Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

27 


туралы: « Хиуаз Доспанова ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз 

аэродромына  да  дәл  сондай  дәлдікпен  қайта  оралатын»-,  деп  жазғандығы 

бекер болмаса керек. Батыр қыз 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация 

тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын 

әйелдер  авиаполкінің  құрамында  майданға  аттанады.  Хиуаз  Доспанова 

естеліктерінен: «Ол кезде жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағымен жау тылын 

тек түн ішінде бомбалайтынбыз. Осындай бомбалауға 300 рет қатыстым. Ол 

бір  өмір  мен  өлім  айқасқан  кез  еді.  ПО-  2  өте  төмен  ұшатын  болғандықтан 

зенит  оғына  жиі  кезігетін.  Сондықтанда  жау  тылына  аттанған  әрбір 

сапарымыздың  соңғы  болуы  мүмкін  екенін  біліп  жүрдік».  «Тірі  қалғаныма 

таңғаламын, аспаннан 14 рет құладым. Әр құлаған сайын ажал алқымымнан 

алғаны осы шығар дейтінмін. Бірақ келесі ұрысқа бел буып жүре беретінмін» 

деген  жолдарды  оқып  қайран  қаласың!  Енді  ер  жасаған  ерлік  деп  осыны 

айтпаймыз ба?!        Апамыздың өрескел жанкештілігін айта бергім келеді. 

Елімізде  ерлігін айтып тауыса алмайтын қаншама батыр ұл мен қыз бар екенін 

бәрі біледі. Мен өзімнің шағын шығармама тек мыңнан бір бөлігін ғана енгізе 

алдым. 

Ұлы Отан соғысында майдангерлерге күш - қуат беріп, қолдау көрсетіп, тылда 



жұмыс  істегендердің  де  еңбегін  жоғары  ілтипатқа  лайық.  Олар  да  соғыс 

кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап 

шекті.    Ашаршылық  пен  ауыртпалықты  бастан  кешкен  олар  да  Таңның 

атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты 

да  қайсар  жандарға  да  бүгінгі  ұрпақтың  ризашылығы  шексіз  болса  керек. 

Үлкен  жүректілікпен  жасаған  ерліктің  бағасы    тарихқа  алтын  әріптермен 

жазылды.  Мәңгілікке  тыныштық  -  сыйлаған  ардагерлердің  қаһармандық 

өнегесі  біздің  ел  сияқты  жас  тәуелсіз  мемлекеттің  ұрпағының  бойына  ең 

қажетті  қасиет.  Себебі  біздің  Отанымыздың  іргесін  бекітіп,  тәуелсіздігін 

баянды ететін ол бірінші кезекте отансүйгіш, бірлікшіл ұлт азаматтары болуы 

тиіс.  Отаншыл болу  –  ең  алдымен өткенді  білу.  Отаншыл  болу  –  ұлтжанды 

болу.  Ұлтсызда  Отан  жоқ  болмайды  да.  Бірақ  біз  естен  шығармайтын  бір 

нәрсе:  ата  салттың  қадіріне  жетпеген,  ана  тілін  ардақтай  алмаған    отаншыл 

болып жарытпайды. Ондай адам қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол 

жерді жайлы мекен санайды. Ұлы Отан соғысының жеңісі - әр майдангердің 

Отан  алдындағы  адалдығы,  «бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарған» 

бірлігінің арқасында жеткен жеңіс. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің 

бәрі бос» ,-дейді кемеңгер Абай... Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың 

құты қашады. Алаш қайраткері А.Байтұрсынов: «Ерім дейтін ел болмаса, елім 

дейтін ер қайдан шығады» деген екен. Қасық қаны қалғанша жан аямай ұлы 

жеңістің  туын  желбіреткен  ұлдарын  елі  әрқашан  ардақтап  өтеді.  Жеңістің 

жетпіс жылдық торқалы тойын көргелі отырған Отан соғысы ардагерлері - өз 

қолдарымен  жасаған  жеңісті  бақытты  жүздерімен  жыл  сайын  қарсы  алып 

тойлауға қақылы жандар. Құрметті Ұлы отан соғысы ардагерлері, мен сіздерді 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

28 


жеңіс  күнімен,  сіздер  әкелген  жеңіспен,    шын  жүрегіммен  құттықтаймын!!! 

Қымбатты менің құрдастарым, біз үшін құрбан болған, біз үшін мүгедек болып 

тәні мен жанын берген ардақты ардагерлерді біз мәңгі құрметтеп өтейік себебі 

олар мынандай ерлік жасады. 

Сен құрметте оны! 

Түсіндің бе, қарағым?! 

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын таяғын. 

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, 

Қолтықтағы ұзын таяғын. 

Кешегі елге қатер төнгенде 

Ол жауға қарсы шапты, 

Бізді жалмамақ болған ажалды өр кеудесімен қақты. 

Сен  құрметте  оны,  қарағым!-  деп  Әбу  Сәрсенбаев  ақын  ағамыз  ердің 

ерлігін  құрметтеуді  жастарға  аманат  етеді.  Солай  менің  құрбыларым,  жеңіс 

бізге оңай келген жоқ. Біз де жыл сайын жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым 

етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста өмірден өткен жауынгерлер есімі ел есінде 

мәңгі сақталады. 



Киселева К. 

11 сынып оқушысы 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Аққайың ауданы 

"Власовка орта метебі"КММ 

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс. Соғыс - күрейтуші күш! 

Бар  жер  әлемін  дүр  еткен,  қанды  кілемге  айналдырған  шайқас.  Міне,  содан 

бері  қанша  жылдар  өтті.    Ерлікпен,  шыдамдылықпен  келген  Жеңіс!  Жеңіс 

жасасын! Қан майданда жасалған ерлік бүгінде әр адамның есінде, жүрегінде, 

тарих  бетінде  өз  ізін  қалдырып  кеткен  күн.    Бұндай  сұрапыл  жауыздық 

ешқашан ұмтылмас. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал 

матералдары  немесе  радиотелехабарлар,  кинолар  аталар  ерлігін  мақтаныш 

тұта бізге жеткізді.  

Бүгінде еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлем қатарында қалыспай келе 

жатқан елдердің  бірі.  Біз, өскелен ұрпақ сол қиын қан майданда ерлікпен қаза 

тапқандарға, іс-түссіз жоғалып кеткен, Отан үшін жан-кешкендердің алдында 

бас  иіп,  тағзым  етеміз.  Бұл  ұлы  мерекені  тек  сол  жылдары    қаза  тапқан, 

соғыстан  қайтып  келмегендердің  туған-туысқандары  ғана  емес,  тынымсыз 

еңбек еткен, көз жасы сорғалап төзімділікпен күткен ұлдар мен қыздар, жанын 

қиып бақытты өмірді қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды.   

Неменеңе жетістің бала батыр, 

Қариялар азайып бара жатыр. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

29 


Бірі мініп келместің кемесіне

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,-  

деп  тебіренген  Мұқағали  мұңында  жұмырбасты  пенде  үшін  теңдессіз 

құндылық  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 

Қариялар  азайып  бара  жатқанын  әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман  орталған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 

жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 

ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 

Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 

оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған 

арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күні ұмытылмас.  

Ұлы Отан соғысы Жеңістің  70 жылдығын  тойлауын біз бір ел болып, 

үлкен  шаңырақтың  астында  жасалған  батырлықты  асқақтатып  тойлайтына 

сенемін. 

Барша  адамзат  тірлігіне  бұндай  қатерлі  де,  қайталанбас  күндер 

болмағайды тілеймін.  

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құт-

тықтай  келе,  оларға  мықты  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр,  бақытты  сәттерінің  көп 

болуын тілеймін. 



Коваленко Татьяна 

11 класс, КГУ «Областная школа-интернат для детей-сирот и детей

оставшихся без попечения родителей» акимата Северо-Казахстанской 

области Министерства образования и науки Республики Казахстан

 

Руководитель: Калькенова Роза 



Курмашевна 

 

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген... 

Мен бақытты, бейбіт кезеңде дүниеге келдім, бірақ соғыс туралы көп 

естідім, оқыдым, өйткені бұл сұм соғыс бірде - бір отбасын айналып өткен 

жоқ.  Мүмкін,  менің  де  отбасыма  келіп,  ойран  салған  шығар.  Бірақ  мен  өз 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

30 


отбасым  туралы  ешнәрсе  білмеймін,  өйткені  мен  үш  жасымнан  бастап 

балалар үйінде тәрбиеленіп келемін. Осы жылы біз Жеңістің 70 жылдығын 

атап  өткелі  отырмыз,  бірақ  бұл  жеңіс  қандай  қиындықпен  келгенін 

ойланыңыздаршы. Бұл жеңісті біздің ғана жеңісіміз деп айта алмаймыз, бұл 

бүкіл  кеңес  халқының  жеңісі.  Бұл  соғысқа  барлық  ұлт  өкілдері  қатысты, 

өйткені Кеңес Одағы  көпұлтты мемлекет болды. Біз Ұлы Отан соғысындағы 

Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап  күшпен  жеттік.  Ол  күш  -  әрине, 

"бірлік”.  Қаншама  халық  бір  тудың  астына  бірігіп,    күштерін  бір  арнаға 

салды.Ұлы Жеңіс -  он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. 

Әр ұлт өз Отанын, отбасын қорғауға ұмтылды. Еліміз  осы уақыт ішінде жеңіс 

үшін  барлығын  жасады.  Бұл  бүкіл  адамзат  тарихында  болған  ең  сұрапыл 

соғыстардың бірі. Сол соғысқа менімен жас жасөспірімдердің   қатысқанын 

ойласам, денем тітіркеніп кетеді. Біз сияқты сабақ оқып, ойнап-күліп жүретін 

балалар еді ғой. Олар өздерінің қыршын жастарын Отаны үшін құрбан етті. 

Кейбіреулері  жастарына  жас  қосып,  майданға  аттанды.Ұлы  Отан  соғысы 

Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. 

Осы  сыннан  халқымыз  мүдірмей  өтіп,  әлем  алдында  беделі  асқақтап,  биік 

шыңдардан көріне білді. 

Соғыс... Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз 

–аналардың  көзжасы,  қайғысы,  қан  майданда  қаза  болған  мыңдаған

солдаттар,  жесірлер  мен  әкесіз  қалған  отбасылар,  адамдардың  жан 

түршігерлік  естеліктері.  Иә,  біз  соғыс  көрген  жоқпыз,  өйткені  біздер  үшін 

соғыс еліміздің бұрынғы өткені. Тарих  үнемі жаңаланып отырады. Десе де 

ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр 

сілкіндірген  екінші  дүниежүзілік  соғыс.  Мен  сол  сұрапыл  соғыс  туралы 

ештеңе  білмейді  деп  ойламаңыздар.  Соғыс  жылдары  біздің  ел  жиырма 

миллионнан  астам  адамнан  айырылды.Тарихта  небір  алапат  соғыс 

болғанмен,  солардың  бірде-бірі  екінші  дүниежүзілік  соғыспен  теңесе 

алмайды. Өйткені бұл соғыста бүкіл дүние жүзі халқының тағдырын талқыға 

салып,  бүкіл  әлемге  билік  жүргізіп,  бұғауда  ұстағысы  келген  Гитлерге 

тойтарыс  беріп  қана  қоймай,  өз  елімізбен  қоса  Еуропаны  да  фашистік 

тепкіден азат етті. 

Төрт жылға созылған бұл соғыс туралы айтар болсақ, 1941 жылы 900 

күн, 900 түн қоршауда қалып, елден бөлініп, қиын шақты басынан өткізген 

қаһарман  ленинградтықтардың  ерлігін  айтпай  кетуге  болмайды.  Адамдар 

қыстың  сықырлаған  аязына,  аштыққа,  жаудың  бомбалауына  шыдады.  Бұл 

туралы  қазақтың  ұлы  ақыны  Жамбыл  Жабаев  «Ленинградтық  өренім» 

өлеңінде  жырлады.  Бұл  өлеңін  ол  ленинградтықтарға,  оны  қорғаушыларға 

арнап  жазды.  Бұл  толғау  қалада  радиолардан  беріліп,  әр  көшеде,  алаңда 

плакат ретінде жазылап, қала халқына, Ленинградты қорғаушыларға зор қуат 

берді,  жауынгерлер  ақынның  жалынды  сөздерінен  керемет  рухтанды.  Тек 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

31 


қана Ленинград қана емес, басқа да қалаларды осылай батыр қала деп айтса 

артық болмайды. Осы ерліктері үшін біз оларға бас июіміз керек. 

Гитлер  Москваны  жаулап  алып,  7  қарашада  Қызыл  Алаңда  парад 

өткізуді  көздеді.  Бірақ  оның  жоспары  іске  аспай  қалды.  Қоршауда  қалған 

кеңес әскерлері 20 неміс дивизиясының шабуылына тойтарыс берді. Шайқас 

Москвадан  80-100  шақырым  жерде  өтті.  Әсіресе  Волоколам  тас  жолының 

бойында өткен шайқас тарихта қалды. 28 панфиловшылар жаумен шайқаста 

көзге  түсті.  Шайқаста  ротаның  саяси  жетекшісі  Клочковтың  :  «Ресей  кең-

байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва! » , -деген сөзі мәңгі 

тарихта қалды. Фашистік армияның қысымына төтеп берген қалаларға батыр 

атағы берілді.   

Қазақстан  да  басқа  одақтас  республикалар  сияқты  тыс  қалған  жоқ. 

Соғыс  басталысымен  Қазақстан  халқы  отан  қорғаушылар  қатарына  өз 

еркімен жаппай жазыла бастады. Майдандағы қызыл армия қатарына 120000 

жуық  қазақстандық  аттанды.  Москва  облысының  Бородино  селосының 

түбінде болған шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен 

болған шайқаста ерекше көзге түсіп, ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. 

Сол майданда біздің аруларымыз да талай қиындықтарды бастан кешті. 

Майданға  аттанған  әйелдер  мен  қыздардың  көбі  медсанбаттар  мен 

госпитальдарда  борышын  өтеді.  Қазақ  арулары  түрлі  әскери  құрамаларда 

болып,  ерен  ерлік  үлгісін  көрсетті.  Шығыстың  қос  жұлдызы    -  Әлия  мен 

Мәншүкті  ерліктің  қос  қанаты  деп  білемін.  Соғыста  Мәншүк  пулеметші 

болса,  Әлия  мерген  болған  .  Олардың  есімдері  бүгінгі  ұрпаққа  ерліктің 

ғажайып үлгісі.  Олар ер жауынгерлермен бірге бір сапта тұрып, жауға қарсы 

тұрды.    Және  осы  қайсарлықтарымен  жауынгерлерді  рухтандырды,  оларға 

күш-қуат  берді.    «Майданға  жіберетін  ешкімім  жоқ,  ағам  да,  апам  да  жоқ, 

сондықтан  менің  өзімді  жіберуді  өтінемін»  деп  Алматыдағы  медицина 

интитутының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз 

еркімен  қосылғысы  келетінін  білдірген  болатын.  Жас  қыздың  қайтпас 

қайсарлығы  таң  қалдырмай  қоймайды.  Сол  секілді  мергендігімен  талай 

жаудың  көзін  құртқан  Әлия  есімі  тарих  парақтарында  алтын  әріппен 

жазылып  қалды.  Әлия  да  балалар  үйінде  тәрбиеленген.  Авиация  саласын 

меңгерген  қазақ  қызы  –  Х.Доспанова  Кеңес  Одағының  батыры  М.Раскова 

басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-

ден  астам  мәрте  әуеге  көтерілді.  2004-ші  жылы  Президенттің  жарлығымен 

Х.Д.Доспановаға  Халық  Қаһарманы  атағы  берілді.  Сафарбекова  Жауһария 

Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, 

сол майданда аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 

34-жеке әйелдер ротасының  300-ге тарта арулары Курск  иініндегі шайқасқа 

қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды. 

Біздің        жерлестеріміз    майдан  даласында        ерлікпен  шайқасқан.  

Жауынгерлік  ерліктері    үшін  жүздеген    мың    қазақстандық    медаль-



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

32 


ордендермен марапатталса,  500-дей    адам  Кеңес Одағының Батыры,   100-

ден  астам адам - Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық  

екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  олар  - Талғат Бигелдинов, 

Сергей  Луганский,  Иван  Павлов    және  Леонид  Беда.Үш  мәрте  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алған:  И.Н.Кожедуб-  Шымкентте  орналасқан 

Чугуев  әскери  авиация  училищесінің  түлегі.  Рейхстагқа        Жеңіс  туын  

тіккендердің   бірі -  қазақ  жігіті   Рахымжан  Қошқарбаев.    Жаудың   тылында  

партизандардың  қатарында да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  

- Қасым Қайсенов.     Ал танымал  қолбасшы,       әскери  жазушы Бауыржан  

Момышұлын,  28  панфиловшылардың ерлігін    білмейтін  қазақ жоқ шығар. 

«Бәрі  де  майдан  үшін,  бәрі  де  Жеңіс  үшін  !»  деген  ұранмен  тылдағы 

адамдар соғыстың бірінші күнінен бастап, әйелдер мен жасөспірімдер еңбек 

майданының  ең  басты  күштеріне  айналды.  Олар  жеңіс  үшін  қолдарынан 

келгеннің бәрін істеді: күні-түні станоктың басында тұрып снарядтар жасады; 

егін  алқабында  бір  де  дәнді  шашпай  майдандағы  солдаттарға  жіберді. 

Осының бәрі майдандағы жұбайларының, әкелерінің, ағаларының аман-есен 

келулеріне қосқан аз ғана үлестері еді. Сол кезде олар үшін солай болды, ал 

қазір ойласақ, ол керемет ерлік. Республиканың барлық  экономикасы   әскери 

«рельске»  қойылды:    бейбіт мақсаттағы  шығыстар барынша қысқартылды,  

көптеген  кәсіпорындар    қорғаныс    өнімдерін        шығаруға        кірісті.      Ер  

азаматтардың бәрі армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда     әйелдер,  

қариялар,    жасөспірімдер    еңбек  етті.    Еңбек  тәртібі  қатайтылды,      жұмыс 

уақыты  ұзартылды.   Алты апталық,  23 сағаттық   жұмыс күні  бекітілді,  

демалыстар  тоқтатылды.   Бірақ  ешкім   қынжылған жоқ.   Бүкіл ел    «Бәрі 

де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» деген ұранмен  еңбек етті.  Қазір олар 

бізге  батыр  адамдар.  Шынымен  де,  елін,  жерін  тебірене  сүйген  адам  ғана 

батырға айналады! 

Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. 

Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз,  Жеңіс күні  – бүкіл дүниежүзі 

бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың 

бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қан 

майданында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан 

соғысының  ардагерлері  үшін  ерекше  мейрам.  9  мамыр  –  фашизмді  жеңген 

қаһарман  халқымыздың  мереке  күні.  Осынау  қуаныш  үшін  өмірлерін 

қиғандарды еске алу күні. Бұл күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, 

немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! Бүгінде сұрапыл, 

сойқан  соғысты  өз  көзімен  көрген  ардагерлердің  де  қатары  сиреп  барады. 

Еліміз  жыл  сайын  өздерінің  ардагерлерін  құттықтап,  оларды  қошеметтейді. 

Біздің жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты да бұл шарадан 

тыс қалған емес. 9 мамыр күні біздің мектеп соғыс және тыл ардагерлерімен 

кездесу  ұйымдастырады.  Оқушылар  олардың  айтқан  әңгімелерін  ұйып 

тыңдайды. Олардың кеуделері толған ордендер мен медальдар. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

33 


Сол  сұрапыл  соғыста  батырларымыздың  сақтап  қалған  байтақ  жеріміз 

бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз 

үшін  үлкен  мақтаныш,  жетістік.  Ата-бабаларымыз  сыйға  тартқан  бақытты 

өмірімізді қорғау - әрбір саналы азаматтың, біздердің борышымыз. Қан мен 

тер,  қиылған  өмір  арқылы  келген  бостандық  –  тарихи  шындық.  Бүгінгі 

өміріміз  үшін  құрбан  болған  ерлеріміз  ешқашан  да,  ешуақытта  естен 

шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыстың, оның сұмдықтарының, сол кезде 

біздің  өміріміз  үшін  жанын  қиған  ардагерлерімізді  ұмытуға  қақымыз  жоқ. 

Барлығын    есте  сақтауға  міндеттіміз.  Аспанымызды  бұлт  торламасын, 

ұйқымыз  бұзылмасын,  ата  –  анамыз  әрқашан  қасымызда  болсын!  -  деп 

тілеймін.  Бүгінде  біздің  азаматтық  міндетіміз  –  болашақ  ұрпақты  Отанын 

сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру 

арқылы отансүйгіштікке  тәрбиелеу.  Қазір  Республикамыздың дүние  жүзінің 

алдыңғы  қатарындағы  мемлекеттердің  бірі  болып,  ең  бастысы,  елімізде 

бейбітшілік  пен  ынтымақтың  өріс  алып,  халқымыздың  тыныштықта  бейбіт 

өмір  сүріп  келе  жатуы  -  тұңғыш  президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  адал  да  ұтымды  тактикасының,  үлкен  парасат  пен  биік 

талғамының  арқасында.  Сондықтан  мен,  ХХІ  ғасырдың  ұрпағы,  осындай 

байтақ елде тұрып жатқаныма бақыттымын!  

Кулиев Ерсін 

N 1 Новоишим орта мектебінің 

 8  сынып оқушысы 

Біз сіздерге қарыздармыз! 

Соғыс! Соғыс! Бұл сөздің дыбысталуы да өте суық! Беретін мағынасы 

тіпті жан түршіктіреді. Бұл сөзбен қаншама қайғы-қасірет, өлім, адамның көл 

боп аққан көз жасы, жетімдік, аштық – бәрі байланысқан.  

Мен өзімді Отаншылмын деп есептеймін. Отаншыл болу ең біріншіден, 

өткенді  білу  және  ұмытпау  деп  түсінем.  Осынау    қойнауы  қазынаға  толы 

байтақ  даланың  әр  тауы  мен  тасын  ақ  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  

қорғағанын ұмытпау – парыз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

34 


Тарихқа  үңілсек,  біздің  ата-бабаларымыз  түрлі  соғысты  басынан 

өткерген  екен.  Барлығы  халыққа  үлкен  қайғы  –  қасірет  әкелді.  Осындай 

аяусыз,  сұрапыл,    жалмауыз  соғыстардың  бірі  –  Ұлы  Отан  соғысы  болды. 

Аталарымыздың  осы    соғысқа  қатысқан  мақсаты  –  ұрпақтарының,    яғни,  

біздің жақсы, алаңсыз өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. 

Олар мақсаттарына жетіп  бізге Жеңіс сыйлады. Биыл Ұлы Жеңіске  70 жыл 

толғалы отыр. 

Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді 

деп ойлаймын. Олар көрсеткен ерлік бүгінгі ұрпаққа - өнеге. Тыныш, бейбіт 

мемлекетте өмір сүріп,  осының барлығы аталарымыздың қайсарлығы арқылы 

келгендігіне көзім  жетті. Жалғыз мен емес, бәрі осылай ойлады деп білемін. 

Ашаршылық  пен  ауыртпалықты  бастан  кешкен  майдангерлер  мен  тылда 

жұмыс істегендер  Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Отан үшін от кешкен 

майдангерлер өшпес ерлік көрсетті.  

Әрине, жыл өткен сайын ардагерлеріміздің қатары азайып бара жатқаны 

өкінішті. Осы қалған ардагерлерімізді ардақтайық дегім келеді.  Олар туралы 

9 мамыр Жеңіс күні ғана ойламай, әрдайым жадымызда сақтауымыз керек. 

Кейде мен сонау 1945 жылғы   9  мамырды  елестетіп көргім келеді. Сол 

кезде ардагерлер қалай қуанды екен!  Кейбіреулері жылап, ал енді біреулері 

қатты    сықылықтап  күлген  шығар...    Біреулері  отбасың  құшағына  алса, 

біреулері  сүйген  жарларына  қосылған  шығар.  Ал  көбі осы  Жеңіске  жете  де 

алмай  қалды.  Қаншама  аяулы  жар    азаматсыз  қалды.  Осының  барлығын 

ешқашан  ұмытпауымыз  керек.      Барлығы    Отан  үшін  жасалды.    Әрбір 

азаматтың өз Отаны алдында парызы болады.  Отан алдында парызын өтеу – 

қасиетті борыштардың бірі. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай 

алады.  Ол  дегенің  қолға  қару  алу  деген  емес,  өз  Отаныңның  білімді, 

өркениетті,  салауатты  перзенті  бола  алу.  Ол  қазіргі    мен  сияқты  жастардың 

міндеті  деп  білемін.  Мен  өз  атымнан  осылай  Отан  алдындағы  парызымды 

өтеймін деп айта аламын. 

 Отан  үшін  жан  алысып,  жан  беріскен    ардагерлер,  сіздерге  бас  иеміз! 

Сіздерге мың тағзым! Мың алғыс!  Біз сіздерге қарыздармыз! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет