Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет151/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

9. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ


    1. Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) туралы жалпы түсінік жəне оның даму тарихы


Ұлттық шоттар жүйесі дегеніміз – макроэкономикалық деңгейде қоғамымыздың əлеуметтік-экономикалық жағдайларын қисынды, жүйелі, үйлесімді жəне активтер мен пассивтердің балансы түрінде, өз ретімен көрсеткіштер жүйесі арқылы си- паттайтын жəне халықаралық стандарттарға сəйкес келісілген кестелердің, анықтамалардың, топтастырулардың, есеп ереже- лерінің ұғымдары көрсетілген, яғни бүкіл əлемде қолданылатын экономикалық ақпараттар жүйесін айтады. Демек, халықаралық стандарттар арқылы əртүрлі елдерде есептелген көрсеткіштерді салыстыруға қол жеткізу үшін қолданылады. Мұнда халықара- лық стандарттарға сəйкес маңызды əлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы көрсеткіштер біркелкі сипат- талады жəне барлық елдер бойынша əлеуметтік-экономикалық дамудың нəтижелері бағаланады

Қазіргі кезде ұлттық шоттар жүйесі əлеуметтік-экономика- лық статистиканың негізгі бір бөлігі ретінде күрделі деректер- ден тұратын жəне оны жиынтық түрінде көрсете отырып, сол берілген көрсеткіштерге экономикалық талдау жасауға жəне болашаққа бағдарлама жасау арқылы белгілі бір мөлшерде шешім қабылдау мақсаты үшін пайдаланылады. Сонымен бірге экономикалық саясатты жүргізу мен мемлекетті басқарудың жал- пы жүйесі болып саналады.



Ұлттық шоттар жүйесінің алдына қойған негізгі мақсаты эко- номика салалары мен оның секторларының даму процестеріне талдау жасай отырып, оның басқа елдермен салыстырғанда- ғы жағдайының қандай екендігін көрсетеді, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайды. Бұл жүйе өндірісті ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, инфляция деңгейін төмендету, сыртқы экономикалық байланыстарды ретке келтіру сияқты шаралар- ды қабылдау үшін ақпараттарды қалай қолдану керек екендігін үйретеді.

Жалпы алғанда, Ұлттық шоттар жүйесі мен оның макроэко- номикалық көрсеткіштері экономистердің, статистиктердің, қаржыгерлердің, іскерлердің, мемлекетті басқару органдары ма- мандарының, саясаткерлердің, социологтардың, дипломаттар- дың жəне тағы басқалардың өзара экономика-статистикалық сөйлесулерінің бірден-бір тілі болып саналады. Демек, оның ат- қаратын рөлінің жоғары екендігін осыдан көруге болатындығы.

Нарықтық экономика кезінде Ұлттық шоттар жүйесінің негізі сол, мұнда бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бірақ əртүрлі экономикалық əрекеттер шоттар жүйесі арқылы анықталады жəне институционалдық бірліктер немесе секторлар бойынша əр жылдың басына жəне аяғына активтер мен пассивтер балан- сы қолданылады. Қолданылған əрбір шоттар жүйесі өздерінің қызметтерін сипаттайды, яғни өндіріс, табыстардың пайда бо- луы жəне т.б. Ал əрбір шот баланстық көрсеткіштер бойынша көрсетіледі. Демек, ресурстар мен пайдалану бөліктері тепе- теңдікте болатындығы жəне келесі шоттарға ауысып отыра- тындығы.

Қазіргі кезде Ұлттық шоттар жүйесінің алдына қойған негізгі міндеті – мемлекетіміздің экономикасын жəне оның секторларының даму процестеріне талдау жасау, белгіленген бағдарламаны іске асыру жəне белгілі бір мөлшерде шешім қабылдау үшін көптеген статистикалық көрсеткіштерді қолдану арқылы экономикалық саясаттың жүзеге асырылуын қадағалау. Демек, экономика салаларының алдына қойған мақсаттарын шешуге көмегін тигізеді. Сонымен бірге əр мемлекеттің эко- номикалық даму (кему) жағдайын ескере отырып, олардың макроэкономикалық көрсеткіштерімен біздің елдің сондай көр- сеткіштерін салыстыруға толықтай мүмкіншілік туындайды, яғни өсу немесе кему қарқынын анықтайды.



Ұлттық шоттар жүйесінің құрылымы қисынды жəне жүйелі сипатқа ие болуда. Бұл дегеніміз жалпы ішкі өнімді анықтау ке- ңейтілді, құнсыздану қарқынын ескере отырып, шығарылған өнімді инфляция қарқындылығымен бағалау əдістері іс жүзінде жүзеге асырылды жəне көптеген мемлекеттердің статистикалық тəжірибесінде қолданылатын экономикалық ақпараттар жүйесі кең көлемде қолданылуда.

Ұлттық шоттар жүйесі статистикалық əдіс ретінде ХХ

ғасырдың 30-жылдарының екінші жартысында бастамасын Ан- глиядан бастаған,яғни сонда пайда болған. Оның пайда болуына мемлекетті басқару органдарының басқару жұмыстарын дұрыс жолға қою үшін экономикалық ақпараттардың қажет болуынан туындаған. Осының негізінде ағылшын экономисі Дж. Кейнес- тің (1883-1946) экономикалық айналым туралы ілімінің рөлі өте жоғары бағалануда. Себебі 1929-1933 жылдардағы экономика- лық дағдарыстан кейін көптеген экономистер мен теоретиктер нарықтық экономиканы қалпына келтіру үшін мемлекеттік реттеу шараларының қажет екендігін көрсетті.Бұл пікірді бірінші болып ұсынған Дж. Кейнс болды жəне ол өзінің 1936 жылы жариялаған

«Жұмыстылық, пайыз жəне ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегінде мемлекеттік реттеу шаралары үшін макродеңгей- дегі ақпараттар жүйесін қалыптастырудың принциптерін ашып көрсетті.

Ұлттық шоттар жүйесін зерттеуде, оның дамуына үлкен үлесін қосқан көрнекті ғалымдардың бірі болып, ағылшын экономис- статистигі К. Кларк (1905-1991) пен американ экономисі С. Кузнецтің (1901-1985) еңбектерін атауға болады. Мысалы, К. Кларктің еңбектерінде экономикалық статистиканың бөлім- дерінде қолданылатын əртүрлі топтастыруларды үйлестіру не- гізделген жəне ұлтық өнімдер мен ұлтық табыстар арасындағы айырмашылықтың маңыздылығы көрсетілген. Ал американ эко- номисі С. Кузнец өзінің есептеу əдістеріне талдау жасай отырып, ұлттық табысты шектеудің қажеттілігін ұсынған.

Ұлттық шоттар жүйесінің одан əрі дамуына орыс ғалым- дарының да қосқан үлесі өте жоғары. Соның ішінде Л. А. Леон- тьевтің (1901-1974) еңбегін атап кеткеніміз дұрыс болар. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде салааралық балансты ойлап тапты жəне оны Ұлттық шоттар жүйесіне үйлестірді, яғни оның құрамына біріктірді.

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жағдайын сипат- тайтын жүйелі жəне əртүрлі статистикалық ақпараттарды қалып- тастыруды аяқтау, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер- ді есептеуді халықаралық əдіснамасына сəйкестендіру, (1994 жылдан бастап) Ұлттық шоттар жүйесін жүргізудің əдістерін тəжірибелік игеру жəне оның ақпараттық базасын қалыптастыру жұмыстарына қол жеткізілді.

Қазақстанда Ұлттық шоттар жүйесін құру тəуелсіздік алған күннен басталды. 1992 жылғы желтоқсан айында қабылданған статистиканы, бастапқы жəне бухгалтерлік есептеуді қайта құру туралы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Ұлттық шоттар жүйесі енгізілді. Оны еліміздің статистикалық тəжірибесіне енгізу Ұлттық шоттар жүйесімен айналысатын халықаралық ұйым- дардың ұсыныстары бойынша жолға қойылды. Осыған орай, 1993 жылы Мемлекеттік статистика комитетінің құрылымында тиісті басқарма құрылды жəне осы уақыттан бастап, халықаралық стан- дарттар негізінде Ұлттық шоттар жүйесінің əдіснамасын меңгеру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда.

Алғашқы кезеңдерде Ұлттық шоттар жүйесін экономика са- лаларында қолданудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеу болып табылды. Ол экономи- ка салалары балансының (ЭСБ) негізгі көрсеткіші ретінде жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты қатар есептегені. Қатарлас есептеу 1994 жылдың соңына дейін қолданылды.



Ұлттық шоттар жүйесінің əдістемесін қолдану кезінде Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеу халықаралық тəжірибеде қолданыла- тын үш əдіс, яғни өндірістік əдіс, ақырғы қолдану əдісі жəне та- быс көздері бойынша дайындалды. 1990 жылдан бастап, жүйенің ағымдағы шоттары бойынша экономиканың салалары мен сек- торларында ретроспективті есептеулер жүргізілді. 1994 жылдан бастап, жылдық деректер негізінде маусымдылыққа түзетілетін өндіріс əдісімен есептелген жалпы ішкі өнімнің тоқсандық есептеулері, ал 1995 жылдан бастап, түпкілікті тұтыну əдісімен есептелген ЖІӨ-нің тоқсандық есептеулері жүзеге асырылды.

Табыс көздері бойынша Жалпы ішкі өнімді тоқсандық жəне жылдық көрсеткіштерін қолдану негізінде баланстық принципті пайдалану арқылы есептелуде. Осыған орай, 1995 жылдан бастап, жалпы өңірлік өнімді (ЖӨӨ) есептеу жүргізілді, ал 1996 жылы Əлемдік банк грантының шеңберінде халықаралық сарапшылық өткізіліп, Ұлттық шоттар жүйесі-93 əдістемесінің негізінде оның дұрыс қолданылғаны анықталды. Қазіргі кезде республикамызда қолданылып жүрген Ұлттық шоттар жүйесінің құрылымы:

  • өндіріс шотынан;

  • табыстардың кұралу шотынан;

  • табыстарды бастапқы бөлу шотынан;

  • табыстарды қайта бөлу шотынан;

  • заттай нысандағы табыстарды қайта бөлу шотынан;

  • табыстарды пайдалану шотынан;

  • түзетілген табыстарды пайдалану шотынан;

  • капиталмен жасалған операциялар шотынан;

  • қаржы шотынан;

  • тауарлар мен қызмет көрсету шоты;

  • «басқа елдермен» операциялар шотынан тұрады.

Келешекте басқа қорланым шоттарын (қайта бағалау, ак- тивтер көлеміндегі басқа өзгерістер) жəне жүйенің баланстық кестелерін құру əдістемесі жоспарлануда. Ұлттық шоттар жү- йесін қолдану барысында ақпараттық базаның, оның талапта- рына сəйкес келмейтініне жəне макрокөрсеткіштерді қалып- тастырудың əдістемелерін қайта қарастыру кезінде түрлі өзекті сұрақтар туындайды. Статистикалық жүйені реформалау бары- сында сыртқы экономикалық қызмет, төлем балансы, баға, үй шаруашылығы статистикасы сияқты ұлттық шоттар жүйесіне қажетті статистиканың жаңа салалары құрылғанына қарамастан, қазіргі кездегі ақпараттық база толықтай біріктірілген жəне өзара бір-бірімен байланысқан шоттар жүйесін құру əлі жеткіліксіз- деу болуда. Сондықтан статистиканы реформалауды жалғастыру (кəсіпорын статистикасына көшу, статистикалық бақылаудың жаңа əдістерін меңгеру, деректерді өңдеудің жаңа технология- ларын енгізу) Ұлттық шоттарды құруға арналған ақпараттар жүйесін кеңейтуге толықтай мүмкіндік туғызады.

Соңғы жылдары республикамызда қолданылып жүрген Ұлт- тық шоттар жүйесін одан əрі жетілдіру үшін статистиканың ал- дына қойған негізгі мақсаттарына: экономиканың қызмет етуінің жалпы сипатын көрсету, жүйенің негізгі макрокөрсеткіштерін есептеу, салалық статистикалардың керекті мəліметтермен толықтай қамтылуы жəне оның сапасын жақсарту, шетелдерде қолданылып жүрген жаңа əдістемелерді кең көлемде меңгеру, эксперименталдық есептеу тəсілдерін қолдана білу жəне ста- тистиканың есептік көрсеткіштерін есептеу тəжірибесінде əлі күнге дейін қолданылмаған, яғни Ұлттық шоттар жүйесінде Ха- лықаралық статистика стандарттарына сəйкес келетін, жаңадан енгізілген шоттарды пайдалану жатады.



Қазіргі кезде Халықаралық статистика стандарттарының көрсеткіштерін қолдану арқылы əртүрлі елдерде есептелген көрсеткіштерді салыстыруға толықтай мүмкіншілік туындайды жəне олардың əлеуметтік-экономикалық даму нəтижелері бағала- нады. Осыған орай, Халықаралық статистикада стандарттардың:

  • халықаралық статистиканың жалпы əдіснамалық ережелері;

  • статистикалық көрсеткіштер сыныптауышы;

  • көрсеткіштерді есептеу нұсқаулықтары;

  • анықтамалар жəне техникалық нұсқаулықтар сияқты түрлері қолданылады.

Жалпы əдіснамалық ережелер – экономикадағы маңызды өзара байланыстар жəне оның қызмет ету нəтижелерін сипаттай- тын жиынтық ақпарат жүйесін құру принциптері жəне əдіснамасы мазмұндалған құжаттар. Мұндай құжаттарға, ең алдымен, Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) жатады жəне бірнеше жыл қолдануға да- йындалады. Осыған орай, 1993 жылы БҰҰ Экономикалық жəне Əлеуметтік Кеңесімен мақұлданып, елдер жəне халықаралық ұйымдарға тəжірибелік пайдаланулары үшін ұсынылды. 1993 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі деп аталатын бұл халықаралық стандарт Төлем балансымен өзара байланысқан өндіріс фак- торлары теориясы жəне салааралық байланыстарға негізделген біртекті көрсеткіштердің пайдалануын регламенттейді. Мұндай көрсеткіштер жүйесінің көмегімен елдегі жəне шаруашылық сек- торларында болып жатқан экономикалық жағдайларды толғымен көрсетеді.

1993 жылдан қолданылып келе жатқан Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ-93) өзінің ауқымдылығы мен ашықтылығымен ерекшеленген жұмыс нəтижесі болып табылды. Бұл кешенді шоттар жүйесі экономикалық талдау, шешім қабылдау жəне саясат жасауға жарайтын түрде экономикалық деректер құруға жəне көрсетуге мүмкіндік берді. Демек,халықаралық стан- дарты макроэкономикалық шоттар активтер жəне пассивтер баланстарының,сонымен қатар, халықаралық деңгейде келі- сілген түсініктер, анықтамалар, сыныптауыштар жəне есептеу ережелерінің қисынды, дəйекті, үйлесімді жəне біртұтас жиын- тығы болып саналады.



Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ-93) халықаралық стандарты- ның алдына қойған негізгі мақсаты талдауға жəне экономиканың

қызмет ету тиімділігін бағалауға жарайтын макроэкономика- лық деректер базасын құруға қолданыла алатын жан-жақты кон- цептуалдық негізде жəне есептеу құрылымын қамтамасыз ету болып табылады. Осындай базаның болуы тиісті шешімдерді қабылдау үшін жəне ұтымды саясатты жасаудың қажетті шарты саналады. Ұлттық шоттар жүйесін қолдану аясы төмендегідей:

  • экономикалық жағдайдың өзгеруін бақылау, яғни өндірісті, үй шаруашылықтарының тұтынуын, мемлекеттік органдардың тұтынуын, қорлануын, экспорт пен импортты, еңбекақыны, пай- даны, салықтарды, несиелеуді, қарызға алуды жəне т.с.с. негізгі экономикалық ағындар қарқынын бақылауға мүмкіндік туғы- зады, ағымдағы жəне тұрақты бағалар түрінде есепке алынады.

  • макроэкономикалық талдау: ұлттық шоттар құрылымының шеңберінде ағымдағы жəне тұрақты бағаларда уақытша дерек- тер қатарларына эконометрикалық əдістерді пайдалану жолымен əртүрлі экономикалық ауыспалылар арасындағы функционалдық өзара байланыстар параметрлерін бағалау.

    • экономикалық саясатты əзірлеу жəне тиісті шешімдерді қа- былдау: қысқа мерзімді болашаққа экономикалық саясатты əзір- леу жəне елдің қазіргі кездегі жағдайын бағалау, болашақтағы ықтималды өзгерістерге болжау жасай отырып, белгілі бір мөл- шерде тұжырымдау.

    • халықаралық салыстырмалар: мұндай салыстыруларды эко- номистер, журналистер жəне басқа да сарапшылар экономикала- ры ұқсас мемлекеттерді бір-бірімен салыстыра отырып, олардың экономикасының даму процестерін жəне қызмет көрсетудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады.

1993 жылғы пайдаланылған ҰШЖ көптеген жаңартулар ен- гізілгеннен кейін БҰҰ Статистикалық Комиссиясы басқада ірі жаңартуларды жүзеге асырудың қажеттілігі туралы шешім қа- былдады. Бұл қажеттілік өндіріс үрдісінде ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың жаңа түрлерінің дамуы- на, материалдық емес активтер мен қызмет көрсетулердің маңыздылығының артуына, ұлттық экономикалық жүйелердің жаһандануы жəне əлеуметтік реформаларға байланысты эконо- микада соңғы 15 жылда едəуір өзгерістер пайда болуына бай- ланысты туындады. Бұл өзгерістер статистикалық деректерді қалыптастыру жəне де сыныптауыштар аясында, сонымен қатар,

статистикалық зерттеулерде жəне макроэкономикалық статисти- каны қалыптастыруда концептуалдық негіз ретінде пайдаланатын теориялық ережелерді түзетуді қажет етеді.

1993 жылғы ҰШЖ жаңару үрдісі ресми түрде аяқталған бо- лып есептеледі жəне БҰҰ Статистикалық Комиссиясы оған «2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі» атауын беруді ұсынды. 2008 жылғы ҰШЖ Қазақстанға ендіру ҰШЖ барлық бөлімдерін қамтитын жаңа болжамын жан-жақты оқып-білуден басталды. Негізінен, өзгерістер қаржылық емес активтермен, қаржылық қызмет көрсетулер, мемлекеттік басқару секторымен жəне мемлекеттік сектормен байланысты, яғни ұсыныстардың көбі экономиканың өсіп келе жатқан жаһандануда, қаржылық аспаптардағы иннова- цияларда, байлық көздеріне жəне жеке мемлекеттік секторлар- дың борышына қызығушылықтың өсуін сипаттайтын эконо- микалық бірлік жəне операцияларға қатысты бөлімдерінде шо- ғырланған.



Соныменен, 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесін қолдану- дың нəтижесінде экономиканың қызмет етуінің жалпы сипатын көрсету, макрокөрсеткіштерді есептеу, шоттар жүйесін одан əрі жетілдіру, жаңа əдіснамаларды меңгеру, статистика тəжірибесінде қолданылмаған шоттарды енгізу жəне сыртқы өндірушілермен байланыстылықты арттыру болып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет