Мемлекеттікбасқаруоргандарыныңсекторы. Бұл сектор- дың құрамына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары, ғылыми зерттеу, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс пен тəртіп сақтау мекемелері, əлеуметтік қамсыздандыру қорлары, денсаулық сақтау, білім бері, спорт пен туризм, мəдениет пен өнер сияқты халыққа қызмет көрсететін мекемелер кіреді.
Мемлекеттік басқару органдары секторының негізгі атқара- тын міндеттеріне жеке тұлғалардың немесе жалпы қоғамның тұтынуына арналған нарықтық емес қызметтер көрсету жатады жəне өзінің басқару деңгейіне байланысты:
басқару аймақтық органдары мен əлеуметтік қамтамасыз ету қорлары, басқару аймақтық органдарының деңгейінде жұмыс істейтіндер;
басқару жергілікті органдары, басқару жергілікті органда- рының деңгейінде жұмыс істейтіндер болып үш секторға бөлінеді. Үйшаруашылықтарынақызметкөрсететінкоммерция-лық емес ұйымдар секторы(ҮШҚККЕҰ). Коммерциялық емес ұйымдарға үй шаруашылықтарына тауарлар өндірісі мен нарықтық емес қызметтер көрсетумен айналысатын, бірақ та- быс көзі болып саналмайтын заңды тұлғалар немесе əлеуметтік субъектілер, яғни институционалдық бірліктер жатады. Оның құрамына кəсіподақтар, кəсіпшілік немесе ғылыми қоғамдар, сая- си партиялар, тұтынушылар қауымдастықтары, діни қоғамдар, қайырымдылық ұйымдар, қоғамдық жəне спорттық клубтар, мəдениет жəне демалыс үйлері кіреді. Бұл сектордың ресурстары (табыстары) жарналардан, жəрдемдерден (садақалардан), мен-