Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет129/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Бірінші страта – үй шаруашылықтарының саны 30 мың бірліктен артық ірі қалалардың үй шаруашылықтарын қамтиды.

Екінші страта – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен артық, бірақ 30 мыңнан аз орта қалалардың үй шаруашылықтарын қамтиды.

Үшінші страта – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын қалалар мен қала типтес кенттердің үй шаруашылықтарын қамтиды.

Төртінші страта – Алматы қаласының үй шаруашылықтарын қамтиды.

Бесінші страта – Астана қаласының үй шаруашылықтарын қамтиды.

Алтыншы страта – ауылдық елді мекендердің үй шаруа- шылықтарын қамтиды.

Бас жиынтыққа үй шаруашылықтарының барлық типтері кіреді, бірақ ұжымдық тұрғын үйлерде тұратындар, яғни: жатақ- ханалар, қарттар мен мүгедектердің интернат үйлері, балалар үйлері, түрмелер, қонақүйлер, көшпенділер мен баспанасыздар кірмейді.



Республикамызда үй шаруашылықтарын зерттеу бағдарла- масы мынадай құралдармен қамтамасыз етілген:

  1. Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы.

  2. Негізгі сұхбатқа арналған жыл сайынғы сауалдама.

  3. Күн сайынғы шығыстарды есепке алу күнделігі.

  4. Тоқсан сайынғы шығыстар мен табыстарды есепке алу жур- налы.

  5. Шығыстар мен табыстар бойынша сұрақтар.

Жоғарыда аталған құралдарға қоса мақсаттарға сəйкес жеке тұтыну жіктеуішінің (классификоторы) негізінде əзірленген та- уарлар мен қызметтер тізбесі қоса беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет