-

нин дер мен «қызыл белсенді-

лердің» мүсіндерін құлатып, 

қай бір жылдары бір рақат-

танып қалып едік. Күні ертең 

«жүйке жібітеміз» деп, қазір 

кім  кө рін генге  ескерткіш 

тұрғызып жатырмыз. 

Битлз, В.Цой, тағы басқа 

бола шақ та  тал қан далатын 

тас мүсінде рі міз бар. Мүсін 

жасамады екен деп қазақты 

еріншекке баламау керек. Тек қазекем 

де – жапондарға ұқсап ұр 

ғанды, 

бұзғанды, құлатқанды, бір сөзбен айтқанда 



кеткен есесін көлеңкеден алып, жүйке 

жібіткенді жақсы көретін бейбіт ел.

Әй, бірақ бәйбіше сабап, буын босатып 

жүр ген қазақ бастығының тұлыбын тепкі-

лей ді дегенге көңілім сенбей тұр. Қызметі 

бар кей қазекем «бастығым жайлы жаман 

түс көріп қоямын ба» деп шала ұйықтап 

жүргенде, мынадай ұсы нысты керек қыла 

қояр ма?! Оның үстіне жұмыссыз қазақтар 

кімнің тұлыбын сабап көңілін көншітпек?!

салы, Еуропада қазір адамдар біздегіден 

әлдеқайда стресшіл, тіпті соның өзін өз 

пай дасына асырып, әрі келушілерге, әрі 

өз деріне тиімді болатындай жолын тауып-

ты. Арнайы мейрамханаларда ыдыстар 

қойылады да, келгендер тамақтанбас 

бұрын ыдыстарды сындырып, қиратып, 

бойындағы ашуын тарқата алады. Соңынан 

сол жерден тамақтанады. Әлгіндей жер-

лерге адамдар жаналақайлап барады 

екен, себебі әрі еңсені езген, өзекті өртеген 

жағ ымсыз энергиядан арылады, екіншіден, 

дәмді тамақтанады. Әрі онда көңіл күйді 

көтеретін түрлі бағдарламалар да ұйымдас-

тырылады. Мейрамхананың ыдысы сынса 

сынар, дегенмен есесіне келушілерін риза 

етеді, өздеріне пайда да түседі. Бір келген 

адам әлгі жерге тағы да оралғысы кеп 

тұра ды. Өз басшысының тіпті макетін саба-

майды біздің қазақ, ал мұндай жерге 



баруы әбден мүмкін. 

Дайындаған  

Мерей МАТАЙ

Уәлибек ӘБДІРАЙЫМОВ, 

«Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры: 

– Бұрынғыдай емес, соңғы уақытта сатира жанрына жақсы 

кө ңіл бөліне бастады. Қай телеарнаны қарасаңыз да, арнайы 

әзіл-сықақ бағдарламалары немесе сондай жобалар көрсетіліп 

тұ 

рады. Комедиялық фильмдер түсіріліп жатыр, әзіл-сықақ 

театр ла ры ашылуда. Бұл, әрине, жекелеген кісілердің бастама-

сымен атқарылып жатқан шаруалар. Ал жалпы, мемлекеттік 

тұрғы да алғанда, менің ойымша, сатириктерді қатты көтеруге, 

ын таландыруға соншалықты ықылас жоқ сияқты. Өйткені «әзіл-

кештер, қоғамды сынайтындар көбейіп кетеді» деп қауіптенеді. 

Мен мысалы, атақты сатириктеріміздің мемлекеттік дәрежедегі 

үл кен сыйлыққа ұсынылғанын, алғанын көрген де, естіген де 

емеспін. 

Жалпы алғанда, «Сатираның тілі не болып жатыр? Біз қанша-

лық ты күлдіре алып жүрміз?» деген мәселе менің жанымды ауыр-

та ды. Себебі сатира, әзіл тілдің дамыған жерінде жүреді. Тіл 

қан  шалықты дамыса, сатира да соншалықты дамиды, сонша-

лықты түсініледі, қабылданады. Бізде әзіл түгіл, сөздің астарын 

түсінбейтіндер көп. Көрерменді күлдіру дәрежеміздің төмендеу 

болып жататыны содан. Астарлы күлкі қалып бара жатыр. Оның 

орнына «Анау тұрыпты, басынан бір ұрыпты, басы жалпайып ке-

тіпті» десең, жұрт күле салады. Яғни мән-мағынасыз күлкі көбейіп 

кетті. Сондықтан тілді дамытсақ, сатирамыздың да салмағы, көр-

кемдік жағы артар еді.

Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР, сатирик жазушы: 

– Күлкі қашан да керек. Тек қазіргі күлкінің салмағы қандай? 

Меніңше, күлкі театрларының көпшілікке ұсынып жүрген қазіргі 

күлкісі тым арзан. Көбіне отбасы-ошақ қасындағы әңгімені сөз 

етеді. Бұған, мүмкін, әртістер мен сатириктерді ғана кінәлауға 

болмас. Саясатты сөз етуге, қоғамдағы өзге де дертті тақырыптар-

ды көтеруге олардың білімі жетеді. Тек біздің көрермендер оны 

қабылдауға дайын емес. Мысалы, айтары таусылған «Тамаша» 

ойын-сауық отауына да, бір өзі бір театрға айналған Тұрсынбек 

Қа б атовқа да жұрт жаппай барады. Байыппен қарасаңыз, екеуі-

нің де айтары белгілі. Бірақ алғашқысы кеудеңнен кері итереді, 

қабылдай алмайсың. Екіншісіне еріксіз езу тартасың. Әлде күлкіні 

беру тәсілі өзгеше ме? 

Жалпы, бізде қазір күлкі театрлары жетерлік. Бірақ бет-бей-

несі өзгеше, жолы дара бірі жоқ. Бәрі бірін-бірі қайталайды. 

Өйткені олар ізденбейді. Әзіл-сықақты өздері жазады. Ел ішінде 

байқау жариялап, үздік қойылымдарға жақсы қаламақы қойса, 

тың дүние табуға болар еді... 

на жақсы

тіпті» десең, жұрт к

кетті. Сондықтан т

кемдік жағы артар

• Өз пікірім

• Өз пікірім

№53 (735) 

31.03.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

НАРЫҚ


Cәуірде Алматы өңірі үшін жарық қымбаттайды

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Ал 

маты 

қаласы мен Алматы облысын электр энер-



гиясымен қамтамасыз етуші электр стан-

сылары 2012 жыл дың 1 сәуірінен бастап 

электр қуатын босату құнында өзгеріс бола-

тындығын хабарлайды. Табиғи моно 

по-

лияларды реттеу агенттігінің Алматы қала-



сындағы департаменті осы қала мен облыс 

тұтынушылары үшін 12 пайыздық қосымша 

құн салығын қосып есептегендегі электр 

қуатының тарифі 1 кВт сағатына 13 теңге 20 

тиын көлемінде белгіленуін эко номикалық 

жағынан негізді деп мақұлдады.

Сонымен 12% ҚҚС қосқандағы электр 

энергиясын тұтыну көлеміне қарай 

дифференцияландырылған тариф 

ставкасы:

І деңгейдегілер үшін – 1 кВт/сағаты = 

12,02т.


ІІ деңгейдегілер үшін – 1 кВт/сағаты = 

15,84т.


ІІІ деңгейдегілер үшін – 1 кВт/сағаты = 

19,80т.


Уақыт ерекшелігіне сәйкес, дифферен-

цияландырылған тариф ставкасы, яғни 

күндізгі және түнгі есеп жүйесін есепке ала-

тын тұтынушылар үшін:

- күндізгі тариф мөлшерлемесі (7-00 

бастап 23-00 дейін) – 1 кВт/сағаты 

=17,01т.

- түнгі тариф мөлшерлемесі – (23-00 

бастап 7-00 дейін) – 1 кВт/сағаты = 3,81т

Үш зоналық жүйе есебіне сүйе 

нетін 

тұтынушылар үшін:



- күндізгі тариф (7-00 бастап 19-00 

дейін) – 1 кВт/сағаты =13,20 т.

- кешкі тариф (19-00 бастап 23-00 

дейін) – 1 кВт/сағаты =27,84 т.

- түнгі тариф (23-00 бастап 7-00 дейін) 

– 1 кВт/сағаты =3,81т.



Алматы облысында сәуірден бастап электр қуаты қымбаттайды деген рас 

па?

Өркен, Алматы облысы

АҚШ мұнай қорын игеруге асықпайды

Тура осындай сауал баспасөз өкілдері та-

рапынан Ақ үйге жолданған болатын.

Оған АҚШ Президенті Әкімшілігінің бас-

пасөз хатшысы Джей Карни: «Мен бұл мәліметті 

нақтылай алмаймын. Басқа да келелі мәсе-

лелермен қатар, мұндай шешімді билік 

қарастырып жатқаны рас. Бірақ ол бойынша 

соңғы шешім шығарылған жоқ» деп мә-

лімдеді.

Халықаралық нарықтағы «қара алтынның» 

бағасы күн өткен сайын қымбаттап жатыр. 

Жалпы, мамандардың бағалауынша, бұл 

мәселені осы шикізатқа сұранысы жоғары 

АҚШ-тың өзіндік қорын игеру арқылы шешуге 

болады екен. Бірақ АҚШ Президенті Барак 

Обама мұндай шешім шығаруға асығар емес. 

Республикашылардың осындай негіздегі 

сынына АҚШ Президенті:«Біз онсыз да жер 

қойнауын көп игеріп жатырмыз. Өндіріс көлемі 

де жоғары. Бірақ мұнайды өзімізде өндіру 

арқылы бір сағаттың ішінде халықаралық на-

рықтағы бағаны өзгерте аламыз деген ақылға 

сыймайтын нәрсе» деп қарымта жауап 

қайырған еді.



АҚШ-та мұнайдың көп қоры бары белгілі. Естуімше, болашақ үшін сақталып 

отырған бұл ресурс қоры таяуда игеріле бастапты. Бұл нақты мәлімет пе?

Ирина, Астана қаласы

Гүлнар АХМЕТОВА

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ



Көзге көрінбейтін жұмысқа техникалық 

прогрестің де шамасы келмейді

АРМАНЫМЫЗ – АНДРОИД

Біз үй шаруасын жасайтын робот ту-

ралы армандап жүргенде, жапондар сонау 

2005 жылы саудаға андроид (адам тектес 

робот) шығарды. Сөздік қорына мыңнан 

астам сөз енгізіліп, онша-мұнша жұмыс-

тарды атқарған ол фантаст жазушылардың 

қиялындағы андроидтің шаңына бәрібір 

ілесе алған жоқ. Бірақ күндердің күнінде 

ондай роботты да ойлап табарына шүбә 

келтіргіміз келмейді. Кім білсін, келешекте 

үй тірлігінен құтқаратын мұндай көмекші 

де ұялы телефон сияқты үйреншікті зат 

болып қалатын шығар. Қуақы сөздің бір 

шебері айтқандай, «техниканың жетіл-

дірілгені сонша, барған сайын адам өзін де 

керек етпей қалады». 

Әзірге үй жұмысын жеңілдететін тұр-

мыстық техникамен шектелуге тура келеді. 

Бұл жағынан өндіріске де, өнертапқыштарға 

да өкпе жоқ. 

ШАҢСОРҒЫШТЫҢ ПАТШАСЫ

Қазіргі құралдардың ішіндегі ең 

қитұрқысы – жасанды интеллектіге ие 

шаң  сорғыш.  Мұндай  шаңсорғыш-роботтар 

жаңа ғасырдың басында пайда болды. 

Бөлме ішін автоматты түрде жинауға 

арналған құрал – интеллектуалдық тұр-

мыс 


тық техника санатында. Робот-

шаңсорғыш бұйрық берілгенде, не кестеге 

сәйкес жұмысқа кіріседі. Тазалап біткен 

соң, жұмысын автоматты түрде тоқтатады. 

Жарнама жасаушылар осындай шаң сор-

ғыштың үй тазалау тауқыметінен құт қа-

ратынын айтып, жер-көкке сыйғызбай 

мақ 


тайды. Бірақ кемшілігін айтпайды. 

Мәселен, ол ылғал еденді «жақтырмайды», 

су жерге тап болса, бұзылып қалады. Бас-

қасын айтпағанда, ең қымбат үлгілерінің 

өзі қуаты жағынан кәдімгі шаңсорғыштан 

кем түседі. Әрі пошымы домалақ роботтың 

бұрыш-бұрышты тазалауға шамасы кел-

мейді. 


«СИҚЫРЛЫ» ТАЯҚ 

КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ

Есесіне еден жууға арналған ғажайып 

таяқ (швабра) қолдану жағынан қара па-

йым әрі қолжетімді. Таяқты шелектегі се-

бетке салып, тепкішекті басса болды, 

минутына 2600 айналым жасайтын цен-

три фуга шүберекті өзі сығып береді. Тіпті 

еңкеюдің де қажеті жоқ. Өз осінде 360 

градусқа шырқ үйірілетін «сиқырлы» таяқ 

қол жетпейтін жердің бәрін сүртіп береді. 

Микрофибрадан жасалған қондырғы, 

шүберекті сығатын центрифуга, кез келген 

бұрышқа бұрылатын стержень – осындай 

техникалық инновациялар бұл жинақты 

тазалық үшін күресте таптырмас құралға 

айналдырып үлгерді. 



ЖАСАСЫН МИКРОФИБРА!

Айтпақшы, бүгінде үйдегі отағасының 

көйлек-көншегімен еден жуу – архаизм. 

Өнертапқыштар шаң сүртетін, еден жуатын 

арнайы материалды дүниеге әкелу үшін 

бекерге тер төгіп пе?! Қазір сәнге айналған 

«микрофибра» атауы ультражіңішке 

талшықтар өндірісіндегі технологиядан 

шыққан. Талшық диаметрі табиғи жібек 

талшығынан – 10 есе, мақтадан – 30 есе, 

табиғи жүннен – 40, ал адам шашынан 

100 есе (!) жіңішке. Бір фунт (453 г) мик-

рофибра талшығы жер шары эква торын он 

рет орап алуға жетеді. Ал нано технология 

жетістігі – химиялық құралсыз тазартатын 

губкалар ше? Олар да дүкенде толып тұр. 



«АҚ КЕЛІНГЕ» АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Кір жуу – үй шаруасындағы нағыз қара 

жұмыс (одан бала бағу ғана асып түсетін 

Бүгінгі өнеркәсіп саласы 

тек нәзік жандар үшін жұмыс 

істейтіндей. Шынында да, 

дүниеқұмар әйел заты 

болмаса, тауар өндірісі 

әлдеқашан тоқтап қалар еді. 

Косметика мен парфюмерия, 

ыдыс-аяқ пен көрпе-жастық, 

әшекей мен жиһазды былай 

қойғанда, тұрмысқа арналған 

техниканың өзі жыл сайын 

жаңарып шығуда. 

шығар). Сондықтан кір жуатын машинаны 

ойлап тапқан жандарға қыз-келіншектердің 

(ерлердің де) тарапынан айтылар алғыс 

шексіз. Ел аузында «ақ келін» деп еркелетіп 

ат қойған осы бір техника жетістігі, сөздің 

тура мағынасында айтқанда, адамзаттың 

«белін жазды». Бір өкініштісі, ауылдағылар 

оның қызығын онша көре алмай отыр. 

ҰШҚЫР ҮТІК

Археологтар кезінде екі жалпақ тастың 

арасында қыстырылған ескі шүберекті 

тауып алған. Сөйтсе, ол бұрынғы заманғы 

үтік екен. Бертініректе киімнің қыртысын 

кәдімгі оқтауға орап жазатын тәсіл шыққан. 

Салмағы 15 келіге дейін жететін, ішіне кө-

мір шоқтарын салып қолданатын жетістік 

«жемісін» біз көрген жоқпыз. Оған да 

шүкір. Әйтпесе ішіне қызып тұрған көмір 

шоғын тастап, зіл батпан темірді ары-бері 

жылжытуға шамамыз келер ме еді, келмес 

пе еді. Қазір ондай үтіктің орны – мұра-

жайда. Есесіне заманауи ұрпағы – қа-

уырсындай жеңіл, ракетадай ұшқыр, су 

сеуіп, бу шашатын, өзі өшіп-жанатын кере-

меттің дәл өзі. 

ЫДЫС ЖУУ ДА СӨЗ БОЛЫП ПА?

Ыдыс жуатын машина да нәзік 

жандардың көңілін жаулай бастады. 

Дегенмен ол тұрмысқа онша ендеген жоқ. 

Өйткені кербез келіншектердің еріншектігі 

сондай, құралды қосып жатқаннан гөрі, 

қолмен жуа салғанды оңай көреді. 

Мұнымыз бекер, мамандардың есептеуін-

ше, ыдыс жуатын машина бір отбасының 

жылына 200 сағат уақытын үнемдейді. 

Оның үстіне машинада жуылған ыдыс-аяқ 

1000 есе таза болып шығады.

АГРОКЕШЕН

Ақмолалық шаруалар Астананы 

азықтан тарықтырмайды

Қазақ жеріндегі жоғары сапалы бидайдың төрттен бір бөлігі 

– Ақмола облысының үлесінде. Ал, жалпы, қазақ бидайы 

сапасы жағынан бүгінгі таңда Канадамен иық тірестіріп тұр. 

Жуырда аграрлы аймаққа бір топ сенатор келіп, елордамыз 

Астананы сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында 

атқарылып жатқан нақты іс-шаралармен танысқан еді. 

Әуелі күні бүгінге дейін аграрлық сала-

да атқарылған ілкімді істерге тоқталып өте-

йік. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың 

келтірген деректеріне сүйенсек, 2008-

2011 жылдары құны 290 млн АҚШ дол-

лары болатын 61 жоба жүзеге асырылыпты. 

Нәтижесінде  Астанаға 14 мың тонна ет 

және ет өнімдері, 56 мың тонна сүт өнімі 

жеткізілген. Сөйтіп, ақмолалық шаруалар 

елорда тұрғындары тұтынатын көкөністің 

41 пайызын қамтамасыз ететін халге жет-

кен. Қазір құны 128 млн АҚШ долларына 

тең 16 жоба іске асырылып жатыр. Бірақ 

бұл ақмолалықтар осымен елорданың сұ-

ра  нысын толық жабады деген сөз емес. 

Астана халқының саны жыл санап артып 

келеді. Осыған сәйкес сұраныс та бір орын-

да тұрмайды. Демек, Ақмола шаруаларына 

қойылатын талап та, міндет те арта түспек. 

Сондықтан: «осы көтеріліп отырған мәсе-

лелерді ой елегінен өткізіп, Үкіметтің қа-

рауына жібереміз. Егер де заңға өзгерту 

ен гізу қажет болса, ол жағын да ескереміз», 

– деді Парламент Сенаты төрағасының 

орын басары  Александр  Судьин. 

Жалпы, елдің ауыл шаруашылығы 

сала сын дамытуға биыл республикалық 

бюд жеттен 340 млрд теңге бөлінді. Бұл 

ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге 

қа білеттілігін арттырып, аталмыш салаға 

жаңа инновациялық технологияларды ен-

гі зуге үлкен септігін тигізбек. Осы тұр ғыда 

Ақмола әкімдігі «2010-2014 жылдарға 

арналған Астана қаласының айналасында 

азық-түлік белдеуін дамыту туралы» об-

лыс тық бағдарламаны іске асырып жатыр. 

Бағдарлама аясында Ауыл шаруашылығы 

министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық хол-

дингімен бірлесіп, елорда лықтардың жо-

ғары сұранысына ие азық-түлік түрлері 

анықталды. Елорда айналасында азық-

түлік белдеуінің шартты шекарасы бекітілді. 

Оған Ақмола облысының – 17, Қарағанды 

облысының төрт ауданы еніп отыр. Қазіргі 

таңда Ақмола аумағындағы 101 кәсіпорын 

Астанаға өнім жеткізумен айналысады. 

Сондай-ақ биыл облыста «ҚазАгро» ак-

цио 

нерлік қоғамының қаржылық инс-



титуттарының қолдауымен тағы тоғыз жо-

ба іске асырылмақшы. Бұл орайда 

ше 

телден мал әкелу арқылы іске асы-



рылатын жобалардың да үлесі қомақты 

болмақ. Жыл соңына қарай Астанаға 

жөнелтілетін сүт өнімдерінің көлемі 

арттырылады. Ай талық, елордалықтардың 

етке деген сұра нысының – 44, сүт өнім-

дерінің – 40, жұ мыртқаның – 97, көкөністің 

– 42, сұйық май дың 9 пайызы қамтамасыз 

етілмек. Алайда аграрлық саланы алға 

сүйреуге кедергі келтіретін жайттар де жоқ 

емес. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың 

пікі 

рінше, мал жайылымына жер бөлу 



процесі жеңілдетіліп, Ресей және ТМД 

елдерінен асыл тұқымды тұяқтыларды 

әкелуге суб сидия бөлінсе игі.

Шешімін күтіп тұрған тағы бір мәселе 

– астықты сақтау мен жеткізу. Республика 

бойын 


ша шамамен 10-12 мың астық 

тасымалдайтын вагон қажет. Қазіргі таңда 

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 

арқылы 2 мың астық тасымалдаушы вагон 

алуға келісімшарт жасалған. Сенатор 

Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, 

мұнымен мәселе шешілмейді. Ел аума-

ғында Ақмоладан басқа да астыққа бай 

өлкелер бар. Жалпы, аграрлы өлкелерді 

тасымал құралдары және астық қойма-

ларымен қамтамасыз ету барысында қо-

сымша шаралар қолдану қажет. Сондық-

тан жуық арада Ауыл шаруашылығы 

ми нистр лігіне  ұсыныс  жолдайтынын 

жеткізді. Қазір Ақмола өңіріндегі астық 

сақтайтын қой малардың көбі әлі толып 

тұр. Егер осы айдың аяғына дейін бидай 

тиісті жерлерге тасымалданып бітпесе, 

астық ысырап болады. Диқандардың ең-

бегі еш кетеді. Жалпы, Ақмолаға сена-

торлар тобы күнде ат басын бұра бермейді. 

Осы мүмкіндікті мүлт жібергісі келмеген 

облыс әкімі депу 

таттарға өңірде мал 

дәрігерлері мен агро ном мамандар тапшы 

екенін айтты. Бұл мәселе болашақта Пар-

ламент қабыр 

ғасында қаралып, сена-

торлар Үкіметтің ұтым ды шешім қабыл-

дауына түрткі болады деген үмітін де 

жасырмады. Өз кезегінде Көкше жерінің 

тумасы – сенатор Жабал Ерғалиев ауылдық 

жер лерде жемшөп бағасының шарықтап 

тұрғанын алға тартты. Осының салдарынан 

шаруалар қол 

дарындағы азын-аулақ 

малын жиі етке өткізуге мәжбүр. Сондай-

ақ сойылған мал терісі мен жүні ештеңеге 

жарамай, далада қалатыны да жасырын 

емес. Бұл шикізатты өңдеу саласының әлі 

де кенжелеп тұрғанын көрсетеді. Жабал 

Ерғалиевтің пікірінше, азық-түлік белдеуін 

жасау барысында облыс орталығы Көк-

шетау қаласы мен Бура 

бай курортты 

аймағын да ұмытуға болмайды. Өйткені 

көрікті Бурабай бау райында жылына 1 

млн адам денсаулығын түзеп, демалады. 

Демек, Ақмола облысы еліміздің туристік 

әлеуетін арттыру жағынан да үлкен мүм-

кіндікке ие. Жоғарыда кө терілген мәселе-

лердің барлығы алдағы уақытта Үкімет 

отырыстарында талқыланып, тиісті шешім 

қабылдауға ықпал жасалатын болады. 

Ақмола облысын аралап қайтқан «Өңір» 

депутаттық тобы мүшелерінің уәдесі 

осындай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет