Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет157/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   184
9.3. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі шоттары жəне олардың өзара байланыстылығы

Қазақстанда қоланылып жүрген Ұлттық шоттар жүйесі еліміздің экономикасының дамуы мен жұмыс істеуінің ерек- шеліктерін ескере отырып, оған қорытынды жасайтын көрсет- кіштер жүйесі болып саналады. Мұнда бір-бірімен байланыс- ты институциялық бірліктердің жасаған операцияларының көрсеткіштері көрсетіледі жəне жеке шоттарда сипатталады. Де- мек, өндіріс процессінің барлық сатылары арқылы тауарлар мен қызметтер көрсетудің барлық қозғалысы жеке шоттарда есепке алынады жəне оған: өндіріс шоты, табыстардың құралу шоты, бастапқы табысты бөлу шоты, табысты қайталама бөлу жəне заттай табыстарды қайта бөлу шоты, табыстарды пайдалану шоты, капиталмен жасалатын операциялар шоты, тауарлар мен қызметтер шоты жəне қаржы шоты жатады. Осы көрсетілген шот- тарды қолдану кезінде бухгалтерлік екі жақты жазу принципі еске түседі, яғни мұнда да əрбір жүргізілген операциялар шоттарда екі рет: бірінші рет – ресурстар бөлігінде, екінші рет – пайдалану бөлігінде көрсетіледі. Бұл бөліктер баланстық кесте түрінде си- патталады жəне олардың жиынтығы бір-біріне тең болады. Мұны Ұлттық шоттар жүйесінде «Ресурстар-Пайдалану» кестелері деп атайды жəне экономикадағы тауарлар мен қызметтердiң пай- даланылуын, қосылған құнның құрылуын сипаттайтын жəне

«Шығындар – Шығарылым» (сала аралық баланс) кестелерін құруда негіз болып табылатын Ұлттық шоттар жүйесiнiң біріккен құрама бөлiктерiнің негізгі компоненттерінің бірі болып табыла- ды. «Ресурстар-Пайдалану» кестелерін құру үшін халықаралық

тəжрибеде қолданылатын жəне Ұлттық экономикада қабылдан- ған тұжырымдамалар, анықтамалар, институциялық бірліктер, қызмет түрлері жəне өнімдерді жіктеу жүйелері қолданылады.

Ұлттық шоттар жүйесінің «Ресурстар-Пайдалану» кестесінің көрсеткіштер құрамына талдау жасайтын болсақ, онда бір- бірімен тығыз байланысты, яғни ресурстар бөлігі мен пайдалану бөлігіне екі кесте құруға болады. Кестенің ресурстар бөлігінде тауарлар мен қызметтердің ұсынымы бойынша ақпарат 75 сала бөлінісінен құрылатын болса, онда оның 38-і өнеркəсіпке жата- ды жəне деректер негізгі бағаларда көрсетіледі. Кестенің пай- далану бөлігінде салалар бойынша өнімдердің жалпы саны 251 тауар мен қызметтер атауы белгіленген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі «Ресурстар-Пайдалану» жəне «Шығындар-Шығарылым» кестелерін есептеуді автомат- тандыру əдістемесін жетілдіру үшін Норвегия статистикасымен бірлескен жоба іске асыруда жəне соның салдарынан 75 сала 164 салаға, ал 251 өнім 714 өнімге дейін жеткізілмек. Мұны статис- тика органының жеткен жетістіктері деп есептеуіміз тиіс жəне осыған орай Ұлттық шоттар жүйесінің «Ресурстар – Пайдалану» бөліктерінің үлгісін жеке қарастырамыз жəне кестенің сызбасын бөлек түрінде 9.1-кестеде келтіреміз:




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет