Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы


Ұлттық шоттар жүйесінде (ҰШЖ) қолданылатын топтастырулар



бет152/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   184
Ұлттық шоттар жүйесінде (ҰШЖ) қолданылатын топтастырулар


Кез келген мемлекеттің экономикасы негізгі бір құрылымдық жүйелерден тұрады. Сол құрылымдық жүйелерді оқып-үйрену, зерттеу үшін əртүрлі топтастырулар мен жіктемелер қолданылады жəне солардың ішінде негізгілеріне:

  • институционалдық бірліктерді экономика секторларына топ- тастыру;

  • экономика салаларына топтастыру;

  • экономикалық операцияларға топтастыру;

  • экономикалық активтер мен пассивтерге топтастыру жатады. Енді осы көрсетілген төрт топтастырудың негізгі түріне қыс-

қаша тоқталамыз:

Институционалдық бірліктерді экономика секторлары бо- йынша топтастыру – бұл ҰШЖ қолданылатын топтастырудың ішіндегі негізгісі болып саналады. Институционалдық бірлік деп өз атынан активтерге ие бола алатын, өзіне міндеттемелер ала алатын, басқа бірліктермен шаруашылық қызметтері тура- лы əр түрлі операциялар мен келісімшарттар жасай алатын жəне бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізе алатын заңды немесе жеке тұлғаларды айтады. Мұнда, заңды тұлғаларға кəсіпорындар, корпорациялар, мемлекеттік мекемелер, қаржылық делдалдар, қоғамдық ұйымдар жатқызылады. Институционалдық бірліктің өзіне тəн өзгешелік белгісіне мыналар жатады:

  • тауарлар мен активтерге меншік иесі бола алады жəне басқа меншік бірліктеріне оларды ауыстыруға толықтай мүмкін- шіліктері болады;

  • өздері жеке экономикалық шешімдер қабылдай алады жəне жеке немесе заңды тұлға ретінде қабылданған заңның алдында жауап береді;

  • өз атынан қаржылық міндеттемелерді қабылдай алады жəне басқада міндеттемелерді алу үшін келісімшарттар жасай алады;

  • институционалдық бірліктер арқылы қаржылық немесе қар- жылық емес активтер мен пассивтердің кірісі мен шығысы ту- ралы көрсеткіштерді зерттеу үшін қолданылатын ағымдық есеп болып табылады.

Осыған орай, институционалдық бірлік тұтас экономиканы құрастырушы 5 секторға бөлінеді жəне ол төмендегідей:

  • қаржылық емес корпорациялар (кəсіпорындар);

  • қаржылық корпорациялар (кəсіпорындар);

  • мемлекеттік басқару органдары;

  • үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚККЕҰ);

  • үй шаруашылықтары.

Енді осы аталған секторлардың құрамына қысқаша тоқталамыз жəне түсініктеме береміз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет