Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
41
әкесіз, анасыз, отбасынсыз қалып жатыр, түк кінәсі жоқ адамдарды өлім әкетті.
Менің түсінуімше, адамдар тыныш өмір сүре алмайды. Сонау ғасырлардан
бастап, қазыргі кезге дейін кезектесіп соғыстар жалғасуда. Соғысты көрудің
өзі аз, оны түсіну керек. Ақындар, жазушылар, композиторлар, суретшілер
соғыс – адамдарды адамдықтан айырады деп біздің санамызға қаншама уақыт
құйып келе жатыр. Неге десеңіз: соғыс еркектерді, қарияларды, әйелдерді,
кішігірім бозбалаларды қолға қару алып, дұшпанды өлтіруге шақырады. Бұл
жағдайда адам адам емес, хайуанға айналады, оның жүрегі қаһарланып,
санасы жоқ болып кеткен. Ананы қарумен елестеткен өте қиын, рас емес пе?
Қаншама қиыншылықтарды басынан кешсе де жеңісті, күннің нұрлы
шұғыласы баршамызға шуақ боп құйылды. Отан үшін от кешкендердің
шырағы мәңгі өшпейді. Құрметті Ұлы Отан Соғысы ардагерлері сіздердің
ерліктеріңіз ешқашанда ұмытылмайды. Оның өтеуі жоқ, сөзбен айтып
жеткізе алмаймын. Қазақстанның болашағы, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі
басқара алатын тұлға мен - Қали Сымбат сіздерге тек бас иіп, тағзым етіп,
мәңгі жадымда ұстаймын. Қорыта келе, жастардың санасына соғыс
ардагерлерінің ерліктерін құрметтей білуге шақырып, ойымды Несіпбай
Айтов ағамыздың өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Жібітпес ақын жыры да,
Ерітпес күннің нұры да,
Кеудеге қатқан мұз –қарды!
Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Шығармас Отан мәңгі естен,
Жас жанын қиып, қан кешкен
Кешегі ұл мен қыздарды!
Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Алмаса жаудан солар кек,
Татпас та бәлкім болар ма ек,
Бақыттың дәмін біз мәңгі!
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
42
Қанатқызы Элеонора
9 сынып, Алғабас орта мектебі
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Байділдаева Фарида
Ерлікке тағзым
Күрмеп тілін байлаңдар!
Бақыты үшін Отанның.
Бақыты үшін елімнің...
Жеңіс жырын сайраңдар!
Ж.Жабаев
1941 жылғы маусымның 22 жұлдызының таңы соғыс үрейімен,
тұтқиылдан жасалған шабуылдың аласапыранымен атқан. Абайсызда ту
сыртымыздан қанжар салғандай күллі елдің төбе шашы тік тұрып, аса қатерлі
жаумен бетпе-бет келген.Ай-шай жоқ, елің менжеріңе баса-көктеп кіріп, тас-
талқаныңды шығарып, үлкен-кішіңді бірдей қанға бояп, қырып-жоюдан өткен
айуандық, адам баласына жасалар қандай қастандық болмақ?
Халқымыз амал жоқ, жан аямай арпалысуға бел байлады. Маусымның
сол күндерінде барша халыққа, үлкенге де, кішіге де оңай тиген жоқ. Әркімнің
алдында өмір мен өлімнің мәселесі тікесінен-тіке тұрды. Ешкімнің өлгісі
келмеді, өмір үшін білек сыбанып шығуына тура келді. Кеше ғана байқалып
тұрған ұлттық өзгешелік, тілдегі өзгешелік табан астында жойылып, барша
халық тізе қоса отырып, Отан қорғау жолына жұмылды.
Иә, қаһарлы күндердің өз талап, өз заңы бар. Адамдар табан астында ер
жетіп, есейіп шыға келгендей болды. Тіпті аузынан ана сүті кетпеген
бүлдіршіндердің өзі басқаша ойлай бастады. Баланың аты бала десек тағы,
олар бүгін-ертең әкелерінің, ағаларының неміс басқыншыларымен,
фашистермен айқасқа аттанатындарын білді, түсінді. Балалардың балауса
жүректері осылайша қайғы-қасірет шегіп, алдарынан қуаныш емес, үрей
күтуге айналды. Адамдардың жанын жапа шектірген ең үлкен қасірет осы еді.
Оның алапат ауыртпалығын біз ғана емес, әлемнің бар халқы тартты. Сондай
тақсіреттен кейін еш адам, әлемнің еш халқы қайтып соғыс атты құбыжықты
көргісі де, тіпті естігісі де келмес деп ойлаймын.
Талай боздақ жауға қарсы аттанып, өлімді емес, келер өмірді ойлады.
Кімнің жас, кәрі екеніне қарамайды. Бірі-жау қолында, енді бірі оққа ұшып
мерт болады.
Соғыс! Талайға түрпідей тиетін, жаныңды жегідей жейтін ауыр әрі суық
сөз. Ерлер майданға аттанып, ана мен бала жылап, қайғы шеккен қасыретті
жылдар. Иә, адамзатқа соғыс үлкен апат әкелді. Оның зардабы тым қымбатқа
түсті. Ананы баласынан, баланы әкеден айырды. Сүттей ұйыған қаншама
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
43
отбасының жылуын жұтты бұл сұрапыл соғыс! Ал әке мейіріміне жарымаған,
балалығын соғыс жалмаған балалар тағдыры тіпті аянышты. Сондай
қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қара-құрым күшіне төтеп
беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің
көкіремізге мақтаныш сезімін ұялатады. Соғысқа аттанған әкесін, ағасын
бауырын, сүйген жарын, бауыр еті баласын күткен тылдағы жас балалар мен
әйелдер күн-түн демей еңбек етті. Еңбек ете жүріп, қимастарын зарыға күтті.
Қан майданнан келер бір жапырақ хатты күтті. Хат келсе, хабар келсе, бәрі
жиналып қуана-қуана оқитын еді. «Қара қағаздар» қаншама отбасының күлін
көкке ұшырады. Сонда да «келер, келеді» деп үміттенген жүректер
армандаумен, зарығумен үміттерін үзбеді. Ұлы Отан соғысындағы
қаһармандық Жеңіске биыл 70 жыл толды. Бұл жеңіс бізге жиырма миллион
адамның қанымен тірілердің табан ет, маңдай терімен келген. Осыған орай,
соғысқа қатысқан аталарым туралы айтқым келеді.Атап айтсақ: Байділдаев
Байдібек, Әбілдаев Рақұл, Әбілдаев Рахымбек сынды аталарым бар. Соның
ішінде Байділдаев Байдібек атам туралы айтқым келеді. Атам 1941 жылы
соғысқа аттанып, Ленинград қаласында болған үлкен ұрысқа қатысып, ерен
ерлігімен көзге түскен. Мен атамды өз Отынымның қайтпас қайсар ұлы,
ұрпағының болашағын ойлаған аңыз адам дер едім. Сол ұрыстан Берлинге
дейін барып жеңісті қарсы алды. 1947 жылы өзінің туып-өскен жері Жамбыл
облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас ауылына аман-есен келді. Осы
ауылда отбасын құрып, 5 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірген ұлағатты адам,
ауылымыздың асқар шыңы атанған кісі.
Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл
жұлдыз» ордендерімен, екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Бірнеше рет облыстық, аудандық наградаларға ие болды. Жеңістің 60
жылдығында атама темір тұлпар тарту етті. Бұдан атамның болашақ ұрпақ
үшін аянбай күресіп, ақ қар, көк мұзда қасық қаны қалғанша соғысқанын
көруге болады. Мен атамның ұрпағы болғаныма мақтана аламын. Жылжып
уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында Ұлы Отан соғысының ізі
мәңгі өшпейді. Жеңіс үшін қанша адам отбасын тастап, соғысқа аттанды.
Бойларын рух пен намыс кернеген абзал азаматтар ел басына күн туған ауыр
кезде от пен оқтың ортасында жүріп Отан үшін отқа түсті. Қанша азап тартса
да, келер күннен үміт үзбей, жеңіске, азаттыққа ұмтылды. Қазақ халқы ата-
бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретінде қалдырған дарқан даласында
қанат жайып, өркендеп, өсіп келеді. Бабалар ерлігі өшпек емес. Жеңіс күні
соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс
ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне
тағзым ететін күн емес пе?!
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан
тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл-қан майданда от кешкен соғыс
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
44
ардагерлері мен сол жылдар да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп,
құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен
болатын. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, жеңіс үшін жанын берген
аталарымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды
атқарып, сонымен жеңіс күндерді жақындатқан апаларымыз бен әжелерімізді
мақтаныш етеміз. Осы орайда ел намысы мен Отан абыройы жолында от
кешіп, кеудесін оққа тосқан қандастарымыз бен жерлестеріміздің есімін
жаңғыртып, жас буын санасына сіңіре түсу-біздің басты борышымыз.
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігінің,
жастарды патриоттық сезім мен ерлікке тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп
білеміз.
Қазір біз өз алдына тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жетіп
отырғанымыз-ел үшін күресте ерлікпен қаза тапқан ағалар мен батыл
апаларымыздың арқасы. Олар бұл соғысты: «Өз Отанымызды жау шеңгеліне
бермейміз!»-деп алға ұмтылды. Соның ішінде «Жаным-арымның садағасы»
және «Халқым үшін қасықтай қаным пида» деп ұрандаған қазақ
батырларының бірі-Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқының тарихында
ержүрек, батыр, патриот ретінде баршаға мәлім.
Сондықтан болашақ ұрпақтар олардың ерлік істерін ешқашан ұмытпақ
емес.
Қожамқұлова Жансая
Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы,
Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебі. 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Асилина Ж. Б.
Жеңіс туы, желбіре!
Жеңіс күні сыр ашып,сырды ақтардым,
Соғыс көптің байлады ғой бақтарын.
Бүгінгі бақыт үшін жанын қиған
Рухына бас иемін боздақтардың жылдың!
Соғыс, соғыс деген сөз қаншама мән-мағына мен қаншама астарға
толы. Осы сөзді естігенде тұла бойың тітіркеніп, денеңді қорқыныш сезім
мен үрей пайда болады. Бұл күннің ызғарында, қаһарлы түнде бастау алған
қайғылы оқиға. Осы әңгімені баяндаудың өзі адамның жүрегін елжіретеді.
Біздің есімізде , соғысың болған жылдары сонымен қатар, Б.Момышұлы,
Р.Қошқарбаев,
Т.Бигелдинов,
Н.Әбдіров,
Т.Тоқтаров,
С.Смайлов,
М.Мәметова, Ә.Молдағалиева секілді батырларымыздың ерлігі. Ал қан
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
45
майданнан қайтқан аталарымыз бен апаларымыз ше? Соғысты көрген ауыл
ақсақалдары , тылда жұмыс істеген апаларымыз. Біз білуіміз керек. Әр бала
туған ауылының ардагер аталарын мақтан ету керек. Аталарымыздың еңбегін
жоғалтпай , бағалай білуіміз керек. Ардагерлерге қамқор болуымыз қажет.
Өйткені ардагер аталарымыздың саны жыл сайын азайып бара жатыр десем
қателеспеспін. Сол жылдары аталарымыз соғыстың не екенін толық білмеген
еді, ауыл ерлерінің қолына қару ұстатып, соғысқа алып кеткен болатын. Ол
кезде соғыс басшылары генералдар отбасылардың тұрмысына қарамай,
жұбайы мен жас бала-шағаларының еңіреп жылаған көз жасына қарамай алып
кеткен болатын. ССРО территориясына неміс-фашист басқыншылары
опасыздықпен басып кірді. Қауіп төнген шақта жерлестеріміз ерлік пен
қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Қанды майданда кеудесін оққа тосып Отан
үшін жанын пида етті. Соғыстан қайтқандар отбасымен қауышып жатты,
бірақ олар аман оралғанымен жүректері жаралы еді, неге дейсіз ғой? Өйткені
мүгедек болып оралғандардың саны өте көп болды. Қан майданда қаза
тапқандардың жанұяларына қара қағаздар жеткізілді. Қарияларымыз мүгедек
болса да олардың өмір сүргісі келді. Ардагер аталарымызды қимай мақтасақ
та, мадақтасақта жарасады.
«Бір жағынан қарасаң соғыс жылдары» біздің жадымызда қалып қойған
ертегі сияқты. Ал сол ертегінің дәлелі майданнан қайтқан аталарымыз. Мәскеу
түбіндегі шайқаста соғысқа аттанғандардың көбісі біздің қазақ жұрты еді.
Аталарымыз соғысқа аттанса , апаларымыз тылда жұмыс істеген болатын.
Бригаданы басқарып , жақсы ерлік көрсетіп, жауға тойтарыс бергені үшін
«Ленин», «Қызыл ту» ордендерімен марапатталып жатты. Біз соғыстын не
екенін көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не
екенін түйсініп, жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған
ата-бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тари хта
қалды. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің, батырлықтың мектебі болды,
соғысқандар үшін ғана емес, соңғы ғана емес, соңғы елер буындар үшін де
мектеп. Соғыс кезіндегі Кеңес адамдарының сан қилы ерліктері- жас
жүректерді шыңдайтын тәрбие мектебі. Кеңес адамдары мылтықты да,
мылтықсыз да майданда бірдей араласып, жеңіп щықты. Сұрапыл соғыс
адамдардың жүрегіне жазылмастай жара салды. Қаншама ошақтың отын
өшірді, қаншама орман өртеніп , қаншама қала күлге айналды. Күйзелген
көңілдер, жүздеген жандар жеңістің жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті.
Жеңіс-қандай құдіретті сөз еді?
1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған
сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Бірақ сол бір естен кетпес жылдар
бізден неғұрлым алыстағаан сайын, соғыс салған жара неғұрлым жазылған
сайын Кеңес халқының ғажайып ерлігі соғұрлым ұлы болып көрінеді.
Халықтарды езіп- жаншудан өз қанын төгумен аман сақтап қалғандарды
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
46
адамзат баласы ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс жалыны басылғанына 70 жыл
өтсе де оның өртінің лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге ең алдымен
бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Қасіретті де қасиетті жылдар бізден
алыстаған сайын қан майдандға қатысып қанын төккен аяулы ата-
әжелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде . Олар бізге
соншалықты қымбатқа түскен жеңістің қадірін ұғындырады. Миллиондаған
адамның өмірімен қолымызға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат.
Жетпіс жыл бейбіт көктем таңы атқалы,
Жетпіс жыл шуақты күн таратты әнді.
Есімізде жетпіс рет сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Міне, жеңістің 70 жылдығын тойлап өткізгелі отырмыз. Жеңіс, жеңіс...
Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап
сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды , тілектері
орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ қой! Жеңіс жолында
талай асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып , ерліктің ерен
үлгілерін көрсетті. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншамасы өлтірілді. Ал
тылда қарттар мен жас балалар соғыстың қайғы –қасіретін арқалай жүріп,
бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады.
Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған ұлт
өкілдерінің тізе қосқан ерлігі мен бірлігі. Қан майданның төрінде жаумен
жанын қия айқасқан батырлардың рухына мәңгілік тағзым!
Жеңіс деген- шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер жаһанның , даланың.
Жеңіс деген- сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған
-
демекші, Ұлы Жеңіс күндерінен бері қаншама уақыттар өтті...
Осы жылдар туралы қаншама естелік, роман - дастандар жазылып,
қаншама кино түсірілсе де адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген
бұл жойқын шайқастың тарихы түгел жазылып нүктесі қойылған.
Азат Қазақстан жастары әлемнің әлеуетті де ,үлгілі қорғаныс
қуаттарының қатарына жетуі – еліміздің болашағын бекем етер алдаспан
айбыны болмақ!
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
47
Қылышбек Қуандық
Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Берметова Р. Ә.
Ұлы Жеңіске-70 жыл
Биыл өткен ғасырдың ең үлкен оқиғаларының бірі - Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіске – 70 жыл толады. Араға жылдар салып, сол бір соғыс
алыстаған сайын соғыс дүмпуі тарих қойнауына тереңдеп батып барады.
Бірақ, соғыс салған зардап жойылар емес. Соғыстың зардабы мен жүрекке
түсірген жарасы әлі күнге дейін халық есінде.
Өзінің қайғы-қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс адамзат
тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды. Халқымыздың биік рухы,
Отанымызға деген сүйіспеншілігі аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол
ашты. Жауынгер - майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген
мұқалмас ерік-жігер таныта білді.
Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды, біз бұл
жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен
өтедік.
Соғыс әрбір отбасына үлкен қайғы-қасірет әкелді,жүректерге
жазылмас жара салды. Ел тағдыры, жер тағдыры таразы басына түскен сын
сағатта барша қазақстандықтармен қатар Жамбыл облысының өзінен 120
мыңға жуық жерлестеріміз Отан қорғауға аттанды,яғни әрбір төртінші тұрғын
соғысқа аттаныпты. Олар ұрыс даласында өмір мен өлімнің ортасында жүріп,
бізге бүгінгі жарқын өмірімізді сыйлады. Аға ұрпақтың төзімділігі мен
табандылығы, қаһармандығы мен қайсарлығы болмаса, бүгінгі тәуелсіз күнге
қол жеткізбеген болар едік. Ал, 600 мыңнан астам қазақстандық боздаққа
туған жердің бір уыс топырағы да бұйырмапты. 600 мың адам! Есептесең төбе
құйқаң шымырлайды. 600 мың отбасы «қара қағаз» алып,қайғының уын
жұтты. Әке баласынан,бала әкесінен, ана ұлы мен қызынан,әйел ерінен
айырылды. Мыңдаған отаулардың шаңырағы қирап,ортасына түсті.
Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында ерен ерліктің үлгісін
көрсеткен қазақстандықтардың 100 мыннан астамы орден,медальдармен
марапатталса, 300-ден астамы жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері
атанды. 500 жауынгер, соның ішінде 30 жамбылдық қаһармандық ерлігі үшін
Кеңес Одағының Батыры атақтарын алды. Біз бүгін аттары аңызға айналып,
ұлтының
құрметіне
бөленген
даңқты
жерлестеріміз
Бауыржан
Момышұлы,Ақәділ Сухамбаев, Сәду Шәкіров,Ыбырайым Сүлейменов сияқты
жаужүрек батырларымыздың есімдерін мақтанышпен есімізге аламыз.
Сондықтан Ұлы Жеңісті жақындатып, бақытты күндер мен шуақты
таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен апаларымыздың алдында
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
48
қазіргі тіршілігіміз бен ертеңгі болашағымыз үшін бүгінгі ұрпақ мәңгі
қарыздармыз.
Маделханұлы Қожахмет
8-сынып Ерекше дарынды балаларға арналған
мамандандырылған
"Дарын" мектеп-интернаты Тараз қаласы Жамбыл облысы
Жетекшісі: Айсаева Күләш Мұхтарқызы
Ұмытылмас ұлы оқиға
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Туады ерлер ел үшін,
Өшпейді абзал есімдер.
Ж. Молдағалиев
Соғыс- күйретуші күш. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап- жұтатын тажал. Бұл сөздерді
маған атам соғыс туралы фильм көріп отырып, күңірене айтушы еді. Сонда
атамнан " Соғыс деген немене ?" деп сұраушы едім. Атам үнсіз терең ойға
шомып қалатын да, әңгімесін айтушы еді.
Соғыс деген- зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы.
Жас дәуірге, жармасып ап,
соғыс дейтін кәрі бір,
Қайдан ажал жасап алып,
жасқандырып әлі жүр.
"Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей
тұрып, жаңа ерліктерге шақыру мүмкін емес", - деген еді ұлы жазушы
Б.Момышұлы. Сол айтқандай, Отан жайлы толғанғанда еліміздің ерліктерге
толы тарихи оқиғаларына тоқталмай кету мүмкін емес.
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де барлығы көз
алдымда. Еш нәрсе де ұмытылған жоқ. Фашистік Германия 1941 жылы соғыс
жарияламастан тұтқиылдан біздің елімізге шабуыл жасады
.
Бұл суық хабар
елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерін, жасты да, кәріні де ботадай боздатты.
|