Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
89
жылдарын зарыға күткен болуы керек. Қашан оның қабірін көздерімен көріп,
көңілдері суығанша үміттерін үзбеген болар. Араға жыдар салып, сол бір
сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні,
ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып
барады. Бірақ, соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені, ол ұмытылмайды.
Сондықтан да мұны, Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандар, яғни
біздер өзіміз секілді кешегі гүлдей құлпырған қыздар мен ұлдардың жастық
өмірлерін Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсінуіміз керек.
Олар Отан үшін қолдарына қару алып, сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай
қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан
қайтпады. Ал, соғыс, ол – қасірет. Басқа төнген қасіреттен біздің ата-
бабаларымыздың көбі қайтып оралмады. Соғыс басталар алдында Одақ
бойынша қазақ халқының саны үш миллион екі жүз елу мыңға жеткен екен.
Майданға бес жүз мың қазақ азаматы аттанып, көбісі қайтып оралмаған. Мен
бүгінгі тәуелсіз елдің жас ұрпағы «Отан үшін!» деп жанын пида еткен Мәншүк
Мәметова мен Әлия Молдағұлова апаларымды мақтанышпен айта аламын.
Олар жүріп өткен қанды жер мен үшін аманат. Бауыржан Момышұлы, Қасым
Қайсенов сияқты батыр аталарымның да қаһармандығы мен табандылығы,
Отанына деген сүйіспеншілігі, жүріп өткен жолдары өміріме үлгі. Қазақ
жастары батырларымыз биік ұстанған адами ұстанымдарды тірліктерінің
мәніне айналдыруы қажет деп санаймын. Ел басына күн туғанда ауыр
жылдарда қан майданда жаумен жағаласқан, тылда тынымсыз еңбек етіп,
соғыс қиындықтарына төзе білген, Жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан
еңбекшілерінің патриоттық істері тарихта мәнгі қала бермек. Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ. Аса зор, үлкен қымбатқа түсті. «Ешкім де, ештеңе де
ұмытылмақ емес ». Қанды майданда қаза тапқандарға және тірі қалғанымен
сұрапыл соғыстан кейін ұзақ жасай алмағандарға, сондай – ақ қазіргі кезде де
өмір сүріп, өзінің игілікті істерімен өмірімізге мән мен сән беріп отырғандарға
бас иеміз. Осыдан жетпіс жыл бұрынғы майданда жауған оққа қарсы тұрған
майдангерлер бүгінде тәуелсіз елдегі бейбіт күннің бақытын сезініп отыр.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. «Кешегі күннің жеңісі – бүгінгінің жемісі».
Қазір біздің ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз – ерен ерлік
көрсеткен аталарымыздың, ерен еңбек терін төккен апаларымыздың арқасы.
Бүгінгі ұрпақ пен келер буын болашақта Отан – Ана алдында ұлы борышын
өтеген, ел еңсесін көтерген қастарлі есімдерді ұмытпақ емес. Кешегі тарих –
бүгінге тәлім. Ол тарих елдің өмірінен, ердің ерлігінен бастау алады. Адамның
адамгершілік асыл қасиеттері сын сағатта жарқ етіп көрінеді деп ойлаймын.
Соғыс – сондай сынның ең кереметі. Ерлігің мен елдігің соғыстың алмағайып
әр сәтінде таразыға түседі. Ұлы Отан соғысының қан майданында біздің ата –
бабамыздың айрықша қасиеті – қаһармандығы, отаншылдығы, елжандылығы,
ұлтжандылығы, терең сезімі әлемге әйгіленді. Біздің халқымыз соғыстың адам
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
90
айтқысыз ауыртпалығын хас батырша қайыспай көтеріп, күллі адамзатқа
табандылықтың,
ерліктің,
бауырмалдықтың,
тіпті,
керек
десеңіз,
қайырымдылықтың өшпес өнегесін көрсетті. Ұлы шайқастың от – жалынында
шар болаттай шамырқана, шыңдала келіп, соғыстан еңсесі көтеріліп,
мерейленіп шықты. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл. Соғыста қар
жастанып, мұз төсенген ардагерлер, қасіретке толы қаһарлы жылдар елесі
қазақ даласында ұмытылмасы анық. Бұл жеңісті қастерлеп, жадымызда мәңгі
сақтау және оның дәстүрлерін жалғастыру, қасиетті Отанымыз – Қазақстанда
ұлтаралық татулық, бейбіт өмір, халықтар бірлігін бұлжытпай сақтау біздердің
парызымыз.Ұлы жеңіске мың тағзым дегім келеді. Ата-бабамыздың маңдай
терімен жеткен тәуелсіздігі үшін, Елін сүйген, Елі сүйген Елбасымның бары
үшін мен бақытты ұрпақпын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абзалы, жер
бетінде аға ұрпақты құрметтемейтін халық болса керек, солай болса-дағы,
біздердің-қазақстандықтардың ардагерлерге көзқарасымыз ерекше болуға
тиіс», — деп айтқандай нақақ көз жасы мен нақақ төгігілген қан ешқашан да
ұмытылуға тиіс емес. Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп
аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы
елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да
қарыздармыз.Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр – қайрат керек
болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр – қайрат керек.
Қазақтың ұлттық рухы оның ерлігінде жатыр.Рухы еркін халық қана ұлы
істерді атқара алады. Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан
халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз
қажет. Біз - ерлік пен елдік рухты үлгі тұтқан ұрпақпыз.
Шайдозимова Әсел
10 сынып, Жамбыл облыстық ерекше
дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын»
мектеп-интернаты, Тараз қаласы
Жетекшісі: Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы
Жеңіс - елдік пен ерліктің сыны
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
С. Мәуленов
Иә, бұл әннің шырқалғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Бұл
соғысқа аттанған баласын сағына, сарғая күткен ананың, асыл жарын іздеген
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
91
арудың, көкесін сағынған жас баланың сарғайған сағынышы еді. Алайда
қаншама үйдің үміті ақталмады, қаншама бала әкесіз жетім атанды... Естен
кетпес қайғы, зор апат әкелген соғыстың салған жарасы әлі де жазылар емес.
Соғыс зардаптары тарих парақтарында сарғайса да, жыл өткен сайын Жеңіс
туы желбіреп еріксіз есіңе оралады. Құлағыңа қарулардың дүрсілінен күреніп
қиналған дала үні, қайғырған ана, жылаған бала дауысы үзіліп-үзіліп жетеді.
...Соғыс деген қайдан шықты?
Авторы кім алғашқы ?
Есіл адам есі кетіп оған неге жармасты ?
Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты,
- дейді әкесінен осы соғыстың кесапатынан айырылған ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев. Әрине, мұның артында мейірімсіздікке құныққан иткөзденген
дүниенің құлқы жатқан жоқ па? Бәрі де адам қолымен жасалынған қасірет.
Табиғатқа жасалынған қиянаттың арты адам төзгісіз қасіретке айналатынын
білді ме екен?
Ұлы Отан соғысы қатыгездігі мен қантөгісі жағынан білген
қақтығыстардың барлығынан да асып түсті. Жан алысып, жан беріскен бұл
соғыс Қазақстан халқы үшін де өте ауыр сын болды, өйткені соғыс оты
айналып өтпеген отбасы жоқ десе де болады. Соғыс қанмен жазылған зор
апат, естен кетпес қайғы еді. Жас боздақтардың тағдыры қыршыннан қиылды,
жаңа отау құрған шаңырақтың оты мезгілсіз өшті. Төрт жылға созылған
әділетсіз соғыс аяқталды. Соғыстың әрбір күні, әрбір сағаты тарих беттерінде
айшықталды. Ұлы Отан соғысының сұрапыл айқасты жылдарында жас
боздақтар ұлы Отаны үшін күресті. Олардың асқан ерлігі әдебиетімізде
сарқылмас тақырып, таусылмас аңызға айналды. Соғыстағы жауынгерлердің
ерліктері жайында жазушылар, драматургтер қалам тарта бастады. Соғыстан
кейін қазақ әдебиетіне жаңа жанр ретінде естелік – мемуарлар қосылды. Осы
жанрдың бастамасы болып әдебиетімізге соғыс дауылы туралы көркем
шығармаларды прозада Т.Ахтанов пен Ә. Нұрпейісов ұсынса, поэзияда Ә.
Сәрсенбаев, Қ. Аманжолов, Ж. Саин, Д. Әбілев, Х.Ерғалиевтер бастаған
ақындар жыр етті.
Сен құрметте оны
Түсіндің бе, қарағым ?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы ұзын таяғын,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
92
- деп жырлайды Әбу Сәрсенбаев. Бұл жыр жолдарындағы соғыстан оралған
жаралы жауынгердің бейнесі бүгінгі ұрпаққа, бізге, көмескілеу де болуы
мүмкін, себебі біз соғыс дегеннің не екенін көрмей өстік...
Менің туған өлкем Жамбылдың өзінен 120 мыңнан астам азамат
майданға аттанып, оның 32 мыңы ерлікпен қаза тауыпты. Майданда ерен ерлік
көрсеткен 30 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры атанды, 6 даңқ орденінің
иегері болды.Аттары аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Ағаділ
Сухамбаев, Сәду Шәкіров, Нұрұлла Фазлаев, Николай Белашов, Владимир
Савва, Тайыр Тастандиев, Ыбырайым Сүлейменов сынды батырларымыздың
ерліктері Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Аталған батырлар есімдері
бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Себебі олар “Намыс – адамзаттың туы”, ер мен елдің, достық пен
қастықтың, сатқындық пен әділдіктің сынға түскен сәтте “Отан үшін отқа
түссе де күймейтінін” білді.
Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы,
Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Б.Момышұлының ерлігі ақиқаттан
аңызға айналды. Қарапайым командирден батыр қолбасшы тұғырына
көтерілген Б. Момышұлы Отанын сүюді өнеге етіп қалдырды. Осы орайда
батырдың мына сөзі ойға оралады: “Отан үшін отқа түс күймейсің. Опасызда
Отан жоқ.Ерсіз ел болмайды, жұртсыз жігіт болмайды”, - дейді аңыз ата. 8, 5
миллион жауынгермен, 1, 6 есе басым әскери күштерімен әділетсіз соғыс
ашқан неміс фашистері талай азаматты қыршынынан қиды. Осындай сәтте:
Кетерімде жыламадым,
Өз қатарым көп болған соң
Қайтарымда егіліп, шыдамадым
Оның көбі жоқ болған соң,
- дейді қамыққан ақын С.Мәуленов. Сол жылдары ұрыс даласында ауыр
жараланып, бірі қолынан, екіншісі аяғынан айырылып, басқа да дене мүшелері
зақымданып, мүгедек болып оралған жамбылдық Айдаралы Байтөреев,
Исақұл Төреқұлов, Жолдасбек Өсербаевтар ауылда шамасы келген жұмысты
атқарып, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты.
1941 жылдың көктемінде Жеңіс жалауы желбіреп, күллі адамзат
болашағына қатерлі отын шашқан фашизмнің ордасы ортасына түсті.
Осылайша 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының нүктесі
қойылып, бейбітшілік пен тыныштықтың туы тігілді.
Бүгінде егеменді ел болдық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым соғыс
ардагерлерінің қоғамдағы рөлі мен мәртебесін көтеріп, олардың әлеуметтік
жағдайларын жақсартуды басты назарда ұстап келеді. Бұл Жеңіс
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
93
қаһармандарына көрсетілген айрықша құрмет. Елбасы: “Біз жеңіске жеткен
аға толқынның ұрпағымыз. Отан үшін өмірін қиған әрбір азаматтың, қазіргі
уақытта арамызда жүрген ардагерлердің даңқын асыра түсу – біздің
міндетіміз”, - деген отты ойларын әр жыл сайын қадап айтады.
Бүгінгі күні ұлы тарихи оқиғаның куәгерлерінің қатары сиреп келеді.
Биыл 70-рет Жеңіс күні тойланбақшы. Жеңіс мерекесі соғыс куәгерлерімен
қатар, кейінгі бейбіт заманның ұрпақтары үшін де қастерлі, өйткені сол кездегі
боздақтардың қаны мына біздің өміріміз үшін төгілді. Жанын шүберекке
түйіп, кеудесін оққа тосып алыспай беріспеген Әлия, Мәншүк, Талғат,
Бауыржан есімдері Ұлы Жеңіс ұғымымен әрқашан бірге аталады. Мың жылда
бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, батыр тұлғаларымыз
фәни өмірден баз кешіп, бақилық болды.Кеше ғана көк қыраны Талғат
Бигелдиновпен қоштастық. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия
мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит,
Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлаған
ардагерлер есімі ұрпақ санасында ешқашанда өшпейді, қайта уақыт өткен
сайын асқақтай түсері ақиқат. Себебі:
Заманың алға басарда,
Тарихтан тағылым тыңдатты ой.
Адамдар үшін қашан да,
Жеңістің құны қымбат қой
Қ.Мұстафин
- демекші елі барда ердің аты ұмытылмайды.
Юнисов Ерболат
Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы,
Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі 5 сынып оқушысы
Жетекшісі: Мамырбаева Гауһар Жұмағалиқызы
Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес...
Отан үшін от кешкен қадірлі қарияларымыздың қатары уақыт озған
сайын азайып бара жатқаны өкінішті. Біз жауынгер ардагерлеріміздің
құрметіне Жеңістің 68 жылдығын оларға лайық деңгейде атап өтуіміз керек.
Өйткені бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен өжеттіктің мейрамы.
Қазақстаннан қан майданға аттанған ер жүрек ұл-қыздар фашизмді жеңу
жолында асқан ерлік көрсетіп, жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосты. Жауын-
герліктің биік үлгісін көрсете білген ардақты ардагерлеріміз барлық майданда
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
94
да жан аямай күресті. Олардың артында қалған отбасы атпал азаматтарының
жеңіске жететініне сенді және сол қасиетті күнді асқан шыдамдылықпен күтті.
Қазақстандық жүз мыңдаған отандасымыз елдің сол сенімін ақтап,
ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Олардың бәрі де кеуделеріне орден,
медальдарды жарқырата тағып, Отанына абырой әкелді. Соғысқа қатысқан
500-ге жуық жауынгер «Кеңес одағының батыры» атағын алды. Бауыржан
Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова,
Ибрагим Сүлейменов, Сұлтан Байғамбетов сынды көптеген батыр тұлғалар-
дың есімі еліміздің жүрегінде мәңгі сақталады. Осындай есіл азаматтардың
арқасында жеңіс туы желбірегенін кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне ерекше қамқорлық
көрсетіп келеді. Биыл біз Жеңістің 68 жылдығын атап өтеміз. Бұл – сіз бен
біздің ортақ тарихымыз. Осынау ерлік мейрамына дайындалу – Ардагерлер
кеңесі үшін үлкен мәртебе. Күллі адамзатқа қауіп төндірген сұм соғыстың
зардабын тартып, Отаны үшін жан алысып, жан беріскен ардақты
ардагерлерімізді құрметтеу, соларға арнап мереке өткізуге дайындалу бізге тек
қана қуаныш сыйлайды.
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың
ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы
мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте
өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп,
біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып
келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет
әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен
құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда
жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс
кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап
шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті
жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе
бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі
ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен
қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті.
Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл
тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі
сақталуы тиіс.
Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады»
деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер
де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не
бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
95
елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар
азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше
алатын болады.
Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін
жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары,
үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын
да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Бұл –
шынында да ерлік болатын.
Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады.
Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл
да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі
сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |