Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі2,9 Mb.
#7851
1   2   3   4   5   6

Жарқын УТЕКОВА,

Ақмола облысы

САЛЫҚ САЯСАТЫ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен 

күрес салық қызметі органдарында жүйелі 

және кешенді сипат алуда. Жемқорлық 

мәселелері Қазақстан Республикасы 

Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен 

салық органдарының жиналыстарында 

тұрақты түрде қаралады. Әр салық ор-

ганында сыбайлас жемқорлықпен күрес 

және қызметтік этиканы сақтау мәселелері 

бойынша комиссия құрылған.

Осыған байланысты Қазақстан Рес-

публикасы Қаржы министрлігі Салық 

комитеті төрағасының 2006 жылғы 

қыркүйектің 30-ындағы №474 бұй-

рығымен Салық қызметі органдары 

қызметкерлерінің кәсіби этикасы кодексі 

бекітіліп, онда салық қызметі органдары 

қызметкерлерінің салық төлеушілерге 

және ұжымына қатысты тәртібінің 

ережелері белгіленген.

Салық қызметі органдары қызмет-

керлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді 

болдырмау мақсатында салық төлеу-

шілердің құқығы белгіленген Қазақстан 

Республикасы салық төлеушілерінің хар-

тиясы қабылданды. 

Салық төлеушілерге мемлекеттік 

қызмет көрсету кезінде салық қызметі 

органдары қызметкерлерінің әрекетін 

реттеу жолымен мемлекеттік қызмет көр-

сетудің сапасын жақсартуға бағыт талған 

жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Дистанциялық оқу орталығы арқылы 

электронды тест жолдарымен салық ор-

гандарының мемлекеттік әкімшілік лауа-

зымына басшыны тағайындау рәсімінің 

айқындығы мен дұрыстығының прин-

циптері енгізілді. Салық органдары мем-

лекеттік әкімшілік лауазымдары бас шы -

ларының қызмет ауыстыру тәртібі 

Қа 

зақ 


стан Республикасы Қаржы ми-

нистрлігі Салық комитеті төрағасының 

2007 жылғы ақпанның 1-індегі № 68 

бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

Азаматтық қоғам институттары салық 

төлеушілерден әлеуметтік сауалнамалар 

алу саласында салық қызметі орган-

дарының түрлі қызметтері бойынша түйінді 

аспек тілер туралы, оның ішінде сыбайлас 

жем қорлық мәселелері бойынша ынты-

мақтастықты жандандыруда. 

Қоғамдық пікірлерді зерттеу орта-

лығының Әлеуметтік және маркетингтік 

агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша, 

жалпы алғанда, республика халқы салық 

қызметі органдары қызметкерлерінің 

жұмысын сапалы бағалайды: барлық 

сипаттама бойынша теріс бағадан гөрі, 

қанағаттанарлық баға көп берілді. 

Алайда салық қызметі органдарында 

сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға 

бағытталған оң нәтижелермен бірге, 

төмендегідей шешілмеген мәселелер орын 

алуда:


• Біріншіден, құқықтық кемшілік тердің 

болуы және Қазақстан Республикасының 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да 

міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 

(Салық кодексі) нормаларын көрсету 

санының көптігі салық төлеушілердің 

сұрауларына қате жауап беруді немесе 

олардың салық салудан жалтаруын 

туғызады. Күрделі салық саясаты сыбайлас 

жемқорлық үшін ыңғайлы негіз туғызады, 

сондықтан салық салу мәселелері бойынша 

нормативті құқықтық актілерде әкім-

шілендіру және салықтық тәртіптерді 

оңтайландыру қажет. Жемқорлықты азайту 

үшін олар қарапайым, түсінікті және 

жалпыға белгілі болуы керек. 

• Екіншіден, мемлекеттік қызмет 

көрсету стандарттарын енгізу, электронды 

салықтық қызмет көрсету санын көбейту, 

салық төлеушілерге қызмет көрсету 

бойынша ақпараттарды қабылдау мен 

өңдеудің заманауи Орталықтарын құру 

және оны дамыту жолдарымен салық 

қызметі органдары қызметкерлерінің 

салық төлеушілермен байланысын азайту 

қажет.


• Үшіншіден, адам ресурстарын бас-

қаруда тиімділіктің жетіспеушілігі орын 

алуда. Салықтық қатынастар саласында 

жем қорлықтың туындау себебінің мони-

торингі, оның деңгейі мен құры лы мына 

баға беру мынаны көрсетеді, кінәлілердің 

көпшілігі салық төлеушілерге салықтық 

тексеру жүргізу, тіркеу құжат тарын беру, 

салық есептілігін қабылдау және тағы 

басқа да тікелей қызмет көрсететін 

әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 

төменгі буыны болып табылады. Қазіргі 

уақытта олардың жала 

қысы функцио-

налдық міндеттер жүктелген ауқымға 

сәйкес келмейді, осындай төмен әлеуметтік 

қорғау жемқорлық үшін экономикалық 

алғышартты құрайды.

Қызметін жүзеге асыру халықпен 

тікелей байланыста болуы қарас тырыл-

маған басқа мемлекеттік органдарға 

қарағанда, салық қызметі органдары үшін 

жоғары мөлшердегі еңбекақыны енгізу 

қажеттігі пісіп-жетілді. Жалақыны көтеру 

және басқа да жағдайларды жетілдіру 

шараларын қабылдау салық қызметі 

органдарының қызметкерлеріне кәсіби 

талап қоюға мүмкіндік береді, ол 

жемқорлық деңгейінің төмендеуіне ықпал 

етеді.


• Төртіншіден, сыбайлас жем қорлықпен 

күрес саласында пара берушімен алдын 

ала күрес шараларын қолдану бойынша 

құқық қорғау органдарымен бірлесіп 

ынтымақтасу деңгейі жеткіліксіз.

• Бесіншіден, салық төлеушілердің 

салықтық мәдениетінің төмендігі және 

салықты төлеу өзінің мемлекет алдындағы 

парызы деп ұғынбаушылық, пара беруге 

итермелейтін факторлардың бірі болып 

табылады.

Салық қызметі органдарында сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы әрекет жүйелерінде 

осындай келелі мәселелерді шешу үшін 

келесідей басым міндеттерді жетілдіру 

қажет: 


• салықтық қатынастардың барлық 

саласында сыбайлас жемқорлық көрі-

ністерін жою туралы шараларды іске 

асыру;


• ведомстволық бақылауды жетілдіру;

• салық қызметі органдары қызмет-

керлері мен салық төлеушілер арасында 

сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік 

сияқты көңіл күйді қалыптастыру арқылы 

салық қызметі органының атағын көтеру;

• еңбекақы шартын жетілдіру және 

салық төлеушілердің салықтық мәдениетін 

көтеру;

• сыбайлас жемқорлықпен күрес 



саласында құқық қорғау органдарымен 

және қоғамның азаматтық институт-

тарымен ынтымақтасып, өзара әрекет ету 

және оны жандандыру.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді 

шешу:


– салықтық қатынастарда сыбайлас 

жемқорлық көріністеріне тиімді және 

нысаналы қарсы тұруға;

– мемлекеттік органдардың жемқорлық 

деңгейін бағалау кезінде салық қызметі 

органының нөлдік көрсеткішке жетуіне; 

– салық қызметі органының ішіндегі 

сияқты салық төлеушілер арасында да 

сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке 

тәрбиелеуге;

– салық қызметі органының атағын 

көтеруге және салық төлеушілердің сенімін 

арттыруға;

– барлық деңгейдегі салық қызметі 

органдары басшыларының жеке жауап-

кершілігін арттыруға;

– салық және басқа да міндетті 

төлемдердің бюджетке түсуін ұлғайтуға 

мүмкіндік береді.

Э.ҮСЕНОВА, 

Медеу ауданы бойынша

салық басқармасының 

бас салық инспекторы

Салық қызметі органдарында 

сыбайлас жемқорлықпен

күресу әдістері

Сыбайлас жемқорлық, әлеуметтік құбылыс сияқты, бүгінде 

салық қатынастарының барлық саласында орын алып келеді, тек 

ауқымы жағынан өзгешелеу. Сыбайлас жемқорлықпен күрес 

мем лекеттік саясаттың негізгі басым дық тарының бірі ретінде 

белгіленген. Бұл салық қызметі органдарында да негізгі басымдық 

болып табылады. Жемқорлық салық қызметі органдарының 

бет-бейнесіне жағымсыз көрініс туғызады, салық төлеушілердің 

сенімін кетіреді, мемлекеттің нарықтық экономикасының 

дамуына қауіп төндіреді, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке 

зиян тигізеді.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Сондай-ақ бірнеше минутта азықты турап, сұйықты шайқап, қамырды илеп, етті 

ұсақтап турайтын ас үй комбайны, ет тартқыш, қысқа толқынды пеш, аэрогриль, блендер 

сияқты қол еңбегін азайтып, уақыт үнемдейтін құралдар ешкімге таңсық емес. Әйтеуір 

тұрмыстық техника жетістігіне ешкім кінә таға алмайды. Бірақ әлі күнге дейін үй шаруасына 

қисапсыз күш пен уақыт жұмсалады. Соңғы зерттеулерге сенсек, ақы төленбейтін үй еңбегі 

миллиардтаған құннан құралады. Оның үстіне үй еңбегі елдің ЖІӨ-де көрініс таппайды. 

Бірақ онсыз күн жоқ. Қалай болғанда да, техникалық прогресс үй жұмысын жеңілдетіп, 

әйел өмірін ұзартып келеді. Тек әлгіндей жетістіктермен тоқтап қалмаса болғаны. 


№53 (735) 

31.03.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Жұмыстан қысқарған 

адамға өтемақы төленеді

ҚОҒАМ


Еңбекті нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасының сарапшы мама-

нының мәліметінше, Қазақстан Республи-

касы Еңбек кодексінің 128-бабына сәйкес, 

мереке және демалыс күндерiндегi 

жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) 

ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi 

есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.

Осыған орай, егер қызметкер мереке 

күні жұмысқа тартылса, оған  жоғарыда 

көрсетілген мөлшерде еңбекақы төлене ді.

Мереке күндері жұмыс істеген үшін ақы қалай төленеді?



Халықаралық әйелдер мерекесінде үш күн (8-10 наурыз күндері) демалыс 

болды. Сол күндері жұмыс істеген қызметкерлерге үш күнге мерекелік 

қосымша ақы төленуі тиіс пе?

Ардақ ЕСЕНГЕЛДИЕВ, Алматы облысы 

ДАБЫЛ!


Жабайы 

аңдар жыл 

өткен сайын 

сиреп барады 

Бұл мақсатта қандай шара атқарылуда? 

Оны білетін адам жоқ тағы да... Осылай-

ша, бір күні олардан да айырылып қалма-

сақ болар еді... Сондай-ақ таудың сәніне 

айналған ай мүйізді арқарлар мүлдем 

кеміп барады. Ғалымдар аталмыш жа-

нуар дың түпкі шыққан жері Қаратау де-

ген ді көлденең тартады. Қаншама ғасыр-

дың куәсіне айналған таудан қазір 

ар қар ды кездестіре қою екіталай. Бұл 

біздегі табиғи байлыққа деген немқұ-

райды көзқарастың бір көрінісі секілді. 

Дала сәніне айналған жан-жануар 

мен өсімдіктің азаюына немесе жоғалуына 

түрлі себептер әсер етеді. Тіпті табиғаттың 

өзі де кейбір қоршаған орта құндылы-

ғының кемуіне алып келеді. Адамзат 

тарихындағы үлкен апаттардың бірі 

болып табылатын Арал теңізінің тартылуы 

да осындай жағдайды туғызды. Теңіздің 

тұздануы салдарынан бірқатар балық 

түрлері мүлде жоғалып кетті. Кешегі 

күндері Аралдың ажарын кіргізген қаяз, 

тұқы секілді балықтар теңіз жағасындағы 

жұрттың көзінен таса бола жаздады. Осы 

салаға жанашыр кейбір азаматтардың 

қамқорлығы арқасында қаяз тұқымын 

қайта көбейтуге көңіл бөлініп отыр. 

Алайда балықтың бұл түрі бұрынғыдай 

теңізде молынан жүзіп жүре ме екен? 

Аталмыш сауалдың түйіні тарқатылмай 

тұр. Ешкім олай-бұлай деп нақты жауап 

бере алмайды. Бір жылдары оның орнына 

камбала балығы өсірілген. Түпкі отаны 

Скандинавия маңындағы су айдындары 

саналатын ол Аралды да жатсына қойған 

жоқ. Дегенмен жергілікті жұрттың бүйрегі 

бұрыннан өздері жақсы білетін балық 

түрлеріне бұрады. Қазір Кіші Арал теңізі 

суға тола бастады. Әйтсе де онда 

уақытында балықшы қауымның күнделікті 

тіршілігіне өзек боларлық  су маржандары 

әлі де өз деңгейіне жетер емес. Оның 

қашан толығары да белгісіз. Әзірге арман 

күйінде қалып тұр. Олардың барлығы 

дерлік «Қызыл кітапқа» енгізілген. 

Оразхан АЙДАРОВ, Қорқыт ата 

атындағы Қызылорда мемлекеттік 

университетінің оқытушысы:

– Кезінде Сыр өңірінде аң мен 

құстың саны қазіргіден әлдеқайда 

көп болғаны белгілі. Дегенмен 

кезінде кеткен олқылық салдарынан 

олардың көпшілігі құрып кетті, 

болмаса саны өте азайды. Соның 

дәлелі ретінде жолбарыс пен елікті 

айтуға болады. Алғашқысы бүгінде 

мүлдем кездеспейді.  Ал еліктердің 

саны онға да жетпейді. Сондай-ақ 

бүркіт, ителгі, тұйғын сияқты 

жыртқыш құстар да азайып барады. 

Менің ойымша, Қазақстандағы аң 

мен құстар, өсімдіктер әлемін қорғау 

бағытында арнайы бағдарлама 

жасалуы тиіс. Болмаса, қазір саны 

азайып бара жатқан, қоршаған 

ортаның сәніне айналған кейбір 

табиғат байлықтарынан да 

айырылып қалу қаупі туып тұр. 

Адам мен табиғат етене дейміз. Де-

ген мен екі ортадағы байланыста көптеген 

олқы соғарлық жағдай баршылық. Күн-

дер дің күнінде базары тарқаған боз дала-

ға көз тастап, терең күрсініп қалып жүр-

мейік дейміз де...

Қызылорда  облысы         

Сіздің сұрағыңызға Еңбек 

және халықты әлеуметтік 

қорғау министрлігі Еңбекті 

нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасының сарап-

шысы Айсаным Юсупова 

жауап береді:

– Қазақстан Республикасы 

Еңбек кодексінің 157-бабына 

сәйкес, жұмыс берушi мына-

дай жағдайларда: жұмыс бе-

ру шi – заңды тұлға таратылған 

не жұмыс берушi – жеке тұлға 

қызметiн тоқтатқан жағдайда 

жұмыс берушiнiң бастамасы 

бойынша еңбек шарты 

бұзылғанда; қызметкерлердiң 

саны немесе штаты қысқарған 

жағдайда жұмыс берушiнiң 

бастамасы бойынша еңбек 

Жұмысынан айырылған (қысқартуға түскен) адамға 

жұмыс тарапынан  тиісінше ақшалай төлем жасала ма? 

Мейрамхан ОСПАНОВ

шарты бұзылғанда қызмет-

керге жұмысынан айырылуы-

на байланысты айына айлық 

орташа жалақысы мөлшерiнде 

өтемақы төлемi жүргiзіледi. 

Аталған өтемақы қызметкерге 

оның кезекті еңбек демалысын 

пайдаланғанына және мате-

риалдық көмек алғанына қа-

ра 

мастан төленеді. Орташа 



жалақыны есептеудің бірың-

ғай тәртібі «Орташа жалақыны 

есептеудің бірыңғай ережесін 

бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2007 

жылғы  29  желтоқсандағы           

№1394 қаулысымен айқын-

дала ды.


Қызметкердің сағаттық ставкасы 

оның лауазымдық жалақысын ағым-

дағы айда ғы  жұмыс сағаттарының са-

нына бөлу арқылы айқындалады.

«Қазақстан Республикасындағы 

мере келер туралы» Қазақстан Респу б-

ли касы заңына сәйкес, Халықаралық 

әйелдер күні 8 наурыз күні аталып 

өтеді. 

Сондықтан қосымша ақы тек 8 нау-



рыз күніне ғана төленеді.

Басы 1-бетте

Жылқыға алғаш жүген салған қазақ екенін әлем 

мойындаса да, өзіміз сенбейтін секілдіміз...

ҚАЗЫНА


Жылқы алғаш қазақ 

даласында қолға үйретілгенін 

әлем ғалымдары мойындап 

отыр және жабайы жылқы 

тарихшылар ойлағаннан екі 

ғасыр бұрын ауыздықталған 

екен. Бұған Қызылжар өңірін-

дегі Ботай қонысында жүр-

гізіл ген қазба жұмыстары 

кезінде табылған заттар 

айғақ. Сенсациялық жаңалық 

осыдан бірнеше жыл бұрын 

баспасөзді біраз дүрліктірген 

болатын. Бірақ әдеттегідей 

бұл жолы да мақтанудан ары 

көп асып кете алмадық. 

Жылқыны ерттеп мінген 

кезеңнен адамзат тарихында 

төңкеріс жасалғаны даусыз. 

Демек, қазақ даласы жаңа 

өркениеттің бастауы болған 

деген де болжамдар 

айтылған. Енді осы сөзімізге 

дәлел сұрап, шетел асып 

келген туристерге көрсетеріміз 

қане? Тіпті жаһанға жария 

болған жаңалық мектеп 

оқулығына енбегендіктен, 

оны өзіміздің балаларымыз 

да білмейді. Ал Ботай қонысы-

ның негізінде аспан астында-

ғы мұражай жасау туралы 

ғалымдардың жобасы мемле-

кеттен қолдау таппай, басшы-

лардың тартпасында жатыр. 

Ғалымдар бұл жаңалықты ашу үшін бір 

күн немесе бір ай емес, бақандай 30 жыл 

бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. 

Өткенге көз жүгіртсек, Қызылжардың 

Иманбұрлық өзенінің аңғарында археоло-

гиялық қазбалар жас ғалым Виктор 

Зайберттің жетекшілігімен 1980 жылы 

басталған. Қазба жүргізілген алғашқы 

күннен бастап зерттеушілер мол табысқа 

кенелген. Алғашқы жеті күннің ішінде 40 

мыңнан астам зат табылыпты. Кейін зерттей 

келе, жер астынан шыққан сүйек пен тас, 

қыш пен қоладан жасалған бұйымдардың 

біздің заманымызға дейінгі IV-III мыңжыл-

дыққа тиесілі екені анықталды.

Содан бері Айыртау ауданындағы 

Ботай тарихи мекені қазақстандық қана 

емес, алыс-жақын шетел ғалымдарының 

жиі-жиі жиналатын жеріне айналды. 1983 

жылы Ботайда Бүкілодақтық археология-

лық семинар өтсе, 1995 жылы «Еуразияның 

ертедегі жылқы өсірушілері» атты халы қ-

аралық симпозиум ұйымдастырылды. Бұл 

шараларға қатысқан Америка, Англия, 

Германия, Ресей ғалымдары бейжай 

қалмай, зерттеу жұмыстарына олар да 

білек сыбана кіріскен. «Саусақ бірікпей, 

ине ілікпейді» демекші, бірігіп атқарған іс 

жемісін беріп, қазақтың атын әлемге паш 

еткен жаңалық 2009 жылы жарияланды. 

Жұртшылыққа жақсы танымал SCIENCE 

ғылыми журналында басылған мақалада 

жылқы дүниежүзі бойынша тұңғыш рет 

Қазақстанның солтүстік аймағында қолға 

үйретілгені жазылды. Бұрын Еуропада, 

оның ішінде Украина жерінде мінілген деп 

келгенбіз. Америка ғалымы Алан Оутрам-

ның пікірі бойынша, табылған сүйектерде 

жылқының тістері мүжілген, оған сызат 

түскені байқалған. Осыған қарап, жыл қы-

ны мініске пайдаланғанын, ауыздықтал-

ғанын анықтаған. Жылқының қолға 

үйретілгеніне дәлел болатын бұйымдар да 

кейін табылды. Мысалы, тұсаудың ілгегі 

мен псалий (салпыншақ тәріздес) – тек 

атқа пайдаланылатын әбзелдер.

Сонымен қатар табылған ыдыстардың 

түбінен кепкен жылқы сүтінің нәлі байқал-

ған. Егер биені сауып, сүтін алған болса, 

бұл жылқылар жабайы емес деген сөз, 

яғни қолға үйретілгені даусыз. Бұл жаңалық 

қымызға қатысты соңғы кездері шығып 

жүрген дауға да нүкте қойғандай. Қырғыз-

дар өздеріне теліп, немістер патенттеп 

алған қымыздың қазақ даласында осыдан 

бес-алты мың жыл бұрын ас ретінде 

пайдала нылғаны дәлелденіп отыр. 

Ботайда энеолит дәуірі адамдарының 

баспаналары да табылды. Жартылай 

жертөле ретінде қазылып жасалған үйлер 

шеңбер немесе көп қырлы пішіндес болып 

келген. Төбелері киіз үйге қатты ұқсайды. 

Бірақ ол кезде таспен, ағашпен және бал-

шықпен жабылған екен. Ал қабырға лары 

саз балшыққа сүйек араластырып сы лан-

ған. Қазба жұмыстары барысында 100-

ден астам баспананың жұрты табыл ған. 

Олардың бірнешеуі қалпына келтіріл ген 

болатын. Тарихшылар 15 гектар дай жерді 

алып жатқан осы тарихи орынды аспан 

асты мұражайы етуді ұсынып отыр. 

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік 

Қазақстан мемлекеттік университетінде 

ашылған археологиялық орталық Ботай-

дың тарихын зерттеумен айналысады. 

Бүгінге дейін зерттеу материалдары 

негізінде екі докторлық, сегіз кандидаттық 

диссертация жазылыпты. Осы орталықтың 

жетекшісі, тарих ғылымының докторы, 

археология профессоры Виктор Зайберттің 

«Ботай. Дала өркениетінің бастауында» 

атты кітабы да жарық көрді. Бұл аз еңбек 

емес, бірақ ғалымдардың жазғанын қалың 

бұқараға жеткізу жағы, біздің де ата-

бабаларымыз әлемдік өркениетке өз 

үлесін қосқанын түсіндіру тұсы ақсап 

тұрған сы ңай лы. Әлем тамсанып отырған 

жаңалықты мектеп қабырғасындағы 

қаракөздеріміздің білмеуі – намысымызға 

сын. 

Жанибек ЖОЛДЫБАЙтарих пәнінің 

мұғалімі:

– Мектеп оқулығында қола дәуіріне 

екі бет қана арналған, Ботай туралы 

қысқа ғана мәлімет берілген. Ал жылқы 

алғаш рет біздің елде мінілгені туралы 

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ

ештеңе айтылмаған. Біз әлі күнге дейін 

өркениет Еуропадан басталады деп 

үйретіп жүрміз. Бұл қалыптасып қалған 

пікірді өзгерту керек. Ол үшін ғалым-

дардың дәлелдерін келтіре отырып, 

қазақ жерінде де осыдан бірнеше мың 

жыл бұрын өркениет болғанын оқулық-

қа жазу керек. Адамзат атқа мінді деген 

сөз тарихи төңкеріс болды дегенді біл-

ді реді. Себебі аттың көмегімен жарты 

әлемді жаулап алған жағдайлар да 

кездеседі. 

Виктор ЗАЙБЕРТ, тарих ғылымының 

докторы, археология профессоры:

– Жылқының қазақ даласында қол-

ға үйретілгенін әлем ғалымдары мо-

йын дады. Ботай қонысынан жылқыдан 

басқа да өркениеттің жұрнақтары 

табылды. Энеолит дәуіріне тиесілі бұл 

жәдігерлер аса құнды болып саналады. 

Ботай қонысы – тарихи мекен. Демек, 

оған қызығушылық танытушылар өте 

көп. Сондықтан бұл жерде аспан астын-

дағы мұражай ашу идеясы туды. Бірне-

ше рет жобасын жасап, жоғары жаққа 

ұсындым. Бірақ мемлекет тарапынан 

әлі қолдау тауып, қаржы бөліне қойған 

жоқ. Туризмді дамыту бағдарламасына 

енеді деген. Соны күтіп отырмыз. 

Қызылжар 

Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылжардағы бейнелеу өнері 

мұражайына бас сұқтым. Қазақ халқының өмірі мен мәдениетіне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет