Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық
2.1- сурет.Қазақстан халқының жастық құрылымы, % есебімен салмағы 10,4% кеміген. Демек, 70-90 жылдардағы бала туу көр- сеткіштерінің азаюына байланысты 29 жасқа дейінгілердің үлес салмағы күрт төмендеген. Ал керісінше, орта, яғни 30-57 жастағы əйелдер мен 30-62 жастағы еркектердің үлесі 28,3%-дан 37,9%-ға дейін өскен. Оның себебі бұл жастық құрамдарға 50-60 жылдары туылғандардың сəйкес келуіне байланысты болған жағдайлар.
Халықтың жастық жəне жыныстық құрылымын бірге зерттеу кезінде көрнектірек болу жəне белгілі бір мөлшерде қорытынды жасау үшін пирамида түрінде бейнелейді. Пирамиданы құру кезінде тік ортаңғы өсіне халықтың жастық топтарын,ал оның екі жағындағы көлденең өсіне сол жастық топтардағы халықтың нақты санын немесе үлесін көрсетеді. Пирамиданың сол жағына əйелдер, ал оң жағына еркектердің көрсеткіштері түсіріледі.
Егер халықтың жастық жəне жыныстық құрамы бұзылмаған болса, яғни үлкен айырмашылықта болмаса, онда құрылған пи- рамида дұрыс формасын сақтайды жəне жастық топтары жоға- рылаған сайын, пирамиданың баспалдақтары біртіндеп қысқара береді. Демек, жасы ұлғайған сайын, өлімнің өсу салдарынан сандық көрсеткіштері азаяды. Осыған орай, төменде Қазақстан халқының 2009 жылғы халық санағы бойынша жастық жəне жыныстық құрамы туралы көрсеткіштерін авторлар жасаған пи- рамида түрінде сипаттаймыз жəне оны 2.2-суретте келтіреміз:
Халықты зерттеу кезінде негізгі бір құрылымына жататыны отбасының саны, орташа мөлшері, ондағы орташа балалар са- нын анықтау болып табылады. Бұл көрсеткіштерді абсолюттік жəне қатысты шама ретінде (1000 отбасына шаққанда) қаншадан