Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

67 


көтеруі  .Айналасы  гүлмен  көмкерілген  монумент  кешегі  сұм  оқиғалар 

желісінен  сыр  шерткендей.  Көз  алдыңа  қарумен  қан  майданда  Отан  үшін 

арпалысып  жүрген  жауынгер  мен  күні-түні  далада  кетпенімен  талмай 

еңбектеніп  жатқан  тылдағы  жұмыскерлер  келеді.  Сол  бір  қиыншылықты 

өткерген  ардақтыларымыз  санаулы  ғана  қалды  емес  пе?!  Сол  себепті,  алда 

келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты, жоғары дәрежеде атап өту 

– біздің, яғни кейінгі ұрпақтың борышы. Әрине, мұның бәрі сұрапыл соғыста

дұшпанының  сағын  сындырған  майдангерлер  алдындағы  перзенттік 

парызымызды өтеудің аз ғана бөлігі. Себебі, от пен оқтың ортасында жүріп, 

ерліктің  ерен  үлгісін  көрсеткен  қазыналы  қарттарымыз  қандай  да  болсын 

қошеметке  лайық.  Мұндай  соғыстың  ешқашан  қайталанбау  керектігін  және 

кез келген агрессорды әділ жаза күтіп тұрғанын баршамыздың есімізге салады. 

Осы соғыс туралы тарихи шындықты, оның қалай басталып, қалай аяқталғаны 

туралы келер ұрпаққа жеткізуді маңызды міндет санаймыз. Ұлы Жеңіс - біздің 

елдеріміздің халықтарын біріктіріп отырған басты тарихи оқиғалардың бірі, 

Ұлы Жеңіс - достық, бауырластық және тату көршілік мұратында тәрбиеленіп 

отырған  соғыстан  кейінгі  жылдардың  барша  ұрпақтары  маңызды  рухани 

құндылық, адамгершілік тұғыры

.  

Төлеген Әділ 

СҚО,Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы 

Ломоносов орта мектебінің 

4 сынып оқушысы 

Мұғалім: Темірбекова Мөлдір Серикқызы 

Ұлы Отан соғысы-бұл әрбір отбасына  қайғы мен қасірет әкелген жыл. 

Соғыс миллиондаған адамды өмірінен айырды. Адамдардың тағдыры әр түрлі, 

біреулері майданға жетіп қаза тапты, біреулері ауыр жарақат алып үйлеріне 

қайтты,  ал  біреулері  жаудың  тұтқыны  болды.  Міне,  мен  де  өзімнің  нағашы 

атамның әкесі туралы шағын шығармамды жаздым. Менің нағашы атамның 

есімі  Әлмұқанов  Сейіт.  Ол  1917  жылы  Сарыбұлақ  ауылында  туған.1939 

жылдың  қарашасында  әскерге  шақыртылды.  Үйге  оралатын  кезде    соғыс 

басталды.  Майданда  жаумен  шайқаста  ауыр  жарақат  алып  оң  қолынан 

айырылып,  тұтқынға  түсті.  1945  жылы  тұтқындалғандар  босатылды, 

босатылған  солдаттар  арнайы  тексерістен  өтті,  менің  нағашы  атам  да  сол 

тексерістен өтті. Басшылар жағынан наразылық болған жоқ. Сөйтіп өз еліне 

аман-есен оралды. Еліне оралған соң 16 жыл бойы шаруа бөлімін жабдықтау 

бойынша  директордың  орынбасары  болып  жұмыс  атқарды.Челябинск,  Уфа 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

68 


және т.б қалаларға жиі іс сапарларға барып тұрды.1952 жылы отбасын құрды. 

Жұбайының  есімі-Кәмәл.  Артынан  Әлия,  Серік,  Серікбай, Зейнура,  Айтбай, 

Жанат, Өмірсерік, Алтын есімді балалары дүниеге келді. Ең қызығы бұрынғы 

заманда,  егер  ағайындылардың  біреуінде  бала  болмаса,  ағасы  інісіне  өз 

баласын  береді  екен.  Осындай  әдет-ғұрыпты  ұстанып  Сейіт  атам  Серікбай 

есімді баласын 2 жасынан інісіне беріпті.Сейіт атам кеңпейілді, жомарт адам 

болған,  көмек  сұраған  адамдардың  бетін  ешқашан  қайтармаған.  Оның 

ордендары өте көп. Кәмәл әжем нағашы атамның ордендерін әлі күнге шейін 

көзінің  қарашығындай  сақтайды.  Сейіт  атам  мен  Кәмәл  әжем  37  жыл  бірге 

тату-тәтті  өмір кешті.  Cейіт  атам обыр  ауруына  шалдықты,  сол кезде  менің 

Серік нағашы атам оны емдеудің жолын іздеді. Ол кезде медицина әлі нашар 

дамыған  ба?,  әлде  олар  халық  медицинасына  көбірек  сенді  ме?  бірақ  үміт 

ешқашан  өлмейді  дегендей,  Алматы  қаласында  бір  өте  әйгілі  бақсы  (емші) 

болыпты, сол кісіні нағашы атам 20 күн іздеп таба алмай ауылға оралады. Ол 

үйге келгенде Сейіт атам дүниемен қош айтысады. Иә, ол кісі бұл жалғанмен 

қош  айтысты,  бірақ  оның  артынан  балалары,  немерелері,  жиендері  қалды. 

Бүгінгі күні атамыздың көрмеген қуанышын Кәмәл әжеміз көріп отыр. Әжеміз 

15 немере,   19 жиен,   2 шөбере  сүйіп отыр. Әжеме тілейтінім көп жыл өмір 

кешіңіз, біздің арамызда кәртаймай, ауырмай жүре беріңіз! Сейіт атамыз біздің 

есімізден кетпейді. Өйткені, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері бізге бүгінгі 

жарқын болашақты сыйлады.Сіздерге үлкен рақмет айтып, басымды иемін! 

Усенова Камила 

8 сынып, № 24 орта мектебі, 

Петропавл қаласы 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Жетекші: Мейірманова Алмагүл Сайлаубекқызы  

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат 

Шүйінші, халқым, шүйінші! 

Шүйіншіге сүйінші! 

Шаттан, ата-анамыз, 

Шаттан, аға-бабамыз

Кек қайтарып фашистен, 

Соғыс бітті жеңіспен, 

Жеңдік жауды күресте 

Жасалсын той-мереке. 

Т. Жароков 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

69 


Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, 



жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз 

үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі 

қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен 

қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 

1945  жылдың  9  мамыр  күні  Ұлы  мейрам  –  жау  жеңіліп,  соғысты  жеңіспен 

аяқтадық!  Бүгінде Жеңіс  күні  мерекесі  адамдардың  ұлтына,  дініне,  тілі  мен 

мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш  күні.  Бұл  қастерлі  мейрамның  мән 

мағынасы  уақыт  өткен  сайын  еш  өшпек  емес,  себебі  оның 

құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық 

жеңген Ұлы күн! Жеңіс күні! 

Бұл кеңес халқының ержүректігі мен төзімділігін, батырлығымен қатар 

батылдығын  айғақтайтын  күн!  Бұл  -  елі  үшін  жанын  пида  еткен  аға-

апаларымыздың  асқақ  арманының  орындалғаны.  Бұл  -  ата-апаларымыздың 

еңбегінің жемісі. Бұл тарихта алтын әріптермен жазылған елеулі оқиға. Жеңіс 

күні бәріне ортақ! Бұл мерекені балалар арайлап атқан таңы үшін алғыс айта 

отырып тойлайды. Ана, әкелер – елі үшін жан қиған әке-шешелерін жоқтай 

отырып  тойлайды.  Ақ  жаулықты  әжелер  қайтып  оралмаған  жарлары, 

балалары, бауырлары үшін жастарын төге отырып тойлайды. Бұл мейрамды 

ерен  еңбек  етіп  тер  төккен  тылдағылар  тойлайды.  Бұл  мерекені  өз  көзімен 

жолдастарының  жан  қиғанын  көрген  аяулы  ардагерлер  тойлайды.  Бұл 

мерекені  КСРО-ның  15  одақтас  республикасымен  бірге  жер  шарының 

көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.  

Бірақ бұл күн – Жеңіс күні бізге оңай келмеді. Ол асау аттай өз тізгінін 

бермей,  талай  жастарды  қыршыннан  қиды  емес  пе?  Осы  жолда  батыр 

ағаларымызбен қатар, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қайсар 

апаларымыз  да  құрбан  болды.  Бірақ  олар  бұл  құрбандыққа  ойланбастан-ақ 

барды. Олар Жеңіс жолында өз кеуделерін оққа тосты. Арайлап атқан таң үшін 

күресеміз деп, кетті де оралмады. Тылдағы елге соғысқа кеткен жақындарынан 

қара қағаз ағылып жатты. Жас төгілді, тер төгілді, қан төгілді, жан қиылды... 

Десе де, бұл құрбандықтың бәрі бізге Жеңіс әперді. Қай майданда қаза болған 

аға-апаларымыздың орны ойсырап жатса да, кеудеміз қайғыдан қарс айырылса 

да,  жүрегімізде  жарқын  болашаққа  деген  сенім  артып  бара  жатты.  Біз  алға 

қарай нық қадаммен бастық, әлі де басып келеміз. Бұның бәрі де Ұлы жеңістің 

арқасы.  

Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек 

жауынгерлер  қан  майданға  аттанған.  Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа 

халқымен  бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің 

лайықты  үлесін  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап 

Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, 

Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

70 


ел  басына  күн  туғанда  толарсақтан  саз  кешетін  жауынгер халық.  Ұлы  Отан 

соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың  қанды 

қырғынға  қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал  айқас 

алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры 

атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді.  Найзағайдай  жарқылдаған  отты  ойы  бар 

қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара 

қылды  қақ  жаратын  әділдіктен  жаралған  ойы  тұңғиық,  қимылы  қылыш 

Бауыржан  Момышұлы  есімі,  ерлігі  жадымызда  мәңгі  қалып,  өнегесі 

болашаққа  күш,  қайрат,  рух  береді.  "Ер  есімі  –  ел  есінде”,-  демекші,  бізге 

жарқын  болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан 

ұмытылмайды. 

Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес!  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл 

солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының 

бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп,  елестететін 

газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін 

мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе 

де  ешнәрсе  де  ұмытылған  жоқ.  Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес 

халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын 

күн.  

Неменеңе жетістің бала батыр, 



Қариялар азайып бара жатыр 

Бірі мініп келместің кемесіне, 

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 

 - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз 

құндылық,  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 

Қариялар  азайып  бара  жатқанын,  әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 

жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын  тігіп,  жеңістің  таңбасын  басқан  күн  –  Жеңіс  күні.  Жеңіс  күнін,  біз 

ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы 

Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. 

Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Солардың 

қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.  

Жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері 

ешқашанда  ұмытылмайды.  Бүгінде  біздің  азаматтық  міндетіміз  –  ерен 

еңбекпен келген Жеңіс күнін сақтау және арайланған таңымызды, көктегі биік 

тігілген туымызды болашақ ұрпаққа жеткізу.  

Ұлы Жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің! 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

71 


Хафизов Хасен 

7 сынып,  «№ 42 орта мектеп» КММ 

Петропавл қаласы, СҚО 

Жетекшісі: Жұмабаева Самал Екпінқызы  



Жазушы  Ұлы Отан соғысы туралы 

Қазақ әдебиетінде Ұлы отан соғысы тақырыбына жазылған  шығармалар 

аз емес. Қай ақын,  жазушының  шығармашылығына  үңілсек те,  соғыс салған 

жараны еске алу, кейін  бейбіт  еңбекке көшуді, майдан  және тыл өмірі  туралы 

көптеген  туындылары бар. Ең алдымен, майданда  ерлік  істерімен  танылған  

қазақтың  батыр  ұлдары  мен  қыздарын  мадақтап жазылған  қазақ  әңгімелері, 

очерктері,  романдары  соғыс    кезінде,  соғыстан  кейін    де    жарық    көреді. 

Олардың    басты    кейіпкерлері    болып    Төлеген    Тоқтаров,  Бауыржан  

Момышұлы, Мәлік  Ғабдуллин, Мәншүк  Мәметова  сияқты Кеңес Одағының 

Батыры атағын алған  қазақстандықтар алынды. Сол кездегі әдебиеттің  басты 

тақырыбы -елдің, ер  азаматтардың ерлігін  көрсету,  халықтың рухын  көтеру,  

фашистік  басқыншыларға  қарсы  өшпенділікті  күшейту  болып  табылады. 

Біздің  жерлесіміз  Сәбит  Мұқанов та соғыс  кезінде  жалынды  өлеңдерімен 

жауынгерлердің  патриоттық  сезімдерін  нығайтып,  рухын  көтеру  үшін еңбек  

еткен. 1942  жылы «Жеңімпаз Қызыл Армия»  өлеңінде  былай деп жазған: 

Бұзылмас  граниттей бар  ұясы, 

Алып  күш,  жеңімпаздық  тәрбиясы, 

Емес пе тауды  доптай қаққан  бұл  күш, 

Советтің  туған  Қызыл  Армиясы. 

Көріне көміп  жауды  өзі  қазған

Жер  шарын  ашып  батқан  қанды  саздан. 

Біздің  Қызыл  Армия  адамзатқа 

Береді  мәңгі  қоныс  гүлді  жаздан. 

Көркем  сөзді  үлкен  рухани  күштеп  таныған  ол  оны Отан  қорғау  

ісіне  жұмсайды. Сөзге  армия  қызметін  жүктейді. Поэмалар  бомбавоздың, 

проза  ауыр  зеңбіректің,  очерктер  барлаудың  қызметін  атқарады. 

Ұранға  даусын  қосып  осы  кезде, 

Ең  алдыңғы  қатарда  түсіп  көзге, 

Майданға  аттанбақшы  ақындардың 

Жүрегін  жарып  шыққан  жалын  сөз де,- 

деген  жолдарда  әдебиеттің  қоғамға,  Отан  қорғау  ісіне  қызмет  етуі  сөз 

болады.  

Сәбит  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  Мәскеуді  қорғауда  Қазақстанның  

даңқын   көтерген  панфиловшы  жауынгерлер,  майдан  батырлары  жайлы  

өлеңдер    жазады.  С.Мұқановтың    «Батыр  қыз»    әңгімесі    нақты    деректер 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

72 


негізінде    майдан    батырларының    ерлігі    суреттелген.  Сонымен    қатар, 

С.Мұқанов  соғыс  уақытында  тылда   да  ерлікке  жетуге  болатынын,  мұның  

маңызы  майданнан  кем  емес  екендігін  көрсетуді  көздейді. «Сырдария»  

романында  (1948)  қазақ    еңбекшілерінің    соғыстың    алды    мен    тұсындағы  

күрес    көрсетіледі.  Роман    Ұлы    Отан  соғысы    тудырған    өмір  

қиыншылықтарды    кеңес    адамдары    тең    бөлісіп,  ел    қамы    үшін    еңбекте  

табысқан  достар туралы  өмір  шындығын  суреттейді. 

Жазушылардың соғысқа  арналған  шығармалары  арқылы  майдан  мен  

тылдың,    елдің,  халықтың    құрыштай    бірлігі,  жеңіске    жеткізген 

жауынгерлердің  қаһарман  рухы туралы  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіліп, сол  

туындылардың    жастарда    отаншылдық    сезімді  тәрбиелеуде    мәні    уақыт 

өткен  сайын  өсе  беретіні  анық. 



Шаймерденова Толғанай 

8-сынып, КММ «Тоқсан би ауылының орта мектебі» 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан 

 

Соғыс туралы атамнан білемін 

Біз соғысты көрген жоқпыз, 

Естідік, 

Соғыстан соң туғандармыз, 

Етек жауып, ес біліп. 

Соғыс үні жетім болып, жесір боп, 

Тұратындай әлі бізге естіліп… 

Ж.Әуелбайұлы 

Ұлы  Отан  соғысында  қазақ  жерінің  қаншама  азаматтары  қазақ  елін, 

қазақ  жерін  сақтап  қалуды  мақсат  етіп,  ерлік  жасады.  Сол  кезде  қандар 

дариядай ақты, оқтар жаңбырдай жауды.  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

73 


Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 70 жыл толды. Осы каһарлы оқиғаларды 

өз  көзімен  көріп,  Жеңіске  әр  күнді  жақындатып,  соғысқа  қатысқан  адам 

туралы сөз қозғағым келеді.  

Менің атам  - Шәукен Алибаев  - Ұлы Отан  соғысының ардагері. Атам 

1926  жылы  22  наурыз  күні  туған.  Соғыс  басталғанда,  атам  он  беске  толған 

жасөспірім  бала  еді.  Сұм  соғыс  атамның  балалық  шағын  бұзып,  оны  қиын 

заман азаптарына кез қылды. Соғыс ауыртпалығы ауылда қалған әйелдер мен 

балалардың енсесіне тиді.  

1944  жылдың  қаңтар  айында  он  сегізке  толмаған  бала  болса  да  Рузай 

аудандық әскери комитетінің шақыруымен майданға аттанды. Дайындық оқу 

бөлімінен  кейін  қатардағы  жауынгер  Алибаев  үшінші  Белорус  майданына 

барып,  миномет  ротасында  болды.  Атам  шайқастарға  қатыса  Эльбаға  дейін 

жетті, Жеңіс күнін Берлиннен 160 шақырым жерде қарсы алды. 

- Батальон командирі әзірбайжан жігіті еді, мені жерлес деп атайтын. Бір 

күні мен әскери ережесіне сай сөйлей осылай атауынын себебін сұрадым. Ол 

біз  екеуміз  де  мұсылман  болғасын,  жерлес  екенімізді  шындады.  Сонда  мен 

соғыста бауырмалдық, бірлік, халық достығы қалай бағаланатынын түсіндім. 

Мүмкін,  сондықтан  осы  соғысты  жеңіспен  аяқтадық.  Барлық  ел  адамдары, 

ұлтына да қарамай, фашизмге қарсы жұмыла көтерілді. Соғыс ортақ қайғыға 

айналды», - деп айтатын атам, соғысты есіне алғанда. 

- Берлинге жетпей-ақ соғыстың аяқталғаны туралы білдік. Тоғызыншы, 

оныншы  мамыр  күндері  жеңісті  тойлап  жаттық.  Бәріміз  бірге  қуанып,  бір-

бірімізді құшақтадық. Қуаныш та бәрімізге ортақ еді, - деп әңгімелейтін менің 

атам. Содан кейін олар үйге қарай жолға жаяу аттанды. Сапты бұзбай, жаяу 

жүріп  келе  жатқан  жауынгерлерді  елестетемін.  Эльбадан  Витебскіге  дейін 

солай  жүре  берді.  Соғыс  кезінде  қирап  қалған  Витебск  қаласын  қалпына 

келтіру үшін бір жарым ай сонда еңбек етеді.  

Шәукен  атамның  соғыстан  кейінгі  өмірінде  көптеген  қалалар  өтіп 

жатты. Олар – Орша мен Брест, Куйбышев пен Орел. Жұмысқа жарамды жас 

адамдар  барлық  жерде  керек  еді.  Ұшқыштар  бөлімі  орналасқан  Москва 

түбіндегі Кубинка стансасына келді. Онда ұшақтар сынақтан өтетін. 1947-1950 

жылдары аралығында сонда қызмет етті. 1950 жылы ғана ол әскери қызметінен 

босатылып, Қазақстанға, туған ауылына орала алды. 

Соғыстан он жыл өткесін менің атам Бахия Төлеева деген сұлу қызды 

кездестірді. Олар 1960 жылы үйлену тойын өткізді. Шәукен-атам және Бахия-

апам  сегіз  бала  тәрбиеледі.  Балалары  Қазақстанның  әртүрлі  аймақтарында 

тұрады. Олар білім алып, еңбек етіп жүр, отбасыларын құрған.  

Өкінішке  орай,  атамыз  арамызда  жоқ.  2012  жылы  сүйікті  қариямыз 

қайтыс  болды.  Үлкен  және  тату  отбасы  болып,  біз  атамыздың  немерелері 

тұрамыз. Біз жетеуміз. Бәріміз атамызды еске аламыз, арамыздағы апамызды 

құрметтейміз.  Шәукен  атамыздан  өнеге  алған  біз  жақсы  оқимыз,  ата 

аналарымызға көмектесеміз, үлкендерді сыйлаймыз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

74 


Атамның  жауынгер  марапаттары  бар:  «Кенигсбергті  алған  үшін», 

«Берлинді  алған  үшін»,  «Жеңіс  үшін»  медальдары,  II  дәрежелі  «Ұлы  Отан 

соғысының ордені», көптеген мерейлі медальдар.  

Шәукен атамның тағы бір қымбатты, есте қалатын заты сақталған. Ол 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан Жеңістің 60 жылдығына 

сыйланған  сағаты.  Жеңістің  әрбір  мерейлі  күндеріне  атам  медальдар  алып 

жүрді.  

Менің атам сондай ер еді. Атамды мақтан етемін, ерлігіне тағзым етемін. 

Ұлы  Отан  соғысының  аты  аңызға  айналған  қазақ  жерінің  Кеңес 

Одағының  қаһарманы,  батыры,  белгілі  жазушымыз  Бауыржан  Момышұлы 

былай деп жазған еді: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз 

қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін 

ең  күшті  қаруымыз  бар,  ол  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік».  

         Cоғыс, соғыс... Соғыс деген неткен суық сөз. Алапат сол бір соғыстың ізі, 

сұрапыл  күндерінен  қалған  сұмдық  суреті  күні  бүгінге  жоғалмай,  ән  болып 

айтылып, 

өлең 

болып 


жырлануда. 

         Отан  үшін  отқа  түскен  соғыс  ардагерлері  барлық  құрметке  лайық. 

Өйткені, «соғыс» деген суық сөздің үстіне «Жеңіс» атты қуанышты жарқырата 

жазуға 


үлес 

қосқан 


сол 

қарттарымыз 

емес 

пе?! 


         Солардың арқасында бүгінгі таңда біз « қазақ» атты өте күшті дамыған 

елміз.  Күніміз  бейбіт,  өміріміз  жайдары,  көңіліміз  ашық,  шабытты 

балалармыз. 

Қайғыны білмесін ана жаны, 

Қазіргі  адамның арманы сол. 

Әлемнің бар сәби балалары, 

Оянсын  ұйқысы қанғаны соң 

Арманымыз орындалсын! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет