Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет107/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Өндірістік өзіндік құн деп өндірілген өнімге өңдеу про- цесінде жұмсалынған барлық өндірістік шығындар жиынтығы жатқызылады, яғни өнім дайын болғанға дейінгі шығарылған шығындар көлемін айтады. Өндірістік өзіндік құн арқылы жал- пы өнімге жəне оның бір бірлігіне жұмсалынған шығын көлемін анықтауға толық мүмкіндік туады.

Толық өзіндік құнға өнім өндірушілердің тек өндіріс про- цесінде жұмсаған шығындарынан бөлек сол өндірілген өнімдерді қоймада сақтауға, буып-түюге, жүк түрінде көлікпен тасымалдауға байланысты болатын шығындарды жатқызады жəне оны кейде өндірістен тыс шығындар деп те атайды.

Егер өндірістік жəне өндірістен тыс шығындарды бірге қарас- тыратын болсақ, онда сол өнімді шығаруға жұмсалынған бар- лық шығын анықталады. Оны статистикада өндірілген өнімнің толық өзіндік құны деп атайды.

Өндірілген өнімнің өзіндік құнының мөлшерін, құрамын, ди- намикасын зерттеуге қажетті бастапқы мəліметтерді статисти- ка органдары бухгалтерлік есептілік деректерінен алады жəне оны зерттеу кезінде статистиканың алдында:

  1. өнімді өндіруге жұмсалынған шығындардың жалпы көле- мін жəне өнімнің əр бірлігіне шаққандағы немесе тауарлы өнім- нің бір теңгесіне келетін шығынның мөлшерін есептеу;

  2. нақты өзіндік құнның жоспармен салыстырғандағы өзге- руін анықтау;

  3. нақты өзіндік құнның өткен уақытпен салыстырғандағы өзгеруін, яғни динамикасын зерттеу;

  4. өзіндік құнның құрамының өзгеруін анықтау;

  5. өзіндік құнның өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтау жəне есептеу;

  6. өндірілетін өнінмнің өзіндік құнын төмендетудің бола- шақтағы резервін іздестіру сияқты міндеттер тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет