ДИСТАНЦИОННОЕ ОБУЧЕНИЕ В ВУЗЕ
Нурмагамбетова А.А., Искакова У.А.
Костанайский государственный педагогический институт
В настоящее время большинство стран мира приступили к радикальным изменени-
ям, стремясь создать гибкую мобильную систему высшего образования, отвечающим но-
вым требованиям в условиях глобальной конкуренции. Сущность новых требований за-
ключается в подготовке кадров, а также в создание условий для их дальнейшей эффек-
тивной профессиональной деятельности и необходимого эффективного обновления
теоретических и практических знаний. Реформа общеобразовательной и высших школ
вызвана потребностями общества, она является составной частью общественного разви-
тия, важнейшим фактором социально экономического процесса.
Педагогика на современном этапе в мире переживает бурный процесс переосмыс-
ления подходов, отказа от некоторых устоявшихся традиций и стереотипов, подталкивае-
мая повальной технологизацией и рыночными отношениями. Овладение технологиями
становится приоритетным как при освоении учительской профессии, так и при оценках ка-
чества и стоимости образовательных услуг, по мнению профессора И.П. Подласого это
дает основание считать ХХI век веком педагогов-прагматиков: «Будущее потребует жест-
ких объективных оценок всех параметров учебно-воспитательного процесса и его продук-
тов». Основными категориями в дидактике являются обучение и образование. Дистан-
ционное обучение и дистанционное образование – новое явление в педагогике. Дистан-
ционное образование- это система, в которой реализуется процесс дистанционного обу-
чения и осуществляется индивидуумом в достижение и подтверждение образовательного
процесса. Историко-педагогический анализ проблем становления и развития дистанцион-
ного обучения показал, что в настоящее время в мире накоплен опыт реализации систем
дистанционного обучения. В целом мировая тенденция перехода к нетрадиционным фор-
мам образования прослеживается в росте числа Вузов, ведущих подготовку по новым
информационным технологиям. Дистанционное образование является формой получения
образования, при котором в образовательном процессе используются традиционные и
специфические методы, средства и формы обучения, основанные на компьютеризации и
телекоммуникационных технологиях. Основу образовательного процесса при дистанцион-
ном образовании составляет целенаправленная и контролируемая интенсивная само-
стоятельная работа обучаемого, который может учиться в удобном для себя месте, по
индивидуальному расписанию, имея при себе комплект специальных средств обучения и
согласованную возможность контакта с преподавателем. То есть все учебные задания
выполняются вне университета на основе специальных разработок и с консультацией
преподавателей. Процесс сдачи экзаменов осуществляется непосредственно в вузе.
Анализ отечественной и зарубежной теории и практики дистанционного обучения
позволяет отметить характерные особенности:
1. «Гибкость». Обучающиеся, занимаются в удобное для себя время, в удобном
месте и в удобном темпе. Каждый может учиться столько, сколько ему лично необходимо
для освоения курса дисциплины и получения необходимых знаний по выбранным дисцип-
линам.
2. «Модульность». В основу программ дистанционного обучения закладывается мо-
дульный принцип, что позволяет из набора независимых учебных курсов формировать
учебный план, отвечающий индивидуальным или групповым потребностям.
3. «Параллельность». Обучение может проводиться при совмещении основной про-
фессиональной деятельности с учебой, т.е. "без отрыва от производства".
4. «Дальнодействие». Расстояние от места нахождения, обучающегося до образо-
вательного учреждения (при условии качественной работы связи) не является препятст-
вием для эффективного образовательного процесса.
5. «Асинхронность». Предусматривает тот факт, что в процессе обучения обучаю-
щий и обучаемый работают по удобному для каждого расписанию.
6. «Охват». Эту особенность иногда называют также «массовостью». Количество
обучающихся не является критичным параметром.
7. «Рентабельность». Под этой особенностью подразумевается экономическая
эффективность дистанционного обучения.
8. «Преподаватель». Речь идет о новой роли и функциях преподавателя.
9. «Обучающийся». Требования к обучающемуся существенно отличаются от тра-
диционных.
107
10. «НИТ» (Новые информационные технологии). В системе дистанционного обра-
зования используются все виды информационных технологий, но преимущественно но-
вые информационные технологии, средствами которых являются компьютеры, компью-
терные сети, мультимедиа системы и т.д.
11. «Социальность». Дистанционное образование в определенной степени снимает
социальную напряженность, обеспечивая равную возможность получения образования
независимо от места проживания и материальных условий.
12. «Интернациональность». Дистанционное образование обеспечивает удобную
возможность экспорта и импорта образовательных услуг.
Перечисленные особенности дистанционного образования определяют преимуще-
ства перед другими формами получения образования, и одновременно предъявляет
определенные специфические требования, как к преподавателю, так и к слушателю, ни в
коем случае не облегчая, а подчас увеличивая трудозатраты и того и другого.
Теорию дистанционного обучения можно представить как комплекс взглядов, пред-
ставлений, идей, направленных на истолкование и объяснение образовательного процес-
са в системе образования. Теория дистанционного обучение как форма организации
обобщенного достоверного научного знания представлена как система, которая описыва-
ет, объясняет и предсказывает функционирование определенной совокупности состав-
ляющих объекта теории системы образования. Структурными элементами теории являя-
ются: предмет теории, термины и понятия, категории, методы исследования, функции,
принципы и др.
Дистанционное обучение – это целенаправленный процесс, как и при других фор-
мах получения образования, протекающий в специфической дидактической системе.
Если каноническая дидактическая система содержит 7 элементов, то дидактическая сис-
тема дистанционного обучения, дополняющая и развивающая известную в традиционной
дидактике систему, содержит 12 элементов: (1) – цель, (2) – содержание, (3)- обучающие,
(4) – обучаемые, (5) – методы обучения, (6) – информационно-образовательная подсисте-
ма (средства обучения), (7) – формы обучения, (8) – материально-техническая подсисте-
ма, (9) – финансово-экономическая подсистема, (10) – нормативно-правовая подсистема,
(11) – идентификационно-контрольная и (12) – маркетинговая. Определены принципы ди-
станционного обучения, как теоретические обобщения явлений, происходящих в системе
дистанционного обучения, при сохранении преемственности канонических принципов обу-
чения и их развитии. Предлагаемая система специфических принципов включает в себя
принципы: педагогической целесообразности применения средств новых информацион-
ных технологий; открытости обучения; идентификации; интерактивности; стартового уров-
ня; регламентность; индивидуализации.
ЛИТЕРАТУРА
1. Киричек, А. В. Развитие «неуниверситетского сектора высшего образования» в условиях
профильного ВУЗа /А.В. Киричек, А.В. Морозова // Новые технологии – основа развития профессио-
нального образовательного пространства учебно-научно-производственного комплекса: Матер.
регион. науч.-практ. конф., 16 мар. 2007 г.
2. Пак Н.И., Гринберг Г.М. «Представление открытого и дистанционного обучения в контексте
информационного обмена» //Информатика и образование-09.2007г.
3. Жуматаев Ж.Е., Балмаханова А.Е. Использование информационных технологий в управ-
ленческой деятельности. Труды Международной научной конференции. Выпуск 2. Караганда.2004-
29 с.
4..Компьютеризация учебного процесса: Межвуз.сб.науч.тр./Под ред.проф. В.Н.Врагова; Но-
восиб.ун-т. Новосибирск, 1992.
ЫБЫРАЙДЫҢ ҚАЗАСЫ
Серікбай ОСПАНОВ, филология ғылымдарының кандидаты
Қостанай мемлекеттік педогогикалық институты
Əдебиетіміздің де, мəдениетіміздің де бастауында үш алып бəйтерек тұр. Олар –
Шоқан, Ыбырай, Абай. Шоқан небəрі 30 жыл, Ыбырай 48, Абай 59 жыл ғана ғұмыр кешті.
Үшеуі де «Соқтықпалы соқпақсыз» заманда өсті. Үшеуінің де арман-тілегі еліне пайдалы
адам болу еді. Үшеуінің де жолын бөгеп, аза бойын қаза қылып құса еткен патшалық Ре-
сейдің отаршылдық сұрқия саясаты болды. Оны Шоқан мен Ыбырай тым кеш түсінсе,
Абай ерте сезінді...
108
Ыбырай Ресейді Отаны санап, оған қызмет ету парызым деп білді. Ильминскийді ұс-
таз тұтып, оған құдайдай сенді. Ыбырайдың Ильминскиймен жолығысуы оның бақыты да
соры да еді...
Болашақ ұлы ұстаз 1862 жылғы 26 ақпанда Ильминскийге: «Жанымда төрт шəкіртім
бар – соларды оқытып жатырмын. Қазақтарға орыс тілін үйренуге арналған оқу құралы –
олардың жетекші оқу құралы болып отыр. Сіздің мұны жазғандағы ойға алған адал мақса-
тыңыз орындалып жатыр. Бұл оқу құралында, əсіресе, балаларға орыс тілін бірте-бірте
үйрету тəртібі өте тамаша баяндалған екен. Біздер, қазақтардың орыс тілін білуінің бар-
лық пайдасын білетін адамдар Сізге шын көңілімізбен алғыс айтамыз», – деп адалынан
ақтарыла хабарлады. Ал Ыбырайдың қолымен от көсеуді көздеген арам пиғылды Иль-
минский болса 1869 жылы Ағарту министріне: «...Алтынсарин... қазақтардың арасында өзі
мектеп ашса, орыс альфабитін сонда қолданса, оны елінің адамдары істеп отыр дегізбей,
өзі ашқан болса... оны орыс бастықтарының инициативасы деп халық ойламайтын түрде
жүргізсе... ең əуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады»
[Қазан мұрағаты, ф 968, оп. 1, 1с. 16,
1-2 б.]
деп жазып өзінің құйтырқы саясатын жүргізуді тоқтатпады.
Ильминскийдің мақсаты қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беру емес, шоқындыру.
Сөйтіп отаршыл Ресей империясының мүддесін жүзеге асыру. Ол мүдде – патша бодан-
дығындағы барлық бұратана халықты бір дінге көшіру. Алайда оларды бағындыру, шоқын-
дыру, бір дінге кіргізу аса құпия, ың-шыңсыз, зорлық-зомбылықсыз, асқан ептілікпен, айла-
мен жүзеге асырылуы керек. «Олардың өзі дінге кіруге ризашылықтарын берген-міс» де-
ген желеумен жүргізілуі тиіс.
Патшалық діни басқарманың жарлығында осылай көрсетілген.
1871 жылы Ильминский Ыбырайға қазақ мектептеріне орыс алфабитін енгізу жай-
ындағы пікірін ашық жазады. Ыбырай оған жауабында «Бұл талассыз пайдалы пікір ғой»
дей отырып, өз ойын сыпайы жеткізеді: – «Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше үлкен
қиыншылыққа кездеседі. Қазақ балалары үшін ашылған орыс мектептерінде орыс алфа-
битін қолдану (бұл мектептерге қазақтар баласын орыс тілін үйренсін, орысша жаза білсін
деп беріп отырғандықтан) кейбіреулердің ойлағанындай, қазақ арасында əңгіме, күдік ту-
ғызады деп ойлаймын».
Ыбырай одан əрі араб əрпімен жазылған пайдалы кітаптар болса, қазақ арасына
тез тарайтынын, оқушылар да көңіл қойып оқитынын, ал орыс алфабитімен шыққан кітап-
тарға олардың тосырқап қарайтынын, тіпті оқымай қоятынын жасырмайды. Орыс алфаби-
тінен гөрі қазақтардың тілін бұзатын болса да, татарша жазуды қолайлырақ санайтынын,
өйткені, діні бір, тілі ұқсастығын, татар медреселерінде оқитын қазақ шəкірттерінің саны
азаймай отырғаны сондықтан екенін тəптіштей жеткізеді. «Жат əріппен жазылған біздің
оқу құралдарымыздың күші, меніңше, өте нашар. Біз бұл арада сол құралдың өзімен, бірақ
сапасы жағынан басқа, олардың ақылына ақыл қосып, оларды шындыққа, басқаша айт-
қанда, оқуға жетектейтін құралмен, қазақтардың өздеріне таныс, оны ешкім де жек көрме-
тін құралымен іс істеуіміз керек; бұл оқуымыз да жоғарыда айтқандай сапалы болса бол-
ғаны» – деп мəн жайды сабырмен түсіндіреді.
Бұл Ильминскийдің түпкі, негізгі мақсатымен мүлде қабыспайтын пікір еді. Бұратана
халықтардың баласына бастауыш білім берудің өзін артық санаған ол: «...в школах гра-
мотность, ...орфография и грамматика совершенно излишни, а для инородческих школ
вредно и убийственно», – деп жазған оның Ыбырайдың мына хатын оқығанда қандай күй-
де болғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші!
Туған халқының рухани дербестігін қорғағаны үшін Ыбырай қудалауға ұшырайды.
«Алтынсариннің қудаланып, мектептен шеттетіліп, жер аударуға дейін жеткені, сайлау ке-
зінде тергеуге алынып, одан шеттелуі Ильминскийдің ықпалынсыз жүргізілді деуге бол-
майды. Николай Ивановичтің өзгеге дəргейі жүрмесе де Ыбырайды қудалатпайтындай құ-
діреті бар болатын»
[Жұртбай Т. «Күйесің жүрек... сүйесің...» Алматы. Қайнар, 2009. – 226б.]
.
1889 жылдың 20 ақпанында Ыбырай Орынбор оқу аймағының татар, башқұрт, қазақ
мектептері жөніндегі бақылаушы В.В.Катаринскийге «Сізге бір қайғылы хабар білдіруіме
тура келіп отыр. Біздің «Бессонов Александр Григорьевич, сірə, есінен айрылған болар
деймін. Өйтпесе, оның өз оқушыларына істеген сорақылықтарын басқаша түсіне алатын
емеспін. Бақсам, ол оқушылар мектебінің 3-ші жəне 4-ші кластарында оқушылардың қар-
сы болуына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты»
[Алтынсарин Ы. Таза бұлақ, Алматы. Жазушы, 1988. – 305 б.]
, – деп шошына жазды. Өйткені,
Ыбырай бұл кезде де миссионерлердің мектеп ашудағы түпкі мақсатын білмеген еді.
Қазақ мектептерінде християн дінін уағыздау 1862 жылы-ақ оқу бағдарламасына ен-
гізілген. Онда: «Ю.Христиан діні туралы заңдар (Закон божий) бойынша оқу кестесі былай
жүргізіледі: а) Екінші кластың бірінші жылы Ескі жəне Жаңа заңның (Ветхий и Новый за-
вет) тарихымен қысқаша таныстырады, екінші жылда христиан дінінің шарттары (катехи-
109
зис) оқытылады б) үшінші кластың бірінші жылында шіркеудің мүнəжат дұғасы мен рəсімі
(литургия) түсіндіріледі, екінші жылында православие дінінің басқа ағымдардан айырма-
шылығы мен артықшылығы туралы дəріс оқылады. Діннің көне дəстүрін ұстанғандар (ста-
рообрядчиктер) мен жікшілдерге (раскольниктерге) қарсы күрес тəсілдері баяндалады», –
деп нақтылай атап көрсетілген болатын. Мұны сезбеген Ыбырай 1899 жылы 10 мамырда
жазған хатында: «Енді тағы бір наразылық, яғни қазақ оқушыларының наразылығы, Крас-
ноуфимскідегі ауыл шаруашылығы мектебінде де туып отырған көрінеді. Мұның себебі:
мұсылман дəстүрін мүлде елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға шошқа бақты-
ру, орыс оқушыларымен бірге ғибадат еткізу деседі. Мұның бəрі де өте ұнамсыз нəрсе
ғой»
[Сонда. 312 б.]
, – деп қынжылады.
Кейін осының бəрінің түп-тұқияны қайдан шыққанын түсінген Ыбырайға қатты соққы
болғаны анық. Бұл жайында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын
Жұртбай «Ойында жоқ олардың, шариғатқа шамасы» («Абай жəне шоқындыру мектепте-
рі») мақаласында «Екі Ыбырайды да өлтірген – құсалық еді. Оның ішінде екеуі де шіркеу-
дің аярлығына шыдамады. Рухани тəуелсіздікке көнгісі келмеді. Екеуі де өмірінің соңында
миссионерлік аярлығы үшін тіршілігінде қатты бағалаған Ресей мəдениеті мен ғылымынан
күдер ізді. Үлкен Ыбырай соңғы екі жылда мектепті тастап ел ішіне барып жатып алды.
Сол үшін облыстық губернатордың тергеуінде болды. Қандай ұқсастық десеңізші. Бүкіл
ғұмырлық мақсатының күл болғаны екеуінің де күре тамырын қиып кетті. Олар өздері үшін
емес, елінің келешегінің кесілгеніне күйінді»
[«Күйесің, жүрек... сүйесің...» Алматы. Қайнар,
2009. – 222б.]
– деп жазады.
Ильминскийдің Ыбырай қолымен қазақ балаларын оқытуға кириллицаны енгізуі,
орысша оқу, Бессоновтың інжілді уағыздауы жергілікті халық құлағына жетпей қалған жоқ.
Ұлы ұстазды «шоқынды», «крест тақты» деп күстаналау патшалық Ресейдің отаршылдық
саясатын ұстанып, оны жүзеге асыруға жан сала кіріскен Ильминскийдің іс-əрекетінен
туындағаны анық. Оның үстіне ағайын сөзі де ұстаз жанына қатты батқанын мына өлеңі-
нен аңғару қиын емес:
...Аласы ағайынның алаңдатты,
Көре алмай көп ішінен жамандатты.
«Шоқынды», «крест тақты», «əйкəпір» деп,
Аузына келгенді айтып бақты...
Надандық қандай «қызық» қарап тұрсаң,
Көңілі соқыр көрмейді көзге ұрсаң.
Бабын қалай табарсың бұл қазақтың,
Басқа тебет жаныңды құрбан қылсаң...
Бар айыбым баласын оқытқаным,
Орыстың біліміне тоқытқаным.
«Білімсіз кеңімейді керегең» деп,
Айтқанымнан атандым «кəпір – залым»...
Төлебай Көбекұлы Басықара датқаның асында атжарысы болғанда Ыбыраймен
сөзге келісіп қалып, алып қашпа сөзге еріп бұрын да сатқын санап жүрген ол оны соққыға
жығады.
Төлебайдың руы – Үмбетей. Үмбетейден – Аралбай, одан – Таңбай, Таңбайдан –
Көбек. Ахмет Байтұрсыновтың жақын туысы. 1926 жылы А.Байтұрсынов жинап бастырған
«23 жоқтауда» бұл оқиға былайша баяндалады:
...Үш уездің қазағы
Басықара датқаның
Басын қосқан асында
Болғандардан естимін,
Болмасам да қасында.
Сұқ қылыпты сонша жұрт
Əкекем сынды асылға.
Кыпшақтың өңкей манабы
Кез болыпты ашуға.
Балқожаұлы Ыбырай
Артын жиып жөнелді,
Басын қорғап қашуға.
Мұны көріп əкекем
Аманжолдап ат қойды
Тасыған көңілін басуға.
Қуып жетіп соңынан,
110
Ағалығын білдірген,
Көрмегенін көргізген,
Бозбалаға айдатып,
Қайтарып топқа кіргізген
Бекмұхамет болысын,
Инспектор орысын,
Жұмылған көзін аштырып,
Өкшесінен бастырып,
«Жан сауға, батыр!» дегізген...»
(«Төлебай. Он екі жасар əйел баласының жоқтағаны. Байтұрсынов А. Ақ жол. «Жа-
лын», 1991 – 165-166 б.б.).
Ел аузындағы əңгіме де осы жолдарды қайталайды. Бұл оқиғаны Торғай бойының
əңгімеші қарттары жиі айтып отыратын. Қазір көзі тірі Орекен Алмат, Əмірхан Абдуллин,
Ибрагим Ағытайұлы т.б. соның куəсі.
Тілмəр Тілеп бір өлеңінде Төлебайды:
Талап боп бітер қайың, қарағайдан,
Төлебай, туып едің жадағайдан.
Шошқаның қара қасқа қабанындай,
Шошынды көрген адам анадайдан,
– деп суреттейді.
(«Сөз тапқанға қолқа жоқ»,
Алматы, «Жазушы», 1988. – 369 б.).
Ел ішінде Төлебай жайында аңыз көп. Алматының
«Жазушы» баспасынан 1988 жылы жарық көрген «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (369-372 бет-
терін қараңыз) кітабында да ол жайындағы екі əңгіме енген. Əкесі елге сыйлы аса мырза
болған Төлебайдың да мырзалығы жиі айтылады. «Тек қана ірілермен айқасып, теңсіздік-
ке төзбеген, ісі де, өзі де ірі адам. Өзі де ірі демекші, салмағы 18 (он сегіз) пұт, яғни, 280
(екі жүз сексен) келіге жуықтаған... ол 52 жасында 1904 жылдары қайтыс болған. Осы ірілі-
гінен де атыраптағы оны білетін ел «Мұның ар жағында Үмбетей жоқ» – деп мəтелдеген
(Уəлі тегі Ибраһим Ағытайұлы «Бабамыз – Бекзат данышпан. «Қостанай баспа үйі» ААҚ,
Қостанай, 2000, – 38 б.)
тамы Наурызымның Төбеқұдық деген жерінде.
Төлебайдың ірі, сыйлы адам болғанын «Төлебайдың келінінің жоқтауындағы»
...Алтын да қылыш, айбалта
Асынса ерге жарасқан.
Халық иесі хандардан
Қаюлы сағат жол ашқан.
Жан қуанған біз түгіл,
Жақсылар іздеп жанасқан...
Қатарынан құдайым
Тұлғасын артық жаратқан
Көрген түстей айрылдақ
Көлеңкелі дарақтан... –
деген жолдардан аңғарамыз.
[Байтұрсынов А. Ақ жол, Алматы,1991. – 170-171 б.б.].
Жоғарыда келтірілген оның қайтыс болған жылына қарағанда, Төлебай – Ыбырай-
мен замандас.
Төлебайды жоқтау (үшеу, үшеуін де) Қарпық Шолақұлы жазған. Қарпық та А.Байтұр-
сыновтың жақындары. «Төлебайды жоқтауды шығарған Қарпық ақын. Үмбетейден Таңбай
мен Қасқатай бір туысқан. Таңбайдан Шошақ, онан Байтұрсын, онан Шолақ, онан ақын
Қарпық» («Ақ жол», 173б.).
Басықара датқа-руы өтей. Ел арасында Өтей бидің (Би – есімі) Қарасы» атанған
сөзге аса шешен, елге сыйлы кісі болыпты. Асы 1889 жылы Обағанда берілген.
С.Садуақасұлы 1956 жылы 26 қазанда Ташкенттегі тұңғыш жоғарғы қазақ педагоги-
ка институтының ашылу салтанатында жасаған баяндамасында Ыбырайдың бұл дүние-
ден өтер сəтінде өзіне бірде-бір орысты, тіпті достарын да кіргізбеуді, жаназасына 99 мол-
да қатысуын өсиет еткенін айтып, «ұзақ жыл орыспен қоян-қолтық араласа жүріп, ең со-
ңында миссионер атаулы қазақ халқына ешқандай жақсылық ойламайды деген қорытын-
дыға келген болар» (Годы работы Казахского высшего педагогического института (сбор-
ник). Ташкент, 1928. с.тр 27), – деген жорамал білдіреді.
Шындығында да солай. Ыбырай Ресей империясының отаршылдық саясатын түсін-
ген, бірақ кеш түсінген. Н.Н.Ильминскийдің құйтырқы саясаты мен астыртын əрекетін се-
зіп, аһ ұрған. Ресейдің Орталық Діни басқармасы қол астындағыларға «өлген қазақтарды
жерлеуге поп басшылық ету керек. Қазақтар өлген адамдары туралы оларға хабарлауға
міндетті, тек поп рұхсат бергеннен кейін үш күннен соң жерленуі тиіс» – деген құпия нұс-
қау жолдаған. Ыбырай осы нұсқауға сеніп «Надандық құрбаны» əңгімесін жазды. Алданға-
нын, миссионерлердің сұрқия əрекетін кейін білген оның «Жаназама 99 молда кірсін» деп
өсиет етуі содан болса керек.
111
Ұлы ұстаздың 1884 жылы қыркүйекте Н.И.Ильминскийге жолдаған хатынан оның
бұл тұста «астыртын жауларының көбейгенін» сезгенімен, зұлымдық іс-əрекетті ұйымдас-
тырушылардың кім екенін нақты білмегенін байқаймыз.
Хат иесі зұлымдыққа қарсы тұрып, суға батып бара жатқан адамдарды құтқару үшін
əрекет жасаудың өзі қауіпті екенін ашына жазып: «Ертеректе мұндай жағдайда
бастықтардың өзі мені қолдар деп сенген едім» деп кейінгі кезде ол ойынан да үміт үзге-
нін, оларға да сенбейтінін білдіреді. «Алланың жазмышы сол болса – орындала берсін, бі-
рақ мен өзімнің негізгі пікірімнен таймаймын, күшім жеткенше қандастарыма пайдалы
адам боламын деген талабымнан қайтпаймын», – деп қатерге бас тігеді.
1922 жылы 22 сəуірде жазған М.Əуезовтің «Ыбырай Алтынсарин» мақаласында «17
июльде 1889 жылы 48 жасында Ыбырай жүрек ауруынан» қайтыс болғанын көрсетеді.
[Алаш көсемсөзі. 10 томдық. 2 – кітап, Шолпан. – Алматы. Өнер, 2010. 244 б.]
.
Ыбырай шəкірті Ғабдолғали Балғымбаев «Ы.Алтынсарин туралы естелігінде» 1889
жылдың жазғы шілде айында Ы.Алтынсарин неден екенін анық білмеймін: не өкпесіне
суық тиіп, не бетеге дертіне ұшырап, қатты ауырып қалды» – дей келіп қасында жергілікті
дəрігерлер Лапинский мен Қарабаевтың болғанын, бірақ олардың да ауруын анықтай ал-
мағанын, кейін Тройцкі қаласынан келген белгілі дəрігер Покрывалов «қарынның іскеніне
қарап, ауруын бетеге деп» тапқанын айтады
[«Ыбырай Алтынсарин тағылымы». Ал.
«Жазушы», 1991. 378 б.]
.
Өкпесіне суық тиген адамның ауруын тəжірибелі дəрігерлердің анықтай алмауы да,
Покрываловтың қарынның іскеніне қарап ауруын бетеге деуі де сенімсіздеу.
Ильминский Ыбырайдың қайтыс болғаны жайында жазылған қазанамасында оны
өкпе ауруынан опат болды десе, республикалық дəрежедегі дербес зейнеткер, кезінде ау-
дан басшыларының бірі болған Əуезхан Жүсіпов ақсақал Ыбырайдың жүрек, бауыр
ауруынан қайтыс болғанын айтады («Аманат», 1991. 9 сəуір. 4 б.).
Ыбырайдың дүниеден ертерек өтуіне себеп – аурудың меңдеуі, денеге тиген таяқ.
Ең бастысы жан жарасы – қайғы, қасірет, құсалық. Ұлы ұстаздың соңғы сəттерінде қасын-
да болып, емдеген дəрігерлердің оның ауруын көрсетіп, дəл айта алмауының сыры да
осында жатқан сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |