Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

33 


 

өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні 

елі  мен  жері  үшін  жанын  пида  еткен,  туған  –  туыстарына,  жақын  – 

жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл 

ел болып еске түсіреді. 

 

Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген он бес одақтас республика 



халқымен  бірге,  кеңес  халқы  неміс  басқыншыларынан  азат  еткен  Еуропа 

елдерінің  Варшава  мен  Прага,  Будапешт  пен  Бухарестің,  София  мен 

Белградтың,  Париж  бен  Венаның,  жер  шарының  басқа  да  көптеген 

қалаларының тұрғындары тойлайды. 

 

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 



мың  төрт  жүз  он  сегіз  күн  мен  түн  бойы  өз  жері  мен  отаны  үшін,  келешек 

ұрпағы  үшін  жан  қилы  соғыс  жүріп  жатты.  Бір  күшке  жиналған  орыс  пен 

тәжік,  грузин  мен  беларус,  қазақ  пен  украин  қарсы  алдындағы  жауға  алмас 

қамал болып жұмылды. 

 

Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 



жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өз үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер 

Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар  Сталинград  түбіндегі 

жертөлелерде,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен  Ленинград  үшін  болған 

ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті.  Украинаны,  Кавказды,  Қырымды, 

Беларуссияны, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Балгария, 

Чехословакия, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп 

өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде – 

бір үлкен шайқас болмады. 

 

Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 



жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу 

деген  сезімді  жүрегінен  жұлып  алып  тастаған.  Ал  біз  болсақ  ата  -  

бабаларымыз азаппен алып берген жерімізді оңды – солды шашып жүрміз. Бұл 

дұрыс па? Тіпті арыға бармай – ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып 

үлгермеген  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ  қазақтардың  қанды 

қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. 

 

Оған  мысал  айқас  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  жүз  қазақтың 



Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтақ та жетеді. Бұны сол кездегі 

екі  жарым  –  үш  миллион  халыққа  шаққанда  басқаларының  алдына  шығып 

кетеді  екен.  Ердің  ері  шыдайтын  жаңбырша  жауған  оқ  пен  қарша  бораған 

бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары 

ажалдың қанды тырнанағына ілікті. 

 

Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 



патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  Бес  жүзден  аса 

жерлестеріміз, оның ішінде тоқсан алты қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын 

алды. Жауға қарсы шайқастар алдынғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы 

ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

34 


 

 

Еңбектеген  баладан  еңкейген  қариямызға  дейін  тыным  таппай 



еңбектенді.  Пошташы  күн  сайын  әр  үйге  қаралы  хабар  жеткізді.  Елден 

тыныштық  кетіп,  ұйымшылдық  азайды.  Адамдардың  өңдері  бозарып,  күн 

сайын мың өліп, мың тіріледі. Әкесіз қалған баланың, жесір қалған ананың жан 

айғайы  денеңді  түршіктіреді.  Сол  бір  сұрапыл  соғыстың  кесірінен  қаншама 

отбасы  қамқоршыларынан  айырылды?!  Қаншамасы  мүгедек  болды, 

қаншамасы із-түссіз кетті? Мұның бәрін айтып тауыса алмаймыз. 

 

Соғысқа қазақтың қара домалақ қыздары да қатысты. Халқының жай – 



күйін  көріп,  шыдай  алмаған  олар  майданға  аттанып  кетті.  Өздерінің  қыз 

екендерін ұмытып, жігіттерше патриоттық сезіммен соғысқа шықты. Мәншүк 

апамыз өзі жалғыз шеберлігімен екі сағат бойы жауды елге кіргізбей тұрды. 

Мінекей, осындай ерліктерінің арқасында еліміз жау қолына өтпеді. 

 

Сол бір кездерде балалар жастықтың дәмін тата алмады. Қатал тағдыр 



оларды ерте есейтті. Жастайынан тағдырдың тауқыметін тартып, қабақтары 

ашылмады.  Әр  күні  қайғырумен  өтті.  Олар  да  шамалары  келгенше  көмек 

көрсетті. 

 

Ал қазіргі жастарымыз ше? Олар тіптен бұл қоғамдағы өз орындарында 



білмейді.  Әрине,  көпке  топырақ  шашуға  болмас. Дегенмен,  біздің арамызда 

бұл  өмірге  неге  келгендерін  де  білмейтін  жастар  бар.  Тіптен,  бар  нәрсенің 

қадірін  де  білмейді.  Күнде мектепке  барып  келеді.  Бітірген  еш нәрсесі  жоқ. 

Әйтеуір  

“ Ipad” ұстағанына мәз. Бұрынғылар елдің қамын ойлап баз кешсе, қазіргілер 

жүріп  жүрген  қыздары  тастап  кетсе,  сол  болмашы  нәрсе  үшін,  жігіт  екенін 

ұмытып  көзінен  жас  шығарады.  Әскерге  бармақ  түгілі,  оңы  мен  солын 

ажырата алмайды. Осындайларды көрсем, ызым келеді. Оларға қарап қайран 

қаламын. Әттең... 

 

Міне,  Ұлы  Отан  соғысы  осылай  болды.  Сол  кездегі  айтсаң  ауызға 



сыймайтын оқиғалар, қазір бір  – ақ параққа сыйып кетті. Тіпті, жетпіс жыл 

бұрын  болған  сол  бір  қиын  сәттерді  қазір  оп  –  оңай  еске  алып,  сол  туралы 

шығарма  жазып  отырмыз.  Қызық,  сол  кездегі  ата  –  бабаларымыз  бізді 

осылайша шығарма жазып, оларды еске алады деп ойлады ма екен?!...              

 

Зауытбекова Айгерім 

10 сынып, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі. 

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы. 

Жетекшісі: Абуталипова Сәуле 

 

Ер eсімі – ел есінде 

 

Бұйра түтін бұлттарына жанасқан,  

Қанды қолға қарғыс айтты қара аспан,  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

35 


 

Жер мен көктің арасында басып жүр 

Көгершіндер мекенінен адасқан. 

Марат Ысқақов 



 

Соғыс...  Осы  бір  сөзде  қаншама  қайғы  мен  шер,  сан  қилы  апат, 

адамдардың көз жасы жатыр десеңші... Бір сәтте көз алдыңа түнерген аспан, 

тапталған қасиетті қара жер, өртенген дала мен қала елестейді. 

Сонау  1941  жылдың  маусымында  бейбіт  тыныштықты  бұзып,  неміс 

басқыншыларының  аждаһадай  гүрілдеген  танктері,  көк  аспанды  дүр 

сілкіндірген  жойқын  самолёттері  шекара  шебін  бұзып  өтіп,  әділетсіз  соғыс 

басталған еді. 

Ұлы Отан соғысы жалпы адамзат үшін өте қауіпті еді. Бұл соғыс ананы 

баласынан, сүйген жұбайынан, ағасын інісінен, туған – туыстарынан айырды. 

Германияда  ауыр  жұмыстарда,  конслагерьлерде  крематори  пештерінде 

қаза болғандарды адамзат ешкашан ұмытпайды. 

Сұм соғыста ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен қайсар батырларға түрлі 

дәрежедегі атақ берілді. Алайда ешқандай атақ та, ешқандай марапат та Отан 

үшін жанын пида еткен жандарды қайтара алмайды, атақ  пен марапат неміс 

әскерін  тас  –  талқан  етіп,  жеңісті  қолдан  бермеген  жүрек  жұтқан  ер 

азаматтарға  деген  шексіз  құрметтің  белгісі.  Сондықтан  ел  үшін  етігімен  су 

кешкен,  от  басқан,  ат  ауыздығымен  су  ішкен,  ақ  қар,  көк  мұз  жастанған 

батырлар ерлігі еш уақытта ұмытылмасы хақ. 

Соғыс  жылдары  Қазақстаннан  1  196  164  адам  қару  асынып,  майданға 

аттанды. Ал еңбек армиясына 7 мың адам жіберілді. Сонда барлығы 1 миллион 

900 мыңдай адам Отан үшін сапқа тұрды. 

Соғыс  кезінде  Қазақстан  жерінде  12  атқыштар  дивизиясы  мен  4  әскер 

дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, әскер түрлерінің 50-ге жуық полктері мен 

батальондары құрылып, майданға аттанды. 

 

Басталды соғыс дегенде,  



Адамдар қалды аңырап. 

Дөңбекшіп жатты дүние,  

Қасірет бұлтын жамылып, - деп 

 

 аяулы ақын апамыз Фариза Оңғарсынова айтқан. 



Соғыс  деген  сөздің  аты  өшсін.  Егемен  еліміздің  ынтымағы  нығайып, 

аспанымызды  бұлт  торламасын.  Қанша  қазақстандықтың  жүрегінде  осы 

сөздер тұрды. Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін орденьдермен және 

медальдармен  марапатталды.  Қазақстандық  500-  ден  астам  жауынгер  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алды,  оның  ішінде  –  Әлия  Молдағұлова  мен 

Мәншүк 


Мәмедова 

болды.Төрт 

Қазақстандықтар 

Т.Бигельдинов, 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

36 


 

С.Луганский, И.Павлов, Л.Беда екі мәрте Кеңес Одағығының батыры атағына 

ие болды. Рейхстагта Р.Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр 

жұлдызы көрнекті әскер басшысы  Б.Момышұлына берілді. 

Соғыс  жылдарын  айқын  бейнелеген,  көзімен  көрген  ақын-

жазушыларымыз жа аз емес. Солардың бірі Сырбай Мәуленов: 

 

Жатқанда Отан жері отқа жанып,  



Тұрғанда туысқандар жауда жанып,  

Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,  

Жігіттің неге жүрміз атын алып?, - деп жырлаған. 

 

 «Ұлы  Отан  соғысы»  -  ол  қазақ  халқының  тарихында  болған 



ақтаңдақтардың бірегейі. Ұлы Отан соғысының «дүркіреп» өткеніне 70 жыл 

толып отыр. Әйтсе де сол ызғарлы төрт жыл әлі де көкейден кетер емес. Кей 

кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ 

халқының басына қаншама қасірет әкелді.  

Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. 1941 жылдың 

22  маусымы-біздің  тарихымызда  ең  қайғылы  күн,  Ұлы  Отан  соғысының 

еріксіз  басталған  уақыты.  Бұл  күн  қан  майданда  қаза  тапқандармен 

фашистерден  еріксіз  қорлық  көргендерді,  тылда  еңбек  етіп  аштан 

қырылғандарды  еске  салады.  Бізді  әрбір  өткен  жыл  Ұлы  Отан  соғысының 

бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. 

Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын 

майданға  қатысқан  сарбаздардың  саны  азайып  барады.  Сол  сұрапыл  соғыс 

заманын  көзімен  көрген  куәгерлермен  бірге  тарихтың  маңызды  егжей-

тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. 

 

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,  



Жігерленген құшақтардың құмары,  

Күрескердің амалы мен ұраны,  

Қуаныш пен мерекесі бұл оның. 

 

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді ! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген 



дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой қиялы сыйып жатыр. 

Жеңіс!  Кім  де  болса  жеңіс  туған  сәтті  өз  өмірінің  ең  бақытты  күніне 

санайды. 

1941-1945  жылдардағы  соғыстың  жеңіспен  аяқталуы,  дүниежүзілік 

тарихи  маңызы  зор  оқиға.  Қан  төгіспен  өткен  бұл  сұрапыл  соғыста  әрбір 

азамат  Отан  үшін,  ел  үшін,  бар  ар-намысымен  шайқасып,  ерлік  пен 

батырлықтың, қайтпас қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Соғыстың әрбір 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

37 


 

күні,  әрбәр  сағаты,  әрбір  минуты  ұмытылмас  тарих,  естен  кетпес  шежіре 

ретінде жадымызда жатталып қалды. Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды. 

Ұлы  Отан  -  соғысы  қайтпас  батырлықтың,  қажымас  табандылықтаң 

қанмен, термен келген Ұлы Жеңістің мәңгілік өшпейтін шежіресі. 

 

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,  



Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есем,  

Батырлар естелігі соғыстың 

Ұрпақтар үшін тозбай тұғын, бітпейтін,  

 

-демекші,  міне  осынау  кан  майданның  төрінде  жаумен  жанын  кия 



айқасқан  батыр  ағаларымыз  бен  апаларымыздың  рухына  бас  ие  отырып,  ол 

кісілердің бүгігі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, 

күту  болашақ  мына  біздің  қолымызда.  Еліміз  үшін,  жеріміз  үшін  құрбан 

болған батырларымызға мың тағзым! 

Ұлы  Жеңіс  күндерінен  бері  қаншама  уақыт  өтті...  Осы  жылдар  туралы 

қаншама естелік, роман-дастандар жазылып, қаншама кино түсірілсе де азамат 

тарихы  түгел  жазылып  нүктесі  қойылған  жоқ.  Ол  мүмкін  де  емес.  Отан 

соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, 

елеусіз  жатқан  ерлер  қаншама?!  Оны  ашып  анықтау,  белгісіз  болып  жатқан 

тағдырды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық 

жасау кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы. 

Сөз  соңында  айтарым,  мен  туған  өлкемізде  батыр  рухты  қазақтың  бар 

болғанын мақтан етемін.   

 

Қали   Сымбат 

11    сынып  №  1 мектеп-лицей 

Құлан  ауылы, Т. Рысқұлов  ауданы, Жамбыл  облысы 

Жетекші: Абдырайымова  Ұлжан 

 

 

Ерлік - ерге  ұран,  ұрпаққа мұра 

                                       

                                                                                Ерлікте  үлкен  қасиет,  

                                                                               Ерлікке  әлем  бас  иеді. 

                                                                                                 Б. Момышұлы 

 

Сұрапыл    соғыс  -    адам    баласының    өміріне    қандай    қорқынышты,  



жантебірентерлік    үрей    әкелді    десеңші?!    Отты      күндердің    қатері    бүкіл  

әлемді   дүр   сілкідіргені  бәрімізге  белгілі... 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

38 


 

Соғыстың  жүзі   ызбарлы, соғыстың   ізі   ызғарлы  екенін  сол кездегі  

қыршынынан  қиылған  қандастарымыз  қан  кеше отырып  бастан  кешірді  

емес пе?!    Мұндай  оқиғаны  сол  жерде   болып  көрмесем де, жаным  қатты 

күйзеліп,    жанайқаймен      көзіме    жас    келеді.  Адам    өміріндегі    қарама-

қайшылықтардың    да  жеке    тағдырға    тигізер    әсері  мол-ау.  «Соғыс  -   

әділетсіздік.  Ол-  дерт».  Оның    зардабы    да    әділетсіздікпен    ұласып,  адам  

жанын  сыздатып,   сырқыратып,  өрби  берді...  

Өлім  мен  өмір  арбасқан   шақта,  халық  тағдыры  шешіліп  жатқан  

сұрапыл  сәтте  әр  жауынгердің  жүрек  дүрсілі – тек  қана  жеңістің  тынысын  

тіледі  деп ойлаймын.  

  Ұлы Отан Соғысы – бұл адамзат тарихындағы ең ауыр қайғы-қасірет.  

Бұл  ауыр  оқиға  1941  жылы  маусымның  22-ші  жұлдызында  басталды.  Бұл 

көптеген  елдердің  тарихындағы  ең  қайғылы  датаның  бірі.Сұрапыл  соғыс  4 

жылға  созылды.  Осыдан  70  жыл  бұрын  Германия    Кеңестік      Социалистік   

Республикалар  Одағына     шабуыл   жасаған болатын.. Соғысты ең алғаш 

қарсы  алғандардың    қатарында      Кеңес    Одағының      батыс  шебін  күзеткен    

ондаған  мың    қазақстандық-шекарашылар  болды.        Атақты  Брест   

гарнизонының  өзінде  1941 жылдың көктемінде   біздің 3 мыңдай жерлесіміз 

қызмет еткен,     шілде айында  олардың   көпшілігі     әскерден  елге  қайтулары 

керек  болған.  Бірақ       жаудың  шабуылы  олардың   бұл   жоспарларын 

талқандап, көбінің өмірін қиған еді.  Соғыс   өрті  ішке  қарай  тез еніп,   Брест 

қамалының тірі  қалған   қорғаушылары партизандар қозғалысына  қосылды.    

Олардың  қатарында 190   қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі 

беларусь жерінде  қалған.  

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты, 

алғашқы  кезден-ақ  беріктік  көрсетті.  Түкпір-түкпірінде    әскери  

комиссариаттарға   еріктілер  ағылды. Кішкене ғана жасөспірім қыз-балалар, 

қала  мен  ауыл  тұрғындары  соғысқа  өз  еркімен  сұранған.  Осы  кезде  ешкім 

қынжылған жоқ. Бүкіл ел    «Бәрі де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» деген 

ұранмен    еңбек  етті.  Ленинградтың  қаһармандығын  еске  алыңдар,  суыққа, 

ашаршылыққа,  неміс  оқтарына  төтеп  беріп,  900  күн  берілмей,  төтеп  беріп 

келді. Естеріңде ме Сталинград.  

   Адамдардың арық – арықпен аққан қаны, қайғы қасіреттері,  олардың 

өлімі  – фашистерге  күш-қуат  береді.     Нағыз  жыртқыш деп  соларды  айтуға 

болады.  Ешкім  де,  ешқашан  да  Гитлерге  ата-  бабаларының  қиылған  өмірін, 

жауыздығын кешіре алмас. Совет адамдарының көрген қорлығына сан жетпес 

мысал келтіре беруге болатын шығар. Мұның бәрі әр адамға ауыр тиер, ұмыту 

да  мүмкін  емес.  Ұлы  Отан  Соғысы  кезінде  біздің        жерлестеріміз    майдан 

даласында    ерлікпен шайқасқан.     Жауынгерлік ерліктері  үшін жүздеген  

мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса,  500-дей    адам  Кеңес 

Одағының  Батыры,      100-ден    астам  адам  -  Даңқ  орденінің    толық  иегері 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

39 


 

атанған.  Төрт қазақстандық  екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  

олар  -  Талғат  Бигелдинов,  Сергей  Луганский,  Иван    Павлов    және    Леонид  

Беда.  


  Кеңес Одағы   Батырларының   қатарында  қазақтың екі   қызы - мерген  

Әлия  Молдағұлова   мен   пулеметші  Мәншүк  Мәметова  бар.  Рейхстагқа   

Жеңіс      туын    тіккендердің    бірі  -    қазақ    жігіті    Рахымжан    Қошқарбаев.  

Жаудың    тылында    партизандардың  қатарында    да    қазақстандықтар  

шайқасқан.    Солардың    бірі  –  Қасым    Қайсенов.    Ал    танымал    қолбасшы,  

әскери    жазушы    Бауыржан    Момышұлын,  28    панфиловшылардың    ерлігін   

білмейтін  қазақ  жоқ  шығар.  Ұлы  Отан   соғысы  4  жылға  созылды.  Майдан  

даласында  600   мыңнан  астам  қазақстандық  қаза  тапты.    Соғыста  қаза  

тапқандардың    саны    туралы    мәлімет        бүкіл    әлемді    дүр    сілкіндірді.  

Жекелеген  мәліметтер  бойынша,   адамзат  тарихындағы  ең  зұлмат  соғыс  

20   миллионнан  астам  кеңес  азаматтарының  өмірін  қиды.  1710  қала  және  

70  мыңнан  астам   село –деревнялар,  36850  өнеркәсіптік  кәсіпорын,  65 мың 

шақырым  темір    жол,    4  100  теміржол    стансасы,  36  мың    пошта-телеграф   

мекемесі,   телефон стансасы және басқа да  байланыс    бекеттері  жермен-

жексен   болған  немесе  жартылай   қираған. 40  мыңдай  аухана  немесе  басқа  

да  емдеу  мекелері,   74  мың  мектеп,  техникум,  жоғары  оқу  орны,  ғылыми 

–зерттеу  институттары, 42  мың  кітапхана  және  басқа  да  көптеген  нысандар  

жойып  жіберілген, тоналған.                                                                                                

Соғыс  атауын  өз  басым  санама    жақсы    түйіндегенмін.  Әлі    есімде,  

кішкентай кезімнен Ұлы Отан Соғысына құрметпен  парад  ұйымдастыратын  

еді. Өз атам Қали екеуміз  9 мамырды құрметпен қарсы алатынбыз. Атамның 

бөлмесінде  өзінен айнымайтын сұлу ер адамның портреті ілініп тұратын. Мен 

Қали атам деп ойлайтынмын, бір күні ата мына суретті қайда жасаттыңыз? - 

деп сұрағанда: атам  көзіне  қатты  жас  алып,  жаным-ау  бұл  менің   әкем  

Жолдасбай.  Ол  майданда  соғысқа  бүкіл  солдаттармен  бірге  Отанымызды  

ерлікпен  қорғаған  деп  жауап  берді. Жан  сырын,  жан  дүниесін  тебірене  

толғанып, әкеге  деген  сағынышы,  ыстық  лебізі  көз  жасынан  ағыла  берді. 

Сонда  менің  де  Отанға,  әкеге деген  ұлы  сезімін  санамды серпілтті. Мен  

таңдана    да,    таңырқай    отырып,  одан    да    жақсырақ    білгім    келді.    Атама  

көптеген  сұрақтар қойып,  білмегенімді  сұрап,  жауаптар  алдым.  Жолдасбай  

атамды  1942    жылы    мамыр  айында    майданға    шақырған.  Өзі  1906  жылы 

дүниеге келген. Соғысқа аттанар сәтінде  Жолдасбай  атамды  сүйген  жары  

Шамсия-Бану  мен  әкесі  Абаш көз  жастарымен шығарып салды, жеңіспен 

оралады деген сеніммен жүрді. Атам  бірінші  Беларусь майданында  автокөлік  

жүргізуші    болған.  Содан  хабар  -  ошарсыз  кетеді.  1952  жылы  11  наурызда  

әскери   военкоматтан   әжемізге   хабар    келеді.  Атам 1942    жылы 9 қазанда  

Брянск    облысы,  Сидорово    селосында    қаза  тауып,  сол  жерде    жерленіпті. 

Атамның  артынан жалғыз   ұлы, жалғыз мұрасы – менің   атам Қали қалды. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

40 


 

Атам  әкесінің  қызығын  көрмей  өсті. Тек  анасының  айтуымен  әке  бейнесін 

сөзбен  ғана   елестете  өсті. Атам  анасының  қолқанаты,  әрі  сүйеніші,  әрі  

тіреушісі  болып,  өмірге  нық  қадам  басты.  Қали атам әкесінің жерленген 

орнына  барып  қайтқан.    Қазіргі  уақытта  Жамбыл  облысы,  Құлан  ауылында  

соғыста  қаза  тапқандарға    арналған    Данқ    монументінде    атамның  аты 

жазылған. Жазғанымдай, Қали атам екеуміз жыл сайын сол жерге барып, гүл 

қойып, еске алатынбыз. 

  Жары,  қорғаушысы,  қамқор  болар  күйеуі  майдан  даласында    Отанын 

қорғаған кезде, әжем тылда жүрді. Қандай да болса көмек бергісі келген әжем 

тылда  еңбек  еткен,  баласын  асырап,  қайын  атасына  қамқор  болған.  Үйдегі 

барлық ауыртпашылық әжемнің мойнында болған. 1995  жылы  Жеңістің 50  

жылдығында,    9  мамыр  күні    аудандағы    соғыс  ардагерлер    комитеті    және  

аудан  әкімі  шешімімен  әжемізге  үш  бөлмелі  пәтер  сыйлық  етті. Әжеміз  

2003  жылы 30  қаңтарда  бұл  дүниеден өтті.    

  Бүгін    Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында  Даңқ  

монументтеріне,    Ұлы  Отан    соғысында    қаза    тапқан    жауынгерлердің 

ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.  Бұл    соғысты  ешкім  де  

ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек. Соғыс – күйретуші күш!  Барды 

жоқ қылып, тауды жер етіп, қиянаттан басқа еш нәрсе әкелмейді.. Соғыс – ол 

ананың қайғысы,  соғыста қаза тапқан жүздеген солдаттар, әкесіз қалған жетім 

балалар,  отбасынан  айырылған  байғұстар..  Талай  адам  қырылып,  талай  жан 

дұшар  кешті.  Қаншама  жыл  пенде  атауы  соғыстың    ауыр  демін  кеудесінде 

сезініп келді.  Аспан да, жер де, су да қанды қызыл бояуға малынды. Тірлішік 

азаптан  көз  ашпай, қалтыраған  кез  болды.  Осы  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ 

халқы  өзінің  еліне,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін,  махаббатын  дәлелдей 

түсті. Қанды шайқаста  елім деп  қатарласа  ұшқан оқтың астында қалып жатса 

да, берілмей шайқасып, аяқтарына нық басып,  жерімізді аман сақтап қалды. 

Бұған көмек бірлік, достық, сыйластық және де жанған оттай ыстық Отанға 

деген сезім.                                                                                                                                                         

   Бірақ та адам соғыстың құрбаны деп те айтуға болмайды, оған себеп 

адам  соғысты  өз  қолымен  болдырады.  Бұл  адамдардағы  хайуандық 

белгілердің бірі. Жауыздықтың белгісі. Осының салдарынан тек мықты адам 

немесе халық   ғана тірі қалады, ол ағашпен болса да, жоқ қолында мылтық 

болса да, жекпе –жек шықса да, тек мықты жеңеді. Осыдан неге адамдар өз-

өзіне  қастандық  жасайды,  адамдар  соғыс  үшін  өмірге  келген  бе  деп  сұрақ 

қоясын.  Бәріне кінәлі адам бойындағы  тәккапарлық, өзімшілдік. Сол себепті 

Гитлер осы соғысты бастады. Мықтының мықтысы атанғысы келген жауыз, 

қаншама  жанның  өлімінің  себепкері  атанды.  Осындай  пенденің  кесірінен 

қаншама өмір о дүниеге аттанды. Осындай кесел неменің кесірі бүкіл  Совет 

Сдағына  тиді.  Осының  бәрін  біз    шаршамай  жаза  береміз.  Қазыргі  кезде  де 

осындай жауыздыққа барып жатқан ұлттар, адамдар бар. Кінәсіз періштелер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет