Өнім өндіру мен оны өткізуге кеткен шығындарға мына- лар жатады:
Материалдық шығындар, соның ішінде материалдар мен шикізаттар. Оған: сатып алынған бұйымдар, жартылай дайын өнімдер, қосымша материалдар, отын, энергия жəне табиғи ши- кізаттарды пайдалану, барлау жұмыстарына аударым, суға төлеу, жүктерді тасымалдау төлемі жəне тағы басқалай шығындар кіреді.
Негізгі капиталдардың тозуы.
Материалдық емес активтердің амортизациясы.
Басқалай шығындар, соның ішінде іс-сапар шығындары, жалгерлік шығындар, банк несиесінің пайызы, дайындық жұ- мыстар шығындары.
Міндетті сақтандыру төлемдері.
Негізгі жəне қосымша еңбекақы шығындары.
Əлеуметтік сақтандыру аударымы.
Кəсіпорын қаржысынан жұмыскерлерге төленген əлеумет- тік жəрдемақы.
Өнім өндіруші кəсіпорындар мен ұйымдар өздерінде өнді- рілген өнімдерінің өзіндік құндары туралы деректерді № 5–3
«Өнеркəсіп кəсіпорнының, өндірістік бірлестіктің өнімнің өзіндік құны мен өнімді өткізу туралы есебі» атты есеп беру формасында көрсетеді жəне белгіленген уақытында жергілікті статистика ор- гандарына тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |