Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет14/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184
2.2-кесте. Халықтың тууы, өлім-жітімі жəне табиғи өсімінің жалпы коэффициенттері1)


Жылдар

1000 адамға шаққанда, %

туғандар

өлгендер

табиғи өсімі

2000-2005

(орташа жылдық)



16,4

10,2

6,2

2005

18,4

10,4

8,0

2006

19,7

10,3

9,4

2007

20,8

10,2

10,6

2008

22,7

9,7

13,0

2009

22,5

9,0

13,5

2010

22,5

8,9

13,6

2005-2010

(орташа жылдық)



21,1

9,8

11,3

1). Стат. анықтама «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011. -22-23- б.


Кесте көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, онда туу коэффициентінің ең төменгі шегіне жеткені 2000-2005 жылдар болды (орташа жылдық 16,4%0), ал өлім-жітім коэффициентінің ең жоғары шегі 2005 жыл (10,4%0). Осы көрсеткіштерді ал- дыңғы бес жылмен салыстыратын болсақ, онда оның аз болса да өскендігін көреміз. Себебі,1995-2000 жылдары орташа туу коэффициенті-14,3%0, өлу-10,3%0 болды. Осының салдарынан табиғи өсім де төмендеді, яғни бар болғаны 4,0%0. Бірақ, 2005 жылдан бастап туу коэффициенті жылдан-жылға біртіндеп өсе бастады, ал өлім-жітім коэффициенті азаюда. Осыған орай, халықтың табиғи өсімі де біртіндеп өсуде. Əрине бұл қуанарлық жағдай, бірақ 60-80 жылдармен салыстырғанда өте төменгі көрсеткіш болып табылады. Мысалы, 60-жылдары республика бойынша орташа туу коэффициенті 29%0 , ал өлу коэффициенті 6,2%0 болды. Соның салдарынан табиғи өсім де жоғары болды. Де- мек, бұл үш көрсеткіш бір-бірімен тығыз байланысты жəне 1000 адамға шаққанда туғандардан өлім-жітім көрсеткіші неғұрлым төмен болса, онда халықтың табиғи өсім дəрежесі де соғұрлым үлкен келеді. 2005-2009 жылдары ішінде республика бойын- ша халықтың табиғи өсімі 849,4 мың адам болса, соның ішінде қалалық мекендерде 443,7 мың адам немесе 52,2%, ал ауылдық жерде 405,7 мың адам немесе 47,8% құрады. Ауыл халқының

табиғи өсімінің қала халқымен салыстырғандағы аз болуы, ауыл жастарының көпшілігінің қалалық жерлерге шоғырлануынан туындаған жағдай деп ұғынуымыз тиіс. 2009 жылы еліміздің табиғи өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 13,5%0 болды.

Жалпы туу коэффициентін есептеу кезінде барлық халықтың

орташа жылдық саны алынады жəне ол туу деңгейін жуық шамамен сипаттайды. Себебі, халықтың орташа жылдық са- нының құрамына бала көтермейтіндер, яғни еркектер мен жас балалар жəне егде жастағылар есепке алынады. Сондықтан де- мографиялық статистикада туу коэффициентін дұрыс есептеу үшін шартты түрде 15-49 жас аралығындағы бала тууға қабілетті жастағы əйелдердің орташа жылдық санын қолданады жəне оны арнайы туу коэфициенті деп атайды немесе мына формула арқылы анықтайды:
K T 1000,
S

T


15-49

1549


мұнда,

KT 1549

  • 15-49 жас аралығындағы əйелдердің арнайы туу

коэффициенті;

Т- жыл ішінде туылған балалар саны;




S1549 15-49 жас аралығындағы əйелдердің орташа жылдық саны.

Туудың арнайы коэффициенті сол кездегі бала тууға қабілет- ті 15-49 жас аралығындағы əйелдердің үлесіне де қатысты. Сон- дықтан оны екінші тəсілмен есептеуге болады. Ол үшін туудың жалпы коэффициентін көбейтеміз, сол кездегі барлық əйелдер ішіндегі 15-49 жастағы бала тууға қабілетті əйелдердің үлесіне немесе мына формула бойынша есептейді:

K K

d ,



T15 49

T 15 49

мұнда,

KT туудың жалпы коэффициенті;


d1549

барлық əйелдер ішінде 15-49 жастағы

əйелдердің үлесі, %.

Жоғарыда көрсетілген формулаларды əйелдердің бала көте- ру көрсеткіші деп те атайды. Мұнда 15-49 жас аралығындағы

əйелдердің арнайы туу коэффициенттерін есептеп қана қоймай, сонымен бірге туудың жасына қарай коэффициенттерін əрбір жас аралық (15-19, 20-24, 25-29, 30-34,35-39, 40-44, 45-49) топ-

тар бойынша жеке есептелді. Ол үшін белгілі бір жас тобындағы туылған балалар санын осы топтағы əйелдердің орташа жылдық санына бөліп, 1000-ға көбейтеді немесе мына формула арқылы есептейді:



KTX Y

Tx y

 1000 ,



Sx y


мұнда, KTx y

Txy

зерттеуге алынған топтың туу коэффициенттері;

сол топтық жастағы əйелдерден туылған

балалар саны;


Sx y сол топтық жастағы əйелдердің орташа жылдық саны.
Мысалы, 15-19 жастағы əйелдердің туу коэффициентін анық- тау формуласын келтіреміз:

Кт15-19

T1519



S1519
1000.

Туудың жасына қарай коэффициенттерін қолдану арқылы бір- неше көрсеткіштерді, яғни арнайы жиынтық, брутто жəне нет- то коэффициенттерін есептеуге болады. Оны төменде берілген 2.3-кесте көрсеткіштерінен көруге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет