Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет59/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Кесімді жалақыны төлеу кезінде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде өндірілген (шығарылған) өнімнің немесе орындалған жұмыстың əрбір бірлігіне (дана, килограмм, т.б) жеке есептеледі жəне белгісіне қарай келесідей жүйеге бөлінеді:

  • тікелей кесімді жалақы жүйесі – əрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою, яғни бағалау арқылы белгіленеді;

  • кесімді сыйлықты – бұл қосымша марапаттау төлемі, яғни белгіленген көрсеткішті сапалы орындаған жағдайда қолданады;

  • кесімді үдемелі (прогрессивті) – еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндірген өнім- дері үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Мұнда норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді баға бойынша есептейді, ал нормадан артық өн- дірген (шығарған) өнім үшін үдемелі (прогрессивті) баға қол- данады;

  • кесімді жанама жалақы төлемі – мұнда қосалқы жəне басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін бөлімнің,

цехтың негізгі жұмысшылар төлеміне шаққандағы пайызымен есептеледі;

  • жалақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмыс- шылардың еңбек төлемін мөлшерленген тапсырманың неме- се жұмыс көлемінің белгіленген уақытқа байланысты орында- луы алдын ала келісілген баға бойынша төленетіндігі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың жеке топтары немесе бригадалардың бөлек ұйымдары үшін еңбек өнімділігін арттыру- да жəне жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдала- нылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет