Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет165/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   184
Табыстарды қайта бөлу шоты

Табыстарды қайта бөлу шоты ағымдағы трансферттер- дің түсуі жəне табысталуы нəтижесінде секторлардың бастапқы табыс сальдосының олардың қолдағы табысына айналуын көр- сетеді. Табыстарды қайта бөлу шотының ресурстары мен пайда- лану бөлігінің үлгісін 9.5-кестеде келтіреміз:


    1. -кесте. Табыстарды қайта бөлу шотының үлгісі




Пайдалану

Ресурстар

3. Берілген (аударылған) ағымдағы трансферттер

1. Бастапқы табыстар қалдығы

4. Қолдағы бар табыс (1+2-3)

2. Алынған ағымдағы табыстар

Барлығы

Барлығы


Табыстарды қайта бөлу шотының ресурстар бөлігінде бас- тапқы табыстарды бөлу шотынан көшірілген бастапқы табыстар қалдығы мен алынған трансферттер көрсетіледі. Ал, пайдала- ну бөлігінде берілген ағымдағы трансферттер көрсетілген жəне оған: табысқа, мүлікке салынған ағымдағы салықтар; əлеуметтік сақтандыру мен əлеуметтік жəрдем жарналары жəне басқа да ағымдағы трансферттер жатады. Бұл шоттың баланстайтын ба- бына қолдағы бар табыс кіреді.

Трансферттер – бұл бір жақты экономикалық операциялар, яғни бір институционалдық бірліктің екінші бірлікке орнына та- уар, қызмет немесе актив түріндегі өтем алмай-ақ, тауар, қызмет немесе актив (қаржылық немесе қаржыға жатпайтын) беру опера- циясы. Трансферттер ағымдағы жəне күрделі деп екіге бөлінеді. Олар ақшалай немесе заттай нысанда жүргізілуі мүмкін.

Ағымдағы трансферттерге табысқа, байлыққа салынатын ағымдағы салықтар, əлеуметтік сақтандыруға төлейтін аударым, əлеуметтік жəрдемақылар, капиталдық сипаты жоқ ерікті жарна- лар мен сыйлықтар, айыппұлдар жəне т.б. жатады.

Институционалдық бірліктің түпкілікті тұтыну жəне жи- нақтау үшін қолда бар табысы қолдағы табыс болып санала-

ды. Ол бастапқы табыстан минус ағымдағы трансферт ретінде берілген табыс, плюс алынған ағымдағы трансферттің сальдосы- на тең. Барлық институционалдық бірлік-резиденттердің қолдағы табыстарының сомасы жалпы ұлттық қолдағы табысқа тең.

Пайдалану сатысындағы жалпы ішкі өнім тауарлар мен қыз- метті түпкілікті пайдалану, жалпы қорлану жəне таза (импортты шегергендегі) экспорт сомасы ретінде есептеп шығарылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет