Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
10
Қадыржан Гүлназ
4-сынып, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп Қаражота ауылы
Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы
Жетекші: Абдыхожаева Захан
Мен тәуелсіз бейбіт елдің ұрпағымын
Мен тәуелсіз, бейбіт елде дүниеге келген жас ұрпақпын. Соғыс дегенді
білмеймін. Бірақ, ұстазым, ата-анам соғыстың қандай болатынын айтып
берді. Екі ел жауласып, бір-біріне қару көтеріп елдің тыныштығы бұзылады
екен. Соғыста адамдардың жүзінен күлкі кетіп, түндері ұйқысыз өтеді.
Балалар әкесінен, анасынан, аналар баласынан айырылып қайғы құшады
екен. Соғыста бірін-бірі өлтіріп қинайды екен. Соғыста адамдардың қол-
аяғынан айырылғандары да бар. Соғыс өте жаман. Мен еліміздің берекелі
бейбіт өмір сүргенін қалаймын. Жерімізде ешқандай соғыс болмаса екен.
Ұлы Отан соғысына биыл 70 жыл толады. 70 жасқа келген атаны
көрсем, осыншама жылдың ұзақ екенін түсінемін. Анам да айтады,"70 жыл
бір адамның ғұмыры" деп. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылыпты. Кеңес
Одағы деген үлкен елдің барлық ұлтының ер азаматтарымен қоса қайсар
қыздары да қолға қару алып жауға қарсы ерлік көрсеткен екен. Біздің қазақ
елімізден 600 мыңдай адам соғыс даласында елін қорғап қаза тапқан.
Мен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте білім алып, Әлия
Молдағұлова атындағы көшеде тұрамын. Осы екі кісі де Ұлы Отан соғысына
қатысып, елін-жерін қорғауға, 70 жыл болған жеңісті алып беруге үлкен
үлестерін қосқан батырлар. Әлия апамыз майдан даласында ерлікпен қаза
тауып, Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақтың қайсар қызы.
Бауыржан атамыз да соғыстың бел ортасында жүріп, әскери қолбасшы
болған. Бірақ "Әділет қашан да жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды"
деген атамыз батыр атағын тек 1990 жылы 12-желтоқсанда ғана алған екен.
Бауыржан атамыздың ерлігі бізге үлгі. Соғыстағы батыр аталарымыз
дүниеден өтсе де есімдері тарихта қалады.
Мен "Соғысты бастаған адамдардың ата-аналары қандай тәрбие берді
екен?" деп ойлаймын. Сондықтан жер бетіндегі барлық ата-анаға айтарым,
біз сияқты балаларыңызды мейірімді етіп тәрбиелеңіздер. Біздің пәк
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
11
жүрегімізден шыққан ақ тілегіміз сол. Жер бетінде енді ешқашан соғыс
болмасын. Аналар да, әкелер де, балалар да жыламасын.
Қалибек Игнат
Алматы облысы Райымбек ауданы
Ы.Көшкінов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Ер есімі-ел есінде
Ешкім де ештеңе де ұмытымақ емес...
Ұшса қыранның қанаты талатын, жүгірсе жүйріктің тұяғы тозатын
үлкен, қойнауы пайдалы қазбаға толы жерін сыртқы жаудан қорғау
үшін қазағымның басынан көптеген қиындықтар өтті.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасы, халық шырт
ұйқыда. Дүрсілдеген бомба дауысы. Әуеде оқ жаудырған ұшақтар, жерде
темір табан танктер мен әскери техникалар КСРО-ға басып кірді.
Өзімізге белгілі Фашистік Германиямен КСРО 10 жылдық «Шабуыл
жасаспау» туралы келісімге қол қойылған болатын. Тыныш ұйқыда
жатқан кеңістік елдер үшін бұл күтпеген оқиға болды. Кеңес әскерінің
қолындағы қару-жарақпен неміс әскері қару – жарақтарын мүлдем
салыстыруға келмейтін. Адольф Гитлердің тиянақты жоспары КСРО-ны
басып алу мерзімі бәрі толық болжанған болатын. Алты айдың ішінде
жаулап аламын деген Гитлер жоспарының астан – кестеңі шықты.КСРО
құрамында Қазақстан да болатын.Сталинград майданына жақын
орналасқан. Ұлы Отан соғысына - Қазақстан зор күш жұмылдырды.
Оқ – дәріге керек қорғасын өндіру бойынша Қазақстан 2- орында болды.
Әскер жұмылдыруымен қатар тыл жұмысына тікелей ат салысты.
Төгілген қан, аққан тер жеңіске деген күш – жігер бәрі топтанып халық
рухын жасытпады.
Қолына қару алып елін , жерін қорғап,батыр атағын алған,отан үшін
жанын қиған ерлердің есімі ел есінде.Сол есімдердің бірі – Бауыржан
Момышұлы И. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясынның
құрамында батальон командирі болды. Бұл дивизия Алматы қаласында
жасақталған болатын.Бауыржан атамыз мойнына елінің тағдырымен
қатар қол астындағы жауынгерлердің өмірі жүктелді. Қатардағы
сарбаздың емес,батальон басқарған офицердің жауапкершілігі жоғары
болатын.Жолдас аға лейтенант ешқашан жасымады. Жүздеген сарбаздарға
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
12
өшпес рух,талапты тағылым бере білді.Бауыржан атаның мінезі,офицерге
тән бітімі, қолбасшыға лайық айлакерлігі,өзіне тән болмысы көп жерде
септігін тигізді. Мәскеу үшін болған ұрыста да жеңісті бір қадам болса да
жақындата білді. Көрегендігімен «28-Панфиловшылар » ерлігінің арқасында
майдан даласында қиын кезеңдерде жол таба білді. Ол кісінің басынан
өткен қиыншылықтарымен, шабуыл әрекеттерін өзі шығарған кітабынан
да оқып білуге болады. Бауыржан Момышұлы естеліктерінің бірінде
өзінің басқаруындағы батальонмен бірге орман арасынан жол салып, қару
–жарақ тиелген арбаларды 10 шақырымнан аса жол сүйреп негізгі трассаға
шыққан тұсын суреттейді. Жолдағы ағаштарды кесіп,ұзақ шақырымды
артқа тастап жолға шыққан кездерінде фашистік солдаттармен,
танктеріне кезігеді. Шаршап шалдыққан жауынгерлер тез естерін жиып
ұрыс жағдайына көшіп шығынсыз «Волоколамск тас жолына» жетеді.
«Бұл сәт те 1 сағатта өтіп кеткен секілді »-деп жазды. Бұл жолдар
Бауыржан атаның артында қалған тек естеліктер. Басынан өткен шақтары
оқиғалар ,қолданған әскери тактикалары ақ параққа түсіріліп ұрпағына
мұра ретінде сақталып қалады. Өзі өмірден өтсе де туа біткен мінезі,өзіне
тән болмысы,өр тұлғасы халық жадында.
Майданда құрлық әскері, сондай-ақ әуеден де ерлік көрсетіп
« Халық қаһарманы»атағын алған Талғат Бигельдинов, Нұркен Әбдіров
аталарымыздың орны ерекше. Талғат Бигельдинов бір өзі жаудың 37
ұшағының көзін жойды. Екі мәрте «Халық қаһарманы» атанды. Ал Нұркен
Әбдіров өзінің Отаны үшін жан пида етті. Жанған ұшағын фашистер
техникасы шоғырланған аумақтың үстіне бағыттап ерлікпен қаза тапты.
Аяусыз қалалармен деревняларды бомбалаған жау ұшақтарының алдын
орай білді. Талғат Бигельдинов елге аман- есен оралған соң Авиация
саласында жоғары қызметтер атқарды. Жақында ғана қалың елі ардақты
да батыр ұлдарынан айырылып қалды. Ол кісінің бет-бейнесі, тұлғасы
көз алдымызда.
Тәуелсіз
Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат
Нұрмағанбетов ерлігі ерен. Соғыстың шешуші майданы – Берлин
майданында немістердің тізе бүктіруіне қатысты. Қанды жылдардың
аяқталуына , халқының жеңіске жетуіне септігін тигізді. Төлеген Тоқтаров,
Мәлік Ғабдуллин , рейхстакқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Баубек
Бұлқышев,партизаншы Қасым Қайсенов сынды аталарымыздың ерлігі
ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Отан соғысында сарбаздар қатарында апаларымыз да болады.
Отанының батыр қыздары - Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова
апаларымыз өз еріктеріктерімен соғысқа аттанды.Бірі алдыңғы шепте
мерген, бірі пулеметші болып соғысты. Аға –інілерінен қалыспай ерлік
көрсетіп ,бой жеткен шақтарында жандарын қиды.Апаларымыздың
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
13
қатарында жауынгерлердің рухын көтеріп ,бұлбұл әнші атанған –Роза
Бағланованың еңбегі өлшеусіз.Гүрс-гүрс жарылған бомбалардың,өртке
оранған ғимараттармен қарша бораған оқ ортасында жарақат ала жүріп
солдаттар үшін ән салды,рухтарын көтере білді. Көкте самғап жүріп,
ұшақтың тізгінін ұстап батыр қыздардың үлгісін көрсеткен – Хиуаз
Доспанова есімі де тарих жадында.
Халыққа қайғы әкеліп, сүйікті әке мен жардан, жалғыз ұлдан айырған
зұлым соғыстың аяқталғанына,Ұлы жеңіске биыл 70 жыл толды. Қазіргі
таңда Қазақстан даму жолына түскен , тұрақты әскері бар мемлекет.
Әскери өндірісте жаңалықтар орнаған. Елде бес аумаққа бөлінген
қолбасшылықтар шекара қорғаумен қатар ішкі тұрақтылықты сақтауда
үлкен қызметтер атқаруда.Жаяу әскер, теңіз қарулы күштері , әуе
шабуылы мен қорғанысы сынды салаларға бөлінген. Осы салада, әскер
қатарында қызмет ету әрбір азаматтың борышы. Еліміздің тұрақтылымен
халқымыздың бейбітшілігін сақтау үшін қызмет істеуіміз керек.
Аталарымыздың, апалаларымыздың төккен қандарын, маңдайларынан
аққан терлерін, көрсеткен ерліктерін біз ешқашан ұмытпауымыз тиіс.
Әлемде тек татулықпен бейбітшіл болғанын тілейміз.
«Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамдардың арман осы.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысынан көңілді бәрі» - дегім келеді. Сондықтан
жыл сайын сұрапыл соғыстың куәгерлері – майдангерлер мен тыл
еңбеккерлеріне құрмет ілтипатымызды білдіріп,соғыста қаза
тапқандардың рухына бас иеміз.
Ауылымда жалғыз соғыс ардагері бар. Ол кісінің есімі Әлімжанов Баба
Қазір 90 жастан асты. Ауданда ардақты ардагер, ұлағатты ұстаз. Артынан
еріп келе жатқан балалары мен немерелеріне үлкен үлгі-өнеге береді.
Атама зор денсаулық тілей отырып Жеңістің 70 жылдығымен
құттықтаймын. Әлемде тыныштық болсын! Болмасын соғыс, жойылсын
сөз соғыс деген деп айтқым келеді.
Караев Ернат
8-сынып, 1Май орта мектебі, Бекболат ауылы
Қарасай ауданы Алматы облысы
Жетекші: Жолбусунова Мақпал
Жаса, жеңіс!
1941 жыл. Ұлы Отан соғысы басталды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
14
Үшқоңыр тауының етегіндегі жанға жайлы,табиғаты көркем жерде малын
бағын, егінін егіп жайбарақат отырған ауылға да төбеден түскендей «соғыс»
деген жыландай суық сөз жетеді. Елдегі бас көтерер ер-азаматқа шақыру
қағазы келіп, олар шетінен жаппай майданға, Отанын қорғауға кетіп жатты.
Ауылдың бас жағында, сиыр өрістен қайтар тұста тұрған аласа қоржын
тамға да соғыс лаңы келіп кірді. Бір шаңырақтан апталдай үш азамат та
соғысқа аттанды. Арттарында көздері жаутаңдап балалары, иектері
кемсеңдеп аналары, көз жасы көл болып жарлары қала берді. Сол кезде олар
азаматтарын қайтпас сапарға аттандырып жатқанын, әрине, білмеген еді...
Бұлар - менің нағашы атамның әкесі Манабаев Жүреберсін, оның ағасы
Манабаев Байділда және бірге туған апалары Манабаева Имаштың баласы
Исаев Абдығали болатын. Манабаев Жүреберсін атамыз Ленинградта
қоршауда болып, қара жұмыс істепті. Ол кісіден1943 жылы қара қағаз келеді.
Ал Байділда атамыз 1941 жылы соғысқа аттанып, Сталинград қаласы түбінде
қоршауда болған. Украинада қанды шайқастарға қатысып, кейін 1943 жылы
Чехославакияда қайтыс болды деген қара қағаз келеді. Алған медальдары бар.
Абдығали атамыз 1924 жылы туған, 1941 жылы соғысқа аттанып, 1944
жылдың соңында жеңіске аз ғана жетпей, Берлин қаласын азат етерде
мәңгілікке көз жұмыпты. Міне осы болған жайттарды маған нағашы атам
Мұстафа айтып берген еді. Соғыс басталғанда атам небары бір жаста ғана
болыпты. Кейін есін біліп, етек жапқан шақта анасы әкелері туралы әңгімені
құлағына құйып отырған екен.Ауылда соғыс өрті шарпымаған бірде-бір үй
қалмаған дейді . Сол кезде біздің ауылымыздан майданға кеткен
боздақтардың дені туған елге қайтпапты.
Ия, содан бері 70 жыл өтіп кетіпті.
70жыл-
Бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл-
Шуақты күн таратты әнін,
Есімде содан бері 70 рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары,
Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қайта оралды
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді...
Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап,
сағаттап, сарыла күтті емес пе?! Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды.
Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс
жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
15
Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын
жоғалтқан жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды.
Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған
балалар соғыстың қайғы – қасіреттерін арқалай жүріп, аш-жалаңаш тынбай
жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Жігері жасымады. Олардың
бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған көптеген ұлт
өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды.
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы
жылдары республикамыздан 1млн.196 мың 164 адам қару асынып, майданға
аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда
Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1млн 900мың
адам сапқа тұрды. Еңбек армиясы негізінен қорғаныс кәсіпорындарын, темір
жолдары,электр станцияларын салуға қатынасты. Ал, арнайы құрылыс
батальондарының көпшілігі майдан шебіндегі қираған темір жолдар мен
басқа да әскери объектілерді салуға, жөндеп қайта іске қосуға қатынасты.
Соғыс жылдары-ақ Қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық
деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.
Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28
гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. оның құрамынан шыққан 28 батырдың
батальон, кейінен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының есімі
соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.
Ығысқан жауы түрінен.
Бауыржан батыр қол бастап,
Москваның түбінен,
Ерліктер жасап ол асқақ.
Волоколам жолында
Жауымен талай арбасқан.
Іздері бар артында,
Бауырлар ізгі ерлердің.
Іздерін қалай шаң басқан.
Отанымыздың бостандығы жолында фашист басқыншыларына қарсы өшпес
ерлік көрсеткен қазақ халқының батыр ұлдары Сұлтан Баймағанбетов,
Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Ақаділ
Суханбаев, Абдолла Үсеновтер даңққа бөленді.
«Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» сұрапыл соғыста
ерлермен бірге қолдарына қару алып, отанын қорғауға біздің батыр
апаларымыз: шығыстың қос жұлдызы – Әлия Молдағұлова мен Әлия
Молдағұлова да асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
16
Фашизимнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рақымжан
Қошқарбаев Қызыл ту тікті.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
1945 жыл. 9 мамыр. Біздің қаһарман халқымыз жауды тізе бүктірді. Көптен
зарыға күткен Жеңіс туы желбіреді.
Жеңіс, Жеңіс!
Бабамыздың
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Әсем әндей, қоңыр күйдей,
Жылдан жылға жаңғырып,
Жаса, Жеңіс – ел ерлігі,
Сен жасай бер мәңгілік!
Ауыр жылдар артта қалды. Біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді,
қастерлейді. Ананы – баладан, баланы – анадан айыратын сұм соғысқа
ешқашан жол жоқ!
Біз, қазіргі бейбіт заманның ұрпақтары, 41 жылғы сұрапыл соғысты да,
86 жылғы желтоқсан көтерілісін де көрген жоқпыз, көргіміз де келмейді.
Осындай тыныштықта, бақытты кезде өмір сүріп жатқанымыз - Отан үшін от
кешкен, күннен күнге қатары сиреп келе жатқан аталарымыздың арқасы
екенін білеміз.
Өзімнің
аталарым
маған
батырлықтың,
азаматтықтың
үлгісі
тәрізді.Жеңісті жақындатуға аталарымыздың ерлігі ғана емес, ерлердің
орнына етекті түріп, ауыр еңбекке араласқан елдегі аналардың да көп үлесі
бар деп түсінемін. Қаншама үй соғыстан қара қағаз алып, қара жамылып,
аңырап қалды десеңізші. Талай үй бірнеше азаматынан айрылып, шаңырағы
ортасына түсіп, күйреп қалған жоқ па?!
Соғыс жалмап аға, іні, бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
17
Сол соғыстан бері 70 жыл өтті. Бұл әрине көп уақыт.Еліміз адам танымастай
өзгерді. Соғыстың ізі де жоқ. Майдангерлердің көбі бақилық болып кетті, ал
олардың ұрпақтары өсіп-өніп, туған жері, елі үшін, отбасы қамы үшін еңбек
етіп, бейбіт заманда өмір сүруде.Айрандай ұйыған алақандай ауылым да шат-
шадыман күй кешіп жатыр. Сонау кешегі сұрапыл соғыс салған жара ауыл
ортасында қойылған ескерткіштегі жазулардан ғана көрінетіндей.
Мен, өзім Елбасымыздың жерлесі болғанымды, Қарасай бабамыздың ізін
жалғастырған, Ұлы Отан соғысынан қайтпаған аталарымның ерлік істерін
мақтаныш санаймын.
Бұдан кейін ешқандай соғыс болмай, елімізде тек тыныштық болсын деп
тілеймін. Отанымызды сүйіп, қастерлеп, ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік
ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болуға тырысамын. Бүгінгі жас
ұрпақ аталарымыздың қанымен, жанымен келген бейбітшілік туын әрқашан
биік ұстаймыз!
Керімжан Динара
4-сынып, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп
Қаражота ауылы Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы
Жетекші: Абдыхожаева Захан
Отан деп соққан жүрегі...
Қазақтың басына төнген қара бұлт Ұлы Отан соғысы кезінде қанды
қырғыннан қаймықпай талай қазақтың азаматтары елі үшін, жері үшін ерен
ерлік көрсетіп, ұрыс алаңында мерт болды. Даламыз қандай кең болса, пейілі
сондай халқымыз қан майданда сынға түсті. Бұл соғыстың зардабы әрбір
адамға, әр отбасына тиді. Әрбір үшінші қазақ ерлері отбасына оралмады. Ана
баласынан, бала әкесінен, жары отағасынан айырылды. Олар күлмеді, тәулік
бойы ұйықтаған жоқ, тойып тамақ ішпеді. Аса шыдамдылық пен
ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Айқас алаңында өшпес ерлік көрсеткен 500 азамат сол кездегі Ұлы
Отан соғысының жеңіске жетуіне үлкен үлесін қосты. Кеңес Одағының
Батыры атағын алған осы апа-аталарымыз оның дәлелі. Тарихта алтын
әріппен жазылып қалған Ұлы Отан соғысының жеңісі бізге оңайлықпен
келген жоқ. Солардың жанымен, қанымен, терімен, төккен көз жастарымен,
ерлікпен, қайтпас қажырлықпен, туған жердің топырағын жауға таптатпай
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
18
еңіреп жүріп жеткен күн. Ал тылда бел жазбай еңбек екен
Қазастандықтардың соғыстағы жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешек, оқ-
дәрі жағынан көрсеткен көмектері жеңісті бір табан жақындатты. Қазақтың
қара көз өрімдей қыздары да қайсарлықпен көкірегін оққа тосты.
Біздің мектепте Жеңістің 70-жылдығына орай қойылым, концерт, ашық
тәрбие сағаты өтеді. Мен білетін соғыс ардагерлері: Бауыржан Момышұлы,
Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Рахымжан
Қошқарбаев. Біз бұл батырларымызды мақтан етеміз. Сол кісілердің
арқасында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Отан деп соққан жүрегі бар, біз
сияқты елжанды жастары барда қазақтың көсегесі көгеріп, тасы өрге
домалары әбден анық.
Достарыңызбен бөлісу: |