Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет2/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

2


ƏОЖ 330 (075.8)

КБЖ 65.011 я 73

© Ы. Ә. Әміреев, Ж. Ы. Бейсекова, Е. М. Киіков, 2012



© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012






АЛҒЫ СӨЗ
Оқырмандарымыздың назарына ұсынылып отырған «Əлеу- меттік-экономикалық статистика» пəні бойынша жазылған оқу- лық экономика мамандықтарын даярлайтын жоғары оқу орын- дарының студентері мен оқытушыларына арналған. Оқулықта қазіргі кезде қолданылып жүрген типтік бағдарламадағы та- қырыптар мүмкіншілігінше қамтылған жəне теориялық жағынан оларды жетілдіру, толықтыру үшін əр тақырып өздеріне сəйкес келетін мысалдар ретінде сандық көрсеткіштермен сипатталған, яғни есептерден құрастырылған жəне есептеу жолдары көр- сетілген. Мұндағы келтірілген көрсеткіштердің көпшілігі Қазақ- стан Республикасы Статистика агенттігінің жарыққа шыққан кейінгі жылдардағы (2005-2010 ж.) жинақтарынан алынған, ал кейбір жағдайда шартты деректер қолданылған.

Бұл пəнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерді ғылы- ми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық əдістерді қолдану арқылы, республикамызда болып жатқан əлеуметтік-эконо- микалық құбылыстар мен үдерістердің сандық өзгерістерін, оның сапалық жағымен байланыстыра отырып, оған талдау мен қорытындыны қалай жасау керек екендігін үйрететіндігі, cонымен бірге олардың ой-өрісі мен сана-сезімінің одан əрі жетілуіне, өсуіне көмегін тигізетіндігі. Осыған орай, оқулықта ҚР Статистика агенттігінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты түрлі статистикалық əдістемелер қолданылды, сондай-ақ: əлеуметтік-экономикалық статистика пəні, əдістері мен міндеттері жəне көрсеткіштер жүйесі, халық жəне еңбек ресурстарының статистикасы,жұмыс күші мен жұмыс уақыты- ның статистикасы, еңбек өнімділігінің статистикасы, еңбекке ақы төлеу статистикасы, ұлттық байлық статистикасы, негізгі капи- талдар статистикасы, айналым капиталдар статистикасы, өнімнің өзіндік құнының жəне кəсіпорындардың қаржы нəтижелерінің статистикасы, халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы, ұлт-

тық шоттар жүйесі сияқты тақырыптар қарастырылды. Осы көр- сетілген статистикалық тақырыптар толығымен ашылған деп есептейміз.

Авторлар тобы осы оқулықты дайындау кезінде берген ақыл- кеңестері мен ұсыныс-пікірлері үшін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры, э.ғ.д. Э. Т. Төлегеновке, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясының профессоры, э.ғ.д. Н. Н. Ибры- шевке, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, э.ғ.д. Н. Ə. Махамбетовке шын жүректен алғыстарын айтады.

Аталмыш оқулық өзінің құрамы мен мағынасы жағынан жо- ғары оқу орындарының мемлекеттік стандартына сəйкес келуіне қарамастан, бірініші рет даярлануына байланысты кемшілік- тен түгелдей ада деп айта алмаймыз. Осыған орай мамандар мен оқырмандар тарапынан құнды да əділетті ұсыныстар мен түзетулер енгізу талабы байқалса, онда оны келешекте екінші рет қайта даярлау кезінде міндетті түрде ескереміз жəне оған автор- лар тобы алдын ала ризашылықтарын білдіреді.

Осы еңбекке алып-қосарларыңыз, ұсыныс- пікірлеріңіз болса, мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:

050012. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97-үй., М. Тыныш- баев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясы,



«Есеп жəне аудит» кафедрасы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет