Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет158/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

-кесте. Ұлттық шоттар жүйесінің «Ресурстар – Пайдалану» бөліктерінің үлгісі

А. Ресурстар бөлігі

Көрсеткіштер


Саланың негізгі бағадағы шығары- лымы


Им порт


СИФ/ ФОБ

Негізгі бағалар- дағы ресур- стар



Сауда жəне көлік үстеме бағасы

Өнімге салына- тын таза салық- тар

Сатып

алу- шылар бағасын- дағы ресурс- тар



Өнімдер-тауарлар мен қызметтер






















СИФ/ФОБ түзетулер






















Резиденттердің шетелде жүзеге асы- ратын сатып алулары






















Негізгі бағалардағы шығарылым






















Ə. Пайдалану бөлігі

Көрсеткіштер



Саланың аралық тұтынуы

Түпкілікті пайдалану


Экспорт


Барлығы

Өнімдер-тауарлар мен қызметтер













Резиденттердің шетел- де жүзеге асыратын сатып алулары













Резидент еместердің ішкі нарықтағы жүзеге асыратын сатып алулары













Негізгі бағалар дағы ЖҚҚ













Еңбекақы













Өндіріске салынатын басқада салықтар













Негізгі капиталды тұтыну













Таза пайда, таза аралас табыс













Негізгі бағалар дағы шығарылым












1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Статистика бойынша əдіс- намалық ережелер. -Астана, 2009ж. -250-251- б.

Сызба қалыптама түрінде берілген жəне оның жолдарын- да өнімдер, ал бағандарында салалар көрсетілген. Бұл кестелер

«өнім-өнім» немесе «сала-сала» қағидалары бойынша құрылады. Енді осы көрсетілген кесте қалыптамасын қолдана отырып, əрбір шоттың ресурстары мен пайдалану бөліктерінің көрсеткіштерін жеке қарастырамыз:



  1. Өндіріс шоты

Өндіріс шоты Ұлттық шоттар жүйесінің ішіндегі негізгісі бо- лып саналады. Себебі мұнда тікелей өндіру процесіне қатысты операцияларды қамтый отырып, келесі шоттардың көрсет- кіштер жүйесінің тізілуін көрсетеді. Бұл шотта жалпы респу-

блика көлемінде, сонымен бірге салалар мен секторлардағы экономиканың дамуын жинақтап, қорытылған аса маңызды көр- сеткіштерін сипаттайды – жалпы ішкі өнімді есептеп шығарудың негізін құрайтын қосылған құн анықталады. Бұл шоттың ресур- стар бөлігінде тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетудің мөлшері жазылады жəне өнім мен импортқа салынған таза салықтар көрсетіледі, ал пайдалану бөлігінде тауарлар мен қызметтердің аралық тұтынылуы көрсетілді. Баланстайтын бапқа жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) жатады жəне ол жалпы шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмашылығы түрінде анықталады. Төменде өндіріс шотының ресурстары мен пайдалану бөлігінің үлгісі 9.2-кестеде келтірілген:


    1. -кесте. Өндіріс шотының үлгісі




Пайдалану

Ресурстар

4. Аралық тұтыну

1. Негізгі бағамен есептелген жалпы шығарылған өнім

5. Жалпы ішкі өнім (1+2+3-4)

2. Өнімге салынатын таза салықтар




3. Импортқа салынатын таза салықтар

Барлығы

Барлығы


Жалпы шығарылған өнім. Мұнда есепті кезеңде экономи- ка салаларының барлығында өндірілген тауарлар мен қызметтер көрсетудің жиынтықты құны көрсетіледі жəне оның өзі нарықтық немесе нарықтық емес болып екіге бөлінеді.

Нарықтық деп сатуға (өткізуге) немесе соған даярланған жəне жұмсалынған шығыны қайтарылатын тауарлар мен қыз- меттер көрсетулерді айтады.

Нарықтық емес деп тұтынушыларға тегін берілетін немесе экономикалық төменгі бағамен көрсетілетін қызметтердің түрін айтады.

Өнімдерге салынатын таза салықтар. Оған мөлшері жағынан өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар жатады. Өнімдерге салы- натын салықтарға қосылған құн салығы, акциздер, шетелдерден əкелінетін тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар жəне тағы басқалары кіреді. Ол өндірілген өнім көлеміне салынатын салық пен өнім субсидиясының айырмасына тең болады.

Өнім субсидиясы деп кəсіпорындарға тауарлар мен қыз- меттердің белгілі бір түрлерін өндірген жағдайда мемлекеттік бюджеттен берілетін ағымдағы өтеусіз төлемді айтады.

Өндіріс шотының ресурс бөлігінің үшінші көрсеткішіне жата- тыны – импортқа салынатын таза салықтар. Импортқа салына- тын таза салық деп Қазақстанға əкелінген жекеленген тауарлардың сыртқы экономикалық жəне ішкі бағаларының айырмашылығы нəтижесінде пайда болған таза табыстан мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді айтады. Ол импортқа салынған салықтан импортқа бөлінген субсидияны алғанға тең болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет