Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

49 


 

Бірақ біз абыржыған жоқпыз, есімізді тез жиып алдық. Жасымыз да, кәріміз 

де, ұлымыз да, қызымыз да қолына қару алып, Отанын қорғауға, Отаны үшін 

жанын қиюға дайын болды.        

Ұлы  Отан  соғысына  қазақтың  жауынгерлері  қатысып,  қасық  қаны 

қалғанша  шайқасып  ерлікпен  қаза  тапты.  Сондай  батырларымызға  Талғат 

Бигелдинов,  Нүркен  Әбдіров,  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова, 

Бауыржан Момышұлы т.б. батырларымызды жатқызамыз. Бауыржан атамыз  

туралы бір-екі ауыз сөз айтпасам, мен үшін кешірілмес күнәдай болар еді.        

Бауыржан  Момышұлы-  қазақ  халқының  даңқын  шығарып,  абыройын 

асырған айтулы ұлдарының бірі, гвардия полковнигі, жазушы.Қазақ халқының 

"Ақын  елдің  еркесі,  батыр  ердің  серкесі"  деп,  ақын  мен  батырды  айрықша 

қастерлейтін  дәстүрі  бар.Ұлы  Отан  соғысында  қазақ  халқының  ұлттық 

батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва 

түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тартқан, ерен 

ерлігімен  даңқы  әлемге  жайылып,  аты  аңызға  айналған  бірегей  қолбасшы 

ретінде танылды.Мен Бауыржан атамның ерлігін, тапқырлығын, батылдығын 

мақтан тұтып, сол қасиеттерді бойыма дарытқым келеді. Мен де өз заманымда 

Бауыржан атам сияқты  батыр болуға дайынмын. 

Жоғарыда  айтып  өткенімдей,  батыр  қыздарымыз  Әлия  мен  Мәншүк 

апаларымды айтып өтпеске тағы болмайды. Бірі-шебер пулеметші, екіншісі-

атақты мерген болған. Бұлар да Отан үшін жанын пида етіп, артына өшпес із 

қалдырды. 

                                   

Мен  қазақ қыздарына қайран қалам, 

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған 

Ерліктің қос қанаты деген сөзді 

Қапысыз қалай  айтқан қайран бабам, - деген 

өлең жолдары қос батыр қызымызға арналды. 

 

Ұлы Отан соғысы... Бұл- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 



төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың 

алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін 

көрсеткен ардагерлер тойлайды. 

 

                                      Неменеңе жетістің бала батыр,  



                                      Қариялар азайып бара жатыр. 

                                      Бірі мініп келместің келмесіне 

                                      Бірі күтіп, әнеки жағада тұр,  

 

- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз 



құндылық,  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

50 


 

Қариялар  азайып  бара  жатқаны  әсіресе,  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман оралған ақсақал дарымыздың  қарасы жыл санап азайып бара 

жатқаны  өкінішті  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 

жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 

ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл- 

ұлы Ұлы мереке.  Оққа ұшқан қарулас жолдастардың аманатын арқалап, аман 

оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған, қамқор болып оралған 

арттағы қалың елдің зарығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытпаймыз, тарих та 

ұмытпайды. Ол-өмір заңы.   

 

Медербек Зілхан 

Т.Рысқұлов ауданы,Қ.Сұлтанбеков атындағы   

орта мектебінің 5 сынып оқушысы   

  Жетекшісі: Берметова Рая 



Тағзым 

 

Жеңіс күні..... 



Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла 

күтті  емес  пе?!  Ақыры  олардың  үміті  мен  сенімі  ақталды.  Тілектері 

орындалды.  Бірақ,  сол    Жеңіс  оңайлықпен  келді  ме?  Әрине,  жоқ.  Жеңіс 

жолында  Отан  үшін  от  кешіп,  миллиондаған  асыл  азаматтар  мерт  болды. 

Жауымен  жан  аямай  шайқасып,  ерліктің  ерен  үлгісін  көрсетті.  Ана  жарын  

жоғалтып жесір, бала әкесінен айырылып жетім атанды. Фашистердің  тұтқын 

лагерьлерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал тылда 

қалған  қарттар,аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-

қасіретін  арқалай  жүріп  бірде  аш,  бірде    тоқ  тынбай  жұмыс  істеді.  Бірақ  

ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық 

сезім,  қолына  қару  алып  сапқа  тұрған  көптеген  ұлт  өкілдерінің  тізе  қосқан 

бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. 

 

Біздің республикамызда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем 



еді.  Жүз  мыңдаған  ата-әжелеріміз  соғыстың    алғашқы  сәтінде-ақ  майданға 

аттанды. Тылда қалғандар да қарап қалған жоқ. Күндіз-түні тырбанып еңбек 

етті. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Сондай-ақ, 

Қазақстан  соғыс  жүріп  жатқан  жерлерден  көшіріліп  әкелінген  көптеген  

халыққа пана бола білді.  

 

Иә, Ұлы Отан соғысы  жайлы аз айтылып, аз жазылған жоқ. Ол үлкен 



тарихи  шежіре.  Оның  жанға  да,  тәнге  де  салған  жарасы  ұзақ  уақытқа  дейін 

жазыла  қоймасы  белгілі.  Бүгіндері  қатары    сиреп  бара  жатқан  ардагер  ата-

әжелеріміздің  әжім  торлаған  жүзінен  осыны  анық  аңғарғандай  боласың. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

51 


 

Сөйтесің  де,  олар    көрген  азап  пен  қайғы-қасіретті  енді  ешкімнің  басына 

бермесін деп тілейсің. Олардың да ұрпағына деген ақ тілегі міне, осы! 

 

Ендеше,  жас  дос,  кешегі  қан  майданда  мерт  болған  ерлердің  рухына, 



бүгін  арамызда  асқар  таудай  болып  жүрген  аталарымызға  басымызды  иіп 

тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс! 

 

 

Мусабек Еңлік  



10  сынып оқушысы Д.А. Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия 

Жамбыл облысы Қордай ауданы   



 

 

Ұлы жеңіс-ұлы жетістікке жетелейді 

 

 

Ұлы Жеңіске мың тағзым 

                                                      Мәңгілік алау- 

                                                      Ерліктің өшпес  алауы,  

                                                      Желбірей берер жүректе оның жалауы. 

                                                       Мәңгілік алау үйретіп тұр ғой баршаны. 

                                                       Тарихқа бір сәт ақиқат көзбен қарауды! 

                                                                               Ибрагим Бекмаханов 

 

  Соғыс! 



Осы бір ұсқынсыз ұғымның жүрек езетін салмағы мен жан сыздатар улы дерті 

замандар бойы жалғасын тауып, берекелі бейбіт күнмен үздіксіз жалғасып келеді. 

Оның  қап-қара,  терең  таңбасы  ұрпақтар  санасынан  ешқашан  жоғалмайды, 

керісінше,  тарих  қойнаулары  ашыла  түскен  сайын    айқындала  түседі,  соғыс 

зобалаңын  көп тартқан  халықтың жанын түршіктіріп, жауыздық, басқыншылық 

атаулыға  өшіктіріп,  бейбіт  өмірге  деген  тәубашылдығын  орнықтырады, 

жарасымды  жасампаздыққа  жетелейді.  Дегенмен,  қатыгез  қаражүректілік    пен 

мейірімсіздік  қашанда құрып кетпейді, ол бүкіл адам баласы өркениетінің  бау- 

бақшасындағы  арам  шөптей  қайта-қайта  бас  көтерумен  болады,  жұлып  тастаған 

сайын  жұлқынып,  өршеленіп  кететін  тамыры  бар  оның!  Бүгінгі    таңда    адамзат 

дамуының  жоғарғы  сатысында    тұрған  шағымызда  да    соғыс  өрттерінің    қатты 

алаңдатып отырғаны сондықтан. 

 Иә,  соғыстың  үні  өшкелі  70  жыл.    Жеңіс  деп  желпінген    жылы  жарық  

дүниенің  есігін ашқан  шарананың  өзі 70  жасқа аяқ іліктіріп, ақсақалдыққа қадам 

басты .  Алайда, жүректе  жазылмас жара бар.  

  Адамзат  тарихында  теңдесі  жоқ  1418  күн  мен  түнге  созылған    ең  қаһарлы  

қанды қырғын болған    екінші дүниежүзілік  соғыс  бүкіл    әлемге  қисапсыз  қайғы 

әкелді. Жер бетіндегі  бейбіт өмір мен  тыныш  тіршіліктің  тағдыры  қыл үстінде 

тұрды . Әсіресе басқыншыл, гитлершіл фашизмге  қарсы бітіспес азаттық күресіне  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

52 


 

көтерілген біздің  бауырлас  халықтарымыз үшін бұл алмағайып  уақыт  аса ауыр 

сын болды.  

Ел  басына  күн  туған    қатерлі  шақта  кеуделерін  от  пен  оққа  тосқан  

миллиондаған  ержүрек  ерлеріміз    ортақ  Отанымыздын  бостандығы  мен 

тәуелсіздігін    қаһармандықпен    қорғады.  Туған  жер  төсін  қасық  қандарымен 

суарған  қаншама  қайран  боздақтар  азаттық  үшін  жандарын  пида  етті.  Осы  сын 

сағатта    естияр  баладан  еңкейген  кәріге  дейін  өмірмен  өлім  белдескен    алапат  

айқасқа  шыққан  халқымыздың    әлемнің  тең  жартысын  тізе  бүктірген  азулы  да 

айбатты жауды тек қана өзара ынтымақ, тығыз топтасқандық, бірлік, төзімділік пен 

қайсарлық мінез көрсетуі арқылы ғана күйрете жеңіпи шыққаны риясыз шындық. 

Ұлы  женіске  қазақстандықтар қосқан  қомақты үлесте біздің  өлкеміздің  лайықты 

сыбағасынын бар екендігін орынды мақтан етеміз. 

 

Қайран бабам,  



Заман  сырын дөп білген,  

Қайран қалам, өткірлігін көк тілген. 

Ерлік рухын, елдік рухын жебедің,  

Керек кезде орақ ауыз, от тілмен! 

 

 Адамзат тарихында  үлкенді-кішілі он бес  мыңнан  астам  соғыс  болған  екен. 



Солардың  ең  қатыгезі  де  қасіреттісі,  ең  қорқыныштысы  миллиондаған  адамзат 

баласын жер құштырған екінші дүниежүзілік, біз үшін-Ұлы Отан соғысы. Соғыс 

жылдары  ескіргенімен,  ол  туралы  ақиқат  пен  естелік  ешқашан  ескірмек  емес. 

Таразының екі басында бір-біріне кереғар екі мақсат тұрды- әлемге үстемдік етсем 

деген  фашистік  арамза  пиғыл  да,  екіншісі-  еркіндік  пен  тәуелсіздік,  бейбіт  өмір 

үшін күрес болды. Кеңес  халқы ізгі мақсатына жетті де. Соғыстағы женіс содан да 

Ұлы, Биік, Ардақты!        

      Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге  созылды. Әр тәулік сайын ол 14104 кенес  

адамдарының өмірін әкетіп, сағат сайын  588, минут сайын-10, әр 6 сикунд сайын- 

бір адамнан өліп отырды. 

       Қордайлық  жауынгерлер  майданда  батылдықпен  соғысты.Барлығы    біздің 

ауданан 10мыңнан астам адам соғысқа кетіп, 2758 қордайлық азаматтар оралмады. 

Москва түбіндегі Дубосеково  разъезіндегі 28 батыр-панфиловшылардың ерен 

ерлігі  әлемге аян. Олардың қатарында Қордай-Павловка елді мекенінін тұрғыны, 

жерлесіміз Кеңес Одағынын Батыры  Николай Никонорович Белашов та болған еді. 

“ Қазақстандық-Кеңес Одағының батырлары” атты кітапта Қордай жерінде туып-

өскен    батырлар  И.В.Москаленко,  С.Сущев,  А.И.Романитиндердің  есімдері 

жазылған.7  мыңнан  астам  қордайлық  жауынгерлер  Кеңестер  Одағының  орден-

медальдарымен марапатталды. 

 

Ерлік рухы...... 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

53 


 

Асқақтайды жаңғырып,  

Ұрпақтарға мирас болып мәңгілік. 

Бере берсін ақ батасын қарттарым,  

Бейбіт күннің шеруінде, сап құрып ! 

 

“Тау    алыстаған  сайын    биіктей  түседі  ”    дегендей,  уақыт  алға  жылжыған  



сайын  ХХ  ғасырдың  қасіреті  болған  сұраныс  соғыста    қан  кешкен    батыр  

ағаларымызды    қан  майданда  жарқын    болашақ  пен    бейбіт    өмір  үшін  жасаған 

ерліктің  шоқтығы  биіктей,  қадір-қасиеті  артып  тағылым  тәрбиесі  тереңдей 

даралана түспек. Өйткені  майдангер ағаларымыздың ерлік істері бізге әр уақытта 

өшпес үлгі  – өнеге, ұлағатты тәрбие мектебі. Біз олардан туған халқына ақырғы 

деміне дейін қалтықсыз қызмет жасауды үйренеміз.  

“Ерлік-елге  мұра,  ұрпаққа  ұран”  дегендей,  ардагер  әкелеріміз  туралы  ой 

толғап,  ерліктерін  мақтаныш  ету-  азаматтық  парызымыз.    Қазіргі  кезде  соғыс 

ардагерлеріне орнатылған ескерткіштер- отан қорғау жолында опат болып, туған 

жерге оралмаған бауырларымыз үшін жасалған құрмет. 

 Ұлы жеңіс- халықтың жеңісі, ерлік-елдің бірлігі. 

 70жыл.  Адам  үшін  біраз  уақыт.  Уақыт  зымырап  өтіп  жатыр.  Біз  соғысты 

көрмеген бақытты ұрпақпыз. Бейбітшілік бесігінде тербелдік. Бейғам, мамыражай 

өмір. Оны сыйлаған аяулы ардагерлер арамызда жүр.  

 Туған  жерге  тыныштық  тарту  еткен  қарт  майдангер  бүгінгі  күннің  бейбіт 

өміріне шүкіршілік жасайды. 

  Тарихтың қалың томдарына қатталған бұл сұмдық сызаты санадан өскен жоқ.  

   Бүгінгі  ұрпақ  алдындағы  міндет-Ұлы  жеңістің  мұраттарына  адал  болып, 

бейбіт өмірдің өркенін өсіру. 

 

Оқ дәрі боп құйылмасын қорғасын,  



Егеменді елімді алла қолдасын 

Біздер үшін қалған мәнгі ертек боп 

Енді соғыс ешқашанда болмасын. 

 

Нышан Айдана 

8-сынып  №13 М. Мәметова атындағы орта мектебі                                                                              

                                                                    Жамбыл облысы Меркі ауданы                                                                

                                                                                       Жетекші: Қарынбаева С. 

 

Ұлтжандылықпен жеткен Ұлы Жеңіс 

                                       

          Адамзат тарихындағы ең сұмдық, сұрапыл соғыстың болып өткеніне 70 

жыл  толды.  Десек  те  Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  еш 

уақытта  жадымыздан  өшпек  емес.  Біздің  аталарымыз  бен  ағаларымыз, 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

54 


 

әкелеріміздің  батырлықтары  мен  ерліктері,  Отаны  үшін  жанқиярлықтары, 

еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншіліктері  бүгінгі  ұрпақ  үшін  мақтан  тұтарлық 

үлгі.  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  табандылық  пен  ерлік  сынды  қасиеттер 

қатал соғыста жеңіске жеткізді. 

1941 жылы қазақтың қайтпас – қайсар батырлары өз еріктерімен қанды 

қырғын соғысқа аттанды. Қазақтың жаужүректері қызыл қанға боялған майдан 

даласында Отаны үшін отқа түсіп, суға батуға дайын болған.  

Балам, сенің бұл халқың- батыр халық,  

Батырлығын жауына татырды анық, - деп ақындар жырына арқау болған 

халқымыздың батырлығы қан майданда талай мәрте дәлелденді. Жағадан жау 

алғанда елімді қорғау өмірлік парызым деп, ешбір қиындыққа мойынұсынбай, 

тек  жеңіс  үшін,  азаттық  үшін  күресіп  кеткен  ата  –  бабаларымыздың  ерен 

ерліктерін  қазіргі  ұрпақтың  әрбірі  білуге  міндетті.  Себебі  сол  ата  – 

бабаларымыз келешек ұрпақ үшін, сол ұрпақтың жарқын болашағы үшін қан 

төкті. 


        Осынау  алапат  соғыста  қазақтың  497  азаматы  Кеңес  Одағының  батыры 

атағын  алды,  тарихта  өшпестей  із  қалдырды.  Солардың  ішінде:  Бауыржан 

Момышұлы,  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова,  Талғат  Бигельдинов, 

Сергей  Луганский,  Иван  Павлов  сынды  бойларын  рухани  күш  билген, 

жүректерінде  Отанға  деген  махаббаттары,  патриоттық  сезімдері  жалындап 

жанып тұрған ата - әжелеріміз бар.  

Соғыс ардагері Бауыржан атамыз: 

 

Болса егер менің саған керегім,  



Күндерімді, түндерімді,  

Ой толқынын, сыр толқынын 

Саған ғана беремін! 

 

– деп ерлікті, елдікті, отансүйгіштікті насихаттады. 



    

«Қолын кессең бір сөз айтпас,  

Шын қаһарман ер жігіттер 

Аз болмады қазақта»,  

 

 -  дегендей  төсін  оққа  төсеген  батыр  аталарымыз  Т.Тоқтаров,  М.Ғабдуллин, 



Б.Момышұлы,  Н.Әбдіров,  С.Баймағамбетовтың  есімдері  сол  сұрапыл 

күндерді еске салады.

 

        Есімдері ұлылар қатарына кірмесе де, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлесін 



қосқан біздің де ауылымыздың ардагерлері бар. Өкінішке орай, сол кісілердің 

бірі де Ұлы Жеңістің 70 жылдығын көздерімен көріп, төл мерекелерін тойлай 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

55 


 

алмайды.  Алайда  біз,  кейінгі  ұрпақтары  ер  аталарымыздың  ерен  ерліктерін 

ешқашан ұмытпаймыз.  

Сол майданда ер азаматтармен қатар жүріп  біздің аруларымыз да талай 

қиындықты  бастан  кешті.  Сол  кездегі  нәзік  жанды  арулар  кез  -  келген 

батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдік 

талап етпестен жауынгерлермен бір сапта тұрды. Сол қыздардың бар болуы 

жауынгерлерді рухтандырып тұрды. 

Осындай  сұрапыл  соғыс  жылдары  бір  қолына  қаруды,  бір  қолына 

қаламды  серік  еткен,  өршіл  рухты  батырымыз,  жан  дүниесі  шымырлатқан 

шерге толы ақынымыз Қасым Аманжолов та болды. 

 

Қасиет – күші ұлы Отанның,  



Қанатын бер қыран құстың! 

Ашуын бер арыстанның,  

Жүрегін бер жолбарыстың! 

 

–  деген  поэма  үзіндісі  «ата  жаумен  арпалысқан  ұланды  ұлы  ететін  –  оның 



Отанына деген махаббаты» дегенді дәлелдейді. 

          Ал Қадыр Мырза Әли  атамыз: 

 

Көңілге көп тоқыған 



Кәрі – құртан ашынды. 

Қара қағаз оқудан 

Сауатымыз ашылды,  

 

- деп жырлағандай, Ұлы Отан соғысы, ондағы Жеңіс талайлаған адамдардың 



өмірін  қиды,  талай  адамдарға  қуаныш  сыйлады,  талай  адамның  өмірін 

өзгертті. 

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Соғыс – күйретуші күш! Иә, сол 

майданнан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ештеңе ұмыт болған жоқ. 

Ешқандай жауынгердің ерен ерлігі мен жеңісті еңбегі ұмытылмайды. 1941 -

1945 жылдар аралығын қамтыған қанды – қырғын соғыстың соңы Жеңіспен 

аяқталды. Алайда, бұл жеңіс бізге оңай жеткен жоқ. Мыңдаған ерлеріміздің 

қаны, мыңдаған әйел затының, балалардың көз жасы төгілді.                        

Осындай ержүрек ата – бабаларымыздың арқасында біз қазір дамыған 

мемлекеттер  қатарындамыз,  жеріміз  әлем  картасының  қақ  ортасынан  ойып 

тұрып  орын  алды.  Сонау  сұрапыл  соғыс  жылдарында  бабаларымыз  сақтап 

қалған  кең – байтақ жеріміздің бар екенін бүгінгі күні әлем таныған, сол жерде 

әлем  мойындаған  мемлекет,  яғни,  Қазақстанның  қалыптасуы  біз  үшін 

мақтаныш. Еліміздің осындай жетістіктерге жетуіне үлес қосқандардың бірі 

осы майданның ардагерлері.  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

56 


 

Елі үшін осындай ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың есімі әрқашан 

ел  есінде  сақталады.  Қаламмен  де,  қарумен  де,  ниеттес  тілегімен  де  жауға 

қарсы тұрып, сол жылдары өмір сүрген барша қауым батыр деген атқа лайық. 

Осы  Ұлы  Жеңісті  әкелуге  үлес  қосқан  Қазақстандықтар  мәңгі  ел  есінде. 

Анығын айтсам, қазақ ешкімнен кем емес, асырып айтсам қазаққа ешкім тең 

емес. Береке, бірлікте өмір сүріп жатқан менің еліме ешқандай жау тимесін.

 

 



Оразбай Ақжарқын 

 Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы,   

Қ.Сұлтанбеков атындағы  орта мектебі 9  сынып оқушысы  

Жетекшісі: Асилина Ж.Б. 

 

                            Желбірейді бейбітшілік жалауы! 

 

                                               Жеңіс  күні  бар  әлемге  әйгілі 



                                                Көктем,  шуақ  тоғызыншы  май  күні 

                                                 Айтшы, кәне  біздің  Жеңіс  шеруі 

                                                  Кездейсоқ  па  көктемге  сай  келуі?! 

 

   Адамзат    тарихындағы    ең    сұмдық    соғыстың    болып    өткеніне  



ағымдағы      жылы        70                      жыл      толады.    Бірақ        Ұлы    Жеңістің    

ұмытылмайтыны    сияқты,    соғыс  та  ұмытылмастай   ізін  қалдырды.   Жеңіс  

күні   - бұл    сан  мыңдаған   ұрпақ    үшін  мереке.  Бұл  мереке –бейбітшілік  

пен  қайырымдылықтың  мәңгі  жасампаздығын,   Отанын  қорғаған  жауынгер 

–солдаттар    мен    официлердің    айбыны,    тылдағы    Жеңісті    жақындатқан    

жұмысшылардың      ерлік    еңбектерінің      мәңгі    өлшейтіндігін    дәлелдейтін    

белгі   болып  қалмақ.   Біздің   аталарымыз    бен   әкпелеріміздің   ержүректілігі   

мен    жанқиярлықтағы,    олардың      өз    Отанына      деген    шексіз   

сүйіспеншіліктері      Қазақстанның    бүгінгі  жауынгерлері    үшін  мақтан  

тұтарлық        үлгі    ғана    емес,    бұл  –бірнеше    ұрпақты      байланыстыратын    

қоғамның  рухани    дамуы  мен  ұлттық  қайта  өрлеуінің  жоғары  адамгершілік  

негізі.   Табандылық  пен  ерлік,  Отанға  деген   сүйіспеншілік  қатал   соғыс 

Жеңіске  жеткізді.  Сол  бір   сұрапыл   жылдары  қазақ халқы  өзінің  Отанына,  

жеріне  деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдей  білді. 

   Адамзаттың        бейбіт    дамуының  ,    тұрмыс    тіршіліктің        рахатына  

кенелуінің    бақыты  үшін   көп   адамдар   құрбан  болды.  Тылдағы   жұмыс   

республика      тарихындағы      шешуші    әрі      маңыздағы      мәселе    болып  

табылады.    Соғыстың      алғашқы        кезеңінде    1941-1942  ж.      экономиканы   

әскери  жағдайға   лайықтап   қайта   құру   іске  асырылды.   Аз  мерзім  ішінде   

көптеген   өнеркәсіп  орындары  қорғанысқа  қажетті   өнімдер     өндіруге  

көшті.   Бұл   еңбек   материалдық –техникалық   және   қаражат   ресустарын   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет