Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет93/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   184
6. 6-кесте. Негізгі капиталдардың балансы, мың теңге

Баға- лау түр- лері


Жыл басын- дағы нақты қолда- ғы бары



Жыл ішінде келіп түскендері

Жыл шінде шыққандары



Жыл аяғын- дағы нақты қолдағы бары


бар- лығы



соның ішінде


барлы- ғы

соның ішінде

жаңа- дан қосыл- ғанда- ры

басқа- лай түскен- дері




тоз- ған- дары


жойыл- ғанда- ры

басқа- лай шық- қанда- ры




А

1

2=3+4

3

4

5=6+7+8

6

7

8

9=1+2-5

То- лық

15500

860

660

200

450

-

70

380

15910


Қал- дық

12000

810

660

150

1410

400

20



290


11400


Мемлекеттік статистика органдары негізгі капиталдардың ба- лансын жасаған кездерде оған ағымдағы бағаны, орташа жылдық бағаны жəне базалық жылғы тұрақты бағаны қолданады. Тұрақ- ты баға арқылы жасалынған баланс бойынша негізгі капиталдар динамикасының инфлияциясыз өзгергендігін сипаттайды.

Жалпы алғанда негізгі капиталдардың балансындағы жəне басқада көрсеткіштерді қолдана отырып, олардың жарамды- лығын, қозғалысын жəне пайдалану тиімділігін көрсететін көр- сеткіштерді де есептеп шығаруға толықтай болады.

6.3. Айналым капиталдар статистикасы


      1. Айналым капиталдар туралы жалпы түсінік

Айналым капиталдары (қорлары) деп қаржылық емес өн- дірілген активтердің жинақылық бөлігін айтады. Бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану жəне өндірістік процес- тер мен өндірілген өнімді өткізуді, сатуды үздіксіз қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Сондықтан өнім өндіру жəне қызмет көрсетумен айналысатын кəсіпорындардың айналым капиталдары (қаражаттары) болуы тиіс жəне сол арқылы өндірістік процестерінің қажеттілігін үздіксіз қамтамасыздандыруда атқаратын рөлі жоғары бағала- нады. Себебі, оның өзіне тəн ерекшелігі кездеседі. Мысалы, негізгі капиталдар өндірістік процестердің бірнеше циклдеріне қатысады жəне өзінің алғашқы табиғи түрін сол күйінде сақтай- ды, бірақ біртіндеп тозуына байланысты өзінің құнын өндіріл- ген (шығарылған) дайын өнімге бөлшектеп ауыстыратын бол- са, ал айналым капиталдары – бұл еңбек заттары, яғни өндіріс- тік цикл ішінде өзінің табиғи-заттық түрін толығымен жоғалтады жəне құнын толығымен өндірілген (шығарылған) дайын өнім- дерге бірден ауыстырады. Демек, айналым капиталдары өндіріс- тік циклдерге бір рет қатысады жəне өндірілген тауарлы өнім- дер мен қызмет көрсету құнының ішіне жатқызылады.

Айналым капиталдар құрамының негізгі бөлігін тауарлы- материалдық бағалы заттардың өндірістік қорлары, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс пен аяқталмаған құрылыс жатады. Бірақ экономика салаларының ерекшеліктеріне байланысты олардың құрамыда өзгереді. Мысалы, өнеркəсіп саласының айналым капиталдарының құрамына: өндірістік шикізаттар қорлары, ма- териалдар мен жартылай фабрикаттар (өнімдер), отын мен жа- нар май, қосалқы бөлшектер, ыдыс жəне ыдыс салатын қорап- тар, аспаптар мен шаруашылық құрал-саймандар, бағасы ар- зан жəне тез тозатын заттар, аяқталмаған өндіріс жəне тағы басқалар жатады.



Егер, ауыл шаруашылық саласын қарастыратын болсақ, онда оның айналым капиталдарының құрамына жоғарыда аталғандардан басқа қосымша: тұқымдық дəндер мен жас

көшеттер, жем-шөптер, бордақылаудағы малдар, төлдер (жас малдар) жатады.

Ауыл шаруашылық саласының басқа салалармен салыс- тырғанда оның өзіне тəн ерекшелігі бар сала болып табыла- ды. Себебі мұнда айналым капиталдар-негізгі капиталдарға, ал керісінше, негізгі капиталдар-айналым капиталдарына ауысады, яғни бірінің орнын екіншісі толықтырып отырады. Мысалы, жас малдарды (төлдерді) өсіре отырып, саулық малдардың орнына қоюға, ал қартайған саулық малдарды керісінше бордақылауға қоя отырып, етке өткізуге болатындығы. Сол сияқты өнім бере- тін жас көшеттер жəне тағы басқалай.

Жалпы алғанда кəсіпорындар мен бірлестіктердің, соның ішінде өнім өндіретіндердің айналым капиталдарының құрылымына талдау жасау жəне қандай мөлшерде екендігін жетік білудің мəні мен маңызы негізгі алға қойған міндеттерінің бірі болып саналады. Себебі, əрбір кəсіпорындар өздерінің ай- налым капиталының құрылымын оңтайландыру жəне олардың айналымын арттыру алдарына қойған басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Ал статистикалық зерттеудің əлеуметтік- экономикалық маңызы айналым капиталдарын анықтау, олардың айналымдылығын арттыру, өндірістік ресурстарды мүмкіншілігінше үнемдеу арқылы нəтижелігін жоғарлатудың негізгі факторлары екендігін көрсету болып табылады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет