Коммерциялықкредиттерменаванстар. Коммерциялық кредиттер санатына: корпорацияларға, мемлекеттік басқару орган- дарына, коммерциялық емес ұйымдарға, үй шаруашылықтарына жəне басқа елдерге тікелей табыс етілетін тауарлар мен көр- сетілетін қызметтерге арналған кредиттер жатады. Ал, аван- стар деп аяқталмаған өндіріске немесе алдағы уақытта кірісетін жұмыстарға арналған, яғни алдын ала төленетін ақша қаражатын айтады.
Қарыз(заем)деп белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясын айтады. Қарыздар қысқа жəне ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді қарыздарды төлеудің алғашқы мерзімі – бір жыл немес одан ерте болса, ұзақ мерзімді қарыздарды екі жылдан кейін төлеу қажет.