Өндірістікөзіндікқұндеп өндірілген өнімге өңдеу про- цесінде жұмсалынған барлық өндірістік шығындар жиынтығы жатқызылады, яғни өнім дайын болғанға дейінгі шығарылған шығындар көлемін айтады. Өндірістік өзіндік құн арқылы жал- пы өнімге жəне оның бір бірлігіне жұмсалынған шығын көлемін анықтауға толық мүмкіндік туады.
Толықөзіндікқұнға өнім өндірушілердің тек өндіріс про- цесінде жұмсаған шығындарынан бөлек сол өндірілген өнімдерді қоймада сақтауға, буып-түюге, жүк түрінде көлікпен тасымалдауға байланысты болатын шығындарды жатқызады жəне оны кейде өндірістен тыс шығындар деп те атайды.
Егер өндірістік жəне өндірістен тыс шығындарды бірге қарас- тыратын болсақ, онда сол өнімді шығаруға жұмсалынған бар- лық шығын анықталады. Оны статистикада өндірілгенөнімніңтолық өзіндік құны деп атайды.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнының мөлшерін, құрамын, ди- намикасын зерттеуге қажетті бастапқы мəліметтерді статисти- ка органдары бухгалтерлік есептілік деректерінен алады жəне оны зерттеу кезінде статистиканың алдында: өнімді өндіруге жұмсалынған шығындардың жалпы көле- мін жəне өнімнің əр бірлігіне шаққандағы немесе тауарлы өнім- нің бір теңгесіне келетін шығынның мөлшерін есептеу;
нақты өзіндік құнның жоспармен салыстырғандағы өзге- руін анықтау;
нақты өзіндік құнның өткен уақытпен салыстырғандағы өзгеруін, яғни динамикасын зерттеу;
өзіндік құнның құрамының өзгеруін анықтау;
өзіндік құнның өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтау жəне есептеу;
өндірілетін өнінмнің өзіндік құнын төмендетудің бола- шақтағы резервін іздестіру сияқты міндеттер тұрады.