Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы


ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ МЕН КƏСІПОРЫНДА



бет106/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ МЕН КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫ НƏТИЖЕЛЕРІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ


    1. Өнімнің өзіндік құны туралы жалпы түсінік

Өнім өндірумен айналысатын отандық кəсіпорындар мен ұйымдар өздерінің өндірген өнімдеріне кеткен шығын көлемін төмендетуге жəне сол жұмсалынған шығындардың орнын бар мүмкіндіктерінше толтыруға ат салысады. Демек, өндірілген өнімдерінің өзіндік құнын анықтайтындығы.



Өнімнің өзіндік құны деп кəсіпорындар мен ұйымдар белгілі мөлшерде бір дана (кг, метр) өндіруге жəне оны өткізуге байла- нысты жұмсалынған ақша түріндегі шығындарды айтады. Оның құрамына өнімді өндіруге кеткен шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, машиналар мен жабдықтардың, ғимарат- тардың, еңбек құрал-жабдықтарының (амортизациясы) өнді- ріс процесінде жаңадан жасалған, өнімге көшірілген құны мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалынған шығындар жатқызылады. Экономика салаларында өндіретін өнімдерінің түрлеріне жəне мамандандырылуына байланысты жоғарыда көрсетілген шы- ғындардың өзгеруі мүмкін. Сондықтан, əрбір өнім өндіруші кəсіпорындар мен ұйымдар өндіретін өнімдеріне кететін жал- пы шығын мен оның бір данасына жұмсалынатын шығынды алдын ала калькуляция жасау арқылы анықтап алады. Демек, жұмсалынатын шығын мөлшері жоспарланады. Осыған орай, өндірілген өнімдердің үш түрлі өзіндік құндары (жоспарлы, мөлшерлі жəне нақты) есептеледі жəне сол арқылы жетістіктері мен кемшіліктері анықталады. Мұнда өзіндік құнды төмендету үшін қандай бағытта жұмыс істеу керек екендігін көруге мүм- кіндік туындайды, яғни негізгі себептердің əсерінен кемітуге болатындығы көрсетіледі. Соның ішінде ең маңыздысына жа- татыны еңбек өнімділігін арттыру, материалдық шығындарды азайту, негізгі капиталдарды тиімді пайдалану, өндірісті басқару- ға жəне қызмет көрсетуге жұмсалынатын шығындарды, өндірістік емес жəне өнімсіз шығындарды бар мүмкіндігінше азайту бо- лып табылады. Осыған байланысты өнім өндіруші кəсіпорын-

дар өздерінің тиімділігін арттырады жəне қорлану жағдайла- рын ұлғайтады. Сонымен бірге көтерме жəне бөлшек сау- даларындағы бағаларды кемітуге толықтай мүмкіндік береді. Статистикада өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау кезінде, оны негізгі екі түрге бөлетіндігі:

  1. өндірістік өзіндік құн, басқаша айтқанда өнім өндіруші кəсіпорынның өзіндік құны;

  2. толық өзіндік құн.

Енді осы аталған өнімнің өзіндік құндарының түрлеріне қысқаша анықтама, түсініктеме берейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет