Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
1
Жамбылская область
Айымбекова Аяулым ................................................................................................................ 2
Амантай Ажар ............................................................................................................................ 4
Амирбекова Ажар ...................................................................................................................... 7
Амиркулова Аяна ....................................................................................................................... 9
Арыстанбек Ғайнижамал ....................................................................................................... 11
Әбіқұлова Ақбота ..................................................................................................................... 13
Әмірқұл Ақтоты ........................................................................................................................ 16
Бекқұлы Дәуір .......................................................................................................................... 17
Бөтейева Ұлдана ...................................................................................................................... 21
Бөтей Анар ................................................................................................................................ 23
Бөтей Ұлдана ............................................................................................................................ 25
Ерғараева Аружан .................................................................................................................... 27
Ескендір Арайлым ................................................................................................................... 29
Жайлау Мөлдір ........................................................................................................................ 31
Жайлаубай Нұрай..................................................................................................................... 32
Зауытбекова Айгерім ............................................................................................................... 34
Қали Сымбат ........................................................................................................................... 37
Қанатқызы Элеонора ............................................................................................................... 42
Қожамқұлова Жансая .............................................................................................................. 44
Қылышбек Қуандық ................................................................................................................. 47
Маделханұлы Қожахмет ......................................................................................................... 48
Медербек Зілхан ...................................................................................................................... 50
Мусабек Еңлік .......................................................................................................................... 51
Нышан Айдана ......................................................................................................................... 53
Оразбай Ақжарқын .................................................................................................................. 56
Пранова Ботагөз ....................................................................................................................... 59
Рәпилбек Маржан .................................................................................................................... 62
Рысбек Руслан .......................................................................................................................... 64
Сабыр Балжан .......................................................................................................................... 66
Сағындық Ұлмеке..................................................................................................................... 69
Сүйімбекова Жамила ............................................................................................................... 73
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
2
Төке Сандуғаш .......................................................................................................................... 75
Төлеген Арайлым ..................................................................................................................... 78
Түзел Аяжан ............................................................................................................................. 81
Түзелбек Мадина .................................................................................................................... 83
Үсен Абусаид ............................................................................................................................ 85
Усербаева Аяжан ..................................................................................................................... 87
Шайдозимова Әсел .................................................................................................................. 90
Юнисов Ерболат ....................................................................................................................... 93
Айымбекова Аяулым
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы
Ақтоған орта мектебінің 10-сынып
оқушысы
Менің туған өлкем - Тәуелсіз Қазақстан. Оның асқар таулары мен жасыл
жайлауы менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын, шексіз
сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін. Өзімнің туып өскен, Тәуелсіз
мемлекетімді мақтан тұтамын. Осы жерде, ойыма еріксіз мына бір өлең
шумақтары есіме түседі.
Отаным - алтын бесігім
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің
Бой жеткен кезде есімде.
Отан тарих Отан-тіл
Жасаған елің, өз халқың
Отан-өлең, отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын- деп өз Отанымның патриотымын деп
толық айта аламын.
Осы тыныш өмірде, бейбітшілікте өмір сүріп келе жатқанымызға, міне
биыл - 70 жыл. Бұл тыныштық өмір бізге жәйден-жәй, оп-оңай келе салған
жоқ. Сонау ата-бабаларымыз 1941-1945 жылдар аралығында бейбіт өмір
үшін қаншама қан төгіп, жан аямай соғысты. Болашақ жастарымыз,
балаларымыз бейбітшілікте өмір сүрсін деп біздің ата-апаларымыз сұрапыл
соғыстан да, өлімнен де қорықпай, сол шайқасқа аттанды. Осы Ұлы Отан
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
3
соғысына аттанып, өзінің азаматтық борышын өтеп келген жерлес атамыз
Керимбаев Бидаулет атаның ұшан теңіз, баға жетпес ерлігін атап кеткім келіп
отыр..
Керимбаев Бидаулет 1910 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов
ауданында, Каменка ауылында дүниеге келді. 1930 жылдың Меркі мен
Т.Рысқұлов аудандарындағы Көгершін ауылында мектеп мұғалімі болып
жұмыс істеді. 1941 жылы тамыз айында майданға аттанған. Әскер қатарынан
1945 жылы желтоқсан айында босатылды. Украина майданында шайқасты.
«Ерлігі үшін» медальімен марапатталды. 1949 жылдан бастап Көгершін
ауылындағы Ақтоған орта мектебінде басшылық қызмет атқарды.
Бидаулет атамыздың ерлігі бүгінгі жастар үшін үлгі.Көгершін
ауылынан көптеген ата-апаларымыз Ұлы отан соғысына қатысып, соғысқа
барып қайтпай қалғандары, із-түссіз жоқ болып кеткендері қаншама. Ал
соғысқа бармағандары тылда еңбек етті, яғни сол соғысқа кеткен адамдарға
материалды көмек көрсеткен. Олардың да жұмысы оңай болған жоқ. Аштық,
азынаған суық, таң ата кешке дейін тоқтамай жұмыс істеген.Соған қарамастан
бастарына түскен азапты мойымай, Отанын, елімізді қорғап қалды. «Біз
көрген қорлықты, біз көрген қиыншылықты бүгінгі ұрпақ көрмесін» - деп,
біздің болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болсын деп, тәуелсіз, еркін
елде өссін деп, жан аямай соғысып, жеңіске жетті. Міне биыл Ұлы Жеңістің
70 жылдығын тойлағалы отырмыз.
Ал бүгін осындай ер жүрек аталарымыздың арқасында:
Жаңарып қалам, жасарып далам
Басынан өтті ажалсыз заман
Кетпейді ойдан Отандық ұғым
Арыстан жүрек, айбынды елім
Таниды сені бар әлем бүгін!
– деп зор үміт, қуанышпен айта аламын.
Тәуелсіз Қазақстан жерінде көптеген ұлт өкілдерімен тату тәтті өмір
кешудеміз. Осындай күнге, осындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келе
жатқаныма қуанамын. Осындай елде өмір сүріп жатқаныма мен тәубе етемін.
Өз елімді мақтан тұтамын. Бүгін ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел
болдық. Сол аталарымның мұрасын, аманатын сақтап, елімді, жерімді қорғап,
көркейтуге өз үлесімді қосқым келеді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
4
Амантай Ажар
Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебі.
9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Қалман Перизат
ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ЖЕҢІС
Биыл дүниежүзін дүр сілкіндірген сұрапыл соғыстың аяқталғанына
70жыл толады. Осыдан 70жыл бұрын фашистік Германия Кеңестік
Социалистік Республикалар одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Сол күні
зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Қаншама бала жетім, әйелдер жесір
қалды. Бұл күн- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін
паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Отан соғысы халқымызға
төнген ең ауыр күндер болды. Бұл соғысбарлық отбасыға қайғы-қасірет әкелді.
Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын
жасы қиылды... Соғыс жылдарында ер азаматтардың бәрі армия қатарында
болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек
тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық
жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ.
Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.
Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен
ерлер ерлігі жеткізді Ата-апаларымыз төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері
мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан аямай соғысты.Қазақстаннан 1941-
1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттанды. Майдан
даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды Бәрі де жанқиярлықпен
соғысты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-
ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден
астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте
Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей
Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының
қатарында щығыстың қос жұлдызы мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші
Мәншүк Мәметова және рейхстагқа Жеңіс туын тіккен - Рахымжан
Қошқарбаев та бар. Жаудың тылында партизандардың қатарында да
қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал
қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың
ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған
қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы:
«Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
5
ерітіп, күйдіріп жібере алады...Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол
– Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазған. Соғыс жылдарында В.Г.
Клочковтың «Ресей кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда-
Мәскеу?!»деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарлаған ұранға айналып кетті.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. 1939 жылдың
дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан.
Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың
қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да
құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы,
312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар
дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық
дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-
шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық
полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500
шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін
барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва
мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны,
Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша,
Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі
майдандарда жеңіс туын көтеріп өтті.1944жылы Әлия Молдағұлова
Новосокольники қаласы маңында болған ұрыста қарша бораған оққа
қарамастан, дұшпанның шебіне еркін енді.Шайқаста жауынгерлерді алты рет
көтеріп, бір өзі отыз бестен аса фашистің көзін жойды. Ұрыс кезінде қатты
жарақаттанып, 18 жастағы қаһарман қыз қаза тапты. Ұлы Отан соғысы
жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас
болмады. Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде Сұлтан Баймағамбетов
жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын
кеудесімен жауып, ерлікпен қазаа тапқан.
Көрнекті Қазақ ақын, Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға :
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін,
-деп жырын арнап, онда көпұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің сезімі
мен алаңдаушылығын білдірді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
6
КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941
жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен
поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай,
ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары
күшпен жер аударылды.
Фашистік Германия тізе бүкті...Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10
миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27
миллион адамның өмірін берді.. Содан бері зымырап 70 жыл өте шықты.
Ұлы Отан соғысына біздің ауылымыздан да көптеген аталарымыз
қатысты.Солардыңішінде менің аталарым да бар. Олар: Сұлтанов Ермек ата
және Сұлтанов Әшімжан ата.Ол кісілер Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза
тапқан. Ермек атам соғыстан хабарсыз кеткен. Ал, Әшімжан атам
Украинадағы «Бауырластар» зиратында жерленген.Мен аталарымды мақтан
тұтамын.
Жеңіс күні-абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Ұлы Жеңіс
күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-
жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл
елі болып еске түсіреді.Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15
одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан
азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің,
София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген
қалаларының тұрғындары тойлайды .
«Жеңіс күні - Ұлық мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз
бүгінде біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, Қазақстанды қалыптастыруымыз
үшін бәрін жасады.Соның арқасында болашаққа сеніммен қараймыз. Мұның
барлығын солар жасады. Қан майданға Қазақстаннан 1,8 млн. азамат
аттанып, оның жартысы соғыстан қайтып оралмады, бұған қоса тылда 700-ге
жуық адам еңбек етті. Біздің мысымыз бен қорғасынымыз жауды жеңу үшін
жұмыс істеді.», - деп Н.Назарбаев атап өтті. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлы Отан Соғысының
ардагерлерін қолдауға, олар жасаған ерлікке тағзым етуге арнаған жалпы
ұлттық акциясы өтті.
9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың
батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау,ардагерлерімізді
құрметтеу..Бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатыр.
Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат
соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлер ешқашан ұмытылмақ емес.
Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.Бізге
бейбіт өмір сыйлаған ата-апаларымыздың ерліктері тарихта мәңгі қалады.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
7
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз
аман болсын!
Амирбекова Ажар
8 сыныбы Б. Момышұлы ат. №45 қазақ классикалық гимназия, Тараз қаласы
Жетекшісі: Абуталипова Б.
Ел ерін қолдайды, ер елін қорғайды
Қай майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Осыдан 70 жыл бұрын таң ата бергенде, Германия Кеңес Социалистік
Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен,
Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай
жұмылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен
бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1941-1945 жылдар арасы – еңбек пен тәртіп қатайтылған кез, 23 сағаттық
жұмыс күні бекітіліп, демалыстар тоқтатылған уақыт. Майдан даласы мен
аспанынан сәт сайын өлім қаупі түсті. Уақыт жылжып өте берді, бір сағатта
алпыс минут, бір минутта алпыс секунд болса, ал секундта мыңдаған адам қаза
болды, олардың жер бауырлап жылжуына, қарсы жүгіруіне тура келген сәт.
Дегенмен, ешкім қынжылған жоқ, бүкіл ел: «Бәрі де майдан үшін, бәрі де
Жеңіс үшін», -деп қасық қаны қалғанша соғысты. Қан сасыған майдан
даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты, бұл мәлімет әлемді дүр
сілкіндірген болатын. «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес», -дейміз.
Ұлы Отан соғысының тарихи парақтарына қазақтың баласы, Момыштың
ұлы Бауыржанның есімі алтын әріппен жазылғаны шындық. Майдан
даласында 207 рет соғысқа қатысып, екі рет жараланды. Дегенмен, өзінің
көрсеткен қайталанбас ерлігімен әлемге әйгілі болды. Мен үшін аты аңызға
айналған батыр атаның атындағы мектепте оқу – үлкен бақыт, мәртебе.
«Бауыржан Момышұлы» деген сөздерді естігенде тұла-бойыма рух беріледі.
Баукең – ешкімге ұқсамайтын, ұлттық тарихымызда өзгелермен салыстыруға
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
8
болмайтын ерекше тұлға. Ал енді Баукең атама арналған жүрегімнің
тербелісін жеткізсем деймін:
Қол бастап қан майданда жауды жеңген,
Ерлігін танып ерлер, соңына ерген,
Қазақтың қайсар ұлы, һәм батыры
Бауыржан атамды мен мақтан етем.
Жер жүзі қанық оның атағына
Аты оның ұран болды халқымызға.
103 жылдық мерей тойын тойлап отыр,
Айбыны асқақтап тұр аспанымда.
Соғыс өрті тұтанбасын жер-жаһанда,
Тыныш болсын сәбилердің ұйқысы да.
Бейбітшілік туын көкке көтерейік,
Батыр ата әруағы, бізді қолда!
Ұлы Отан соғысын қазіргі егемен Қазақстан Республикасы тұрғысынан
қарастырсақ, бұл соғыс – тарихи маңызы бар мәселенің бірі. Өйткені,
Гитлерлік Германия Кеңес Одағына қарсы соғыс жоспарын жасағанда, онда
Қазақстанға да байланысты шаралар белгіленген болатын. Ол жоспар
бойынша Атлантикадан Сібірге дейін «Германияның біртұтас этникалық
территориялық кеңістігін құру» көзделген еді. Фашистер бұл кеңістікті
славяндар мен түркі тектес «адам санына қосылмайтын халықтардан
тазартуды» мақсат етті.
Қазақ қашанда – батыр халық. Сөйлесе Төле бидей шешендігі бар, Төле
бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар. Қазір
өз алдымызға мемлекет, ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағының құрамында
болғандықтан, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы
мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеттік.
Отан үшін отқа түскен, күйге оранған батыр ағаларымыз бен аталарымызды
мәңгілік жадымызда сақтайық! Даламыз қандай кең болса, пейіліміз де сондай
кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыздың қан
майдандағы елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда
қаншама ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын
пида етті десеңші! Дегенмен, біз аңсағанымызға жеттік, Жеңіске қол
жеткіздік! Рейхстаг баспалдақтарының кіре беріс бағанына бірінші болып
шабуыл туын қадаған Рахымжан Қошқарбаев болатын. Ұлы Отан Соғысы,
Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді.
Қазір, 9 мамыр күні, бұл мейрамды барша Қазақстан атап өтеді. 9 мамыр –
фашистерді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні! Қазір
Республикамыздың дүниежүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі
болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып,
Достарыңызбен бөлісу: |