Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



халқымыздың  тыныштықта  бейбіт  өмір  сүріп  келе  жатуы  –  тұңғыш 

президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  адал  да  ұтымды 

тактикасының,  үлкен  парасат  пен  биік  талғамының  арқасында!  Сондықтан, 

біз,  XXI  ғасыр  жастары,  осындай  байтақ  елде  тұрып  жатқанымызға 

бақыттымыз!  

 

Жауды жеңіп табанға сап,  



Жермен-жексен еткен ерім. 

Қуан, қуан, күлші сақ-сақ 

Шын жеңіске жеткен елім!, -  

 

деп соғады менің балғын жүрегім. 



 

 

 



Амиркулова Аяна 

8 сынып Облыстық үш тілде оқытатын  

                                             мамандандырылған дарынды    балаларға  арналған мектеп                                                                                                              

 

  Жетекшісі:  Сүлейменова Ғалия Ермекбайқызы 



 

         

 

Соғыс...  Соғыс...Сұм  соғыс.  1941  жылдың    22  маусымында    неміс 



басқыншылары  бейбіт  жатқан  елімізге  тұтқиылдан  шабуыл  жасады. 

Отанымызды  жаудан  қорғау  үшін  үлкен-  кіші  демей  барлығы  соғысқа 

аттанды.Осы бір алпауыт соғыста жиырма миллионнан астам адам қаза тапқан 

еді.  Біздің    бақытты  өмір  сүруіміз  ата  бабаларымыздың  ерен  ерлігінің 

арқасында  деймін.  Соғыс  кенеттен  басталғанмен  алғашқы  күннен  бастап 

еліміз жұдырықтай жұмылып, еріктілер әскери комиссариатқа ағылған. Кеше 

ғана  бейбіт  күнде  еш  уайым  мен  қайғыны  білмеген  бозбалалар  мен 

бойжеткендерөзеркімен  соғысқа  сұранды.  Осы  соғыста  ержүректілігімен, 

қайтпас  қайсарлығымен,  Отанына  деген  шексіз  махаббатпен  көзге  түскен 

қазақ  қыздары, батыл да қайратты азаматтары мен  жас ұландары аз болған 

жоқ. Қазақтың маңдайына туа біткен батыл қаһарманы, танымал қолбасшы, 

әскери  жазушы,  жерлесіміз  Бауыржан  Момышұлы  мен  жиырма  сегіз 

панфиловшылардың  ерлігінбілмейтін  адам  жоқ  шығар.  Үрімдей  жаста  бола 

тұрып, қолына қару алып, Отаны үшін шайқасқан Әлия Молдағұлова, Мәншүк 

Мәметова  секілді  қайсар  қыздарымыздың  ерлігі  мәңгі  есімізде  сақталады. 

Матросовтың  ерлігін  қайталаған  қазақ  жауынгері,  өз  кеудесімен  жаудың 

пулеметін  жауып,  олардың  шегінуіне  ықпал  жасаған  Ағаділ  Сухамбаевтың 

ерлігін бүгінгі ұрпақтары ешқашан ұмытпай, мақтанышпен айтады. Бораған 

оққа  басын  тігіп,  Рейхстагқа  Жеңістің  туын  желбіреткен  Рақымжан 

Қошқарбаев туралы айтпай кету мүмкін емес. Тажалдай болып келген соғыс 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

10 


 

тек майдан даласы емес, тылда да жүргені анық. Отанымызды жаудың қолына 

бермеу үшін, тылдағы ата, апаларымыз ертеден қара кешке дейін аяғынан тік 

тұрып  еңбек  етті  десеңізші.  Темір  жолдар  салып,  ауыр  өнеркәсіпте  қару-

жарақтарды шығару, майдандағы азаматтарды ас-сумен қамтамасыз ету оңай 

шаруа  болмағаны  мәлім.  Жеңіске    Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы 

да              өз    үлесін      қосты.        Ер    азаматтардың 

бәрі      армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда     әйелдер,  қариялар,  

жасөспірімдер    еңбек  етті.    Еңбек  тәртібі  қатайтылды,      жұмыс 

уақыты  ұзартылды.  Бүкіл ел    «Бәрі де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» 

деген ұранмен  еңбек етті. 

        Ұлы  Отан    соғысы      4      жылға    созылды.        Майдан  даласында    600 

мыңнан  астам  қазақстандықтар   қаза  тапты.    Соғыста       қаза тапқандардың 

саны    туралы  мәлімет      бүкіл    әлемді      дүр    сілкіндірді.  Осындай 

жауынгерлердің  қатарында  менің  атамда  соғыс  ардагері  болды,  алапат 

соғыстың ортасында болды. Атам Әмірқұл ұлы Есенқұл қан майдан соғыстың 

ортасында от кешкен .1940  жылы Совет армиясы қатарына алынды. Әскери 

қызметін Красноярск қаласы 119 атқыштар дивизиясының 49 жеңіл артилерия 

полкінде атқарған. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылдың шілде айынан 

бір  мың  тоғыз  жүз  қырық  төртінші  жылдың  маусым  айына  дейін  үшінші 

Белорусь фронтында болды.Атам бір мың тоғыз жүз қырық төртінші жылдың 

жиырма  бесінші  маусымында    Витебск  қаласын  жаудан    азат  еткен    кезде 

жараланған.  Свердловск  қаласындағы    әскери  госпитальде  емделіп  шыққан. 

Менің  атам  өзінің  ерлігі  үшін  "Ұлы  Отан  соғысының  1-ші  дәрежелі  " 

орденімен 2 рет, одан бөлек  "Ерлігі үшін", "Германияны Жеңгені үшін" атты 

медальдармен марапатталған .Біз отбасымызбен атамызды зор мақтанышпен 

еске алып, айтып отырамыз. Атам өз әңгімесінде сол бір  қиын-қыстау заманда 

қазақ  жауынгерлеріне  рух  беру  үшін  біздің  ақын-жазушылармыздың,  әнші-

күйшілеріміздің  солармен  бірге  соғыс  майданына  аттанғанын  айтатын. 

Әсіресе,  Жамбылдың  "Ленинградтық  өрендерім"атты  өлеңі  бүкіл 

жауынгерлерге  қажымас  қайрат  пен  талмас  қанат  сыйлаған  тебіреніп  еске 

алып айтып отырушы еді.  

      

Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең 



тажалы    Ұлы  Отан  соғысы  еді.  Ата-  бабамыздың  соғысқа  аттанғандағы 

мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте 

өмір сүруімізді қалады.  

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс», - деп Қ.Аманжолов атамыз жырлағандай, 

жер әлемді сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұншыққанына 70 жыл толды. 

Аттың  жалында,  түйенің  қомында  жүріген  ата-апаларымыз    біздерге  бейбіт 

өмірді  орнатып  берді.  Уақыт  өткен  сайын  аталарымыз  сыйлаған  Жеңістің 

маңызы артып келеді. 

Бізге бейбіт заман сыйлаған жауынгер  ерлердің  есімін 

ұмыту  мүмкін  емес.  Біз  сол  жеңіс  сыйлаған  аға  ұрпақтың  жалғасымыз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

11 


 

Сондықтан  олардың  ерлігін  мақтан  тұтып,  рухына  тағзым  ету 

парызымыз.Бүгінгі күні  Елбасымызыдың шешімі бойынша қалалардағы бас 

көшелерге  батырларымыздың    есімдері  беріліп,  демалыс  орындары, 

ескерткіштер  орнатылды.  Менің  тұратын  көшем  батыр,    қаһарман    Ағаділ  

Сухамбаевтың есімімен аталған . Мен мұны өзіме бақыт деп санаймын."Өжет 

өлімнен қаймықпас" демекші өжет батырларымыздың ерен ерлігімен  келген 

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл.  

 

Құтты болсын жеңіс күні ағайын 



Көптен күткен ұлы күнде жар салайын. 

Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,  

Ата - бабам намыс бермей айқасқан 

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз. 

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз. 

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған 

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс,  

-деген  ақын Тұманбай Молдағалиевтің  «Жеңіс күні» өлеңімен шығармамды 

қорытындылағым келеді.  

 

Арыстанбек   Ғайнижамал 

11 сынып, Р.Смаилов атындағы орта мектеп 

Жамбыл облысы  Т.Рысқұлов ауданы 

Жетекші:Оспаналиева Қалбүбі 

 

Отаншылдық – ең ізгі сезім 

 

- Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным  



жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп, ер 

қайратына мін-дағы, өрге бас! 

                                                           М. 

Әуезов 


 

          Кешегі  Хан  Шыңғыстың  қазақ  даласын  қан  сасытып,  Отанын  сатқан 

Қарашоқының  арқасында  Отырарға  иелік  еткенін  еске  алайықшы.  Ауызбен 

алтынға көміп, артынша ұлтына әкелген опасыздығынан сескенген Шыңғыс 

Ханның  бұл  әрекетін  баршамыз  жоғары  бағалағанбыз  да.  Отанға  деген 

сүйіспеншілікті,  адалдықты,  ұлы  сезімді  Хан  Шыңғыстың  шекпенді 

саясатынан,  ұтымды  амалдарынан  көруге  болады.  Бертін  келе  Ұлы  Отан 

соғысында ұлт үшін жанқиярлыққа барып, үрпаққа ұлы жолдың көшін бастап 

берген  батыр  бабалар  мен  аға-апаларға  да  кем  емеспіз.  Қ.  Қайсенов,  Б. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

12 


 

Момышұлы,  А.  Суханбаев,  Т.  Бигельдинов,  Ә.  Молдағұлова,  М. 

Маметовалардың асқан ерлігі әлемді кезіп, тарихта мәңгілікке таңбаланды.  

        Еліміздің басынан өткен өткелдерге қарап, «қайран қазағым, боевик боп 

біттің-ау» деп бір күрсініп аларымыз хақ. Қанды қырғын апаттар, ашаршылық, 

азамат соғысы, репрецция тағысын тағылар. Айта берсек, тізбектеле береді. Ал 

бүгінгі  қазақ  өмірі  туымызда  таңбаланған  қыран  құсындай  десем, 

қателеспеспін.  Оның  дәлелі,  туымыз  талай  елдің  төрінде  желбіреп, 

экономикалық,  индустриялық,  ғылыми  дамудың  даңғыл  жолына  түстік. 

Бейбітшіліктің,  еркіндік  пен  егемендіктің  самал  желі  самайымыздан  сипап, 

бізді ізгілікке бағыттап келеді.  Ел жаны тыныш, халық санасы оянған. Жаңа 

дәуірдің  ғажайып  өмірге  айналғаны  –  бастан  кешкен  қайғы-қасірет  пен 

ерліктің,  табандылық  пен  батылдықтың  арқасы.  Өткенімізде  орын  алған 

сұрапыл  соғыстың   жеңіспен аяқталғандығы    бүгінгі  күнге  жеткендігіміздің  

дәлелі болып отыр.  Қаншама өмірді, қаншама тағдырды, қуаныш пен бақытты 

жалмаған  сұрапыл  соғыс  еліміздің  ең  ауыр  сәттерінің  бірі.    Мейірімді  ана 

жүректерін  қайғыға  батырып,  жас  сәбилерді  аңыратқан  бұл  соғыс  халық 

жанын күйзелтті.  Жүртын сүйген жүректердің арқасында біз азат елміз, біз 

Теуелсіз елміз, біз Бауыржан, Әлия, Мәншүктей тарих тарландарын түлеткен 

елміз.  Олар    кеуделерін  оққа  тосты.    Атамекендері    үшін  жан  ұшырып, 

тұтқиылдан  жасалған  Гитлердің    шабуылына  қарсы  тұрды.Көптеген 

мемлекеттер қатысқанымен зардапты шеккен, ауыртпалықты көтерген кеңес 

халқының Қарулы Күшетері екен.   

      Қызыл  қан  селдей  тасыған  майдан  даласы,  әр  жерден  абалаған  иттердің 

үніндей  қатаң  шығып  жатқан  мылтықтар  тарсылы,  дыбысы  күннің 

күркіреуінен қатқыл танкілер тырсылы, оққа ұшқан адамдардың жанайқайы, 

қансырап  жер  құшқан  мәйіттер  мен  молалар,  ауылда  қалған  қариялар  мен 

бала-шағаның жанкүйзелісі, қаралы хабардан қорыққан үрейлі көздері... Бұл 

қорқынышты картина 1941 жылы неміс әскерінің Кеңес одағына бағытталған 

тұтқиыл  шабуылынан  басталды.  Ауызбен  айту  оңай.  Алайда  ата-

апаларымыздың  басынан  осындай  орасан  қиындықтардың  өткенін  санаға 

сіңіру, кейінгі ұрпаққа жеткізу оңай емес. Саусылдаған ауыл  әйелдері тылда 

жұмыс жасап, бір жағынан балаларын асыраса, бір жағынан өкіметке қызмет 

жасады. Мақта теріп, қызылшада, егістік даласында жұмыс жасады. Таңнын 

атысы мен күннің батысына қарамастан  әйтеуір тыныштық үшін, бейбіт күнді 

аңсап, тынбастан еңбек еткен. Келер ұрпақ бейбіт күнде өмір сүрсе екен деген 

ұранмен  еңбектеген  баладан,  еңкейген қартқа  дейін  қызмет  қылды,  жұмыла 

жұмыс жасаған.  

        Мәскеу түбінде  басталған  соғысқа  елімізден    1  млн  700  мыңнан  астпам 

қазақстандық  аттанды  деседі.  Өкініштісі  олардың  жартысындайы  соғыстан 

оралмапты.  Бозбалалықтарына  қарамастан  жас  қазақ  жігіттері  мен  өрімдей 

қызғалдақ  қыздары    ел  басын  қауіп-қатерден  қорғауға  соғысқа  сұранып 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

13 


 

барған.  Олардың  бұл  әрекеттері  мен  соғыс  даласындағы  ерліктері  бүгінгі 

ұрпаққа  үлгі  боларлықтай  үлкен  іс  деп  ойлаймын.  Осындай  батыр  ұл-

қыздарымыз  болғанда    еліміз  қалай  жеңбеске?!  Әрине,  1945  жылдың 

көктемінде Берлинде аяқталған соғыстың жеңіс туы еліміздің еншісіне тиді. 

Жеңіспен аяқталғанымен соғыстың нәтижесі біреуге қуаныш сыйласа, біреуге 

қайғы  әкелді.  Бірі  әкесіз  қалса,  бірі  баласыз,  ағасыз  қалды.  Үміттерін  үзбей 

қанша  уақыт  күткенмен  де  оралмаған  туыстарының  орындары  ойсырады. 

Өздерін жеңіске жеткендерімен жұбатқанымен, іште сағыныш пен мұң болып, 

оларды  еш    қуанта  алмады.  Жақындарының  жоқтығына  төзе  алмағандар 

өмірдің  зардабын  тартып  өтті.  Міне,  осы  Жеңіске  биыл  70  жыл.  Жүрдек 

пойыздай жүйіткіген уақыт зуылдап өтіп жатыр. Бүгінгі жеңістің тәтті дәмін 

егемен  еліміздің  ертеңінен,  бүгінгі  бағындырып  жатқан  белестерден  айқын 

көруге болады. Біздің міндет барды бағалап, ел мүддесін арттырып, игілікке 

жұмыс  жасау.  Айрандай  ұйыған  ұлтымыздың  абыройын  арттыру.  Америка 

секілді долларын, Ресей секілді арағын, Франция секілді әтірін, Италия секілді 

аяқ киімдерін әлемге әйгілеп брэндтерімен мақтану емес біздің мақсат. Біздің 

мақсат  –  бар  саланы,  бар  бұйымды,  бар  керекті  бір  бойына  тоғыстырған, 

бағдары  анық,  бағыты  айқын,  экономикасы  жоғары,  қайдан  екенін  сұраса 

біздің  елді  айтып  мақтанатын,  жастары  сенімді  ҚАЗАҚСТАН  деген  атауды 

әлемге мойындату! 

          



Әбіқұлова Ақбота 

 Т.Рысқұлов ауданы,   Қ.Сұлтанбеков атындағы  орта мектебі. 

9 «А» сынып оқушысы  

Жетекшісі: Асилина Ж.Б. 

 

ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ... 

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ,  

сенен үркер күшім жоқ. 

М.Әуезов 

 

Соғыс  жаңғырығы  жылдан  -  жылға  алыстап  барады...  Ол  туралы 



үлкендерден,  көнекөз  қариялардан  естіп  жүреміз.  Кинолардан,  деректі 

фильмдерден  көреміз.  Әйтсе  де  өткенге  көз  жүгіртпей,  болашаққа  бағдар 

жасау  мүмкін  емес.  ХХ  ғасырдың  орта  кезінде  болған  алапат  соғыс  Екінші 

дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы 

Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Бұл  соғыс  кезінде  әрбір  бесінші  қазақстандық 

майданға  аттанып,  Отан  анасын  қорғауға  атсалысты.  Қаншама 

қазақстандықтар  ұрыс  даласында  мерт  болды.  Жеңіс  бізге  миллиондаған 

адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған  қасірет  әрбір  жанұяның 

тарихында  із  қалдырып  кетті.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихы  туралы  қаншама 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

14 


 

шығарма  жазылып,  қаншама  кино  түсіріліп  жатса  да  оның  тарихына  еш 

уақытта  нүкте  қою  мүмкін  емес.  Ерлікпен  шайқасып  лайықты  бағасын 

алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, 

жатқан  тұлғалар  аз  емес.  Отан  соғысының  ізінде  әлі  де  ашылмай  жатқан 

ақиқаттар,  еленбей  қалған  ерліктер,  елеусіз  жатқан  ерлер  қаншама?...  Оны 

ашып  анықтау  белгісіз  болып  жатқан  тағдырларды  тауып  елге  танытып, 

лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау  - бүгінгі ұрпақ, біздің, 

қасиетті парызымыз. 

Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл 

толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай 

ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл 

мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын 

қорғаған  жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті 

жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін 

дәлелдейтін  белгі  болып  қалмақ.  Біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміздің 

батырлықтары  мен  жанқиярлықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  шексіз 

сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық 

үлгі  ғана  емес,  бұл  –  бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын  қоғамның  рухани 

дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – 

абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген 

сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.  

Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес!  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл 

солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының 

бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп,  елестететін 

газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін 

мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе 

де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.  

Күйзелген  көңілдер,  жүдеген  жандар  Ұлы  Жеңістен  жұбаныш  тапты. 

1945 жылы 9 мамыр күні Жеңіске қолымыз жетті. Жеңіс! Қандай құдіретті сөз 

еді  бұл!  Осы  бір  сөзге  теңселген  дүниенің  қайғы-қасіреті,  ащы  азабы  тәтті 

арманы, ой-қиялы сиып жатыр. Содан бері біз Жеңісті тойлап келеміз. 

Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. «Тегінде бар тек жатпас» деген. 

Сол халықтың ұрпағы ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Сұм соғысты көзімен 

көріп,  жеңіске  жету  жолында  жауына  кектене  ұмтылған  батырлардың 

арасында  Жақсылық  ауылының  тұрғыны  майдангер  атамыз  –  Мақсым, 

Асаубай, Шұлғаубай сынды қарт ардагерлеріміз де болды. 

Ұлы Жеңіс күндерінен бері қаншама уақыттар өтті... 

Осы  жылдар  туралы  қаншама  естелік,  роман  -  дастандар  жазылып, 

қаншама кино түсірілсе де адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген 

бұл  жойқын  шайқастың  тарихы  түгел  жазылып  нүктесі  қойылған  жоқ.  Ол 

мүмкін  де  емес.  Отан  соғысының  ізінде  әлі  де  ашылмай  жатқан  ақиқаттар, 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

15 


 

еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?! Оны ашып анықтау 

белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие 

болғызу, оларға қамқорлық жасау - кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы.  

Жас ұрпақтың өз өлкесінің тарихын білуге ұмтылуы – ол елдің тарихын 

білуге ұмтылғандығы. 

Осыдан бастап, Отанның кішкентай азаматының қалыптасуы басталады 

емес пе? 

        Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан 

еңбекшінің  ерен  ерліктері  ұмытылмайды.  Сол  сұрапыл  соғыста 

батырларымыздың  сақтап  қалған  байтақ  жеріміз  бүгінгі  күні  дүние  жүзі 

таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, 

жетістік.  Бүгінде  біздің  азаматтық  міндетіміз  –  болашақ  ұрпақты  Отанын 

сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру 

арқылы отансүйгіштікке  тәрбиелеу.  Қазір  Республикамыздың дүние  жүзінің 

алдыңғы  қатарындағы  мемлекеттердің  бірі  болып,  ең  бастысы,  елімізде 

бейбітшілік  пен  ынтымақтың  өріс  алып,  халқымыздың  тыныштықта  бейбіт 

өмір  сүріп  келе  жатуы  -  тұңғыш  президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  адал  да  ұтымды  тактикасының,  үлкен  парасат  пен  биік 

талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ 

елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз! 

  Қазақ  деген-батыр  халық.  Ол  еңкейгенде  еңкейеді,  шалқайғанда 

шалқаяды.  Шірене  қалса,  асқар-асқар  тауларына  сүйенеді,  еңкей  қалса, 

азаматтығына,  өзінің  парасаттылығына  сенеді.  Сөйлесе  Қазыбек  данадай 

шешендігі  бар,  Төле  бидей  көсемдігі  бар,  айтыса  қалса,  дауласа  қалса 

Бөгенбайдай  ерлігі  бар,  Қабанбайдай  ірілігі  бар,  қолынан  қиыстырып  жол 

табар  Абылайдай  тірілігі  бар  ел.  Қазір  өз  алдымызға  мемлекет,  тәуелсіз  ел 

болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып 

есептелгендіктен,  батыстан  жау  шапқанда  Отанымыздың  абыройын, 

бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғауда  жаппай  ерлік  пен  қайсарлықтың 

үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы 

қандай  бай  болса,  жүрегі  де  сондай  бай  халқымыз  қан  майданда  елдік 

мінездері  мен  ерлік  қасиеттері  сынға  түсті.  Осы  жолда  қанша  ардагер 

әкелеріміз,  аталарымыз  бен  апаларымыз  қанын  төкті,  жанын  пида  етті 

десеңші!  Осылайша,  біздің халқымыз  соғыс  барысында  бүкіл  әлем  алдында 

бар ұлылығымен көрінді.  

1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған 

сайын  бізден  алыстап  тарихқа  кетіп  барады.  Халықтарды  езіп  жаншудан  өз 

қанын  төгумен  аман  сақтап  қалғандарды,  дүниежүзілік  өркениетті  қорғап 

қалғандарды  адамзат  баласы  ешқашан  ұмытпақ  емес.  Соғыс  жалыны 

басылғанына 70 жыл өтсе де оның өртінің лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге ең 

алдымен бейбітшілік бағасын ұқтырады. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

16 


 

Біз  соғысты  көрген  жоқпыз.  Бірақ  ата-әжелеріміздің  әңгімелерінен 

соғыстың не екенін түйсініп жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін 

жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де, ұмытылмастай 

тарихта  жазылды.  Соғыс  ұлы  сын  мектебі,  ерліктің,  батырлықтың  мектебі 

болды, соғысқандар үшін ғана емес, соңығы келер буындар үшін де мектеп. 

Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен 

апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз. 

 

Жауды жеңіп табанға сап, 



Жермен-жексен еткен ерім. 

Қуан,қуан, күлші сақ-сақ 

Шын жеңіске жеткен елім! 

 

 



 

 

Әмірқұл Ақтоты  

Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы,  

 Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебі 6 сынып оқушысы  

Жетекшісі: Мырзалиева  Б.А. 

 

 



       Ұлы  Отан  соғысы  жайлы  бір сыпыра  айтып өту  мүмкін  емес. 

Қаншама      ата-бабаларымыз  ,  апа-ағаларымыз    осы    жеңіс    үшін    аянбай  

соғысып, жандарын  қиды. Бұл  соғыс  адамзат  тарихында  ең  сұрапыл, әлемді  

дүр    сілкіндірген,  жан    түршігерлік    қанды    қырғын    болды.  Ұлы    жеңіске  

еліміздің  барлық  халықтың   жеңіске  құштарлығының  арқасында, береке-

бірлігінің  арқасында  елімізді,  жерімізді, Отанымызды  сақтаймыз,-деп  жан  

аямай  соғысып, жан  аямай  еңбек  еткеніміздің  арқасында  қол  жеткіздік. 

Сондықтан    да,  бұл    мереке    адамзатқа,  олардың    ұлтына,  дініне,  тілі    мен  

мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш, ортақ  жеңіс!Бұл  қан  майданға  қазақ  

топырағынан    бір    миллионнан      астам    ержүрек  жауынгерлер      аттанған. 

Олардың   көбісі   сол   алапат  соғыс  алаңында  қаза  болды.Сонымен  қатар, 

аттары    аңызға    айналған    жаңа    тұлғалар    тарих    бетінде    өздерінің  

ерліктерімен    аттарын    алтын    әріппен    жазып    қалдырды.500-ден    аса  

жерлестеріміз, оның  ішінде  96 қазақ   Кеңес  Одағының   Батыры  атағын  

алды.Олар: Бауыржан   Момышұлы,Талғат  Бегельдинов, Сергей  Луганский, 

Иван  Павлов, Мәншүк   Мәметова, Әлия  Молдағұлова   және  тағы  басқалары. 

       «Не болады күні ертең?» - деп қайғы мен мұңды қатар ұстап, қуаныш 

пен  тыныштықты  аңсаған  халықтың  арман  –тілегін  арқалаған  батыр 

ағаларымыз бен апаларымыз алапат қырғын соғыс лаңын Германия жерінде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет