посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
екендігін естен шығармауымыз керек. Егер Отаның тыныштықта болса, сен де
тыныштықтасың. Сол себептен де өз тыныштығымызды өзіміз бұзбалық.
Отанымның орманы тыныштықта мүлгиді.
Жондарды асып жолдары, көкжиекке сүңгиді.
Тарам-тарам сайлары тауға иығын сүйеп тұр,
Алқам - салқам таулары бұлтқа басын тіреп тұр,-
деген Д. Стамбековтың өлең жолдар соғыссыз елде өмір сүріп жатқанымызға
шүкіршіліктен туған.
Осындай тәуелсіз де тыныш елде өмір сүріп отырғанымызға Аллаға
шүкір етемін. Мен өз Отанымды сүйемін, кез келген жан да оны сүюге
міндетті. Халықтың барлық сүйіспеншілігі оның Отанына арналуы керек.
Әрбір ел үшін де өз Отаны Ұлы. Отан үшін айтылған бір ауыз сөздің өзінде
адамның Отанға деген махаббаты білініп тұрады. Түрлі-түрлі байлық бар.
Соның алғашқысы – cенің Отаның.
Адал адам Отанын сүйеді, адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның
дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі
махабатты өлшеуге болмайды. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
көшіп келген 1,5 милонға жуық халыққа баспана беріп, оларды қамқорлыққа
алды емес пе?!
Отанның тыныштығы таусылмағай!
Төлеухан Рауан
«Нүркен Әбдіров атындағы №10 орта мектебі» КММ
10
сынып оқушысы Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы
Жетекші: Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
ҚазақстандықтарҰлы Отан соғысы жылдарында
Бүгін – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл:
қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы
табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды .
Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр
табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік
кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-
1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас
қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс
127
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер
дайындап шығарған.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы
-
мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші
Мәншүк
Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің
бірі
-
қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандарды
ң қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым
Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы
Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ
жоқ шығар.
Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда да жүргені
мәлім. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін,
Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт
артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы
айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле
бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142
кәсіпорын жайғастырылды, 532 506 адамкөшірілді. Оғанқоса, жаңа
өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстыңалғашқы
1,5
жылында Қазақстанда 25 кенорны пен шахта, 11 кен
байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы,
3
разрез, 4 жаңа мұнайкеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске
қосылды.
Теміржол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-
Орск, Ақмола -Магнитогорск желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс
жылдары Қазақстан жалпы одақтың мыс құймасының 30 пайызын, марганец
кенінің 60 пайызын, мыс кенінің 50 пайызын, металл висмуттың 65
пайызын, полиметалл кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85
пайызын берді.
Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың
үштен
бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соғыс
жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды.
Республикада
танк және ұшақ жасауға ақша жинау
қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік
коммунистік
жастар
одағы
(
ВЛКСМ) атындағы
танк
дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпес
уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк
алды. Кейінірек халық қаражатына тағы 10
танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер
мен
атаулы
ұшақтар
жасалды.
Соғыс
жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3
миллион рубль жинап берді.
Жеңіске
Қазақстанның
ауыл
шаруашылығы
да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық,
128
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194
мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі
бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе
көп.
Республиканың
барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт
мақсаттағы шығыстар
барынша қысқартылды, көптеген
кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың
бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар,
жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды,
жұмыс
уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс
күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған
жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген
ұранмен еңбек етті.
КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941
жылдың күзінде Қазақстанға Повольжеден жүздеген мың немістер
мен поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507
мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-
месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған
қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер
тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі
Алматыда құрылды.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600
мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың
саны
туралы
мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша,
адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан
астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70
мыңнан астам село-деревнялар, 31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың
шақырым темір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-
телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да
байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40
мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың
мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың
кітапхана жәнебасқа да көптеген нысандаржойып жіберілген, тоналған.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында
Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері дәстүрлі түрде
өткізіледі. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы
керек.
129
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Тулеков Ұланғайыр
9 класс, орта мектеп № 13 Жезказған каласы
Қарағанды облысы
Жетекші: Қалманбаева Асия Құрметқызы
Жеңіске - Жетпіс жылдың төрінен...
Патриот – Отанға қызмет етуші адам,
ал Отан дегеніміз – ең алдымен халық.
Б.Момышұлы.
Адамзат тарихында болмаған бұл алапат соғыста ел үшін жанын қиған
қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік
көрсетті. 1941-45 жылдардың ызғарлы күндері қаншама қыршының өмірін
қиды. Ержүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір адамдай аттанды.
Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен,
ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің
топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын
жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. «Жеңіс» барша адамның
жүрегінде жылы сезім, болашаққа деген сенім ұялатты. Соғыссыз күн кешіп
келе жатқанымызға биыл 70 жыл толады.
Әкесiнен ерте қалған атам өмiрдiң қиыншылығын ерте тартты. Өмiрi
Ұлы Отан соғысымен тағдырлас келдi. Әкесi соғысқа аттанғанда ол небәрi 1
жаста екен. Балалық шағы анасына көмек берумен өттi. Ал әке мейiрiмiне
жарымаған, балалығын соғыс жалмаған бала тағдыры тiптi аянышты. Соғыс
тақырыбы сөз болғанда деректі фильм ленталарынан әкесін бір көруге
ұмтылған атам көз алдыма келеді. Кешегі бала көңілі сол қалпындағыдай,
үнемі соғыс жайлы кино көргенде атамның көзінен жас сорғалап: - Анау біреуі
менің әкеме ұқсайтын сияқты, сендер менің көргенімді көрмеңдер, жақсы
азамат болып, Отанға қызмет етіндер,- деп отыратын.
Кім еді ол жауынгер, қандай адам, артында не қалдырды,- деген
сауалдарға жауап іздеп, осы Жеңістің 70 жылдығына орай, баласы 65 жыл
бойы бір көруді аңсап өткен боздақ ақын туралы жазуды жөн көрдім. Иә,
адамзатқа соғыс үлкен апат әкелдi. Баланы әкеден айырып, сүттей ұйыған
отбасының жылуын жұтты бұл сұрапыл соғыс! Кешегі қанды соғыс
жылдарында бұл шаңырақтан төрт адам Отан қорғауға аттанды. Жер-әлемдi
130
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
солқылдатқан соғыс дүмпуiн көрiп, талай-талай қанқұйлы кезеңдi басынан
өткiзген, жеңiс жолында құрбан болған есiл ерлердiң арасында менiң Құрмет
атамның әкесі Шәріп Қалманбайұлы да бар еді.
Шәріп Қалманбаев Аралтөбенің Сымтас деген жерінде 1909 жылы туып
сол жерде өсіп ер жеткен. Аздаған сауаты бар комсомол мүшесі Шәріп атам
ауыл адамдарының сауатын ашып, колхозшыларға хат танытқан.1941 жылы
тамыз айында Шәріп атам 32 жасында «Өлімнен ұят күшті» деп, намыстың
туын жоғары ұстап, сүйікті Отанын қорғауға аттанған екен. Сондағы мақсат
–
жеңіс, туған елімізді, жерімізді қорғау, қасықтай қандары қалғанша күресіп,
Отан алдындағы борышын өтеу. Артында анасы Күнжамал, жұбайы Шолпан,
бір жасар ұлы Құрмет қалады. Көп кешікпей ағасы Ишан, інілері Жәлел мен
Зет те майданға аттанады. Қарғыс атқыр соғыс басталған күннен бастап
тiршiлiк тауқыметi үйдегі бас көтерер келіншегі Шолпанға түсті. Ол Құрметін
арқалап жүріп, тынбай колхоз жұмысын атқарады. Ер кісідей еңбек ете жүріп,
қимастарын зарыға күтті. Бұл сұрапыл отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін,
бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік
істері ешқашан ұмытылмақ емес.
Ұлы Отан соғысында барлық адамдар өздерінің жеңіске деген үлестерін
қосты. Біреулері еңбек етіп, енді біреулері қаламмен де, қарумен де жауға
қарсы тұрды. Атам Құрметтің айтуы бойынша әкесі Шәріптен төрт жыл бойы
хат келіп тұрған екен. Көпшілік хаттарын өлеңмен жазып, арагідік қана үш
бұрышты дала почтасынан жазған. Сөзіме дәлел болатын майдан хаттарынан
үзінділер бар:
ШӘРІП. 31 июль 1942ж. Жанымнан жақсы көретін, апашым, Шолпан
жолдасым, Құрмет қалқам! Деңдерің сау? Менің де денім сау. Сендердің
амндығыңа тілектеспін. Бізді 5 август күні жүргізді, поезд үстіндеміз, міне, екі
сөтке. Көруге жазсын.
ШӘРІП. 17август 1942 ж. Мен 26 августа жараланып, госпитальда
жатырмын. Оң жақ санның қалың етінен өтіп кеткен еді оқ. Соны тілді, енді
тігемін деп отыр, сүйегі аман. Қасымда Таңқыбаев Аманғұл деген бар.
ШӘРІП. 9 февраль 1943 ж. ... Есен – саумын. Сүйікті Отанымызды
дұшпаннан аянбай қорғаудамыз. Апа, көп уайымдама. Тағдыр жазса жауды
құртып елге де барып қалармыз.
Ол кейінгі хаттарының бірнешеуін өлеңмен жазып, туыс ағасы
Бұлдыбайға жолдап отырған. Шәріп атаның әкесі Калманбай да кезінде
әңгіме-қисса айтуға бейім, өзіде өлең шығаратын көкірегі ояу, көзі ашық,
болыс болған кісі. «Ат орнын тай басар»,- деп Шәріптен қалған жалғыз ұл
Құрмет атам да өз жанынан өлең жазатын еді. Ұлы Отан соғысының аты
аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгiлi жазушы Б.
Момышұлы былай деп жазыпты: «Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек
отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi
жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк» деген екен.
131
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Яғни, Шәріп атамың хаттарынан Отанын шексіз сүйгенін, өмір үшін күрес
жолында ешбір қиындықтан тайсалмастан жауға қарсы шығып, «Елім»,
«Жерім», «Отаным» деген ұрандарды жүректе мәңгі сақтап туған елге деген
ыстық сағынышын поэзия тілімен, жауға деген кекті жырымен айтып
жеткізгенін көреміз.
Жауынгер Шәріптің екінші хатынан:
Сағындым мен Арқаның самал
желің,
Балалық балғын дәурен өскен
жерім.
Аялап алтын бесік құшағында,
Өсірген амансың ба байтақ елім.
Жыланды,
Үштаған
мен
Түйемойнақ,
Төменде Аралтөбе, тұр Бөріойнақ
Баласы Асан, Саңырық мекен
еткен,
Қыс қыстап Сарысу бойын, Қырқа
жайлап.
Самалды Сары-Арқаның бір саласы
ед,
Қақбақтас,Қарасу
мен
Теректіата,Қырқада жер шүйгіні
мұнарытқан.
Балталы, Бағаналы неше арыс боп,
Саласын сол қырқаны жайлап
жатқан.
Жазушы, атым Шәріп, қайран жер-
ай,
Бір кезде жаным сенен рахат
тапқан.
Сәлем айт Жауғаштының баласына,
Жасы үлкен, жаны дос бар
арасында.
Бірге өскен қатар-құрбы еске түсіп,
Тербелттім Еуропаның даласын да.
Сағынып ел мен жерді тірі жүр деп,
Аққағаз, осыны айтып барасың да.
Жазғам жоқ шешендікпен өнер
тасып,
Жұбаттым көңілімді кеткен жас
Жауынгер Шәріптің үшінші хатынан:
Сарыарқа туып өскен жер аман ба?
Әр уақытта өсіп – өнге ел аман ба?
Гүлге орап ел мен жерді масайратқан,
Кең байтақ Қазақстан кені аман ба?
Қайран ел қасиетті қаным бірге,
Сәлем де атап мені сұрағанға,
Қарындаш хат жазуға алдым қолға,
Мінекей біздер тағы шықтық жолға
Қариядардың айтуы бойынша бұл
өлеңді ауыл адамдары түгел әнімен
жатқа айтып, жеңіске жетуге күш
алған екен. Міне бұл өлең құдіретінің
күштілігі.
Ел басына қауiп төнген кезде
аталарымның қолына қару алып, жауға
қарсы аттанғаны бүгiнгі ұрпақтары
бiзге мақтаныш. Шындап келгенде,
бүгiнде тәуелсiз мемлекеттiң ұланы
болып жүргенiм аталарымның үлесi.
Ата-бабамызың келер ұрпағына мұра
ретiнде қалдырған дарқан даласында
қанат жайып, өркендеп, өсiп келеміз.
Елбасымыз: «Туған жерінің, өз
халқының тарихын білмейінше
шынайы патриот болу мүмкін емес.
Патриот-өз елін сүйетін және өзге
мемлекеттерге құрметпен қарайтын
адам»- деген болатын. Қазіргі кезде
өткен тарихты, өлке тарихын, отбасы
тарихын аз білетін немесе мүлдем
білмейтін
жастарда
бар.
Егер
еліміздегі бар бала атадан үлгі алып,
туған жерін сүйсе, бірлігіміз берік
болса, мемлекетіміздің күшейіп, еңселі
132
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
ел боларына, ғұмырымыздың бақытты,
бақытымыздың баянды боларына
күмән жоқ. Халықтың бақыты беркесі
мен ерлігінде болса керек.Жарқын
болашақты армандаған кешегі аталар
аманатын енді біз жалғастырмақпыз.
.
133
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Тулеуова Айдария
6 сынып, №17 ЖББ ОМ, Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Мусатаева Салтанат Турсуновна
Менің үлкен атамның аты-жөні Тулеуов Оразбай Әкімбекұлы. Ол 1924
жылдың 7 қарашада Ақмола облысында дүниеге келді. Тулеуов Оразбай
Әкімбекұлының алты баласы бар. Осы кісінің алғашқы баласы - менің атам
Тулеуов Сабыр Оразбайұлы. Тулеуов Оразбай Әкімбекұлы 1941-1945
жылдары Ұлы Отан Соғысына қатысты. 17 жасында өз әкесімен бірге
майданға аттанып, осы майданда әкесінен ажырап кетті. Тулеуов Оразбайдың
әкесі Әкімбек осы Ұлы Отан Соғысында хабар ошарсыз жоғалып кетті.
Тулеуов Оразбай Әкімбекұлы қанды шайқастарда болып, Ұлы Отан
Соғысында фашистерге қарсы шайқастарда жарақат алған.
1941-
1945 жылдар аралығындағы қанды шайқастар мен соқтығыстар
өмірлік естерінде қалды. Менің атам - артиллерист. Соғысқа қатысқан
аталарымыздың басынан аштық та, суықтық та, аурыртпашылық та өтті.
Сталинградты фашисттерден босатуда Карпатқа дейін барды. Қиыр Шығысты
фашисттердің қолыннан азат етті.
1945 жылды көптен күттіріп, сиырқұйымшақтанған соғыс та бітті-ау.
Алайда, атамыз елге бірден қайта қоймады. Тағы да сағыныдырумен үзбей
хал-жағдайын, амандық хабарын білдіріп, хат жазып тұрды. Ең бастысы –
соғыс бітті, енді ешқандай қауіп жоқ қой деген үмітпен жүріп жаттық. Сондай
күндердің бірінде госпитальден хат келді. 1941-1945-жылдың аралығында екі
рет жарақаттанып, оң жақ аяғынан және сол жақ қолынан өте ауыр жарақат
алды. Фашистерге қарсы шайқастарда алған жарақатын емдеу үшін 1945-
жылдан 1948-жылға дейін госпитальде жатты. 1948-жылы Ақмола облысына
өз еліне оралды.
1941-1948 -
жылғы Ұлы Отан Соғысында фашисттерден Сталинградты,
Карпатты, Қиыр Шығысты азат еткені үшін Қызыл жұлдыз орденімен, Алтын
жұлдыз орденімен, Ұлы Отан Соғыс орденімен, Ержүректілік медалімен, тағы
да басқа ордендермен, медальдермен марапатталды және Ұлы Отан
Соғысының батыры атағы берілді.
Кейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің жолдамасымен
Қарағанды облысы Мичурин ауданы Есенгелді ауылына төраға қызметіне
тағайындалды. Ерекше ықыласпен Есенгелді ауылының әлеуметтік жағдайын
жоғары денгейге көтерді. Өзіне берілген қызметке бар жан-тәнімен кірісе істеу
оның туа біткен қасиеті еді. Тапсырылған жұмысқа белсене кірісіп, соғыстан
кейінгі ел тұрмысын түзеу мақсатында кұлшына атқарған еңбегі бағаланып,
халықтың құрметіне бөлене бастады. Соғыс кезіндегі ауыртпашылықтан ауыл
жағдайы өте қиын еді. Қиыннан қиыстыра білетін азаматтығы мен
ұйымдастырушылық қабілетіннің нәтижесінде ауыл жағдайының қай саласы
болса да жандана бастады.
134
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Облыстың лауазымды қызметкерлері атамның жұмыстарына қолдау
көрсетіп, жеткен жетістіктерін үлгі тұтып, мақтайтын болды. Партия қатарына
алынды. Еңбек ері орденімен марапатталды және де бірнеше рет жоғарғы
кеңес грамоталары берілді. 1985 жылға дейін Есенгелді совхозында директор
қызметін атқарды. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты, еңбегі сіңген зейнеткер
атағын алды. 1986 жылы атам дүние салды.
Кең едің сен даласындай арқаның,
Мол едің сен мөлдір бұлақ көзіндей.
Мейірімді едің игі адал балаларына,
Асқақ едің сен жарқыраған жұлдыздай.
Адал едің арың таза азамат,
Ірі едің сен, биік тұлға қазақ ең,
Орның толмас, зар болдық қой үніңе,
Айдай болып жарқыраған жүзіңе.
Әр жыл сайын 9-мамыр Жеңіс күні мен атаммен Ұлы Отан Соғысының
ардагері үлкен атамның моласына барып, гүл қойып, рухына құран
бағыштаймыз.
Ешқашанда атамызды ұмытпай есте сақтаймыз...
Менің Қазақстанымда және басқа елдерде соғыс болмасын.
Халыққа бірлік берсін!
Отанға тыныштық берсін!
Кең байтақ елімде тату-ынтымақтастық берік болсын!.
Туремуратов Ержан
9
сынып, № 17 орта мектеп Қарағанды қаласы
Жетекшісі : Ибрашева Алма Советовна
Отты жылдар жаңғырығы
Осыдан 70 жыл бұрын, таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Тарлан тарихтың қалың қатпар шежіре беттеріне мәңгі жазылып қалған
бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиғалардың ішінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысының орны бөлек.
Біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс
жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық
шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар
жасақталған. 1941-1945 -жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам
жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс
135
|