Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет8/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

2. ХАЛЫҚ ЖƏНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ


    1. Халық статистикасы туралы жалпы түсінік, оның міндеттері жəне ақпарат көздері

Халық немесе демографиялық статистика əлеуметтік-эконо- микалық статистиканың негізгі бір бөлігі болып саналады.



«Демография» деген термин гректің екі сөзінен құралады:

«демос»- халық жəне «графия»- жазамын, сипаттаймын деген ұғымды білдіреді. «Демография» терминін француз ғалымы А. Гийяр 1855 жылы «Адамдар статистикасының элементтері немесе салыстырмалы демография» атты еңбегінде бірінші рет қолданған. Ал 1882 жылы «Бірінші халықаралық гигиена жəне демография» атты Женева Конгресінің сессиясында бұл термин ғылыми түрде талқыланды жəне іс жүзінде өмірде қолданыла бас- тады. Сөйтіп, демография нақтылы тарихи əлеуметтік жағдайда халықтың өсіп-өну заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып та- былады жəне əр мемлекет бойынша жеке зерттеледі. Себебі, əр мемлекеттің ең басты байлығы – оның халқы болып саналады. Халық – қоғамның негізгі əлеуметтік-экономикалық дамудың қозғаушы күші, бар байлық пен игілікті жасаушы. Сонымен қатар, жалғыз материалдық молшылық ғана емес, рухани байлықтардың бар көзі – сол жасампаз, еңбеккер халықта жататыны белгілі.

Демография немесе халық статистикасының алдына қойған негізгі мақсаты белгілі бір жердегі жəне уақыттағы халықтың са- нын, құрамын, табиғи, механикалық жəне əлеуметтік қозғалысын, оның өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтау, халықтың ор- наласуын, көші-қонын, өмір сүру ұзақтығын, қалалық жерлерге шоғырлануын, ұлтын жəне ұлттардың аралас қоныстануын, білім дəрежесін, экономика салаларындағы атқаратын рөлін, қоғамдық топтарға бөлінуін жəне т.б. көрсеткіштердің өзгеруін ғылыми ұйымдастырылған жүйеде зерттейді. Осы аталған көрсеткіштерді ағымдағы есепке алу, ішінара бақылау жүргізу жəне əрбір он жылда бір рет жүйелі түрде жүргізілетін халық санағының деректері бойынша алынады.

Халық санағы сол елдің аумағында орналасқан халықтың демографиялық, əлеуметтік-экономикалық жағдайын толықтай сипаттайтын жалғыз деректер көзі, яғни арнайы ұйымдастырыл- ған бақылау болып табылады. Санақты ұйымдастыру жəне оны сапалы түрде жүргізу өте күрделі жəне үлкен қаржы жұмсауды қажет ететін жұмыс болып саналады.

Бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде халық санағы 1926, 1939, 1959,

1970, 1979, 1989 жылдары жүргізілді. Осының ішінде кейінгі 30 жылда (1959-1989) жүргізілген санақты Бүкілодақтық халық санағы деп атады. Ұйымдастыру жəне əдіснамалық жағынан қа- рағанда, олардың арасында айырмашылық айтарлықтай жоқтың қасы. Бірақ, санақ парақтарының бағдарламаларына кейбір өзге- рістер енгізілген жəне қосымша сұрақтармен толықтырылған.

ТМД елдері тəуелсіздік алғаннан кейін БҰҰ ұсынысына сəйкес 2000 жылы дүниежүзі халық санағын өткізу туралы ұсынысына байланысты жəне Қазақстан Республикасы Үкіметі- нің 1996 жылғы 11 желтоқсандағы №1519 қаулысына сəйкес 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында алғашқы Ұлттық халық санағы өткізілді. Санақ бағдарламасына алдыңғы өткізіл- ген санақтар материалдарының салыстырмалылығын қарастыра отырып, 23 сұрақ енгізілді, оның 18 – сұрағы демографиялық- əлеуметтік сипатта, ал қалған 5 сұрағы – халықтың тұрғын үй жағдайлары туралы.

1999 жылғы жүргізілген алғашқы Ұлттық халық санағының материалдары толықтай өңделді жəне мерзімді бапасөз беттерінде, анықтамаларда жəне тақырыптық жинақтарда жарияланды.



БҰҰ шешіміне байланысты 2005-2014 жылдар аралығын- дағы мерзімге жоспарланған халық жəне тұрғын үй қоры санақ- тарының 2010 жылғы Бүкіл дүниежүзілік бағдарламасына сəй- кес жəне осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы №19 хаттамасы бойынша 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында екінші Ұлттық халық санағын өткізу туралы қаулы қабылданды жəне өз кезеңінде өткізілді. Бұл санақтың бағдарламасына халықтың ақпараттандырылу деңгейі, компьютерлік бағдарламарды, электрондық пошта жəне интернетті, тілдерді меңгеру дəрежелері туралы қосымша сұрақтар қосылды. Халықтың табысы мен кəсібі, көші-қон белсенділігі туралы сұрақтар кеңейтілді. Респонденттердің жүру, есту, көру, сөйлеу барысында көретін қиындықтары тура-

лы сұрақ қосылды. Санақ жүргізу барысында халық нақты жəне тұрақты тұратындар болып екіге бөлінеді. Нақты халықтың саны əрқашанда тұрақты тұратындар санынан артық болады жəне бұл көрсеткіштерді есептеу əрбір елді мекендер бойынша жеке анықталады.

Халықтың бұл топтық санын анықтау үшін мына формулалар- ды қолданады:

а) нақты тұратындар үшін: НТ=ТТ- УЖ+ УТ, ə) тұрақты тұратындар үшін: ТТ=НТ+УЖ- УТ, мұнда, НТ- нақты халықтың саны;

ТТ- тұрақты(тұрғылықты) халықтың саны; УЖ- уақытша жоқ адамдар саны;

УТ- уақытша тұратын адамдар саны.

Енді осы аталған халық категориясына қысқаша түсініктеме берелік:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет