Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8862
1   2   3   4

Молдакулова Алтынай 

10 сынып, №49 орта мектеп Сарыөзек ауылы,  

 Кербұлақ ауданы  Алматы облысы 

Жетекші: Донбаева Ляйла Адилбековна 

 

Желбіреген Жеңістің жалауы 

 

 Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, 



                                                           жетпеген арманда кетті. Отан соғысында 

 өлгендерді  ұмытпайық. Өлгенді ардақтай  

білген ғана тіріні құрметтей алады. 

    Б.Момышұлы «Аңыз бен ақиқат» кітабынан. 

 

Әр  уақыттың,  әр  ұрпақтың  таным  –  түсінігі  әртүрлі.  Кешегі  өткен  күн 



біреу  үшін-  өмірі,  тағдыры  ақиқаты.  Ал,  ол  бүгінгі  ұрпақ  үшін  тарих  қана. 

Уақыт өзгерген сайын адамның әр құбылыс туралы пікірі, оның қабылдауы 

өзгеріп  отыратыны  да  шындық.  70  жыл  бұрын  ел  басынан  кешкен  соғыс 

нәубетін  ұмыту  мүмкін  емес.  Ұмытпайды.  Бірақ,  соғысты  әр  ұрпақтың 

әртүрлі елестететіні де заңдылық. 

Адамзат  тарихында  Жеңістер  көп.  Бірақ,  солардың  ішінде  мән-маңызы 

жөнінен шоқтығы биік – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Алдымыздағы жылы 

осынау Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Демек біздің аспан астында өмір 

сүріп  жатқанымызға  70  жыл!  Сондықтан  жыл  сайын  біз  9  мамыр  күні 

сұрапыл соғыстың куәгерлері – майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет 

ілтипаттарымызды  білдіріп,  соғыс  сабақтарын  еске  алып,  соғыста  қаза 

тапқандардың рухына бас иеміз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

19 


 

Екінші дүние жүзілік соғыстың ішінде ең ауыры 1941-1945 ж.ж болған 

Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Ол  жылдардың  лаңы  қалай  дегенде  де  әрбір 

адамның тағдырына әсер етті. Көпшілігі Отанын қорғау жолында мерт болса, 

сонша  адам  майданды  керек-жарақпен  қамту  жолында  еңбек  етіп,  Ұлы 

Жеңістің негізін қалады. Сондықтан бұл соғыстың аяқталғанына 70 жыл өтсе 

де,  оның  салған  жарасы    әлі  күнге  дейін  сыздайды...  Бүгінде  кеуделеріне 

медаль  мен  ордер  таққан  аталардың  суретін  көргенде,  ардагерлердің 

әңгімесін  тыңдағанда,  майдан  жылдарындағы  әндерді  естігінде  көңілге 

еріксіз мұң ұялайды. Көктеммен бірге келетін осынау Жеңіс мерекесінің көз 

жасы аралас қуаныш мерекесі немесе «Эта праздник со слезами на глазах...» 

деп аталуы да, мүмкін, сондықтан болар.  

       Осы  Ұлы  Жеңістің  бағасы,  құны  адамзат  үшін  қаншалықты  қымбат?- 

деген  сауалға  жауап  іздеп,  қысқаша  саралап  қарасақ:  Брестіден  Москваға 

дейінгі  жер  қашықтығы  1200  шықырымды  құрайды  екен.  Ал,  Москвадан 

Берлинге дейінгі жердің ара қашықтығы 1400 шықырым деп берілген. Демек 

екі  аралықтағы жердің қашықтығы  2600 шықырым. Осылай есептеп қарасақ 

екі  ел  арасында  ара  қашықтық  тым  алшақ  сияқты  емес.  Бұл  поездбен  4 

тәуліктік, самолетпен 4 сағаттық жол екен.  

Ұлы  Отан  соғысында  Кеңес  Одағының  1710  қаласы  күл-талқан 

болды,70 мыңнан  астам село мен деревня өртенді. Алдын-ала есептеулерге  

қарағанда, Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны – қаза  тапқандар,  

жарақаттан  және    аурудан    өлгендер,  хабарсыз  кеткендер,  тұтқыннан 

қайтпағандар, Жапониямен соғысты қоса  есептегенде 8 млн. 669 мың адамға  

жетті. Кеңес Одағы халқының тікелей  және жанама шығыны 50 млн-ға жуық 

адам  болды,  оның  тікелей  және  жарадан  қаза  болғандары,  тұтқындары  бар  

27  млн.адам  еді.  Қазақ    халқының  Ұлы  Отан  соғысында  қаза    тапқан  

адамдарының    саны  –  350  мың.  Бұл  шығын  ұзақ  жылдар  бойы  елдің 

демографиялық жағдайына ықпал етті. Қазақстан майданға  1 млн. 200 мың 

жауынгер  аттанды.  Жауға  атылған  оқтың  тоғызы  Қазақстан    қорғасынынан  

құйылды.  Елімізде  шоғырланған  марганец  пен  молибденнің  60%-ы  біздің   

республикада өндірілді. 

        Соғыс  өрті    тұтанғанда    тым    жырақта  орналасқанына    қарамастан, 

Күреңбел  жерінің  азаматтары да ер етігімен су  кешер  сын  сағат  туғанда  

қолдарына  қару  алып, соғысқа аттанды. 

Соғысқа  аттанып,  жауынгерлік  тағдыр  жолын  жүріп  өткен,  соғыстың 

куәгері  -  атам  Артықбаев  Айтбек  Үмітбайұлы.    Атам  1923  жылы  Алматы 

облысы,  Қаратал  ауданы,  Сарыөзек  жерінде  дүниеге  келген.  Зұлым 

ашаршылық  ата-анасынан  ерте  айырады.  Жастайынан  зерек  болып,  білімге 

ден  қояды.    Атам  Ұлы  Отан  соғысының  түрлі  майдандарында  көптеген 

шайқастарға  қатысады.  Әсіресе,  Украина  жеріндегі  жаумен  болған 

кескілескен  ұрыстардың  бел  ортасында  болды.  Осы  шайқастарда    бір-



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

20 


 

бірлеріне  тез  бауыр  басып  үлгерген  қаруластарынан  айрылды.  Өрт  шалған 

державалардағы  жау  азаптаған  халықтың  жай-күйі,  олардың  азат  ету 

жолында  көз  жұмған  қаруастардың  кегі  жас  жауынгерлердің  жүрегін 

жаралап,  дұшпандарға  деген  ашу-ызасын  қайнатты.  Атам  қаруластарымен 

қатар 5 мамыр күні шабуылға шықты. Сол жолы Кантемировка темір жолы 

бойындағы  қаланы жаудан тазартты. Жау қанша мықты болғанымен білектің 

күшін  біріктірген  кеңес  әскерлерінің  жан  аянбас  ықпалына  төтеп  бере 

алмады.  Алайда, Айтбек атам басынан контузия алып, госпитальда  жатады. 

Госпитальдан  шыға салысымен соғысқа қайта кіріседі.  

 Өзінің  айтуында  жаудың  қансыз  солдаттары  еңбектеген  баладан, 

еңкейген  қартқа  дейін  ешкімге  де  қайырымдылықпен  қарамай,  көзіне 

түскеннің барлығын көлікке тиеп әкете беріпті. Ал, қарсылық білдіргендерді 

бірден  жер аттандырған екен. Сонымен қатар сол жылдардың қаншалықты 

зардапқа толы, әрі зұлым болғандығын еске ала отырып, келешек  ұрпақтың  

зұлымдықты көрмеуін тілеуші еді. 

 Соғыста    көрсеткен      «Ерлігі    үшін»  медалі,  «Қызыл    Жұлдыз»  ордені  

біз   үшін атамнан  есте  қалған   бағалы   бұйымдар болып  табылады.  Бүгінде  

атам    арамызда    жоқ    болса  да,  жыл    сайын    9  мамыр-  Жеңіс    күнінде 

балалары,  немерелері    сағынышпен    еске    алып,  соғыста    болған  ерліктерін  

айтып  мақтан  етеміз. 

      Бүгінде  мен  атам      жайлы      жақсы  әңгімелерді    көп    естимін.  Соғысқа  

барып,  өзінің    өжеттігін,  қазаққа  тән    қайсарлығын  көрсеткен    өмір    жолы  

мен үшін  үлкен  өнеге, таусылмас  тағлым. Мен  ешқашанда  атамның  атына  

кір    келтірмей,  егеменді    елімнің  мақтан    тұтар  бір  азаматы  болуға  

тырысамын. 

         Уақыт    ешкімді    де    аямайды.  Жыл    өткен  сайын    ардагерлер    қатары  

сиреп, орталарыңыз  азая  түсуде. Отан  үшін  отқа  түсіп, соғыс  даласында 

қасық    қаны    қалғанша  неміс    басқыншыларымен  бетпе-бет  шайқасқан 

жауынгерлердің  ерлігі  келешек  ұрпақтың  сезімін  оятады.  Асқар    таудай 

қариялар    елдің    арқа    сүйер    ағасы,  халықтың    ақылшысы,  әділдіктің  

таразысын    бағамдайтын    өмірден    түйгені    мол    ақсақалдардың    абыройы, 

қадірі  асқақтай  бермек.  

       Ұлы    Отан    соғысында  Жеңістің    жалауы    желбіреп,  әні    шырқалғалы            

70 жылға  жуық  уақыт  өтті. Дегенмен, сонау  сұрапыл  жылдарда  тағдыр  

тезіне  төтеп    беріп,  кескілескен    ұрыстарда    табандылық    көрсеткен  

аталарымыз  бен  апаларымыздың    ерлігі    халықтың    жадында    мәңгілікке 

сақталады.  Бабалар    ерлігінің    маңызы    мен    ұлылығы    жыл    өткен    сайын  

айқындала түсуде. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің   намысшылдығын  

және    қайсарлығын  мақтан    ету    ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  баршамызды  

біріктіретін  ұлы  күшке    айналды.  Жеңіс    тарихын    жас    ұрпақты 

патриоттыққа, отаншылдыққа, елжандылыққа  тәрбиелеудің  жарқын  үлгісі  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

21 


 

ретінде  қалыптастыру – біздің  ортақ  парызымыз. Мемлекет  Тәуелсіздігінің 

23  жылы  ішінде  көпұлтты    еліміз  татулық    пен  келісім  өркениетті  қоғам 

дамуының, бейбіт тірліктің негізгі  тірегі  екенін  паш  етіп  келеді. 

        Біз    өз    жерімізден    шыққан    Кеңес    Одағы    Батыры    атанған                                

12  жерлесіміздің,  кеуделерін    оққа    төсеп,  туған    жеріне    оралмай    қалған  

боздақтарымыздың және  Сіздердің  есімдеріңізді әрдайым  зор  мақтан  етіп, 

кейінгі  ұрпаққа    үлгі-өнеге  тұтамыз.  Өкінішке    орай,  жыл    сайын  сұм  

соғыстың    сұрапылынан  аман    оралып,  тұралап  қалған    ел    экономикасын   

өркендетуге    бар    қажыр-қайратын  жұмсаған  соғыс    және    еңбек  

ардагерлерінің    қатары  сиреп    барады.  Қазақ    халқының  жас    буыны    да 

ардақты аталарымыз  ғұмыр  бойы  абыроймен  алып  жүрген  Жеңіс  туына  

қарап    бой    түземек.    Біз    соғыста    болған,  оның  ортасында    аман    оралған  

майдандастардың  ұрпағы  ретінде  тәуелсіз  еліміздің  аспаны  ашық  болып, 

әрдайым  бейбіт  өмір  салтанат  құра  берсін  деген  тілектеміз. 

 

Мырзақасым Ақгүл  

6-сынып, Жиделі орта мектебі Алматы облысы   

                                                                                Балқаш ауданы ,Жиделі ауылы  

                                                      Жетекшісі : Манакова Фарида Ахметжанқызы  

 

Ұлы  Отан  соғысы...  Естігенде  жүрегің  қатты  қынжылады.  Соғыс 



дегенде есімізге оққа қарсы жүрген,танкімен бірге жанып, мұздай толқынмен 

арпалысып  қанға  оранған  денесімен  жер  бауырлап  жауға  қарсы  жылжыған 

ардақтыларымыз  еске  түседі.  Қаншама  қыршын  құрбан  болды  десеңізші... 

Сондай ауыр кезеңдерде еліне қорған бола білген батыр бабалардың есімдері 

әлі күнге дейін ел есінде . 

«Ел ағасыз, тон жағасыз болмайтыны» секілді, халық қаһарман ұлдарға 

да  кенде  емес  қой.  «Ел  басына  күн  туып,  ер  етігімен  су  кешкен,  арғымақ 

ауыздығымен су ішкен» ауыр кезеңдер қазақ тарихында аз болмаған. Сондай 

сын сағаттарда халқына қорған болып, бес қаруын асынған айбатты ерлердің 

есімдері  ұрпақтан  –  ұрпаққа  өнеге  болып  келеді.Қазақтың  ұлт  болып 

қалыптасуы, ұлан байтақ өлкесінің тұтас күйінде сақталуы, тілі мен дінінің, 

әдет  –  ғұрып,  салт  –дәстүрініңүзілмеуі  елдің  елдігін  асқақтата  білген  батыр 

ұлдарының өшпес ерлігінің куәсі. Ол тарихи шындық ... Сол шындыққа темір 

- қазақ болған ел мен жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық намыс пен қазақтың 

қайсар мінезді қасиеті десек жарасар еді. Соғыс кенеттен басталғанмен, бүкіл 

Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың 

түпкір-түпкірінен  әскери  комиссиараттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана 

өзіміз  сияқты  қанмен  қаперсіз  отырған    мектеп  партасындағы    бозбалалар 

мен    бойжеткендер  өз  жандарын  бейбіт  күннің  бір  таңы  үшін  сарп  етті 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

22 


 

десеңізші. Бүкіл қазақ даласындағы жаугершілік замандар біздің Іле –Балқаш 

өңіріне де өз ізін салып кетті. Ата –бабаларымыз өз бостандығы мен теңдігі, 

қасиетті  жері  мен  елі  үшін  талай  –  талай  қантөгісті  бастан  өткерді.  Сондай 

ауыр  кезеңдерде  еліне  қорған  бола  білген  батыр  бабалардың  есімдері  әлі 

күнге дейін ел есінде.  Ұрпақтан  –ұрпаққа жалғасып келе жатқан батырлық 

пен  ерлікті  Іле  –Балқаш  өңірінің  азаматтары  да  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында  ерекше    көрсете  білгендерін  мен  үлкен  мақтаныш  сезімімен 

айта аламын.  Әйтсе де оларды ел ұмытқан жоқ. Ескерткіш қойып  есімдерін 

мәрмәр  тасқа  ойып  жазып    рухтарына  тағзым  етіп,    үнемі  бас  иеді.  Мен  де 

осындай  аталарымның  барын  әр  жерде  жүргенде  тілге  тиек  етіп  жүремін.  

Сол елге қайтпаған боздақтардың бірі – жерлесіміз Бақтораз Бейсекбаев еді. 

Күні кешеге дейін қайран бауырымыз хабарсыз кеткендер қатарында болып  

ел  –  жұрт,  ағайын  –туысы  еш  дерегін  таппаған».  Ел  сенімін  –  ер  ақтар,  ер 

атағын  –  ел  сақтар»  деген  сөз  бар  емес  пе  халықта.Мұның  дәлелі    арада 55 

жыл  өткенде  салтанат  құрып,  халқы  батырын  тапты.  Халқымен  55  жыл 

өткенде табысқан батыр ұшқыш Бақтораз батырымыздыың есімі елімен бірге 

жасай  бермек.  Туған  ауылдағы  мектепке    де  әлі  –  ақ  батырымыздың  есімі 

беріліп, ескерткіші де қойылар.Өйткені халық өзінің батыр ұлын ұмытпайды, 

ұмытқан да емес.  

Алайда,  сол    отты  жылдардың  таңбасы  ел  жүрегінде  мәңгі  қалары 

сөзсіз. 


Ауданнан  соғысқа  аттанған  3185  адамның,  1898–і  туған  жеріне 

оралмады.  

Ұлы Отан соғысы бірнеше жылға созылды .Майдан даласында  мыңнан 

астам  қазақстандық  қаза  тапты  .Соғыста  қаза  тапқандардың  саны  туралы 

мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.Жекелеген мәліметтер бойынша адамзат 

тарихындағы    адамның  бұл  ең  ұлы  соғыс    милионнан  астам  кеңес 

азаматтарының  өмірін  қиды.  Жыл  артынан  жыл  өтіп  ,  көкті  тіліп  ,  қара 

жердің төсін жыртқан зеңбірек даусының басылғанына биыл 70 жыл. Осыдан 

тура жетпіс жыл бұрын күллі әлем тағатсыз күткен Жеңіс жалауы Рейхстагта 

желбіреді.1945 жылы 8 мамыр күні Берлин іргесіндегі Карлхорсте фашистік 

Германияның  қарулы  күштерінің  сөзсіз  тізе  бүккені  туралы  актіге  қол 

қойылды.  Сөйтіп  ,барша  адамзат  жүрегі  жарылардай  болды.  Дүниежүзілік 

империализмнің  ең  қаскөй  күші  –  фашистер  өз  жерінде  тұншықтырылды. 

Қаһарман  совет  халқы  адам  айтқысыз  зардаптар  шегіп,  қисапсыз 

құрбандықтарға  төзіп,  Жеңіс  тұғырына  көтерілді.  Алайда,  сол  отты 

жылдардың  таңбасы  соғыс  көрген  адамдардың  көкірегінен  әлі  кете  қойған 

жоқ,  күн  күркіресе  селт  етіп,  зеңбірек  дауысын  есіне  алатындар  қаншама 

десеңізші.  Менің  атамның  әкесі  яғни,  үлкен  атам  Түймебай  ата  да  осы 

соғыстың құрбаны. Атам тылда еңбек еткен. Бүгінде  «Еңбек ардагері». Мен 

ол  жылдары  сен  секілді  бала  едім  деп  ,  ауыр  күрсінеді  атам.  Соғыс  жайлы 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

23 


 

барлық  мәліметтерді  мен  еш  жерден  көшіргенім  жоқ.  Ол    менің  ардақты 

атамның естеліктері...  

Бүгін қалалар көркейіп, бақтар жайнаса, балалар күліп, көкте көгершін 

ұшса ол ата- апаларымыздың арқасы.Егемендік алып, етек жеңіміз жабылған 

бұл заман да солардың асқақ арманы ғой ... 

Ендеше,  ата-  апаларымызға  тек  мереке  күндері  ғана  емес  әрдайым  

құрмет көрсетіп жүргеніміз дұрыс шығар жас достар!!! 

 

Ташқараева Мадина 

9 сынып, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп 

Іле ауданы Алматы облысы 

Жетекші: Жандарал Рыскүл 

 

Ұлы Жеңіске 70 жыл! 

Сонау 1941 жылы басталып, бес жылға созылған сұрапыл соғыс кезінде, 

қазақ  халқы  басынан  түрлі  жайттарды  өткізді.  Онсызда  ашаршылықты 

басынан  өткізіп  жатқан  әрбір  қазақ  отбасы,  енді  отбасы  тірегі  –  ерлерінен  

айырылды.Сан мыңдаған қазақтың қара көз қыздары ауылда қалып,бар қара 

шаруаны  өз  мойнына  алды.  Ал  майдандағы  әкесінен  хат  тосып  жүрген 

балалар, балауса балалық шақтың дәмін тата алмады. 

Соғыс  зардабы  тым  қиынға  соқты.  Қаншама  адамның  өмірін 

жалмады.Анасы баласынан, баласы әкесінен айырылды. 

Соғыс  кезінде  Қазақстан  халқының  өз  өмірлерін,бостандығын, 

тәуелсіздігін  қорғайтын  күн  туды.  Әрбір  бесінші  қазақстандық  майданға 

аттанды.  Майданға  өз  еркімен  аттанғандар  да  бар.  Қазақ  сарбаздары  тек 

қанды  майданға  ғана  емес,  тылда  да  қызмет  еткен  болатын.Қазақстан 

еңбекшілері  тылда  «Бәрі  де  жеңіс  үшін,  бәрі  де  майдан  үшін!»  деген 

үндеумен маңдай терлерін төге, күн демей, түн демей жұмыс істеді. 

Қатарыңда  қазақстандықтар  болған  кеңестік  жауыңгерлер  Ұлы  Отан 

соғысының  тарихына  талай  қаһармандық  беттер  қосты.  Елі  үшін  қан  мен 

терін аямай төккендердің саны аз болған жоқ. Олардың қатарында біздің ер 

жүрек  мерген  қыздарымыз  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметова  бар. 

Жастығына  қарамастан  елі  үшін  жанын  беруге  даяр  екі  батырларымыз, 

алдыңғы  шепте  жүріп:  «Отан  үшін  алға!»  -  деп,  барлық  жауынгерлерді 

соңынан  ертіп,  жауға  қарсы  ұмтылады.  1945  жылы  30  сәуірде  жаңбырдай 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

24 


 

жауған  жау  оғының  астында  Рейхстаг  төбесіне  Жеңіс  туын  желбіреткен 

Рақымжан Қошқарбаев атамыздың да ерлігін ұмытпағанымыз жөн. 

Жеңіс!  Біз  жеңдік!  Міне,  дәл  осы  сөздер  ұзақ  жылғы  ауыртпалықтың 

орнын  басып,  көзге  үймелеген  қайғы-қасіреттің  жасын,  қуаныштан  төгілген 

жаспен  алмастырды.  Анасы  баласымен,  баласы  әкесімен  қауышты.  Ал  ең 

бастысы, ата- бабамыз жауға қалың қолмен қарсы тұрып, елімізді, жерімізді 

сақтап  қалды.  Ата-бабамыздың  қажымас  қайраты  мен  сарқылмас  күшінің 

арқасында  жеңістің  биік  шыңына  шықтық.  Халықтың,  елдің  үміті  ақталды. 

Үміт  сәулесі  сөнген  жүректерде  қайтадан  үміт  ұшқыны  пайда болды.  Міне, 

1945  ата-бабамыздың  елі  үшін,  жері  үшін  күресінің  нәтижесінде,  осы 

жеңістің  нәтижесінде  бүгінде  өз  тәуелсіздігі  бар,  төрінде  Елтаңбасы  ілініп, 

көгінде  Туы  желбіреп,  Гимні  даңқты  айтылып  жүрген  елміз.  Осының  бәрі 

ата-бабамыз  сыйлаған  Ұлы  Жеңістің  арқасында.  Міне,  ендігі  Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығына  да  жетіп  қалдық.  Әрине,  бұл  мерейтой  әрқашан  да  елімізде 

салтанатты түрде өтпек. Біз бір ту астында өмір сүріп жатқанда, әрқашан да 

біздің  батырларымызды,  жеңістің,  тәуелсіздігіміздің  қалай  келгенін 

ұмытпайтын боламыз. Себебі, бұл Жеңіс – тарихымыздағы Ұлы Жеңіс.        



Тоқтасын Жансая 

Алматы облысы 

Қарасай ауданы 

 Жамбыл орта мектебінің  

11 сынып оқушысы 

 

                                      Біз бейбіт елдің ұланымыз! 

 

Жан  біткенді  жалмауға  жанталасқан  заһарлы  зұлмат  –  екінші 

дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазар болсам, бұл тақырыпты он бетке 

болсын жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігін білем. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  аяқталғанына  жарты  ғасырдан  астам 

уақыт  өтсе  де  отты  жылдардың  елесі  әлі  күнге  халық  жадынан  өшпегенін 

білемін.  Өйткені,  адамзаттың  бүгінге  дейінгі  сапарындағы  ең  сұрапыл 

қырғын да Ұлы Отан соғысы екен әлемге аян. «Қанша үйдің ұрлап адамын, 

қанша үйде сөніп қалды оттар», - деп ақындар жырлағандай, әр отбасыға, әр 

жүрекке салған жара алпыс сегіз жыл өтсе де әлі жазыла қойған жоқ. Қазақ 

деген  батыр  халық!  Қазақ  халқы  еңкейгенде  еңкейеді,  шалқайғанда 

шалқайады.  Шірене  қалса,  асқар  –  тауларына  сүйенеді.  Сөйлесе  Қазыбек 

бидей шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар. Айтыса қалса, дауласа қалса 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

25 


 

Бөгенбайдай  ерлігі  бар,  Қабанбайдай  ірілігі  бар,  Абылайдай  тірлігі  бар 

қарапайым  елміз.  Отанымыздың  абыройы  мен  бостандығын  аңсаған  бабам 

кеудесін жау оғына тосты. Қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері 

сынға  түсті.  Осы  жолда  қанша  ардагер  әкелеріміз,  аталарымыз  бен 

апаларымыз  қан  төкті.  Басынан  аяғына  дейінгі  құрылтай  қаруланған 

гитлершілер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 

– дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. Бірақ 

совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды. 

Осындай сұрапыл соғыс күндерінде халқымыз майдан мен тылда жеңіс үшін 

керекті жағдай жасаудың ауыр жүгін көтерді.  

Әр  отбасының  басшысы  майданда  болды.  Мәселен,  осындай  қысқа 

мерзім ішінде Қазақстанның түсті металлургия саласында ондаған рудниктер, 

шахталар  мен  байыту  фабрикалары  ашылды.  Содан  кейін  Ақтөбе 

ферроқорытпа  зауыты,  Теміртаудағы  металлургия  зауыты,  Гурьев  мұнай 

айдау  зауыты,  осылардың  бәрі  майдан  қажеттілігі  үшін  жөнелтіліп  жатты. 

Осы қиындықтардан соң халқымыз адал ниет, ақкөңіл, меймандас халқымыз 

ізгілік сипатын жоғалтпады. Осы тұста есіме «Жерұйық» фильмі есіме түсіп 

отыр.  Сол  кездегі  оқиға,  Қазақстанға  Кәріс,  Беларуссь  басқа  да 

республикалардан  келген  миллиондаған  адамдар  мен  жетім  –  жесірлерді 

халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүректен бауырына басты. Міне, осы 

фильм  арқылы  да  халқының  жүрегінің  кең  екенін  сезінгендеймін!  «Балам, 

сенің бұл халқын – батыр халық, батырлығын жауына татырды анық», - деп 

ақындар жырына арқау болған халқымыздың батырлығы, ерлігі қан майданда 

талай рет дәлелденді. Жау  жағадан  алғанда  елің  қорғау  өмірлік парызы  деп 

білген, елің ерлерше қорғап, отан соғысының лапылдаған отының ішінде қаза 

тапқан батырларымыз отанды қорғау азаматтық борышы деп түсінді. «Біз  – 

кеңес  адамдарымыз,  біздің  жүрегіміз  темір  емес.  Бірақ    біздің  кек  атымыз 

қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін 

ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік», - деп еліне, жеріне 

деген  махаббатын  майданда  дәлелдеген,  қайталанбас  тұлға  Бауыржан 

Момышұлы. «Аяулы Әлия мен Мәншүгімді» – деп есімдерін ән жырға арқау 

еткен  шығыстың  қос  жұлдызы  Әлия  мен  Мәншүк  есімін  ерліктің  ғажайып 

үлгісі  деп  айтар  едім.  Қазақ  батыры  асқар  таудай  тұлға  авиация  генерал  – 

майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат 

Жақыпбекұлы  Бигелдинов.  Осы  атамның  өмірден  өткені  бүкіл  қазақ 

халқының белін қайыстырды. Жатқан жері жайлы болсын! Алғысым шексіз 

сізге.. . Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз 

бүгінгі  күні  дүние  жүзі  таныған,  әлем  мойындаған  мемелекет  болып  қалуы 

біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір 

сүріп келе жатқаны тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет